Фаталды немесе бұлтартатын бұлтартпастық

«Югославияның алыс ауылды жерінде олар ерекше coup de des арқасында кездейсоқтықты жойғандай болды». Ал, біздің ойымызша кез келген coup de des кездейсоқтықты баяғыда жойған еді. Кездейсоқтық табиғатының екі болжамы. Біріншісі: барлық заттар бір­бірімен кездесуге жаралған, оларға тек кездейсоқтық қана кездесуге мүмкіндік бермейді. Екіншісі: барлық заттар байланыссыз және бір­біріне немқұрайлы, және тек кездейсоқтық қана оларға кездесуге мүмкіндік береді. Бұл соңғы болжам мойындаулы нәрсе; екіншісі, қайшылықтысы, одан қызығырақ. Қалай болғанда да, мойындаулы нұсқада терең екі ұштылық қалады: заттарды байланысы жоқ хаотикалық жағдайда ұстайтын кездейсоқтық па (ол анықтамасы бойынша солай болуға тиіс сияқты), немесе ол оларға ауық­ауық кездесуге мүмкіндік бере ме? Біз екі мағынасында қуана қабылдаймыз. Заттар кездейсоқ туындайды және кездейсоқтық оларды біріктіреді. Біз толығынан ақылды тізеге басамыз. Кездейсоқтық заттардың бір­біріне ерікті немқұрайлылығын әйгілей ме, әлде әдеттен тыс сәйкестіктерден ләззат алатын құпия ерікті, қаскөй данышпанға ұқсас бірдеңені белгілей ме? Шешімнің мүмкін бір нұсқасы былай: қазіргі зерттеулер әлемді детерменистік тұрғыдан түсіндірудің олқылықтарын баяғыда анықтап,объективті себептілікке қарсы кездейсоқтықтан тұратын әлемді тудырған; соған байланысты ол барлық жерде кездейсоқтық атауындағы көзқарас тудырды, және, сонымен бірге, ол өзге каузалды емес және одан жасырындау байланыстарға назар аударды (мысалы, психоанализ және оның санадан тыс нәрселерді пайымдауы кездейсоқтықты ляпсустан, сәтсіз әрекеттен, түстерден, жындысүрейліктен мүлде ысырып жіберді). Енді одан гөрі жұмбақтау өзге қажеттілік пайда болды, және одан еш нәрсе түбегейлі түрде қаша алмайды: психологиялық, немесе құрылымдық жазмыш, заттардың ішкі түзілімі санадан тыс, бірақ, оның бұйрығы кездейсоқтықты тіпті де жоя алмайды. Біз осылайша зердеге қонымды себептердің патшалығын кездейсоқтыққа емес, одан гөрі құпиялы байланыстардың торабына ауыстырдық. Және ондай жағдайда кездейсоқтық ғылым қауқарсыздығының уақытша ахуалына емес, (онда ол концептуалды түрде сезінілетін тірлікке ие болар еді), детерменисттік каузалдылық ахуалдылығынан өзге, кездейсоқ емес нәрсенің радикалды түзіліміне сәйкес болар еді. Демек онда бар болу мүмкіндігі мүлде жоқ. Қиындық өзге затта. Кездейсоқтықтың болуы үшін (ең кемінде, екінші нұсқасында) сәйкестік шығуға тиіс, екі шептің, екі оқиғаның, екі тұлғаның, екі бөлшектің қиюласуы тиіс.

Тіпті, мұндай жағдай болуының мүмкіндігі мейлінше аз болса да, мұндай сәйкестіктің орын алуы мүмкін болуға тиіс; сол сияқты каузалдылықтың болуы үшін де себептер мен салдарлардың межелес болуы қалай болғанда да орын алуы тиіс. Ал, бұл постулат әрқашанда сенімсіз. Кездесудің беймүмкін екені сенімсіз, болмаса күштердің таза қатынасына бөлінген әлемде, заттар, денелер, тұлғалар, бөлшектер иықтасуы, түйісуі, үйінденуі мүмкін әлемде, олар өздерін қоршайтын және кез келген жақындықты болдырмайтын әлгі «қасиетін» жоғалтар еді. Қасиеттенген, жөн­жоралғылы ғаламда заттар қауышпайды, олар ешқашанда кездеспейді. Олар қауызын ашады, бірақ қауышпайды. Қараңызшы қалай жөн­жоралғының қимылдары, әшекейлері, денелері қанша бір­біріне оралғанмен, түйісуден сақтанады. Мұнда ешбір кездейсоқтық жоқ, яғни заттарды бір біріне ұмсындырған ешбір қате жоқ, заттардың бір бірімен қауышуына ерік беретін ешбір тәртіпсіздік жоқ. Біздің денелеріміз және күнбе­күнгі өміріміз де осындай. Қимылдар мен денелерді қоршайтын осы қасиеттің быт­шыт болғаны керек еді, сонда ғана олар кездейсоқ көшеде кездесе алар еді, қалаларда мыңдаған топқа жиылып, махаббат сезімінде жақындасып, қауышар еді. Әрбір денені қозғалысқа түсіретін осы магнетикалық арақашықтықты жою және кездейсоқтық оларды қауышуға итеретін бұл немқұрайлы кеңістікті жасау үшін өте құдыретті күш керек еді. Осы асау күштің сарқыншағы біздің әрбіреуімізде мүлгиді, тіпті, қазіргі діннен босанған кеңістіктердің орталығында, тіпті, біздің ұяттан босанған денемізді кез келген кеңістікте және кез келген бағытта қолдануымызда. Ол кез келген жақындыққа көнбейтін, кез келген кездейсоқ кездесуден, жалпы, кездейсоқтыққа тәуелді барлық нәрседен жиіркенетін болдырмау күшінің сарқыншағы. Себебі, микроскопиялық деңгейдегі денелер, немесе бөлшектер еркіндігі айырмашылықсыз кеңістікте қалай болса солай қозғалу, және бұл әрбір тірі жанға айырмашылықсыз кеңістік керек дейтін символикалық көзқарастағы еркіндік жиіркенішті және абыройсыз. (Мәселе, пуритандар мағынасындағы ар­ұят тазалығын көксеуде емес, әрбір дененің өз еркін кеңістігі болу қажеттілігінде). Міне, сондықтан біздің қазіргі әлемді сипаттайтын кездейсоқтық пен статистикалық мүмкіндік жиіркенішті және абыройсыз нұсқалар. Біз оған еркіндік белгісімен ыңғайлануға тиіспіз, бірақ, бір күні осы борыш бұзушылық, осы көптеген кездесулерді мүмкін қылатын және біздің өміріміздің броун қозғалысын жеделдететін осы байланыстың жоқтығы индетерминацияға, немесе біздің мысымызды басатын ажалды немқұрайлылыққа айналады.

Читайте также:  СУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кездейсоқтық тек Құдайды тана шаршатпайды, ол бізді де шаршатады. Батыс материализмы әлем кездейсоқ және тәртіпсіз қозғалыстарға тәуелді жабайы материя деген болжамды ұсынады. Біздің қарадүрсін әлем сахнасы, егер белгілі бір құдай оған жан бітірмесе, ол өлі материяның сахнасы, бұл тәртіпсіздік сахнасына , оны ежелгі хаостан жұлып алып, тек құдай ғана тәртіп орната алады. «Кездейсоқтық өзіне тәртіп кіргізетін және тәртіп орнай бастағанда жаратылыстағы кездейсоқтыққа орын беретін» (А. Верде). Мәселе болжамды тәртіпсіздіктен тәртіп құрап, қозғалысты өндіріп һәм нәрлендіріп, мағынаны тудырып, өндіруде болатын. Бұл біздің мазасыз идеямыз, бұл біздің идеалымыз, және бұл біздің катастрофамыздың нұсқасы (энтропия). Бұл әлемдегі белгілі рационалды байланысқа біз тек әрқашанда жоқ болу қаупінде тұрған тек әрдайымғы күшену арқылы жетеміз деген идея, бұл іс жүзінде пессимистикалық және жантүршігерлік болжам. Бұдан тіпті Құдайдың өзі мезі болды. «Кездейсоқтық Құдайды шаршатады» дейді бір құдайтанушы азартты ойындарды болдырмау керек деген әңгімесінде. Енді Құдайдың өзі кездейсоқтықпен күресе алмайды (әйтсе де, жақында ол беріліп, таза кездейсоқшыл көзқарастың орнығуына мұрсат берді). Мұндай бастаманың өзге ақыры болмайды. Қуат әлемді ақпараттандыру үшін, мәнді байланыстарды жасау, кездейсоқтыққа қарсы кішігірім аралдар жасау үшін қажет десек, онда ерте ме, кеш пе бұл қуат түгесіледі, Құдайдың өзінде мағына жойылуына қарсы тұруына күш қалмайды. Біреу мағынадан бас тартты да, жындысүрей әлемнің шабуылына ерік беріп, күресуін қойды. Құдай кездейсоқтық арқылы жанжалданған, дық сақтаған, немесе, ренжітілген емес: ол шаршаңқы. Бұл ғажап. Бірақ бұл ғажап сөйлем жөнінде өзге бір болжам ұсынуға болады. Құдай кездейсоқтықпен күресуден шаршаған жоқ, ол оны жасаудан шаршады: Құдай осы расында да мәңгі мәселеге шегеленген, себебі ақиқатын айтсақ, кездейсоқтық жоқ, және егер оны жасау керек болса, оны тек Құдай тана жасай алады, яғни бұл адамның қолынан келмейтін мәселе. Заттар бір­біріне қажетті және үнемі түрде жабыспауы үшін кездейсоқтықты жасау керек. Өйткені, өзге жағдайда адамдарға өте қиын болар еді. Адамдардың ойынға кірісіп, сәттілікке, немесе сәтсіздікке сенуі үшін кездейсоқтықты жасау керек, өйткені ол барлық кінәліліктен босатады. Оқиға мүмкіндігіне сену өмірлік қажеттілік, оқиға неғұрлым кездейсоқ, демек, маңызсыз, немқұрайлы, немесе, жауапкершіліксіз болса, мысалы, достың өлуі, тағдырдың тәлкегі, табиғи апат: етер бұл заттар сонымен қатар белгілі бір ерікке, белгілі бір объективті, немесе субъективті зиянкестілікке, тіпті, Құдай зиянкестілігіне телінсе, онда дамудың ешбір бейкүнәлілігі қалмайды!

Читайте также:  Жасырын және ашық қарекеттер

Алғашқы қауым адамдары осы тәртіптегі ғаламға, ой мен ерік құдіретінің ғаламына сенген, бірақ олар өздері де дәл сол магия мен қатыгездік әлемінде ғұмыр кешті. Кездейсоқтық бізге тыныс алуға мүмкіндік береді: оны ешкім қаламаған екен — не деген жеңілдік! Сөйтіп, Құдай өзінің шексіз рахымшылдығында бізге кездейсоқтықты сыйлайды. Әйтсе де, бір оқиғадан құтылғысы келгенде, «бұл Құдайдың қалауымен болды» дейді (яғни, ешкімнің). Бірақ ақыр аяғында Құдай мұны қалаудан шаршады және оның аракідік өзінің еркінен бас тартып, әлемді заттар заңының олжасы қылып тастауы мүмкін (яғни, жаппай жазмышқа). Кездейсоқтық туралы болжамдау барлық заттарды өз еркімен билейтін Құдайдан бетер ғажайып Құдай туралы болжамдаумен бірдей. Өйткені заттар үшін бір­бірімен байланысып, бір­біріне айналуынан гөрі оңай нәрсе жоқ. Отан кедергі жасау үшін, таза акцидентті әлемді сақтау үшін шексіз ерік пен қуатты болжамдау керек, бұл фантастикалық мәселе Құдайдың қолынан да келмейді: барлық бөлшектерді бөлектеу, барлық салдарларды, барлық бөлек азғыруларды жою және тек кездейсоқтықтың толық билігін сақтау. Бұл кездейсоқтық дегеніміз не деген қулық және оның бар болуына мүмкіндік қандай аз (Құдайдың бар болуына мүмкіндік қанша аз болса, ол да дәл сондай). Құдай, біздің зердеуи және зерделі Құдай заттардың түзілімін түзеуге мүлде қабілетсіз. Оның болмысының негізі әлемге соңғы сот жасауға және оның хаосты кіршіксіз қабылдауына кедергі жасайтын тұманның кейбір көлеңкелі жерлерін сейілтуге мүмкіндік беретін кейбір себеп­салдар байланысына бата беруінде және кепілдікте болуында.

Міне, сонда Жақсылық пен Жамандықтың арасындағы айырмашылық мардымсыз болады, Сайтан сол сәтте бұл қазымыр түзілімді тұмандатуға, ал азғыру Жақсылық пен Жамандықтың осы айырмашылығын ылғи да тұмандатуға тырысады; одан да мұндай Құдайдың артында мүлде ерікті және кездейсоқ әлемді қалдырып, шынымен өлгені жақсы еді. Міне, сол кезде кездейсоқтықтың соқыр тәңірісі заттарға билік етер еді. Сонымен, Құдай келісімшартты орындай алмады. Ол барлық заттардың себебі болудың орнына өз күнін себепсіз туылатын нәрсеге жетіп бітірді. Ондай нәрсе өте сирек және беймүмкін, тіпті өз себебімен болатыннан да артық мағына жүктелген мүшелесу арқылы болады. Кездейсоқ болатын нәрсе қайтадан біз ақылға сиятын оқиғаларға бермейтін мағына мен жеделділікке ие болады. Тым тәртіптелген һәм заңдастырылған әлемде кездейсоқтық жаңа салдарлардың жаратушысы болады, оның өзі арнайы салдар, ол қиялдағы оқиғаның мінсіздігін бейнелейді (мысалы, объекттер тізбегінде тек майыпты объект қана әдеттен тыс бағаланады). Сөйтіп, біз кездейсоқ заттар зердеге көнетін байланыстардан гөрі мағынаға және шұғылаға ие парадоксалды әлемнен шығамыз. Бірақ, бәлкім, бұл жағдайдың өзі конъюктурлы шығар: біз кездейсоқтықтан тапқан шұғыла мен ең жоғарғы мағына, кездейсоқ мүшелесудің ироникалық және сайтани ләззаты хаотикалық әлемде алғашқы себеп­салдар тапқан алғашқы ойшылдың ләззатымен, әрине, салыстыруға болмайды. Ол өз заманының Ібілісі еді және ол тірідей өртеп жіберілуге тиіс.

Читайте также:  “Соңғы парыз” романындағы метафоралар

Оставить комментарий