Ежелгі Рим өнері

Рим өнері ерте кездерден бастап дами бастаған болатын. Б.э.д. I ғасырдың соңына қарай эллиндік мемлекеттің құлдырауы кезеңінен бастап, антикалық дүниеде римдік мемлекет алға шыға бастайды. Ежелгі Римдіктер өздерінен кейін мықты сәулет ансамбльдер мен инженерлік­техникалық құрылыстарды, адамның мінез­құлқын дәл берген портреттік ұқсастықта орындалған мүсіндерді, монументальды кескіндеме үлгілері мен қолөнері шығармаларын қалдырды. Римдіктер Грек өнерінен өздеріне шығармашылық өңделген көп нәрсе алды, бірақ олар өзінің ежелгі италияндық мәдениеті бар, б.э.д. III мың жылдықтардан басталатын эсрусктар өнері қалыптасқан жерде өсіп шықты 21 . Этрусктардың тамаша бекінген қалалары жақсы жабдықталған жолдармен, көпірлермен бірікті. Этрусктар да гректер сияқты, көп құдайларға, пұтқа табынды. Мысалы, олардың негізгі құдайлары: Юпитер, Юнона және Миневра (олар Гректің Зевс, Гера, Афин құдайларына тура келді). Этрсктердің үйлері өсті, копозициялы болып келді, бірақ түрлі жобалы, төртбұрыштыдан дөңгелек пішімге дейін кездесе берді. Мүсін өнері ерте дамыды. Адам қайтыс болғаннан кейін денесін жағып сақтайтын терракотылы ыдыстардың қақпақтарында адамның фигурасын немесе өлген адамның дәл портреттік ұқсастығында бюсті орындайтын болған. Этрусктердің керамикасының формасы грек кирамикасына ұқсас, бірақ ол жасалу техникасымен ерекшеленеді. Этрусктер ыдысты қарайғанша күйдіретін, сондықтан оларды «буккеронеро» ­ «қара жер» деп атаған, оларды қолаға немесе алтынға ұқсайтындай едіп жылтылдататын және ыдыстардың сыртына тырналған суреттермен немесе аңдар мен құстардың бейнелерімен безендіретін болған. Этрусктер зергерлік өнердің де шеберлері, олар әсіресе қола құю әдісімен атақты болды. Осы күнге дейін сақталған, Римнің құрылуы туралы аңызды еске түсіретін атақты Капитолий қаншығы (б.э.д. V ғ. басы) 22 этрусктарға меншікті. V ғ. этрусктер Рим қоластына түседі, сол кезден бастап римдік өнер негізгі рөл ойнайды. Дегенмен этрустардың дәстүрлі өнері ежелгі Рим өнерінің қалыптасуына міндетті түрде әсер етті. Рим өнерінің хронологиялық қалыптасу кезеңі мыңдаған жылдарды қамтиды – б.э.д. 6 мың жылдықтың соңы мен б.з. V ғасырдың соңына дейінгі аралық. Рим өнерінің дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады: 1. Республикалық (VI ғ соңы мен б.з. I ғ.) 2. Рим империясы кезеңінің өнері (б.э.д. I ғасырдың соңы мен б.э. 467ж.) 23 Рим өнері жергілікті италия халқы мен тайпасының және бірінші кезекте этрусктердің және неғұрлым дамыған грек өнерінің негізінде өркендеді. Оның дамуына Рим империясының құрамындағы кейбір халықтар өнерінің де маңызы зор болды – галлдар, германдықтар, кельттықтар және т.б. Рим өнері әртүрлі элементтерді алғанымен, өздерінің көркемөнер ерекшелігін сақтап қалды. Тарихи қалыптасу ерекшеліктері де рим өнерін грек өнерінен өзгешелендірді. Рим өнерінде мемлекеттің құдіретін арттыра түсетіндей, көп халықты жинап сыйғыза алатындай құрылыстар тұрғызды. Осылай қоғамдық құрылыстар сәулет өнеріне жетекші рөл атқарды. Мүсін өнерінде портрет жанры негізгі орынға ие болды. Римдік қоғамның қажеттілігінен көптеген құрылыс типтері пайда болды: амфитеатрлар, термалар, салтанатты аркалар, колонналар, акведуктер және т.б. Римдіктерде сарайлар мен дербес үйлер, виллалар, ғибадатханалар, театрлар, көпірлер, табыттқа арналған ескерткіштер сәулет өнерінде жаңаша шешімге ие болды. Рационалды Рим сәулет өнері, кеңістіктік пен алып сәулет құрылыстарының біртұтастығы және конструктивті логикалық пен қатаң симметриялы геометриялық формалардың негізінде құрылды. Рим империясының тұсында рим сәулет өнерінің негізгі түрі қалыптасты. Қатаң өмір, үнемі жүріп жатқан соғыс пен азаматтық күрестің конструктивті логикасы монументальды инженерлік құрылыстарда көрінді. Сондай құрылыстың бірі, Римнің (б.э.д. 8 ғ., үш жотада пайда болды. Капитолии, Палатин және Квириналь) қорғаныс қабырғасы антикалық инженерлік өнердің ең кереметтерінің бірі. Б.э.д. III­I ғасырларда басып алған мемлекеттерден ағылған байлықтардың әсері, жоғарғы класс өкілдерін ысырапшыл етті, ол римдіктердің мінез­құлқын өзгертті. Римдік ғибадатханалар мен виллалар, сарайлар өнер мұражайына айналады. Грек өнеріне қызығушылық біріншіден ордерлі жүйеде көрінеді. Бірақ римдіктер оның мағынасы жайында басқа түсінікте болды. Ол кездегі грек сәулет өнеріндегі ордер конструктивті рөл ойнаса, ал, Римде ол негізінен сәндік қызмет атқарады. Римдіктер этрусктардан тоскандық ордерді алады. Гректердің әсері рим сәулет өнерінде айқын көрініс тапты. Этруриядан ­ арка, Гректерден – ордер алған римдіктер, арка мен колоннаны біріктіріп, римдік ұяшықты жасады және аркаданы құрылысқа енгізді 24 . Римдіктер грек өнерін үлгі ретінде қарады. Б.э.д. II ғ. жоғарғы қоғамда грек тілі негізгі тіл болды. Грек көркем шығармалары, әсем грек мүсіндері қоғамдық ғимараттар мен үйлердің және виллалардың ішін толтырды. Сол кезде Мирон, Фидий, Поликлет, Пракситель, Скопас, Лиссип сияқты атақты грек мүсіншілерінің мүсіндерінің түп нұсқалары мен көптеген көшірмелері пайда болды. Жаңа құрылыс материалдары пайда болды – бетон үлкен күмбезді жабылған және алып ғимараттардың жаңа конструктивті мүмкіндіктеріне жол ашты. Республика заманында Римнің орталық алаңы – сауда­саттық пен қоғамдық өмірдің барлық саласы қайнап жататын, Форум ­ Капитолий мен Палатин төбелерінің ортасында орналасқан болатын. Осында Римде атағы шыққан адамдарға арнап мүсіндер орнататын. Рим ғибадатханаларының негізгі түрі ежелгі жергілікті дөңгелек периптер болып қалды. Римге жақын Тивилде орналасқан кішірек ғибадатхана осындай түрге жатады. Рим сәулет өнеріндегі өзінше ерекшелік тұрғын үйдің жаңа түрін ойлап табумен байланысты. Оның керемет үлгілері Помпейде жақсы сақталды. Олар бір қабатты немесе бай адамдардың жалға беретін көп қабатты үйлері болды. Грек үйлеріне қарағанда рим үйлеріндегі барлық бөлмелері қатаң негізгі өске бағына орналасқан. Интерьерге көп көңіл бөлу, салтанатты бөлмелердің қабырғаларында кескіндемелі жазу жүйесі пайда болды. Помпейлік қабырға жазба кескіндемелері кеппеген сылақтың бетіне орындалды. Помпейлік росписті шартты төрт топқа бөліп қарастырады: 1) Инкрустацияланған (б.э.д. 2 ғғ.), төртбұрыштарты әртүрлі мәрмәр мен яшмамен қабырғаны қалап шыққандай жапсырып шығады. 2) Сәулет өнеріндегі перспектиавалық стиль: қабырғалар живописті­иллюзиялы колонналармен және портиктермен бөлшектенеді; декорация үйдің қабырғаларын итеріп жылжытатындай әсер етіп, интеръердің кеңістігін үлкейте түседі. 3) Шығыстық (Ориентализирующий), оны қатаңдық, әсемдік және өлшемдікті сезіну ерекшелендірді. Тепе­теңдікте ойластырылған композиция, ашық фонда орындалған сызықты өрнектер жазық қабырғаны айқындай түседі. 4) сәнді стиль (б.э.1­2 ғғ), фантастикалы және динамикалы құрылыс декорациялары жабық тұйықталған қабырға туралы түсінікті бұзады. Суретшілер сарайдың терезесінен көрінетін фасадтың көріністерін, театральды декорацияға ұқсас қабырғада қайталап жазды. Б. э. д. І ғасырдың соғына қарай Рим мемлекеті республикадан империяға ауысады. Римнің бірінші императоры Октавианды әдебиетте, поэзияда, бейнелеу өнерінде дәріптейді. Грек өнерін үлгі етіп алып, Октавианды және көптеген императорларды өнерде бейнелейді. Жартылай жалаңаш фигуралар грек атлеттерін еске түсірді, бірақ олардың сыртқы ұқсастықтары өте асыра сілтеушілікпен, идеалды бейнеде орындалды. Римдіктерді тарихтағы болған оқиғаларды релъефте тура қалпында жасаушылар дейді. «Мир» алтары қабырғаларына Мир құдайына құрбандық тақырыбы бедерлеген. Әрбір император атақ­даңқын шығару үшін жаңа ғимараттар тұрғызды. Б. э. 75­82 ж. гладиаторлық сайыстарға арнап алып амфитеатр «Колизей» тұрғызылды. Колизейдің жобасы сопақша дөңгелек (эллипс), оның ұзындығы , ал ені дейін жетті. Үш ярусты күмбезді аркалардан тұратын қабырғасының биіктігі , ал төртіншісі жабық, тек терезелер арқылы бөлінген. Бірінші ярус – дориилік, екіншісі – иониилік, үшіншісі – коринифтік, төртіншісі – коринифтік пилясталармен безендірілген 25 . Құрылыста императордың құрметіне арнап, бір, үш, бес ашық саңлаулы салтанатты аркалар тұрғызу да римдіктерге тән. Римдіктерге тән тағы да бір құрылыс түрі – терма. Терма – бұл қазіргі біздің түсінігіміздегі монша емес, ол онда демалыс орны да бар, бүтін бір комплексті құрылыс. Римдік империя кезеңіндегі портреттік пластика өзінің шынайылығымен ерекшеленеді. Мүсіндік портреттің дамуы бірнеше сатыда өтті: жеке тұлғаға қызығушылық, адамның сезімдеріне мінездеме немесе оларға реалистік баға беру, гректерге ұқсас идеалға ұмтылыс. III ғасырдың ортасына қарай шығыстан парсылардың Рим қалаларын басып алды. Аурудың індеттері мен аштықтан, жер сілкіністерінен Рим қалалары қирай бастады. Бұл кездегі тарихи болған жағдайлар, шынайы жазылған мүсіндік портеттер мен бейнелерде сақталып қалды. Рим қалаларында кең етек жайған, шығыстың мистикалы діни рәсімдері мен қиын теологиялық оқулар, өнерде де көрініс тапты. Дегенмен негізгі өзгерісті әкелген – I ғ.мен 313 жылға дейінгі аралықта қылыптасқан, христиандық дін еді. Христиандық дін адамның тәнін күнә мен түрлі азғырушы нәрселерге арналған ыдыс ретінде қарап, жердегі өмірді жек көруге уағыздайды. Бұл антикалықтан, антикалық дүниетанымдық түсініктер мен антикалық эстетикалық идеалдардан ажырауға әкеліп соқтырды. Өнер рәмізділікке, шарттылыққа ығысып, неғұрлым «графикалыққа» ауыса бастады. Біртіндеп Орта ғасыр жақындай түсті.

Читайте также:  "Ораза кезде мұздай сумен ауыз шайса ораза бұзылады ма"

Оставить комментарий