Фонологиялық жазу

Лингвист артикуляцияға түсетін дыбыстарды бейнелеу үшін, ең алдымен, қандай да бір екі ұдайылылықты жойып отыратын құралды талап етеді. Бұл үшін, көптеген графикалық жүйелер де ұсынылған болатын. Шынайы фонологиялық жазу қандай ұстанымдарға негізделуі тиіс? Ол бір таңбамен сөйлеу тізбегінің әрбір элементін бейнелеуге талпынуы қажет. Бұл талап назар тыс қалып отырады: айталық, талдаудан гөрі, жіктелімге көбірек мән беретін ағылшын фонологтары, кейбір дыбыстар үшін, екі не үш әріптен тұратын таңбаларды қолданады. Сондай­ақ, эксплозивті (шұғыл) және имплозивті (лепсіз) дыбыстардың ара­жігін қатаң белгілесе жөн болар еді.

Қазіргі орфографияны фонологиялық әліпбимен алмастыру қажет пе? Бұл жерде осы қызықты сауалға үстірт жауап қайтарылуы мүмкін; біздіңше, фонологиялық жазу тек қана лингвистерге қызмет етуі тиіс. Ең алдымен, біркелкі жүйені ағылшындарға, немістерге, француздарға және т.б. қабылдату мүмкін болмайтын шығар. Сондай­ақ барлық тілдерге ортақ әліпбиде дәйекше белгілердің қаптап кету қаупі бар; осындай мәтіннің бір ғана ұсқынсыз парағын айтпағанда, нақтылықты көздеген мұндай жазу оқуға жеңіл болмақ түгілі, оқырманды шатастырары айдан анық. Мұндай жайсыздықтардың зиянын жеткілікті артықшылықтар да өтей алмас еді. Ғылым шеңберінен тыс жерде фонологиялық дәлдіктің қажеті жоқ.

Осыған орай оқу әдісі туралы мәселені қарастырайық. Өйткені біз екі әдіспен оқимыз: жаңа немесе беймәлім сөздің әрбір әрпін біз жеке­жеке оқимыз, ал таныс және мәлім сөз бірден көзге түседі; мұндай сөздің бейнесі біз үшін, идеографиялық маңызға не болады. Бұл тұрғыдан келгенде дәстүрлі орфографияның өз хұқығын қорғауы заңды: tant «соншама» және temps «уақыт», et «және», est «бар» және ait «менікі болса», du (артикль) және dū «міндетті», il devait «ол қарыз еді» және ils devaient «олар қарыз еді» және т.с.с. айырудың пайдасы бар. Бір ғана тілегіміз — жалпыға ортақ орфография өз бойындағы келеңсіздіктерден арылса екен. Егер тілдерді оқытуда фонологиялық әліпбидің көмегі тиген болса, ол бұны барлық жерде қолдану керек деген сөз емес.

Читайте также:  Победители II математической олимпиады в ЮКО проведут месяц в физико-математической школе в Новосибирске

Оставить комментарий