Ежелгі ұлы мәдениеттердің тұтастығы мен ерекшеліктері

Жалпы белгілер — ірі масиггабтағы ұйымдастыру, жазба, жазушы таптарының маңызды рөлі — рафинадталған мәдениеттің өнімі бола тұра, сонда да әлі толығымен оянбаған адамның пайда болуына ықпал етті. Ерекше техникалық рационалдану шынайы рефлексиясыз толығымен оянбаған күйіне сәйкес. Ірі қауымдастықтарда барлығы болмыстың көрнекті бейнелеріне бағындырылған, шартсыз нормаларға байланысты. Бұл — ол туралы айтылатын және оған еретін, ешқандай күмән келтірілмейтін шын болмыс. Негізгі адами мәселелер магиялық сипаттағы қасиетті білім шеңберінде жинақталған, олар тек кейбір таңғалдырарлық қадамдар жасағаны болмаса (әлі күнге дейін ашылмаған ояну іздері), мазасыз ізденіске өткен жоқ.Мысырдағы және, әсіресе, Вавилондағы әділеттілік туралы ой маңызды дамуға ие болды. Алайда мән туралы сұрақ барлық айқындылықпен қойылмайды. Жауап сұрақтың қойылғанына дейін бар болған сияқты көрінеді. Жағдайлардың және даму барысының ұқсастығы ортақ негізді іздеуге мәжбүрлейді. Құралдар кезінде идеяларда жер шарына баяу тарайтын еді. Біз осындай жаңаның таралуы басталған орталықты іздестірудеміз. Дәл сол себептен күшті ықпалы Мысыр мен Қытайға дейін жеткен Евфраттағы Шумердің жалпы негіздеуші әмбебап маңыздылығы туралы гипотеза пайда болады. Алайда бұл ықпалдың дәрежесі әлі дәлелденбеген. Сонымен қатар, Азиядағы мәдени орталық туралы— Батыс Күрдістан жақта, Каспий теңізінің жағалауында — ылғалды климат кезіндегі гүлденген және кейіннен құрғақшылықтың салдарынан халықтың әр түрлі бағытта көшіп­қонуына әкеліп соққан, мәдениет орталығы туралы күмәнді гипотеза да пайда болды. Және бүл мәдениеттердің Қытайдан Мысырға дейінгі Азия және Еуропа құрлықтарындағы мәдениеттердің пайда бола бастауы еді. Алайда тарихқа дейінгі кезеңнің тереңдігіне ойша үңілетін болсақ, біз бұл үшін ешқандай нық, тәжірибемен дәлелденген негізді байқап тұрған жоқпыз. Егер ортақ белгілік бір негізге ие болса, онда ол біз үшін Азияның тарихқа дейінгі тереңдіктері жайлы мүлдем күңгірт көзқарасқа алып келеді. Жартылай аралы Еуропа болып табылатын, барлық Азияның ұзақ жалпы тарихқа дейінгі кезеңі болған. Алайда ежелгі ұлы мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар да маңызды. Берілген әрбір жағдайда біз белгілі бір тұтастықтың өзіндік ерекшелігі бар бір рухын байқаймыз. Қытайда тек аңыздарға деген көзқарастар, өлшемдер мен сандардың тәртібі туралы, әлемдік тәртіп жайындағы бастапқы ғарыштық көзқарастар, табиғи адамгершілікке ие табиғатты жалаң көзбен бақылау бар. Қос өзен мәдениетіне ертедегі Гильгамеш туралы эпостағы қасіретнамалық белгілерге ие болған қатаңдық пен күш тән. Мысырға біз еңбекке деген алдамшы қанау бүркемесімен қатар, жеке саладағы өмірге деген қуаныш пен бейқамдықты, салтанатты көріністегі стиль сезімін көреміз. Тілдердің ерекшелігі рухтың ең тереңдерінде жатыр. Қытай тілі батыс тілінен тек қана соз түбірлерімен ғана емес, сонымен қатар жалпы өзінің құрылымымен де толығымен ерекшеленеді, сол себептен бүл жерде ортақ тектері жайлы айтуға болмайтын сияқты. Тіпті солай бол сын делік, онда осындай айырмашылыққа алып келген бұл процесс соншалықты ұзақ болуы керек, тіпті тарихқа дейінгі кезеңнің шекарасында Орталық Азияда қалыптасқан тірі мәдениетпен ортақ жаратылуы туралы гипотеза шындыққа аз ғана сай келмейді. Ұлы ежелгі мәдениеттердің кейінгі мәдениеттерге деген қатынасы да мүлдем өзгеше. Гректер мен иудейлер оларды белгілі бір қашықтықтағы жат нәрсе сияқты қабылдаған; олар туралы біліп, естеліктер сақтап жүрген, оларға бір жасқаншақтықпен және таңырқаумен, сонымен қатар жек көрушілікпен де қарайтын. Кейінгі кездердегі үнділіктер ежелгі мәдениеттер жайында еш нәрсе білмейтін, олар туралы толығымен ұмытқан еді. Белдеулік уақыттағы қытайлықтар ежелгі ұлы мәдениеттерде үзіліссіз, жарықшақсыз, жаңаны сезінусіз (құлдыраусыз ғана) жалғасып келе жатқан өз өткен шақтарын көрген болатын; олар онда үлгі ретінде әспеттелген, аңызға жақындатылған белгілерді, шығармашылық қиялмен жасалған үлгіні көрді. Алайда ежелгі ұлы мәдениеттерде шынайы тарихи қозғалыстар болған жоқ. Бастапқы ұлы жаратылыстардан кейін басталған мыңжылдықтар рухани қатынаста уақыт қозғалысын білмейтін, бірақ қайтпай қайталанып келе жатқан Орталық Азиядан халықтардың көшу, төңкерістер мен жаугершіліктері, халықтардың өзара жойылуы мен олардың араласу уақыты — тек мәдениеттің кейбір апаттарымен ғана үзіліп отырған ежелгі мәдениетті әр кезде қатар жасап тұру уақыты салыстырмалы тұрақтылықта болды. Сол себептен де бұл мыңжылдықтар адамдардың тарихи шешім сипатына әлі күнге дейін ие болмаған жағдайларға толы болды.

Читайте также:  Стационарлық және кумулятивтік тарих

Оставить комментарий