Философия дегеніміз не?

Бәлкім, «философия деген не» деген сауал кәрілік келген, шәу тартып, нақты сөйлеу қажет болған шақта қойылатын шығар. Расында да біздің мәселеге қатысты библиография тым жұтаң. Бұл беймазалығын жасырып, басқа сұрайтын ешнәрсе қалмаған сәтте түн ортасында қойылатын сұрақ. Бұл бұрыннан бар, ылғи да, бірақ жанама түрде немесе жалтақтықпен тым жасанды, тым дерексіз түрде қойылып келген сұрақ және бұл туралы немқұрайлы, менсінбей, терең бойламай айтылып келген еді. Бізге салауаттылық жетіспейтін. Философиямен айналысуға асығатын едік, ап өзімізге ­ «ол қандай?» ­ деген сұрақты көркем тілмен машықтану барысында ғана қоятын едік; бірақ, өмір бойы өзім айналысып келген бұл өзі қандай нәрсе? ­ деген жалпақ тілмен қойылатын сауалға кезек келмеген. Егде жастағы адамға мәңгі жастық емес, керісінше, өмір мен ажал арасындағы құтты сәт тәрізді ең биік дәрежедегі азаттық, таза қажеттіліктің мезеті сыйға тартылады, сол кезде мәшиненің барша бөлшегі ғасырларды жарып өтетін жебесін келешекке қарай атып жіберу үшін үйлесім тауып кетеді; бұл ­ Тицианның, Тернердің, Моненің басынан өткерген жәйт. Қартайған шағында Тернер кескіндеме өнерін жүргізудің шөлді және қайтпас жолын иемденеді немесе сондай құқты жөнін алады және де бұл оның соңғы сауалы болатын. Сірә, «Рансенің өмірі» бір мезетте Шатобрианның кәрілігі мен қазіргі әдебиеттің бастауын белгілеп тұрғандай көрінеді. Кино өнерінде де біз кейде, адам ғұмырының соңғы кезеңінде жомарт сыйға ие болатынын керіп қаламыз. Айталық, Ивенстің өзі өзінің сиқыршы әйелімен еліре соққан желдің өтінде ішек сілесі қатып, күлетін кезінде. Философиядағы жағдай да осындай: Канттың «Пайымдау қабілетінің сыны» ­ кәріліктің елірген шығармасы және оның мұрагерлері де кейде оған ілісе алмай жатады: бұл жерде ақылдың барша қабілеттері, Кант сарабдал шағында өз кітаптарында аса мұқияттылықпен тіркеп отырған шектерден асып кетеді. Ал біз болсақ, ондай деңгейге таласпаймыз. Бізге де: философия деген не? ­ сұрағын қоятын кез жетті. Біз бұл сұрақты бұрын да үнемі қойып келгенбіз және оған мынадай өзгермейтін жауап 186 қайтарып келген едік: философия дегеніміз.— концепттерді жасау, ойдан шығару және қалыптастыру өнері болып табылады. Бірақ жауаптың сұрақты қамтуы жеткіліксіз. Ол сұрақтың сәті мен жағдайын, оның шарттарын, пейзаждар мен кейіпкерлерін, оның мән­жайын, белгісіз шамаларын анықтап тұруы қажет болатын. Бұл сұрақты сырласқандай «достық пиғылмен» немесе жау бетіне қаратылып айтылатындай етіп қоя білу қажет және де досына да сенбей қалатын қайсыбір алагеуім кезге да жету керек еді. Бұл: «Бәрі де осылай, бірақ дұрыс жеткіздім бе, сендіре алдым ба» дейтін кез. Дәл осы тұста жақсы айтудың және біреуді иландырудың түкке тұрмайтынына көзіңіз жетеді, өйткені қалай болғанда да дәл қазір жағдай осындай болып отыр. Алда көретініміздей, концептер өздерінің анықталуына септігі тиетін концептуальды кейіпкерлерге аса зәру. Осындай кейіпкерлердің бірі ­ дос; оның шығу тегінде гректің эсері байқалады деген сыбыс бар ­ басқа өркениеттерде Даналар болған болса, гректер бізге қарапайым даналар ғана болмайтын осындай «достарды» паш етеді. Біздің естуімізше нақ осы гректер Дананың өлімін түпкілікті белгілеп, оны даналықты іздеумен айналысатын, бірақ оны иеленбейтін философтармен, даналықтың достарымен алмастырған екен. Десек те, философ пен дананың арасындағы айырмашылық қандай да бір бағананың бойымен өлшенетін дәрежедей болмайды: мәселе ежелгі шығыстық дананың Фигуралар арқылы пайымдауында, ал философ Концепттерді ойдан шығарып, солар арқылы пайымдайды. Даналық тым күшті өзгеріске ұшыраған. Сондықтан да «достың мәнін гректерден, әсіресе солардан анықтау қиын шаруаға айналады. Мүмкін, «дос» деген сөз шеберліктің қандай да бір жақындығы, шебердің материалға деген талғамы мен оған тәуелділігі белгіленетін шығар, мысалы ағаш өндеуінің ағашқа тәуелді болуы сияқты, ­ жақсы шебер ағаштың сапасына тәуелді, демек, ол ағаштың досы болар? Бұл маңызды сұрақ, өйткені философияда «дос» деп енді сыртқы кейіпкерді, мысалды немесе эмпирикалық жағдайды емес, қандай да бір ішкі ойда болатын нәрсені, оның мүмкін болу шартын, тірі категорияны, трансцендентальды тәжірибенің элементін ұғынады. Философияның арқасында гректер достың жағдайын күрт өзгертіп жіберді, енді ол басқа адаммен емес, қайсыбір Жаратылыспен, Объектілікпен, Тұтастықпен сәйкестіріледі. Ол Платонға дос, бірақ даналыққа, ақиқатқа немесе концептке одан да жақын тұрады, ол Филалет және Теофил… Философ концепттердің жайын біледі және олардың тапшылығы сезіліп тұрса да, олардың қайсысы өміршең емес, кездейсоқ немесе консистентті болмайтынын, бір минут та тұра алмайтынына және керісінше, қайсысы мықты жасалғанын, тіпті шығармашылықтың қауіптері мен алаңдаушылығын есте сақтап тұратынын да біледі. Ал «дос» концептуальды кейіпкерге, яғни ойлаудың алғышартына айналғанда нені білдіреді екен? Мүмкін, ол ғашық болар? Ия, сірә, дұрысы ғашық болар? Өйткені, ой достың арқасында таза ойлаудан шығарылып тасталғандай болып көрінетін Басқамен өмірлік байланысқа қайтадан ие болады. Бәлкім, бүл жерде дос та, ғашық та емес басқа біреу бар шығар? Өйткені, егер философ ­ даналықтың досы немесе оған ғашық болатын болса, онда ол шынай емес, әлеуетті түрдегі ұмтылысында оны иеленгісі келгені болар. Бүл жағдайда дос ­ үміткер болады, ал өзін досы деп атайтын нәрсесі ­ ешқандай үшінші емес, дәмегөйлік бағытталған Нәрсе болады; ал ол (үшінші), керісінше, бақталас нәрсеге айналады.

Сонымен, достықта бақталасқа деген сенімсіздік пен ынтасы ауған затқа деген ғашықтықтың ұмтылысы қатар жүреді. Достық мәнділіктерге бет бұрған кезде екі дос үміткер мен бақталасқа айналады (алайда, қалай боларын кім білген?). Философияның бізге полис қалалардың мәдени үлесіне сәйкес келетін ежелгі грек өркениетінің құбылысы ретінде ашылған алғашқы ерекшелігі, міне, осындай: оларда достардың немесе тең адамдардың қоғамдары қалыптасады, бірақ олардың арасында және әрқайсының ішіндегі бақталастық қатынастар құпталып келген, барлық салаларда ­ махаббатта, ойындарда, соттарда, мемлекеттік басқаруда, саясатта, тіпті, алғышарты дос емес, үміткер мен бақталас болатын (Платон «амфисбетесис» ретінде сипаттайтын диалектика) поэзияда да үміткерлердің өзара текетіресі байқалатын. Агон ­ ортақ қағидаға айналған азат адамдардың бақталастығы, атлетизм. Ал, достық болса мәннің тұтастығын үміткерлердің бақталастығымен мәмілеге келтіру тиіс болатын. Бұл міндет тым ауыр емес пе? Дос, ғашық, үміткер, бақталас ­ бұл трансценденталды сипаттамалар, бірақ олар бір немесе бірнеше кейіпкер тұлғасында өзінің интенсивті жанды тіршілігін жоғалтпайды. Ал біздің заманда Морис Бланшо ­ философияда «дос» сөзінің мағынасын зерттеп жүрген аз ғана ойшылдардың бірі ­ ойдың алғышарттары туралы осындай ішкі сұрақты қайта қойғанда таза, Ой саласына жаңа концептуальды кейіпкерлерді енгізеді, олар ­ бөтен жерден келген, қайсыбір апатты бастан кешірген грек кейіпкерлері емес, жаңа өмірлік қатынастарға жетелейтін априорлы, яғни жалтақтық, қажу, достықты шексіз сенімсіздік пен төзімділік ретіндегі ойға айналдыратын достық қасірет сияқты мінездердің дәрежесіне көтерілген кейіпкерлер. Концептуальды кейіпкерлердің тізімі ешқашан жабық болмайды, сол арқылы философияның дамуы мен өзгерісінде маңызды рөл атқарады; мұндай сан алуандықты грек философының онсыз да күрделі бірлігіне теңемей, түсінген абзал. Философ ­ концепттің досы, ол концептіге әуелгі түрде тәуелді болады. Бұл философия ­ әншейін концепттерді қалыптастыру, ойдан шығару немесе жасау өнері ғана емес, өйткені концепттер ­ міндетті түрде форма, жаңалық немесе өнім емес. Дәлірек айтсақ, философия ­ концепттерді жаратушы пән болып табылады. Демек, дос өзінің туындыларының досы болама ма? Немесе концепттің болмысы, жаратушы мен оның сыңарын бір тұтас нәрсеге айналдырып, достың әлеуетіне сілтеп тур ма? Философияның пәні ­ жаңа концепттерді жасай беру. Жасалу қажет болғандықтан концепт философпен байланысты болады және соны жасау үшін философ әлеует пен шеберлікке ие болады. Бұған, «шығармашылық», әдетте, сезімдік заттар мен өнерге қатысты айтылады деген уәжді айтуға болмайды, ­философтың өнері ойға қатысты мәнділіктерді дүниеге әкеледі, ал философиялық концепттер де «sensibilia» болып табылады. Расында ғылымның. өнердің және философияның шығармашылық сипаты бірдей болады, бірақ философия ғана таза концептерді жасай алады. Концепттер бізді аспан денелері сияқты, дайын күйінде күтіп тұрмайды. Концепттерде аспан болмайды. Оларды ойдан шығарып, жасау керек немесе дұрысы, жарату қажет және іс жасаған адамның қолтаңбасы болмаса, олар ештеңе де тұрмайды. Философтың міндетін Ницше былай сипаттаған: «Философтар берілген концепттерді тазалап, жылтыратып қою үшін ғана қабылдамау керек; оларды өздері өңдеп, жасап, бекітіп, басқаларды қолдануға иландыруы тиіс болады. Осыған дейін, жалпы және тұтас алғанда, әркім өз концепттеріне сиқырлы әлемнен алынған сиқырлы жасаудай қарап, оларға сеніп келген еді», ­ бірақ мұндай сенімді енді сенімсіздікке алмастыру қажет болады және философ, әсіресе, өзі жасамаған нақ осындай сенбеуі тиіс (қарама­қарсы нәрсені үйретсе де мұны Платон жақсы білген…). Платон идеяларды андау керек дегенді айтқан, бірақ ол әуелі өзі Идея концептін жасап алуы керек еді. Философ неге турады егер ол туралы ­ ол бірде­бір концепті жасамаған, ол өзінің концепттерін өзі жасамаған? ­ дегенді айтатын болсақ. Қазір біз философияның қандай болмайтынына көзіміз жетіп отыр: әр пәннің өз қиялын жасап алуы және оның әдейі жіберілген тұманында жасырыну қабілетіне сай, бір кезде ол өзін сондай деп білгенімен, ол ­ аңдау да, рефлексия да, коммуникация да болмай шығады. Философия андау емес, өйткені аңдау ­ тиісті концепттерді жасау барысында зерттелетін заттардың өзі болып табылады. Философия рефлексия емес, өйткені бірнәрсе туралы толғану үшін ешкім де философияны қажетсінбейді; философияны ойлану өнері деп жарияланғанда оның дәрежесі артпай, төмендей түседі, өйткені таза математиктер математика туралы, ал суретшілер кескіндеме немесе музыка туралы пайымдағанда, тіпті де философияны тосып отырмаған еді; және бүл кезде олар философтарға айналады деуіміз, ­ нашар қалжың болса керек, өйткені олардың рефлексиясы шығармашылығымен біте қайнасып кеткен. Философия, концептті емес, «консенсусты» жасау үшін әлеуетті түрде пікірлермен ғана айналысатын коммуникациядан да пана таппайды. Батыстық демократия рухында достық әңгіме құру идеясы ешқашан бірде­бір концептті жасамаған екен; мүмкін оның бастауы гректерден да шығар, алайда, гректердің концептке деген тым сенімсіз, қатаң көзқарасынан оның үні ­ шайқас алаңын не жойылған пікірлердің сүйектерін (тойдағы мас қонақтардың) айналып, көкте қалықтап жүрген жалғыз құстың үніндей естіледі. Философия мұндай белсенді немесе ең жар жағдайлар үшін концепттерді жасауға мәжбүр болса да, авдаумен де, рефлексиямен де, коммуникациямен де айналыспайды. Андау, рефлексия және коммуникация ­ бұлар пәндер емес, бұлар кез келген пәндерде Универсалиялар жасайтын мәшинелер болып табылады. Алдымен андау, кейін рефлексия Универсалиялары жасалады, ­ міне, басқа пәндерден үстем болуға армандаған философияның екі қиялы осындай болады (объективті және субъективті идеализм) және егер ол өзін жаңа Афиналар ролінде көрсете бастайтын болса, сондай­ақ бізге нарық пен масс­медиаға қиялдағы үстемдікті орнату үшін ережелерді жеткізіп тұратын коммуникацияның Универсалияларына жол бермейтін болса, онда бүл оның абыройына нұқсан келтіреді. Шығармашылық әрқашан жалғыздың ісі, сондықтан да таза философиялық шығарма саналатын концепт те жалғыз нәрсе болып табылады. Универсалиялар ешнәрсені түсіндірмейді, олар өздері түсіндіруді қажет етеді деген нәрсе ­философияның бірінші қағидасы. Өзін­өзітану­ойлауды үйрену ешбір нәрсе өзінен­өзі айқын болмайтындай әрекет егу, «бар нәрсенің тіршілігіне таң қалу»… ­ философияның осындай және басқа да сипаттарында, түбінде жалықтырып жіберсе де қызық адами көзқарастар қалыптасады, бірақ оларда, тіпті педагогика тұрғысынан алғанда да нақты белгіленген әрекет, дәлме­дәл шектелетін қызмет түрі айғақталмаған. Керісінше, философия ­ таза концепттер арқылы жасалатын таным деген анықтаманы түбегейлі анықтама деуге болар еді. Десек те, концепт арқылы тану мен болуы мүмкін тәжірибеде (немесе ішкі түйсікте) концепттерді құрау арқылы тануды біріне­бірін қарсы қоюға болмайды. Өйткені, Ницшенің үкіміне сай, сіз әуелі оларды жасап алмай, яғни соларға тән ішкі түйсіктеріне сай (бұл концепттердің ездеріне сай келмейтін өрісі, жоспары, топырағы, бірақ олардың ішінде олардың бастаулары мен оларды өңдейтін кейіпкерлер жасырынады) оларды құрастырып алмай, концепттің көмегімен ешнәрсені де тани алмайсыз Концепттерді құрастыру үшін кез келген туынды дербес тіршілік етуді мүмкін ететін белгілі бір мәндегі құрылым болуы қажет. Концепттерді жасау — бірнәрсені жасап шығару дегенді білдіреді.

Читайте также:  Теориялық әдептілікті қорғау

Сондықтан философияның пайдасы немесе қолданылуы немесе, тіпті зияны (кімге зияны тиюі мүмкін екен?) туралы мәселе басқаша қойылады. Әртүрлі философиялық концепттер мен концептуальды кейіпкерлердің елесі қарт адамға көрінсе, оның көз алдында көптеген мәселелер де қаптап кетер еді. Ең әуелі концепттердің әрдайым жеке қолтаңбасы болған және қазірде де бар: аристотельдік субстанция, декарттық cogito, лебництік монада, канттық априори, шеллингтік әлеует,. бергсондық ұзақтық… Бұған қоса өзін белгілеу үшін олардың кейбіріне ерекше, кейде жабайы немесе оғаш естілетін соз қажет болса, басқаларына философ емес адамның құлағы ажырата алмайтын тым алыс обертондарға толы кәдімгі күнделікті сөздің өзі жетіп жатады. Біреулерге архаизмдер, басқаларына бас айналдырар этимологиялық ізденістерге толы неологизмдер қажет болады; бұл жерде этимология ­ атлетизмнің философиялық ерекше бір түрі. Әрбір жағдайда мұндай сөздерге, олардың қолданылуына деген стиль тәрізді біртүрлі қызық қажеттіліктің болуы айқын нәрсе. Жаңа концепті атау үшін дөрекі немесе жасырын түрде көрініс табатын және тілдің ішінде философияның ерекше ­ лексикасымен ғана емес, синтаксисімен де, асқақтығымен немесе ұлы әсемдігімен де ерекшеленетін тілді жасап тұратын философияға тән талғам қажет. Сондай­ақ, әрбір концептте жас, жасаған адамның есімі мен қолтаңбасы болса да, олар өзінше мәңгі болады ­ сонымен қатар жаңару, алмасу және өзгеру талаптарына да бағынады, солардың арқасында философия тынымсыз тарих пен дәл сондай тынымсыз географияға ие болады; әр сәт пен әр орын уақыт ішінде өмір сүреді, бірақ уақыттан тыс өтіп кетеді. Егер концепттер үздіксіз өзгеріске ұшырайтын болса, онда философиялық ілімдердің бірлігі неде? ­ деген сұрақ туындайды. Сондай­ақ, концепттерді қолданбайтын ғылым мен өнердің айырмашылығы қандай? Және олардың өзіндік тарихы қандай болады? Егер философия концепттердің үздіксіз жасалуы болса, онда, әрине, философиялық Идея ретіндегі концепт дегеніміз не болады? Ал, концепт болмайтын, ғылым мен өнерге қатысы бар, өз тарихы мен қалыптасуы, өзара және философиямен сан­алуан қатынасқа түсетін басқа шығармашылық Идеялардың мәні неде? Концепттерді жасау үшін берілетін ерекше құқық философияның ерекше қызметін анықтап тұрады, бірақ ол оған ешқандай артықшылық, ешқандай жеңілдік бермейді, өйткені концепт арқылы өту қажет емес (мысалы, ғылыми ойлау) ойлау мен шығармашылықтың басқа да кептеген тәсілдері, идеацияның басқа да модустары болады. Осы тұста бізге, ғылыми және көркемдік қызметтен ерекше мұндай концепт жасау қызметі не үшін қажет деген сауалға қайта оралуға тура келеді; жаңа концепттерді жасаудың керегі не, олардың қажеттілігі мен пайдасы бар ма? Оларды қалай қолдану керек? Философияның ұлылығы оның ешнәрсеге қызмет етпеуінде деген жауап қайтарсақ, мұндай қылымсушылықтың ендігі де бозбалаларды да қызықтырмасы анық. Қалай болған жағдайда да, метафизиканың өлімі туралы немесе философияны жеңу туралы мәселе бізде әлі проблема ретінде көтерілмеген, тек бұрыннан белгілі нәрсені қайталайтын, зеріктіріп жіберетін әңгімелер ғана айтылатын. Бүгінде философиялық жүйелердің күйреуі туралы жиі айтылып жүр, ал шын мәнінде жүйенің концепті ғана өзгеріп отыр. Концепттерді жасау үшін уақыт пен орын болатын болса, тиісті әрекет әрдайым философия деп аталады немесе басқа атау берілген күнде де оның философиядан өзгешелігі болмайды. Дегенмен де үміткер ретінде болатын достың да немесе ғашықтың да әрқашан бақталасы болатыны бізге аян. Егер философия, айтылып жүргендей, шынымен де Грекияда басталған болса, онда бұл империямен немесе мемлекетпен салыстырғанда грек полисінде агонның «достар» қоғамы үшін ереже ретінде ойлап шығарылуымен байланысты болады, өйткені, «достар» ­ еркін адамдар еді, өйткені, олар өзара бәсекеге түсе алатын. Платон үнемі сипаттап келген жағдай осындай: кез келген азамат бірнәрсені талап еткенде міндетті түрде бақталастарына жолығады, демек талаптың негізділігін пайымдай білу қажет болады. Ағаш шебері ағаштан үміттенеді, бірақ орманшыға, көмір жасаушыға, балташыға жолығады, олар: ағашың досы мен дегенді айтады. Адамға қамқор болу ісінде де адамның досы ретінде көрінетін көптеген үміткерлер шығады: шаруа оны асырайды, тоқымашы киіндіреді, дәрігер емдейді, жауынгер қорғайды. Егер осы аталған жағдайлардың бәрінде таңдау адамдардың біршама шағын тобы арасында жүретін болса, онда саясатта жағдай мүлдем басқаша ­ мұнда кім көрінген кез келген нәрсеге үміткер бола алады (Платонның көзқарасындағы афиналық демократияда). Бұдан Платон үшін тәртіпке келтіру, инстанцияларды жасау қажеттілігі туындайды, солардың көмегімен талаптардың негізділігін саралауға болады; бұл оның философиялық концепт ретіндегі Идеялары болып табылады. Бірақ осы жерде де әртүрлі үміткерлерді кездестіруге болады, олар: нағыз философ ­ мен, Даналықтың немесе Негізділіктің досы ­ мен дегенді айтады! Ежелгі дананың мұрасына таласып жатқан философ пен софистің айтысында бақталастық езінің шегіне жетеді, бұл тұста нағыз досты жалған достан және концепті симулякрдан қалай ажыратуға болады? Еліктеуші және дос ­ Платон қойған қойылым, міне, осындай, мұнда күлкілі мен қасіретінің әлеуетіне ие болатын әртүрлі концептуальды кейіпкерлерді көптеп кездестіруге болады. Бізге жақын замандарда философия өзіне жаңа бақталастарды жолықтырған еді. Әуелі оның орнына гуманитарлық ғылымдар таласады, әсіресе, әлеуметтану ғылымы. Ал, философия Универсалияларда жасырынуға ұмтылып, езінің концепт жасау міндетін елемей кеткендіктен, айтыстың неден басталғаны да түсініксіз болып қалады.

Читайте также:  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КЕНЕСАРЫ БЕЙНЕСІ

Ол ­ адам туралы қатаң ғылымды жасау үшін кез келген концепт жасаудан мүлдем бас тарту туралы ма, әлде, керісінше, концепттердің табиғатын не ұжымдық көріністерге, не халықтардың өмірлік, тарихи және рухани күштері жасайтын дүниетанымына айналдырып, өзгертіп жіберуіне қатысты ма, ол жағы түсініксіз. Онан әрі эпистемологияның, лигвистиканың, тіпті психоталдаудың, сондай­ақ логикалық талдаудың да кезегі келеді. Философияға, жаңа сынақтарды бастан кешкен кезде Платон өзінің ең күлкілі көңіл­күйінде де елестетуі мүмкін емес, тым арсыз әрі тым байғұс бақталастарды кездестіру маңдайына жазылып қойғандай еді. Сонымен, масқараның көкесін «концепт» сөзіне информатика, маркетинг, дизайн, жарнама ­ бүкіл коммуникациялық пәндер иелік еткенде көрдік, олар ­ бүл біздің жұмыс, біз жаратушымыз, біз концепторлармыз деп жар салды! Біз концепттің досымыз, өйткені біз оны өзіміздің компьютерлерімізге енгіземіз. «Ақпарат және шығармашылық», «концепт және кәсіпкерлік» ­ мұндай тақырыптар бойынша көлемді библиография жинақталған. Маркетингте концепт пен оқиға арасындағы белгілі бір қатынас туралы ой игерілген; ендігі де концепт тауар туралы әртүрлі түсініктердің жиынтығы ретінде көрініс табады (тарихи, ғылыми, көркем, сексуалды, прагматикалық…), ал оқиға ­ тауар туралы әртүрлі түсініктер қолданылатын және қайсыбір «идеялардың алмасуы» пайда болатын осы тауардың презентациясы ретінде көрінеді. Презентациялардан басқа оқиға жоқ, сондай­ақ сатуға болатын тауардан басқа концепт жоқ. Мұндай, Сынды тауарды өткізу қызметімен алмастыратын жалпы үдеріс философияны да сырт айналып өтпеді. Қайсыбір кеспе салынған қорапшаның симулякры, еліктемесі нағыз концептке, ал өнімді, тауарды немесе көркем шығарманы ұсынушы адам философқа, концептуальды кейіпкерге немесе суретшіге айналды. Егде тартқан философия жас мамандармен жарыса отырып, МЕРЦА концептінің тауарлық түрін сипаттау үшін коммуникацияның универсалиясына қалай жетсін! Ақпараттық жүйелерді жасаумен және қызмет көрсетумен айналысатын компанияның «Концепт» сөзімен аталатынын есту, әрине, жанға батады. Бірақ философия арсыз және ессіз қарсыластармен жиі кездескен сайын, оларды оз ішінде кездестірген сайын өз міндетін атқару үшін тауардан гөрі, аэролиттерге көбірек ұқсайтын концепттерді жасау үшін өзін сергек сезіне бастайды. Жылағысы келген сәтте тоқтаусыз күлкі оған да мұрша бермейді. Сонымен, философияның мәселесі ­ концепт пен шығармашылық өзара сәйкесетін жалғыз ғана нүктені табу болады. Осыған дейін философтардың философиялық нақтылық ретіндегі концепттің табиғатымен айналысуы жеткіліксіз еді. Олар оны алдын­ала берілген білім ретінде немесе оның қалыптасуын (абстракция немесе жалпылау) немесе оның қолданылуын (пайым) мүмкін ететін қабілеттен шығарылатын түсінік ретінде қарастыруды жөн көрген. Бірақ концепт алдын­ала берілмейді, ол жасалады, жасалуы тиіс те; ол қалыптастырылмайды, өздігінен өзін іштей негіздеп тұрады (өзін­өзі негіздеу). Әрбір нәрсе басқа нәрседен шығады, өйткені барлық шынайы жаратылған нәрсенің бәрі, тірі жәндіктен бастап өнер туындысына дейін, осыған байланысты өзін­өзі негіздеуге қабілетті, езін танытатын аутопойетикалық сипатқа ие болады. Концепт неғұрлым жасала берсе, соғұрлым өзін­өзі негіздей түседі. Еркін шығармашылық ерікке тәуелді болса да ол өзін­өзі тәуелсіз және қажетті түрде негіздей береді; ең субъективті деген нәрсе, ең объективті нәрсе болып шығады. Бұл мәнде философиялық нақтылық ретіндегі концептке ең көп көңіл бөлгендер кейінгі кантшылдар, әсіресе, Шеллинг пен Гегель. Гегель концептке шығармашылық Фигуралары мен оның өзін­ өзі негіздеу Мезеттері арқылы қуатты анықтама береді: фигуралар концептке тән нәрсеге айналады, өйткені олар оның сана арқылы және сананың ішінде, ақыл сабақтастығы арқылы жасалатын аспектісін құрайды, ал мезеттер болса ­концепт өзін­өзі негіздейтін және әртүрлі ақылдарды Өздіктің абсолютында біріктіретін басқа аспектіні жасайды. Осы арқылы Гегель концепттің жалпы немесе абстрактылы идеямен, сондай­ақ философияның өзінен тәуелсіз жасалмайтын Даналықпен ешқандай ортақтығы жоқ екенін көрсетіп берген. Бірақ бұл, ғылымдар мен өнерлердің дербес дамуына орын қалдырмайтын философияның ешнәрсемен шектелмейтін кеңеюі негізінде жүзеге асады, өйткені ол өзінің мезеттерінің көмегімен универсалияларды қайта жасайтын және өзінің дербес шығармашылығының кейіпкерлерін әншейін елес фигуранттар ретінде ғана қарастыратын. Кейінгі кантшылдар концепттің әмбебап энциклопедиясының шеңберінен шықпай, концепттің жасалуын таза субъективтілікпен байланыстырды, ал олар бұдан әлде қайда қарапайым іспен – шығармашылық шарттарын мезеттердің жалғыз болып қалатын факторлары ретінде талдайтын концепт педагогикасымен айналысуы қажет еді. Егер энциклопедия, педагогика және кәсіби­коммерциялық дайындық концепттің дамуының үш кезеңі болатын болса, онда бұлардың үшіншісі ғана бізді біріншінің биігінен үшіншінің құзына ­ ойдың абсолютты құзына құлаудан құтқарып қалады (мұндай құздың әлемдік капитализм тұрғысынан әлеуметтік артықшылықтарының болуына қарамастан).

Читайте также:  Жоғары мәдениеттер тобы

Оставить комментарий