Загрузка…

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДАҒЫ КОНФУЦИЙШІЛДІК ІЛІМІ

Бүгін бүкіл әлемде конфуциандық ілімі мен оның негізін салған әйгілі Конфуций(б.з.д 551-479 жж.) туралы естімеген адамды табу өте қиын. Оның аты қытай тілінде Кун-цзы немесе Кун-фунцзы болып естіледі (Дана Кун). Ескі кітаптарды оқып 251 отырғанда оны Оқытушы деп атайтынын кореміз, осыдан-ақ оны миллиондаған адамның көрегендік, адамгершілік идеалы ретінде санайтынын білеміз. Конфуций пікірлерін бүкіл әлем философтары, саясаткерлері, ғалымдары қолданады. Қазіргі кезде оның фразаларын тіпті шала сауатты қытай шаруаларының аузынан естуге болады. Конфуций принциптерімен қазіргі уақытта Қытайдан басқа Жапония, Корея, Вьетнам, Сингапур сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдері өмір сүреді. Принциптердің бұл елдердің ұлттық мәдениетіне сіңгені соншалық: тіпті адамдар өздерінің Конфуций тілімен сөйлеп жатқанын сезбей қалады. Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды. Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім. Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру. Дана философ және этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуцийдың қытай халқының өміріне жан-жақты әсер еткені ешбір талас тудырмайды. «Алтын ереже» деген атауымен мәлім болған оның этикасының негізгі принциптерінің бірі былай дейді: «Егер басыма келмесін десең, өзіңе де жамандық қаламасаң, өзгеге де соны тілеме». Ал Конфуцийдың айтқан нақыл сөздері мен даналық ой пікірлері «Лунь юй» (сұхбат пен ой пікірлер) атты кітапта жинақталған. Таң династиясы кезінде (618-907 жж.) Конфуцийге «Бірінші әулие» атты құрметті атақ берілсе, Мин династиясы (1368-1644 жж.) оған «Ұлттың ұлы ұстазы» деген дәреже сыйлады. Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі, Конфуцийдың ойынша, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай қоғамда әркім өзінің басыбайлы құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезіну арқылы бұған дейін қағидаға айналған моральдық этикалық принциптері көзден таса қылмасқа керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: Патша – патша, бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болуы тиіс. Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның («Көктің Ұлы») өзі бас болған салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Өкімет басшысы, яғни, «Көктің ұлы» — Көктің жердегі «өкілі». «Құдайлық негізі» бар патша арқылы аспан өз әмірін іске асыруда. Әрине, Конфуций патшаның билігін шырқау биікке көтере білді. Ол тек қана Көктің жердегі өкілі міндетімен ғана қанағаттанып қоймай, адамдар әлемі мен құдайлар яки рухтар әлемімен екі ортада дәнекер болуы тиіс. Әулие бола отырып, император тек Көктің алдында ған жауапты болуға тиіс. Өйткені ол, тақ пен билікті тек осы Көктен алды. Билеуші әділ боп, өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа мейірімін төгеді; ал егер патша әділ болмаса, елді аштық пен жұт және соғыс пен әлеуметік бүліктер жайлап алуы тиіс. Нақ осылай Көктегі Құдай жердегі билеушіні тәбесіне келтірер еді. Конфуцийдың аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген құрметі және алдымен әкесіне деген шексіз сүйіспешілігі. Балалар тек қана ата-аналарының айтқандарымен жүргенді ғана қанағат тұтумен шектелмей, оларды жан тәнімен сүюге 252 міндетті әрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс. Егер адам өзінің ата-анасын сүймесе және өзінің ата-ана алдындағы борышын мойындамаса, ол – делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрысемес адам. Конфуцийдің бұл көзқарасының маңызын ХХI ғасыр есігін ашып отырған ұрпақ өкілдері, оның ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша әлем жастары да, қазақстандық урданизация тәлкегіне ұшыраған ұрпақ өкілдеріде үнемі жадында ұстауы тиіс. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың өмірі мен мінез-құлқына, олардың күнделікті тұрмысы мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға кеңес береді: «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты білмеймін деп қынжыл» — бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз. Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады. Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған- туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», — дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті. Қарап отырсақ, Конфуций ілімі талай ғасырлар бұрын пайда болғанына қарамастан әлі күнге дейін өз маңызын жоймай келеді. Ол бүкіл дүниежүзі елдері оқитын және Қытай халқы пір тұтатын ілім ретінде сақталып келеді. Мұның өзі бұл ілімнің аса терең даналыққа, ақыл-ойға негізделгендігінің белгісі. Тіпті, оның ұлылығы соншалық – бұл ілім қағидалары, талай заман өткеніне, талай қоғам ауысқанына қарамастан, өзінің маңызын, мәнін жоймай келеді. Керісінше, дәл бүгінгі таңда моральдық, рухани құндылықтар тапшылығын көріп отырған қоғамда одан сайын актуалды бола түскен сияқты. Егер әрбір адам осы идеяларды мұқият зерделеп, өз өмірінің басшылығына алса, онда қоғамның тура жолға түсетіні, онда гармония мен үйлесімділік орнаған идеалды мемлекеттің қалыптасатындығы күмәнсіз. Тәртіпті қоғам үндестігі мен иделды, адамгершілігі мол адам туралы идеялардың бірлігі конфуцийшылдық деп аталатын ілімді құрды. Менің ойымша, Конфуцийдің ойлары өзінің пайда болған шағынан бері ерекше құндылыққа ие, және тіпті қазіргі заманда да өз құндылығын жоғалтпаған. Менің конфуций кітаптарын оқып отырғанда көңіл бөлгенім: оның көп шығармалары құрылым жағынан қазіргі заман адамына жүйесіз, байланыссыз болып көрінгенімен, олардың философиялық, танымдық мәні жоғары бағаланады. Сонымен, сөзімді қорытындылай келе айтарым, алдымен Конфуций ілімінің әлемдегі ең көне мәдениеті бар Қытайдай алып елдің қоғамдық-саяси және рухани өміріне ғасырлар бойы тигізген өлшеусіз ықпалы турасында ерекше атап өткен жөн. Оған әрбір қытайлықтың бесіктен белі шықпай жатып-ақ, Конфуцийдің тәрбиелік эстетикалық өсиеттерімен нәр алатындығы куә болса керек. Конфуций ілімінің Қытайдай ұлы елдің мемлекеттік идеологиясына айналғанына екі мың жылдан асып барады. Арнайы діни тұрғыда Конфуций ілімі бүгінде 300 миллионнан аса қытайлықтарға ресми дін болып саналады. Ал Конфуцийдің өзі Құдаймен теңестіріліп, оның құрметіне сансыз ғибадатханалар салынды. Конфуцийдің ілімін таратушылар өздерінің ұстазын көктегі Күнге, аспандағы Айға теңеп, оның ілімін тек «Көкке апарар» баспалдақтармен өрмелеу арқылы ғана, яғни тер төгу арқылы ғана меңгеруге болатындығын үнемі тілге тиек етуде. Сонымен қатар, өзге дүниеде рахат кешуге үндеген басқа діндермен салыстырғанда Конфуций діні ілімінің нақ осы өмірдегі көрер қызықтарға жетелейтіндігін де естен шығармаған жөн. 253 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Быков Ф.С. Зарождение политической и философской мысли в Китае. М., 1966 2. Переломов Л.С. Конфуций: Жизнь, учения, судьба.- М.: « Наука». Издательская фирма « Восточная литература».1993. -440с. 3. Конфуций и его школа.-М.: Изд. дом Шалвы Амонашвили, 1996.-176с. 4. Светлов Э.( А. Мень). Жизнь Конфуция.- За рубежом.1990. №40

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar