ФИЗИКАЛЫҚ­ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Су қорларының, әсіресе беткі су қорларының қалыптасуы мен жинақталуында физикалық­географиялық факторлары маңызды роль атқарады. Жер құрылымы мен топырақ ерекшеліктері жиынтығындағы жер бедері климаттық элементтерді гидрологиялық және гидрогеологиялық элементтерге өзгерте отырып, судың беткі ағынына және ылғалдың жер қабатына сүзіліп өтуіне мүмкіндік береді. Мұның өзінде жер бедері неғұрлым ыдыраңқы болса, бұл процестер де соншалықты тез өтеді. Атмосфералық жауын­шашын және бір жағынан ауадағы булардың араласуы жер беті және жер асты сулары кіріс балансының маңызды мүмкіндігіне көрсеткіш болады. Температура, атмосфералық қысым және жел жинақтала келіп немесе әрқайсысы өз алдына булануға тура пропорциялы әсер етеді де, құрлықтағы булану мен шөл және шөлейт жағдайлардағы сулы бет су қорлары шығыс балансының негізгі бөлігін құрайды. Сөйтіп, физикалық­географиялық факторлардың барлық элементтері су режимінде белгілі бір роль атқарады. Сондықтан да оларды жеке­жеке сипаттауға тура келеді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar