Философия тарихының мәселелері

Бұл кітапта біз тарих деп атайтын теориялық түзілімдер шынайы өмірдің күнделікті материалдарынан қалай қалыптасады деген мәселе қарастырылады. Біз бұл түзілімнің аңғырт сана ойлағанынан анағұрлым түбегейлі екенін көрсетуге ұмтыламыз. Сондықтан бұл кітапта тарихи реализмге сын айтылады, ол үшін тарих ғылымы ­ болып жатқан құбылыстардың дәл бейнесі, «шындығында оның қандай болғаны». Осылайша тарихи реализм өкілдері шындықты бейнелейміз деп оны қалайша стильдеп жібергендерін байқамай қалған өнердегі реализмнен де үлкен қателік жібереді. Егер табиғатқа қатысты танушы рухты қалыптастыратын күшті жалпы барлығы яғни баршасы мойындаса, тарихта мұны түсіну қиындау, себебі оның материалының өзі рух болып табылады; ол өзінің одан әрі қалыптасуында тарихты, осы процесте әрекет ететін категорияларды жасағанда, олардың жалпы тәуелсіздігі, материалдардың олардың талаптарына бағынуы жаратылыстанудағы сияқты материалдан айқын ажыратылмайды. Сез тарихи танымның жекеленген жағдайда емес, априорлығы туралы болып отыр. Орын алып отырған уақиға толықтай, оқиғаның сандық қоюлануымен тарихи ғылымда қайталанады дейтін тарихи реализмнен айырмашылығы, бұл жерде канттық мағынадағы тарихтың болуы қалайша мүмкін деген сұрақтың заңдылығы дәлелденеді. Канттың табиғат қалайша мүмкін деген сұрағының дүниетанымдық құндылығы Менің табиғатқа осы қатынасы арқасында қол жеткізген бостандығында; өйткені, Мен табиғатты өзінің түсініктері ретінде түзеді және табиғаттың жалпы түзімдік заңдары біздің рухымыздың формаларынан басқа ештеңе емес. Табиғат болмысы біздің тәуелсіз Менімізге бағындырылған. Бірақ шынында оның еркіне және осы еркіндіктің индивидуальды тербелістеріне емес, оның болмысы мен осы болмыстың қажеттіліктеріне бағындырылған, алайда олар оған сыртқы заңдылықтардың әсерінен орын алмайды, керісінше оның тікелей өмірін құрастырады. Бұл қазіргі адамға қауіп төндіретін екі жағдайды ­ табиғат зорлығы мен тарих зорлығын жояды. Олардың екеуі де еркін жеке тұлғаны тұншықтырғандай болған еді. Бірі ­ құлап келе жатқан тас және шығып келе жатқан сабақ сияқты жанды 68 көзсіз мәжбүрлеп көндіруге бағындырса, басқасы жанды тарих арқылы өтетін әлеуметтік жолдардың қиылысу нүктесіне айналдырды және оның барлық нәтижелілігін тайпа мұрасының үстемдігіне батырып жіберді. Біздің табиғаттағы құлдық эмпирикалық тіршілік етуімізге Канттың уақытынан бастап рух автономиясы үстемдік ете бастады: біздің санамыздағы табиғат көрінісі, оның күштерін, оның жан үшін не екендігін түсіну жанның өзін тану болып табылады. Бірақ, кейіннен Менге табиғат таңған бұғаулар үзілгенде, олар рухтың өз бұғауларына айналды; тұлға рух тарихы болып табылатын тарихқа сіңіп кеткенде, тұлғаға қатысты тарихтың қажеттілігі мен үстемдігі бостандық болып көрінген еді, шындығында нақты берілгендік ретіндегі, шындық ретіндегі, тұлғадан тыс күш ретіндегі тарих, Меннен тыс бола отырып, табиғаттан күші кем емес зорлық болып табылады. Шындығында бөтенің бұғауы болып табылатынды бостандық деп санау қызығушылығы бұл жерде тым жұмсақ әрекет етеді, өйткені бізді шырмап алған нәрсенің субстанциясы біздікімен бірдей. Кант жүзеге асырған табиғат билігінен азаттық алуды тарих билігіне де тарату керек. Мүмкін мұны сол танымның сыны іске асырар, соның нәтижесінде рух, біз тарих деп атаған рухани болмыс бейнесіне, тек соған, танушыға тән категориялар арқылы егеменді форманы берер. Танылатын адамды табиғат пен тарих жаратады, ал танушы адам табиғат пен тарих жаратады.

Тарих сапасында өзінен әрбір Менді шығаратын барлық рухани шындықтың сезілетін формасының өзі рух өзін көретін қалыптасу ағынындағы жасақтаушы Меннен шықты, ол өз жағалауларын және өзінің толқындарының ырғағын белгіледі, тек сол арқылы оны «тарих» етті. Қалыптастырушы нәтижелілік болып табылатын бостандық рухын табиғатты зерттеу барысында Кант жүрген жолмен жүре отырып, тарихилықта сақтау осында ұсынылған зерттеулердің ерекшелігін айқындайтын әмбебапты тенденциясын құрайды. …Тарих философиясы туралы мәселеге Мұнда ұсынылған еңбектер менің «философия тарихының мәселелері» атты кітабыма қосымшалар болып табылады (Aufl. Leipzig, 1907). Олардың міндеттері ­ бірқатар пункттерде осы кітаптың бағытын жалғастыру, ұзақ уақыт бойы тарихи зерттеулер қолданып келген және солардың арқасында ғана осы зерттеу мүмкін болған алғышарттарды ғылыми сана деңгейіне дейін көтеру. I Тарихты тану теориясының іргелі мәселелері мынадай: нақты оқиғалардан біз тарих деп атайтын ғылыми құрылым қалай жасалады. Бұл құрылымның эмпирикалық және дәл сипатын сынсыз, механикалық тұрғыда түсінгенде, әдетте осы құрылымның тұрақтап қалуы үшін нақты өмірге қаншалықты өзгертулер, сезімдер, қосымшалар қажет болғанын ескере бермейді. Осы ойларды негіздеуге біздің осы жерде солар арқылы біздің өзіміздің бейнелеріміз жасалатын категориялардың тарихи образдар алынатын категориялардан айырмашылығын қарастыру жатады. Ең алдымен, бөтен өмірмен салыстырғанда өз өміріңді тану өзіндік қарама­қарсылық екенін айта кету керек. Кез келген адам басқа адамға, тіпті өзіне жақын адамға қарағанда өзін мың есе жақсы, өзі туралы мың есе көп біледі. Дегенмен басқа бізге ешқашан біз өзімізге жиі көрінетіндей, соншалықты жұлым­жұлым, соншалықты ыдыраңқы, іштей байланыспаған болып көрінбейді. Еріксіз барлық түсіндірмелерді, қайта түсіндірулерді, өтулерді, және қосымшаларды жасау үшін біз езіміз туралы ете көп білеміз, олар адамзат өмірі туралы суреттемеден тұтастықты жасауға мүмкіндік береді, ал басқалар туралы біз тым аз, олардан байланысты бейне жасауға қажетті дәрежеде ғана білеміз деген парадоксальды ұйғарым пайда болады. Қарама­қарсы сияқты болып көрінгенімен, шын мәнінде осымен байланысты болып табылатын тағы бір айырмашылық ­ өзіміздің және басқалардың тарихи көрінісі бар. Өз тіршілігімізді сезінетін үзіліссіздік, ұзақ дайындық, іс­әрекеттің кең ерісі, өз өміріміздің мазмұнын баяу жоғалту, ағымдағы уақыттың саналы түсінілген және сезінілген сәттермен толығуы­осының бәрі өз өмірімізді ретроспективалы шолғанда айқын рельефті суреттерді жасауға кедергі келтіретін сырғанау мен ағымдылықты береді. Тарихи санадағы тұлға бейнесінде маңызды немесе жалпы кезге түскен сәттер тым 70 ком айтылғандай, белгілі бір дәрежеде маңызды еместен немесе онымен кездейсоқ байланысқаннан, бастан өткеннің барлық құлақта қалғандарынан оқшауланғандай болады, шыңдардың өзіне тән асқақтығы оларды бір қалыптылыққа ауыстырады. Тек ұйқы ғана үзетін толғаныстардың үздіксіздігі, актуальды мазмұнның басқа да мазмұндармен психологиялық және фактілі жанамаласуы (бұл мазмұндар уақытқа ілесе отырып, соған әкеледі немесе одан алып кетеді) өз өміріміздің көріністеріне және оның сезімдік реңіне тарихи құрылымдарға үйлеспейтін, оның құндылықтарына ауысатын өзара тең әлдеқандай сипат береді. Онда біздің өміріміздің мазмұнды дамуы мен уақыт формаларының паралелизмі, олар субъективті санаға қалай берілсе де, бұзылуы тиіс; тарихи тұлға оның болмысының маңызды, жоғарғы пунктерінің оқшаулануы арқылы ерекше құрастырылған, дискретті уақытта өмір сүреді. II Мәдениет дамуы біртіндеп немесе жұлқыныстар арқылы жүрме, бұл сұрақты объективті түрде шешу мүмкін емес. Біздің анықтай алатынымыз, ешқашан шынайы сырғанауды құрастырмайды; бұл ­ тек жекеленген пункттер, олардың қатарды құрайтын себебі, бақылаушы рух үздіксіз санада бірінен екіншісіне қарай қозғалады.

Читайте также:  Адаев Имангали биография

Екінші жағынан, зерттеу бір қатардағы екі фактінің арасындағы арақашықтықты ең кем ретінде, оның жолы бұл арақашықтықты кемітуге апарады, әрбір рухани акт үшін оған уақыт аралығында ізашар болатын фактілердің көп болатындығын және осы актіні іске асырған элементтерді (бұл элементтер оның іс­қимылының оригинальдылығын бастапқымен тығызырақ . байланыстырады) қарастырмайды. Бірақ бұл оригинальдылық қаншалықты минимальды болса да, оны көрсететін масштаб минимальды болғанымен ол тым еркін, бұл қалай десек те секіріс, тіпті, егер ол онымен тек синтезде ғана тіршілік ете алса да ол бұрынғы мен қазіргіге үзіліссіздіктен тыс қосылады. Бұл жерде үзіліссіздікті немесе үзіктікті атап өту еркін немесе мақсатқа сай таңдаудың ісі, тарихты оның құбылыстарының ұқсастығы тұрғысынан да, ерекшелігі тұрғысынан да бірдей ақтап қарастыруға болады. Кім үшін істің мәнісі мәдениеттің фактілі мазмұнында болса, назары оның иегерлеріне ауғаннан, (өйткені индивидуалдылық анағұрлым дәл айқындалған, оның құрамдас бөлімдеріне ыдырамаған суреттемені береді) айырмашылығы ол дамуды үзіліссіздік ретінде қарастырады. Екінші жағынан, тек тұлғадан ғана үзіліссіздікті байқауға болады, оған фактілер ешқашан жете алмайды. Өйткені алғышарттар, жаңалықтар, іс­қимылдар олардан жаңа нәрсе шығуы үшін мәдениетте ғана байланысады ғой, содан кейін ғана олар дайын, жеке, ештеңемен байланыспаған факт сапасында көрініс береді. Алайда, заттармен салыстырғанда өзінің ұштастығындағы тұлғалар анағұрлым дискретті, өйткені заттар қисындық қатарда реттеледі, ал жандар оған бағынғысы келмейді, себебі оларда қисындық танылатынмен қатар басқада мыңдаған элементтер бар және әрбір жан тұтастық ретінде басқа еш нәрсемен салыстырылмайтын құбылыс болып табылады. Бірақ жеке тұлға үзіліссіз әлде не және осы арқылы ол тарихи берілген элементтерді осы тұлға жасағандарға сәйкес жанамалайды. Бірақ бұл жерде де сұрақ бар. Үзіліссіздік немесе дискреттік объективті шешімге мүмкіндік бермейтін альтернатива болмай ма. Ал назар фактілік мазмұнды жасайтын тұлғада орын алған процестерге немесе қисындық­фактілік мағынасындағы осы процестің өзіне бағыттала ма осыған байланысты даму ана не мына ұғымға сәйкестендіріледі. III Біз салт деп атайтынымыз, әлеуметтік өзара қатынасқа қарама­қарсы келеді. Егер өзара әрекеттесуге бір уақытта тіршілік ететін индивидтер қатысса, біріншісінің іс­қимылы немесе квалификациясы екіншісінің арқылы, басқасынікі біріншісі арқылы анықталса (екі ауыр материя массаларының қозғалысы бір­бірінің қозғалысынан анықтайтыны сияқты), қоғамдағы дәстүр бұған қарсы әрекет етеді. Оған қозғалыстың бағытталғаны, осы қозғалысқа себеп болғанға қарсы әрекет етпейтіндігі тән. Дәстүр бір бағытта жүргенде, өзара іс­әрекет басқа жаққа жүреді. Барлық шынайы қоғамдық өмір ­ онда болып жатқан осы қозғалыстың екі бағытының араласуы. Біреуінің екіншісіне, ал екіншісінің соған жасаған әрекеті индивидтерді олардың біріккен болмысында байланыстырады және дәстүр деп аталатынмен үнемі қиылысып отырады, дәстүрде белгілі бір 72 мазмұнды бір индивид басқасына көшіреді, бірақ оның тарабынан қарсы әрекет туындамайды. Бұл қоғамды оның ішкі мәні бойынша нағыз тарихи құрылымға айналдырады, яғни енді ол тек тарихтың пәні ғана емес, онда өткен әлі де болса пәрменді шынайылыққа ие болады, қоғамдық дәстүр формасында өткен қазіргіні анықтайтын негізіне айналады. Бұл жағдайда біздің алдымыздағы нәрсе бір қатарлы әрекеттер, алдыңғысындағы ­ өзара әрекеттесу, қоғам өмірі осылардың екеуінен де құралады. Дәстүрдің өзара әрекеттесуді білдірмейтіндігі уақыттық формамен қатар, дәстүрде бір адамның екіншісіне таза жеке ықпалы мүлдем констатацияланбайтындығымен, мұнымен дәстүрдің мәнінің сарқылмайтындығымен түсіндіріледі. Оның мәңі­объективті рухани бар мазмұнның индивидтер қатарына берілуінде. Өзара әрекеттесуде әрқашан солай болатыны сияқты біреу басқаға өзін емес, әлде бір түрде тұлғадан ажыраған мазмұнды береді. Дәл сондықтан, бұл жерде әрекет бағытталғанның қарсы әрекеті байқалмайды. Дәстүр таңқаларлық және дәл айтқанда, адамзаттың барлық мәдениетті мен рухани өмірін құрастыратын құбылыс болып табылады. Сол арқылы ойлаудың, іс­қимылдың, жасап шығарудың және сезінудің мазмұны өзінің бастапқыдағы иегеріне қатысты тәуелсіз бола алады, ол оны материалдық бұйым сияқты әрі қарай береді. Бұл рухани өнімнің оны жасаған адамнан азаттық алуы. Егер тіпті, бұл өнім таза рухани болса да, егер ол тек ілімдерде, діни идеяларда, сезімдерді таратуда немесе сезімдерді жеткізуде ұяланса да ­ ол мәдениет дамуының шынайы шарты. Өйткені мәдениет ең алдымен, адамзат жетістіктерін жинақтауға мүмкіндік береді, жоғары да айтылғандай, адамның тек ұрпақ қана емес мұрагер екендігіне алып келеді. Дәстүр қоғамдағы рухани­субстанциялдының иегері, ал өзара әрекеттесу ең алдымен, функционалдық бастау ­ бірақ олардың астарласа­араласуы өте қызық, адамдар арасындағы функционалдық өзара әрекеттесу субстанционалдық нәтижелер береді, ал олар өз кезегінде одан әрі беріледі. Бірігудегі мұндай бірқатарлылық, әрекетшіл субъектіні басынан­ақ одан арғы процестен шығарып тастау (өйткені ол қарымта қимыл жасамайды) мұралану ұғымына сәйкес келеді. Мұралану ­ рухани салада дәстүр деп аталатынның физиологиялық немесе экономикалық формасы. Қоғамдық өзара әрекеттесудің бір­бірімен қатар өмір сүретін индивидтердің арасында байланыс орнататыны, ал бұл байланыстың арқасында олардың қоғамға айналатыны тәрізді мұралану мен дәстүр бірінен соң бірі келетін ұрпақтардан топтар мен адамзат тектерін қалыптастырады. Мұралану мен дәстүр ұзақтық өлшемі бойынша, ал өзара әрекеттесу көлемін өлшемі бойынша бірігуге әкеледі. Қоғамдық өмірдің маңызды тарихи формаларын бір жағынан, мұралану мен дәстүрдің байланысуының әр түрлі қатынастары арқылы және басқа жағынан, кеңейген өзара әрекеттесу арқылы сипаттауға болады. Мысалы, бұл синтездің өзіндік түрі тәрбие болып табылады.

Читайте также:  МАҢҒЫШЛАҚ ОБЛЫСЫ

Бір қарағанда, үлкен ұрпақтың жас ұрпақты тәрбиелеуі дәстүрге негізделген сияқты. Ол нормаларда, өмірлік ережелерде, принциптерде бекітілген немесе таза жеке тұлғалық тәжірибеде, жеке адамның мақсаты мен сенімінде ұяланған нәтижелердің келесі ұрпаққа берілетінін білдіреді. Бұл аспектіде тәрбие шын мәнінде дәстүр болып табылады. Бірақ тәрбиенің тәрбиелеушілерге де қарымта әсер ететінін теріске шығаруға болмайды. Берілген материалды немесе тәрбие формасын жас ұрпақтың қалай қабылдайтынына, аға буын ұрпақтың жүріс­тұрысын қалай өзгертетініне байланысты тәрбие тарихындағы прогресті тәрбиеленушінің тәрбиелеушіге қарымта әсер ету күші бойынша бағалауға болатын сияқты. Тәрбие қаншалықты кескінді, консервативті, шектеуші болатын болса, ондағы тек алға сүйрелеуші элементте күштірек болады. Дәстүр алдыңғының соңғыны қалыптастыруы ғана. Нәзіктіктің, индивидуализацияның, мәдениеттің өрістеуіне байланысты тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленеді. Басқа сөзбен айтқанда ол тәрбиелеу процесіне шәкіртпен өзара әрекеттесуді енгізуге қарсылық жасамайды, әрбір міндеттің шәкірттің типті индивидуалдық сипатына сәйкес қойылатындығына бейімделеді. Бұл бұрынғыдағы тәрбиенің субстанциясы болып табылатын ұстаздың «беделіне» қайшы келеді, ендігі жерде ол тәрбиенің тек техникасы қызметін атқаруы тиіс. Басқа жағынан алғанда, прогресс тәрбиеленушінің өзі тек белгілі бір интеллектуалды немесе моральдық материалды беруші ғана емес, белгілі түрде білікті адам болып табылатындығында. Тәрбиеленушінің тәрбиелеушіге тигізетін қарымта әрекеті одан арғы тәрбиелеудің сипатын айқындайды, осылайша кері бағыттағы қозғалыс туындайды, ал бұл бұрынғы тәрбиеде беделдің бұзылуы ретінде бағаланған болар еді. Бастысы, тәрбие эволюциясы өзара әрекеттесудің ос күшеюінде, бұрынғы тәрбиедегі негізгі элементтің ұзақтық өлшеміне осы қосылымда, көлемдік өлшемде орын алады. IV Әлемдегі табиғатты қарастырғанда бір жағынан, ешқандай жаңа нәрсе байқалмайды, тек қана материалдар мен қуаттың мәңгілігі, анағұрлым кейінгіні тек оның ертедегі эквиваленті арқылы түсінуге бар, түсініктілік теңдікте көрініс табады. Екінші жағынан, әлемде тек жаңа ғана бар, бір форма басқасымен толық сәйкес келмейді. Таным айырмашылықты анағұрлым дәл анықтауға бағытталған, әлемдік процесс форманың үздіксіз өзгеруі болып табылады. Тарихи тұрғыдан қарағанда, табиғатқа деген бұл екі көзқарастың өзара бөтендігі үлкен бірлікті құрады. Тарихи құрылым ­ сол бір қайталанбастықтың тарихилық сапасында өткеннен шығарылуға тиіс болған нәрсесі, яғни онда тек бұрынғыға эквивалент болып сақталып қалған элементтердің өзгеруі орын алады. Тарихи тұрғыда, болмыстың өзін­өзі сақтауы мен өзін өзі өзгертуі табиғатпен салыстырғанда басқа, анағұрлым тығыз синтезде жүзеге асады. Алайда, табиғилықтан түбегейлі ерекше, тарихи элементтерге өзіндік сипатта болатын эквиваленттілік түрлі бар: рухани элементтерді бір индивидттің екіншісіне беруі. Тек бұл процестің мәні анағұрлым бұрынғы құбылыстардың соңғыларына шы¬найы сәйкес келуінде, ал сол уақытта физикалық қуаттың орын ауыстыруында біз өз мазмұны бойынша мүлдем өзгеше кванттық қуаттың санаулы теңдігімен істес боламыз. Басқа жағынан алғанда, келесі процесті индивид Меннің біртұтас пунктінен шыға отырып тұтастай өз өнімділігінің динамикасы бойынша іске асырады. Мазмұнның бара­барлығы мен оның функционалды өнімдерінің спонтандығы бір­бірінен батыл алшақтайды және дегенмен де физикалық актіде аналогы жоқ бірлікте әрекет етеді.

Читайте также:  Адам - ата мен хауа - ана

Оставить комментарий