Ежелгі таяу шығыстағы жаңа жыл және космогония

Осыларға ұқсас идеяларды біз ежелгі Таяу Шығыстың діндерінен де таба аламыз. Әрине, бұл жерде, жер өңдеушілікке дейінгі және жер өңдеушілік қарсаңындағы сатыда тұрған қоғам мен Қосөзен мен Мысырда қалыптасқан ауылдық және қалалық қоғамдардың арасындағы айырмашылықтарды есепке алып отыруды да естен шығармау керек. Қалай болғанда да, мысырлықтардың, Қосөзен, Израиль тұрғындарының және ежелгі Таяу Шығыстың басқа халықтарының әлі де болса ғаламның қайталамалы түрде жаңаланып отыруының қажет екендігін әлі де болса сезінгенін даусыз факт деп қарастыруға болады. Мұндай жаңалану, әрекетінің ең өзекті мән­маңызы космогонияны қайталауды символдау болып табылатын әлдебір сценарийдің пішініне ие болған. Осыны айғақтайтын фактілерді, және олардың түстеп ­ жоруларын осы тақырыпқа орай жарияланған кең ауқымды арнайы әдебиеттен , сондай­ақ, «Мәңгі қайта оралу туралы миф » кітабының тарауларының бірінен табуға болады. Қосөзеннің жоралғыларында дүниені жарату Жаңа жылдың (ақиту) рәсіміне орайластыра қайталанғандығын еске саламыз. Осы жоралғылардың кейбіреуі Марчук пен Диамат (ілкі Мұхитты символдайтын айдаһар) арасында болған шайқасты, құдайдың жеңісі мен оның космогониялық істерін қайта торітеді. Жарату туралы өлеңдер (Энума Элиді) ғибадатханада оқылатын болған. Г.Франкфурттың сөзімен бергенде, «әрбір жаңа жыл, өзінің әлдебір елеуліліктерінде, жаратудың бірінші күнін, жыл уақыты айналымының басталма күнін қайталаған» . Бірақ, Жаңа жылдың жоралғыларымен барынша жақынырақ танысу барысында, Қосөзен тұрғындарының, Жаратуға дейінгі Хаос сияқты табиғатқа ие, талу мен оған жалғасқан аяқталудың арасындағы органикалық байланысты сезінгендігін, және кез келген маталуға Аяқталудың қажет болатындығын түсінуге болады. Айтып өткеніміздей, мысырлықтардағы Жаңа жыл да Қаратуды символдаған. Израильдік Жаңа жылға қатысты шаһар болсақ, Мовинкельдің пайымдауына қарағанда, «бұл жердегі негізгі идеялардың бірі ғаламның патшасы ретінде мені таққа отырғызу, оның Хаос күштерін де, Израильдің жауларын да жеңуінің символдық келтірімі болған. Кеңестің нәтижесі — жаһан жайдың (мироздание), тандаулық пен одақтың жаңаруы — тарихи мерекенің негізінде атқан антикалық өнімділік мерекелерінің идеялары мен оралғылары. Кейінірек, пайғамбарлар эсхатологиясында, Ярвенің израильді қайта орнатуы ұжмаққа қайтып оралуға алып келетін Жаңа Жарату деп түсініле бастаған . Қосөзендегі және Израильдегі Жаңа жылдың атап өтудегі космогонияны символды түрде қайталауды, әлбетте, бір қатарға қоя алмаймыз. Ежелгі израильдіктердегі дүниенің қайталамалы жаңаруының бағзы сценарий, өзінің бастапқы мән ­ мағынасынан әлденелерді сақтай отырып, бірте­бірте тарихи сипатқа ие болды.

Читайте также:  Жан-Франсуа лиотар туралы

Венсинктің көрсетуінше, Хаостан ғаламға ауысуды білдіретін Жаңа жылдың жоралғылық сценарийі, Мысырдан кету және Қызыл теңізден өту, Хананы жаулап алу, бабылық тұтқын болу, қуғындалудан қайтып оралу, т.б. осылайша жалғаса беретін тарихи оқиғалармен байланысты болған . Фон Ранд, оз кезегінде, қандай да бір, мәселен, «Ярве құдайдың және оның ғұрыптысы болған Моисейдің Синай тауында Израильді жариялауы» сияқты жалқы тарихи оқиғаның ұжымдық сапаға қысса болды, оның, одан әрі, ауызша немесе жазбаша і; іс гүрде сақталғанымен, еске алу аумағын қалмайтындығының, бірақ, көршілес патшалықтардың космологиялық жаңаруларындағы сияқты, жоралғылық деңгейдегі жаңарудың ықпалына түсуге қабілетті болып шығатындығын дәлелдеген . Эрик Фогелин болса, космологиялық патшалықтар және Израильдің символдық формаларының бірін бірі жоққа шығармайтындығын атап өтеді. Тәртіптің жоралғылық жаңғыруы, космологиялық өркениетте жасақталған символдық элементтердің жаңартылуы, Бабылдағы Жаңа жылды мейрамдаудан бастап, адамзаттың бүкіл тарихының өне бойынан өтеді. Ол, өмірлік тәртіптің құлдырауы мен осы тәртіпке қайтып оралу адамзаттың ғұмыр кешуінің негізгі мәселесі болғандықтан, содан кейін Ишаның Берингі жаңартуы, Христің киелі жаңаруда және макиавеллилік әрекетінде жүзеге асырылады . Сондықтан да, Қосөзен мен Израильдің мәдени жүйелері бір бірінен қаншалықты өзгеше болғанына қарамастан, оларды дүниенің жыл сайынғы немесе қайталамалы жаңаруына деген сенім бір­біріне ұқсас етеді. Тұтас алғанда, ескі дүниені символдық түрде қирату және жоюды қажетсінген абсолютті «бастауды» қалпына келтіруге деген сенім бар. Бүл жерде, жыл уақытының ырғағы, аспандық құбылыстардың заңдылықтары арқылы көрінетін, сезілетін жылдың, айналмалы ғаламдық уақыттың соңында аяқталуы бар бастаудың мысалы болып шығуы таң қалдырмауы тиіс. Бірақ, бұл жерде нақтылануы қажет бір нәрсе бар: егер «жылды» цикл ретінде сол күйінде қабылдаудың негізінде қайталамалы түрде жаңарып отыратын Ғаламның идеясы жатқандығы мүмкін болса, онда Жаңа жылдың мифтік ­ жоралғылық сценарийлерінде басқа құрылымға және басқа генезиске ие басқа идея пайда болады. Бұл, барынша терең де өте жеке діни тәжірибені көрсететін, «жоғалған ұжмақ», бүгінгі адамзатқа тиген сыбағаның алдында болған жырғалаң туралы еске алулардан нәр алған, «бастаулардың кәмілдігі, жетіскендігі» идеясы. Жаңа жылдың мифтік ­ жоралғылық сценарийі, ғаламдық жаңаруды сақтай отырып, сонымен бірге ілкі бастаулық бақытқа ие болу үмітін бергендіктен ғана адамзат тарихында осындай маңызды рөлге ие болуы мүмкін.

Читайте также:  Маңғышлақ жартыаралындағы 1870 жылғы Адай бүлігі

Толықтай, түбегейлі үшін бұл дүниені жоқ қылуда болып отыр. «Алтын ғасыр», жырғалаң бастау идеясын таңа отырып дүние жаратылғаннан бергі өмір сүрген, уақыты өткен атаулының барлығын жоюды талап етеді: бұл ілкі бастаулық кәмілдікке қол жеткізудің жалғыз мүмкіндігі. Әрине, осынау, аңсаулық сенім­нанымдардың барлығы да дүниенің жыл сайынғы жаңарып отырудың мифтік ­ жоралғылық сценарийінде бар. Бірақ, жер өңдеу қарсаңындағы мәдениет сатысынан бастап, дүниені, тек жоралғы тұрғысынан ғана емес, шыныменен де қиратып, қайта төрісуге болатындығы туралы идея, артынан жаңа космогония басталатын аморфтық, бей­берекет күйге дейінгі Ғаламның репрессиясы, яғни, сөзбе­сөз мағынасындағы «бастауларға қайта оралу» идеясы кеңінен тарала бастаған. Бұл тұжырымдаманы ақыр заман туралы мифтер жақсы көрсете алады. Біз оларды келесі тарауда зерттейтін боламыз. Олар, әрине, өз­өзінен де қызықты, бірақ, одан басқа, тұтас алғанда, мифтің функцияларын анықтап алуға қабілетті. Осы кезге дейін біз тек, болып өткенді ғана хабарлайтын шығу тегі жөніндегі және космогониялық мифтермен істес болдық. Енді «бастапқы кәмілдік» идеясының уақыттан тыс болар шаққа проекциялауы жөнінде қарастыратын боламыз. Ақыр заман туралы мифтер, әрине, адамзат тарихындағы өзінің маңызды рөлін атқарып шықты. Олар «шығу тегінің жылжымалылығын» ашып берді: расында да, біраз уақыттан бері «шығу тегі», «генезис» тек мифтік өткен шақта ғана емес, алыстағы, аңызды болашақта да орналаса бастады. Осындай қорытындыға, жүйелі түрде мәңгі қайтып орала беру идеясын жасақтаған стоиктер мен неопифагорейліктердің келгендігі белгілі. Бірақ «қайнар көз», «бастау» ұғымы ең алдымен кәмілдік пен жырғалаң идеясымен байланысты. Міне, сондықтан да, келер шақтың космогониясы деп түсінілетін эсхатология идеясынан да біз өткен шақта ғана емес, тең дәрежеде болашақтағы да (немесе тек қана болашақтағы) Алтын ғасырды жариялаған барлық сенім ­ нанымдардың қайнар ­ көзін аңғарып отырмыз.

Читайте также:  ДИНАМИКА МОТИВОВ УЧЕНИЯ У СТУДЕНТОВ

Оставить комментарий