Ежелгі ұлы тарихи мәдениеттер

Бір мезгілде дерлік жер шарының үш аймағында ежелгі мәдениеттер пайда бола бастады. Бүл, біріншіден, б.д.д 4000 ж. бастап шумерлік — вавилондық пен мысырлық мәдениеттер және Эгей әлемі; екіншіден, үшінші мыңжылдықтағы Инда даласындағы қазбаларда ашылған (Шумермен байланысты) арийлікке дейінгі мәдениет; үшіншіден, есімізде күңгірт сақталып қалған, аздаған іздер қалдырған б.д.д екінші мыңжылдықтағы Қытайдың архаикалық әлемі. Бүкіл атмосфера күрт өзгерді. Бұл жерде енді үнсіздік салтанат құрмайды. Ендігі жерде адамдар бір бірімен жазбаша құжаттарда, ал ол арқылы егер біз олардың жазуы мен тілін танитын болсақ, бізбен солардың көмегімен тілдеседі,— ұйымдастырушылықты немесе мемлекеттілікті сипаттайтын сәулет өнері ескерткіштер арқылы, мәні біз үшін жат, құпия, біз үшін ғажайып нысандарда берілетін өздерінің өнер туындыларында тіл қатады. Алайда бұл жоғары мәдениетке жаңа, қазіргі адам типін жасаған, біз белдеулік уақыт деп атаған сол рухани төңкеріс елі белгісіз. Аталған мәдениеттермен гүлденуін соңғы мыңжылдықтарға жатқызатын американдық Мексика мен Перу мәдениеттерін салыстыруға болады. Және бұл мәдениеттерге белдеулік уақыттың оларға дейінгі кезде бізге бергендері жетіспейді. Олар бір ғана, белдеулік уақыттан шыққан батыстық мәдениеттің пайда болуынан ақ жоқ болып кеткен. Атлантикалық мұхиттан Африка, Аравия арқылы Азияның ішіндегі аудандарына дейін созылып жатқан, шел даланың сызықтарында кішігірім оазистерден басқа, екі ірі озен арасындағы — Нил мен Қос өзен жазықтары бар. Бұл екі ауданда басқалардан гөрі адамзат тарихын құжаттар мен заттай ескерткіштер арқылы бақылауға болады. Біз енді б.д.д. шамамен 3000 ж. ол жерде не болғанын көреміз, және өткеннің іздерін негізге ала отырып, одан да ерте кезеңдерде не болғандығы жайлы өз қорытындыларымызды шығара береміз. Қытайда екінші мыңжылдықтан тыс болған жағдайлардың тек кейбірі ғана жеткілікті: ал нақты және анық мәліметтер бірінші мыңжылдықпен белгіленеді. Үндістандағы қазбалар жоғары өркениеттің, б.д.д. үшінші мыңжылдықта ол жерде дамыған қалалардың бар болғандығын дәлелдейді, бірақ олар әлі шектеулі жөне басы шамамен б.д.д екінші мыңжылдықтың соңына қатысты болатын кейінгі үнді мәдениетімен байланыста тек кейбір жағдайларда болады. Америкада барлығы әлдеқайда баяу, біздің дәуіріміздің басында жүзеге асты. Еуропаның аймақтарындағы қазбалар бізді тарихқа дейінгі кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірімен, олардың тіпті үшінші мыңжылдыққа дейінгі ерекше мәдениетімен таныстырады, бірақ бұл мәдениет бізге маңызды әсер ете алатындай белгілерге ие емес. Берілген жағдайдағы біздің назарымыз бен қызығушылығымыздың себебі — бұл өзіміздің тарихымызға дейінгі кезеңіміз. Мысырлық және Вавилондық мәдениет өзінің соңғы кезеңінде жақын арада тұрған гректер мен иудейлерге белгілі және содан бері Батыс үшін тек қазіргі кезде ғана қазбалардың және ежелгі тілдерді түсінудің арқасында онымен де өзінің жолындағы мыңжылдықтардан өте келе таныс болған олар естелікке айналған. Инда даласының мәдениеті соңғы он жылдықтардағы қазбалардың арқасында ғана белгілі болды; үнділіктер ол туралы ешқандай естеліктер сақтамаған (бұл мәдениеттің жазуы әлі талданбаған). Қытай мәдениеті екінші мыңжылдықта және одан ертерек қалыптасқан өз мәдениеттерін үлгі көрсетіп әспеттейді. Қазбалар олардың тек маңызды емес белгілерін анықтаған болатын. Қандай жағдайлар тарихтың басталуына тікелей алып келді? Біз мынадай сұрақ қойсақ: тарих бастау алған сол шын жағдайлар қандай? Мүмкін, маңызды деп мыналарды есептеу керек шығар: 1. Ирригациялық жүйелерді ұйымдастыру міндеті мен оны Нил, Тигр, Евфрат және Хуанхэ өзендерінің жағалауындағы жазықтарда басқару аппаратын орталықтандыруға, мемлекетті құруға қажеттілік ретінде алып келеді. 2. Бұл ұйымдастырудың алғышарты — жазба өнерінің пайда болуы — Грозный мәліметтері бойынша, Шумерде шамамен 3300 ж., Мысырда 3000 ж., Қытайда 2000 ж. қатысты (алфавит б.д. дейінгі үшінші мыңжылдықта финикиялықтармен жасалған болатын). Бүл ашылыс тек белгілі бір жерде (Шумерде) ғана ма, әлде бір­бірінен тәуелсіз барлық жерлерде болды ма деген сұрақ туындайды. Жазбаның маңыздылығын басқару үшін рухани аристократия ретіндегі хат жазушылардың ықпалының өсуіне алып келді. 3. Ортақ тілімен, ортақ мәдениетімен және ортақ аңыздарымен, өз тұтастығын сезінетін халықтардың пайда болуы. 4. Кейінірек — бастапқыда орталығы Месопотамияда болған әлемдік империялар. Олардың пайда болуларының тікелей себебі барлық көршілес жерлер мен көшпелі тайпалардың өздерін жаулау арқылы өңделетін жерлерге көшпелі тайпалардың енуін тоқтату қажеттілігі болған (ассириялықтардың, мысырлықтардың, әлемдік империялары, және соңында жаңа типтегі парсылардың мемлекетінің, содан кейін соның үлгісімен жасалған үнділердің және кейінірек қытайлардың мемлекеттері пайда болды). 5. Тек қана ежелгі дамыған ұлы мәдениеттердегі әскери арбаларға жегу үшін, шабыс үшін жылқыны пайдалану. Бұл адамның үйреншікті топырағынан алшақтауына әкеліп соқтырды, оған кең дала мен қозғалыс еркіндігі, жаңа, алғашқыны басып озатын қарулы техниканы жасау мүмкіншілігі ашылды; жылқыны қолға үйретуге және өздеріне бағындыруға, атшабар мен батырдың жекелеген батылдығын көрсетуге, жануардың сұлулығын бағалауға қабілетті билеуші таптың пайда болуына алып келді. Тарихи дәуірдің сырын ашатын жағдайлар одан да маңызы зор сұрақтарға алып келеді: адамға не болды, тарихи емес тіршіліктен тарихи тіршілікке өтуге не мәжбүрледі? Оның мәнінің қандай белгілері тарихтың басталуына алып келді? Тарихқа дейінгі кезеңнен ажырататын тарихи процестің негізі өзіне тән белгілері қандай? Әңгіме адам мәнінің ішкі тереңдігімен байланысты жауап жайында болып тұр. Біз сыртқы жағдайлар туралы емес, адамның ішкі жетілуі жайында сөз қозғап отырмыз. Тарихты маңызды дәрежеде адамға да, табиғи құбылыстарға да тән қалыптасу мен жетілу күтіп тұрды. Осы қарапайым тіршіліктен тарихқа өту мына себептермен сипатталатын болуы керек: 1. Сана арқылы және еске сақтау арқылы, рухани жетістіктерді ұластыру арқылы, сол арқылы тек қазіргі уақытты құрайтын нәрселерден құтылады. 2. Техника арқылы белгілі бір мағына мен мазмұнның өнертапқыштардың көмегімен табылуы— осы арқылы шартты кездейсоқтықпен, көріпкелдікпен және кепілдікпен өмірлік қажетті байланыстардан босану жүзеге асады. 3. Істері, төңкерістері және тағдырлары олардың ұрпақтарының назарында үнемі билеушілер мен даналардың іс әрекеттері ретінде тұратын адамдардың үлгісі мен мысалы ретіндегі барымен сонымен соқыр өзіндік санадан және диуаналардан қорқудан құтылу үшін негіз жасалды. Тарихи процесс — бұл олардың тікелей мазмұнының, білімінің, жағдайының үзіліссіз жетілуі, бірақ мұндай барлығының барлығына деген қатынасы қажетті және мүмкін болатын мұндай жетілу дәстүрлерінің байланысы, жалпыға бірдей коммуникация. Адамның жасаған алға жылжуының себебі неде? Осы әрекетті жасай отырып, оның неге алып келетіндігін адамдар түсінген жоқ болатын және түсінуге тырысқан да жоқ. Оған бір нәрсе болды. Ол басқа тіршілік иелері сияқты өзінің ерекшелігінде соншалықты толық, соншалықты шектеулі болып табылмайды; керісінше, ол өзінің мүмкіншіліктері бойынша шексіз ашық және өзінің мәні бойынша аяқталмаған және аяқталмайтын болады. Тарихтың нышаны ретіндегі тарихқа дейінгі кезеңде шынымен де күмәнсіз адамда бастапқыда болған нәрсе тарих басталған кезде күшпен сыртқа шыққан болатын. Мұның салдары болған тарих адам дамуындағы алға жылжу адамның басына түскен бақытсыздық ретінде қабылдануы мүмкін; бұл көзқарас бойынша, бұл жерде танылмайтын бір нәрсе болды: күнәға бату, бөтен күштің енуі; тарихты жасайтындардың барлығы нәтижесінде адамды жойып жібереді; тарих — үлкен фейерверк бейнесіндегі ірі қирату процесі: оның аяқталу кезеңінде адам өзінің тарихқа дейінгі болмысының мамыражай күйіне қайта оралады. Бірақ бұл алға жылжуды адам табиғатына берілген ғажайып сый ретінде және оны адам жасағандығын мойындауға, адамның жоғары міндетін, оның кемел еместігінің арқасында мүмкін болған шексіз биіктіктерге және болмайтын танымдарға деген жолын көруге болады. Тарих адамды өз шегінен шығуға ұмтылатын тіршілік иесіне айналдырды. Тек қана тарихта ғана олар оз алдына жоғары міндеттер қояды. Бұл оны қайда алып келетіндігін ешкім білмейді. Бақытсыздықтар мен қайғы­қасіреттер жоғарылауда түрткі болып қызмет етеді. Тек қана тарихта ғана адамның өзіндік мәні болып табылатын нәрсе қалыптасады: а) Алғашқы қайнар көздерден адамдарда болатын субстанционалды мүмкіншіліктер ағысы шыға бастайды. Алайда олар өздері тек тарих дәуіріне шыққан кезде неғұрлым айқындалып, күшейіп, жарқырап жанып, жоғалып, еске алынып, қайта әспеттелетін кезде анық бай мазмұнға толы болуға айналады. Оларға өз бетінше мүлдем бастапқы емес, керісінше, қайнар көздері мен ақырғы мақсаттарды қайта тұрғызу құралдары ғана болатын рационалдандыру қажет. ә) Тарихқа өтумен бірге, баршаның ауыспалы сипаты түсініледі. Әлемдегі барлық нәрсеге белгілі бір уақыт ғана беріледі және барлығы өлімге кесілген. Бірақ тек адам ғана өзінің өлу керектігін біледі. Бұл шекаралық жағдайға тіреле отырып, ол мәңгілікті уақытта, тарихилікті болмыс құбылысы ретінде, уақыттың жойылуын уақытта таниды. Оның тарихты саналы түрде түсінуі мәңгілікті түсінуімен тең болып барады. б) Тарих — бұл жеке адамдардың үнемі және тұрақты алдыға жылжуы. Олар басқаларды олардың артынан еруге шақырады. Оларды естіп, түсіне білгендер осы қозғалысқа қосылады. Алайда, онымен қоса, тарих ешкім ермейтін жөне олардан шегінетін әрбір кездегі бос ұрандар шығып тұратын жай ғана оқиғалардың жиынтығы болып қала береді. Инерцияның кейбір ірі күші барлық ұмтылыстарды үнемі тоқтатып тұратындай көрінеді. Ірі бұқараның мықты күштері өздерінің орташалау талаптарымен оларға сай келмейтіннің бәрін тұншықтырып отырды. Көпшіліктің талаптары тұрғысынан орын таба алмайтын және мәнге ие болмайтын, сенімге ие болмаған нәрселердің барлығы жоғалып кету керек. Тарих — бұл шешімін алмаған, оймен емес, шындықтың өзімен шешілетін ұлы мәселе; бұл мәселе тарих өзінің ұмтылысында тек бір сәт қана, тарихи емес тіршіліктердің арасындағы аралық бөлшек болып табыла ма, әлде бұл үнемі қауіп­қатерлерге ұрына отырып, тіпті шексіз бақытсыздықтар бейнесінде жалпы болмыс адаммен ашылатындығына, ал өзі ойламаған ұшуында осыған дейін болмаған мүмкіншіліктерге ие болатындығына алып келетін, тереңдегі мүмкіншіліктердің ұмтылысы ма дегенге сайып келеді.

Читайте также:  «Қазақ елі» идеясының қалыптасуы мен даму тарихы

Оставить комментарий