ФЕМИНИСТЕРДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Қауіпсіздік проблемаларын толып жатқан теориялық бағыттар мен пәндер зерттейді. Феминизм үлесі білім шекарасын оған әйелдер тәжірибесін енгізу жолымен кеңейтуден және гендерлік амалды пайдаланудан тұрады. Гендерлік теңсіздік қатынастарын зерделеу және қауіпсіздік талдауына әйелдер тәжірибесін енгізу, бәлкім, қауіпсіздіктің неғұрлым көп қырлы және икемді анықтамасын жасауға мүмкіндік берер, оны талдап әзірлеуге, көптеген осы заманғы ғалымдар ­ реализм сыншылары тырысуда (Tickner, 1992). Мемлекеттің әскери және ұлттық қауіпсіздік қызметтері әрқашан «ерлердікі» деп қарастырылып келгендіктен, қауіпсіздік жөніндегі әдебиетте әйелдер сирек еске алынатын; алайда әйелдер қауіпсіздік туралы бері салғанда XX ғасырдың басынан жаза бастады, сол кезде ­ Джейн Адамс Бірінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған, өзін­өзі құртып тынатын ұлтшылдықты алмастыруға тиіс жаңа интернационализм туралы айтты (Addams, Balch and Hamilton, 1916). Әйелдер міндетті түрде қауіпсіздікті көп қырынан анықтайтын, әрі олардың тәпсірлері физикалық та, құрылымдық та зорлық­зомбылықтан бостандық түсінігін енгізіп отыратын (Falk, Kim, Mend­ lovitz, 1991. P. 392­402).

Ұлттық әйелдер ұйымының «Әйелдер әскери қимылдарда» атты қарарында жарияланған есептері бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан бергі жанжалдардың нәтижесінде болған айырылудың 80­90 пайызын жай азаматтар құраған, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар болған. Босния соғысындағы зорлық­зомбылық стратегиясы әлемді өзінің хайуандығымен алаңдатты, мұндай хайуандықтар соғыс кезінде қашанда болады, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында әрқашан жеткілікті айтылмайды. Барлық босқындардың 80 пайызын әйелдер мен балалар құрайды; әдетте әскери жанжалға тән феномен бейбіт уақытқа да таралады: әйелдер барлық қоғамдарда үйдегі зорлық­ зомбылықтың ең жиі құрбаны болып табылады ­ бұл қылмыс та БАҚ­та жиі көрсетіле бермейді, бірақ барлық аймақтарға, мәдениеттерге және таптарға тән (БҰҰ, 1991). Әйелдерге қарсы зорлық ­ зомбылық милитарландырылған қоғамдар мен әскерилердің отбасына неғұрлым тән. Осыдан, әйелдер милитаризм мен соғыс үшін барынша оңай құрбандық екендігі айқын, осыдан әйелдер мен балалар еркек ­ солдаттардың қорғауында деген ұғым миф екендігі айқын, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан осынау миф қайта қаралуға тиіс екендігі айқын (Stiehm, 1983). Қауіпсіздіктің анықтамасын экономикалық және экологиялық өлшемдер есебінен кеңейту де әйелдердің оңай құрбан екендігін көрсетеді. 1981 жылы БҰҰ Комитетінің «Әйелдер статусы» баяндамасында көрсетілгеніндей, Жер халқының жартысын және жұмыс істейтіндердің үштен бірін құрайтын, барлық жұмыс уақытының үштен екісінде іспен айналысатын әйелдер бүкіл жалақының тек оннан бір бөлігін ғана алады және дүниежүзілік меншіктің 1 пайызына ғана иелік етеді (Jaggar, 1983, p. 138).

Читайте также:  Еуропалық Одақтың Оңтүстік Жерорта аймағымен сауда қатынастары

Әйел еңбегі ең төмен ақы төленетін еңбек, өйткені ол базардан тыс жерде қажет ­ Оңтүстікте ауыл шаруашылық өрісінде, одан да жиі ­ үй шаруашылығында қажет. Барлық қоғамдардағы еңбек базарында әйелдер еркектерден жалақыны кем алады, өйткені төмен ақы төленетін жұмыс орындарының көбісі соларға тиесілі немесе еркекпен бірдей атқаратын еңбекке одан кем ақы алады (БҰҰ, 1991. 81­ 114 б.). Оңтүстіктегі әйелдер негізінен ақы аз төленетін еңбекпен айналысады, Солтүстіктегі әйелдер трансұлттық корпорацияларға немесе үй қызметшісі ретінде жұмыс істейді. Экономикалық құлдырау кезінде, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру органдары науқастар мен қарттарға қарау үшін еріктілер іздегенде, мұндай жұмыстарға әдетте әйелдер барады. Оңтүстікте құрылымдық реттеу саясаты әсіресе әйелдерге салмақ түсіреді, олар әлеуметтік көмек өрісіндегі қосымша міндеттерді орындайды, сөйте тұра мемлекет бюджеттің бұл баптарын қаржыландыруды қысқарта береді. Әйелдер экономикалық қатерлерге де бәрінен көп ұшырайды: Африка мен Азияның кейбір өңірлерінде олар отын немесе су іздеп күн сайын 10 шақырымдай жүруге мәжбүр. Атмосфераға улы заттардың жайылуы және өнеркәсіптің ластауы зардабынан көптеген әйелдердің бала көтеру қабілеті бұзылады. Бүкіл дүние жүзінде әйелдердің осынау айқын қорғансыздығы қауіпсіздіктің адамдар қажеттіліктеріне шоғырланатын және мемлекет пен аймақтық шекаралар шегінен шығып жатқан анықтамасында бейнеленуге тиіс.

Мұндай айдан анықтық мемлекет өзінің осы заманғы ахуалында өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды дейтін реализм сыншыларының уәжін күшейтеді. Реалистер жер­көкке сыйғызбай мақтайтын унитарлық мемлекеттік актор моделі индивидтерге төнетін қатер нәсілге, тап пен жынысқа тәуелді екендігін жасырады, әрі бұл барлық мемлекеттер мен аймақтарға тән. Феминизм теоретиктері сондай­ақ саяси ұқсастық пен саяси шекаралар туралы жаңа мәселелер көтереді, ал олар жөнінде көптеген реализм сыншылары қауіпсіздіктің алып тастайтын емес, жан­жақты анықтамасы үшін кедергілер ретінде айтады. Д. Кэмпбэлл атап өткеніндей, «іштегілердің» қауіпсіз ұқсастығы мен «сырттағылар» үшін мейлінше қауіпті жағдайды суреттеуге пайдаланылатын дискурс гендерлік терминдерді жиі жамылады. Мысалы, XIX ғасырдағы американдық авторлардың жапондар мен латынамерикандықтарды сатқындар, өз табиғаты жағынан бала сияқты, эмоциялық тұрғыдан тағатсыз және әздек адамдар ретіндегі түсініктерін гендерлік түсінік деуге болады, және соның іздері күні бүгінге дейін американ сыртқы саясаты дискурсының бір бөлігі болып табылады (Campbell, 1992. P. 238; Hunt, 1987).

Читайте также:  Гоминдандық Қытай үстемдігі дәуіріндегі ұйғыр әдебиеті

Қырғи қабақ соғыстың бас кезінде коммунистер, немесе социалистер, немесе «алқызылдар» дейтін ныспы күшті еркектердің коммунизм қатеріне қарсы тұрарлық қабілетіне тәуелді ұлттық қауіпсіздік императивтеріне кереғар болатын (Campbell, 1992. P. 176­177).

Мемлекеттердің көпшілігінде азаматтық патриотизмнің милитарландырылған нұсқасымен және соңғы құрбандықпен ­ отан үшін қиылған өмірмен ­ байланыстырылатын әскери шайқастарды қоспағанда, іс жүзінде барлық қоғамдарда әйелдер «екінші сортты» азаматтар немесе олардың жеткілікті қорғалмауынан құрбандық деп саналған. Осынау қорғаныс/қорғалғандық қатынастарына күдік келтіре отырып және осынау саяси ұқсастықтар гендерлік теңсіздік терминдерінде түзілетінін байқай отырып, біз олардың және үстемдік пен бағыныштылықтың басқа әлеуметтік қатынастарының жан­жақты қауіпсіздік анықтамасы үшін кедергіге айналғанын түсіне аламыз. Феминистік амалдар қауіпсіздікті дәстүрлі талдаудың статикалық шекараларын қайта қарауға да септесе алады. Қоғамның барлық деңгейін ­ әскери қимылдардан бастап, халықаралық жанжалдар сияқты тиісті заңдармен жеткілікті қорғалмаған отбасындағы зорлық­зомбылыққа дейін қамтыған физикалық зорлық­зомбылық қатынасын атап көрсете отырып, феминистік зерттеулер қауіпсіздікті мемлекеттік шекаралармен теңестіруге күмәнмен қарайды. Кедейшіліктің ғаламдық феминизациялануы қауіпсіздік жөніндегі осы заманғы әдебиетте басым орын алған Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы экономикалық шекаралар туралы мәселені айдан анық алға тартады.

Солтүстік мемлекеттеріндегі кедейлер мен баспанасыздардың жағдайы нақ Солтүстікте де Оңтүстіктің орын алғандығын көрсететіндігі секілді, Оңтүстіктің саяси және экономикалық элиталары өз азаматтарына нұқсан келтіре отырып, Солтүстік мемлекеттермен және жаһандық капиталмен бірігіп кеткен кезде, Солтүстіктің теріс ыңғайдағы орны Оңтүстікте байқалды. Әйелдер баяғыдан бостан немесе ақысы төмен еңбек өрістерінде пропорцияға кереғар жиі айналысқандықтан, мұның өзі жыныстық теңсіздіктің негізі болғандықтан, олардың өмірін зерттеу осынау феномендердің құрылымдық байланысын түсінуде жаңа есептеу нүктесі бола алады (Mies, 1986).

Феминистердің пікірі бойынша, әйелдердің айдан анық қорғансыздығы мемлекет пен жаһандық базардың қызметі барлық индивидтер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бейтарап болмайтындығының айғағы. Алайда қауіпсіздікті феминистік көзқарас тұрғысынан қарастыру тек әйелдердің қорғансыздығын түсінуге бағытталмаған; қайта оның мақсаты ­ тең емес әлеуметтік қатынастар барлық индивидтерді қорғансыз ете алатынын көрсету.

Читайте также:  Байсейіт батыр туралы

Бүкіл дүние жүзі әйелдерінің ортақ тәжірибесін ой елегінен өткізу азаматтар мен адамдардың арасындағы, инсайдерлер (іштегілер) мен аутсайдерлердің арасындағы бөлінуді, кейбір реализм сыншылары бұл жан­ жақты қауіпсіздікке қол жеткізуге нұқсан келтіреді дейтін бөлінуді еңсерудің жолын табуға көмектеседі. Көптеген феминистар нағыз қауіпсіздікке осынау иерархиялық әлеуметтік қатынастар мен бөлуші шекаралық айырмашылықтар мойындалып, елеулі өзгертілгенде, ал барлық индивидтер өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салыса бастағанда қол жететін болады деп санайды.

Оставить комментарий