iRef.kz

Франциядағы этносаралық қатынастар және иммигранттарды интеграциялау мәселесі

Франция жоғары дамыған ел және ол әлемдік қауымдастықта айрықша орын алатын мемлекеттердің бірі. Ол Еуропалық Одақтың қазіргі заманғы саяси, экономикалық, қоғамдық, қаржылық және мәдени өміріне зор ықпал жасайды. Франциядағы этносаралық қатынастар жөнінде сөз қозғаған кезде алдымен Франция халқының этностық палитрасының өзгеруіне көз жүгірту қажет. Түрлі тарихи кезеңдерде Францияға иммигранттадың түрлі ағымдары ұмтылды. ХІХ ғасырдың басында Францияның халқы 30 миллион адамға жетті, яғни халық санының мөлшеріне қарай мемлекет еуропалық мемлекеттердің арасында бірінші орынды иемденді, ал Англияда осы уақыттағы халық саны 10 миллион адам ғана болған [1,9]. 1851 жылы Франциядағы халық санағы жалпы тұрғындардың 1% құраған шетелдіктер категориясын анықтайды. ХІХ ғасырдың ортасынан 1914 жылға дейін иммигранттар негізінен Франциямен шекаралас елдер, Бельгия, Италиядан шыққандар барлық иммигранттардың үштен екісін құрады, сонымен қатар Швейцария мен Испаниядан шыққандар 7% құраса, орыстар мен британдықтар 5% кем мөлшерде болды. Бұдан еуропалық емес шетелдіктердің үлесі аз екенін байқауға болады [2,185]. ХХ ғасырдағы Франциядағы иммиграция қарқыны, сөзсіз Францияның отарлық тарихымен байланысты. Франциядағы иммигранттардың негізгі тобы оның отарларының тұрғындары, яғни Магриб елдерінен шыққандар екені белгілі. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Солтүстік Африка елдерінен жаппай иммиграция үрдісі басталды. Ең алдымен Магрибте қоныстанған еуропалықтар келсе, 1920 жылға қарай Францияға этностық арабтар да келе бастады. 1914 және 517 № 3 (76) 2010 1928 жылдар арасындағы алжирлік иммиграция 471 390 адам санына жетті (олардың 365 024 отанына кейін қайтып оралды) [3,66]. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция Еуропаның басқа мемлекеттері сияқты экономикасын көтеруге байланысты бірқатар проблемалармен беттесті. Францияға соғыс салдарынан адам өмірінің қиюлуына, тұрғындардың белсенділігінің төмендеуіне, екі соғыс аралығында туу төмендеуіне байланысты басқа мемлекеттерден шетелдік жұмыс күшінің көптеп келуі талап етілді, себебі, бұл жағдай дәстүрлі түрде тууды арттырады және еңбек нарығында сұраныстың төмендеуіне, яғни жұмыс күшінің артық болуын тудырды. Ішкі территориялық қайта орналастыру арқасында жұмыс күшін алу мүмкін емес болды. Бұған қоса, ғылыми-техникалық революция шетелдік Еуропаның экономикалық дамыған елдерін қамтып, жұмыс күшіне деген жаңа талаптарды ұсынды. Оқыған, жоғары біліктіліктілігі бар жұмысшы кадрларды алу қажеттілігі мектеп білімін ұзартып және олардың санының арнайы орта және жоғары оқу орындарында өсуі жағдайын туындатты. Осы негізде ел жастарының еңбек нарығына ағылуын кемітті. Француз республикасына жұмыс күшінің жетіспеушілігі басқа елдерден жұмысшыларды тартуды тудырды, сондай-ақ білімді ұлттық кадрларды жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын пайдаланды. Осындай жағдайда, жұмыс күшінің сыртқы көздері елде ұлттық кадрлардың әлеуметтік жылжуына әкелді. Ал Магриб елдері Оңтүстік Еуропамен салыстырғанда арзан жұмыс күшін жеткізіп тұрды. Еңбек ресурстарының импорты Франция тұрғындары арасында жұмыссыздық жоқтығының белгісі болып табылмайды. Біріншіден, жергілікті тұрғындар жалақысы төмен, лас жұмыс істегілері келмеді. Екіншіден, аймақта және оның жеке бөліктерінде жұмыс күшінің географиялық ұтқырлығы болмады (немесе өте әлсіз болды). Мысалы, 1970 жылы Францияда 262 мың тіркелген жұмыссыздар болса да, ел 600-700 мың шетелдік жұмысшыларды қабылдап алған [4,50]. Шетелдік жұмысшылар жергілікті халықтан алшақтап, өзіндік «жершілдік» принципке негізделген қауым құрып, бірге қоныстануға тырысты. Онымен қоса иммигранттар жаңа орындарына жергілікті еуропалықтарға кедергі жасайтын, өздерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, өмір сүру нормаларын қоғамға енгізді. Бұл фактілер мен құбылыстар еуропалық қоғамдағы еуропалық емес тұрғындардың интеграциясын қиындатады да, оны күрделендіреді. 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басындағы Франция экономикасындағы дағдарыстық көріністер, жұмыссыздықтың өсуі, әлеуметтік мұқтаждықтарға ассигнациялаудың төмендеуі иммигранттардың өмірінен көрініс тапты. Дағдарыстың серігі ретінде расистік көңіл-күйлер мен ксенофобия көріністері күнделікті өмірге енді. Дағдарыстан кейін Франция билігі жаңа жұмыс күшін қабылдауды қысқартуды ұйғарды. Шетел жұмысшыларына арналған репатриациялық бағдарламалар жасалынды, ал жаңа иммигранттардың келуіне бірталай шектеулер қойылды. Бірақ бұл шаралар Францияға келген шетелдіктердің санын тек ресми түрде ғана азайтты, іс жүзінде иммигранттар елге келудің басқа амалдарын пайдаланды: отбасылардың бірігуі, пана сұрау және заңсыз иммиграция. Францияда өмір сүргісі келген иммигранттар мемлекетке өздерінің жақындарын тартуды бастады. Отбасылардың бірігуі нәтижесінде шетелдіктердің саны күрт артты. Елдгі иммигранттарға қатысты жағдайды екіжақты сипаттауға болады. Бір жағынан шетелдіктер екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде күйреген Франция экономикасын көтеруге септігін тигізсе, екінші жағынан елдің тұрғылықты халқы мен билігінің алдында жаңа проблема туды, яғни шетелдіктердің француз қоғамына енуі. Бүгінгі таңда Францияда француздардың үштен бірінің ата тегі иммигранттар, яғни бір кездері елге келіп, мәңгілік тұрақтанғандардың ұрпақтары болып табылады. Бұл жағдай иммиграция және этносаралық қатынастар проблемасы көптеген француздық жанұялардың тарихына үңіледі. 2002 ж. президент сайлауында «иммиграциялық» мәселе ерекше мәнде айтылды. Жак Ширакпен арадағы алшақтықты екі жарым процентке қысқартқан Жан Мари Ле Пеннің 17,5% дауыс жинаған бірінші тур қорытындысы күллі Францияға таралды. Иммигранттардың интеграциялаудың әдістемелердің алуандығы Батыс Еуропаның мысалдарынан айқын көрінеді: Францияда (ассимилятивтік модель), Германияда (сегрегация), Ұлыбританияда (плюралистік модель). Иммигранттардың мемлекеттің әлеуметтік-мәдени өміріне интегрциясын бірнеше себептер күрделендірді. Статистика және экономикалық зерттеулердің ұлттық институтының (INSEE) мәліметі бойынша иммигранттардың 45% Еуропадан (Португалия, Италия, Испания), 39% Африкадан (30% Алжир, Марокко және Тунистен), 13% Азиядан және 3% Америка мен Океаниядан келеді [5]. Мұндағы атап өтетін мәселе, егер еуропалық иммигранттар үшін 518 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы бейімделу кезінде ең басты мәселе мәдени және тілдік кедергілер ғана болса, ал магрибтіктер үшін жоғарыдағыларды қосқанда ең басты проблема сыртқы әлпеттеріндегі ерекшеліктер: тері түсі, шаштарының бұйралығы, менталитеті, өмір сүру салты және т.б. болды. Тіл үйреніп, еуропалық киім киген, өзін-өзі ұстау ережелерін үйренген солтүстік африкалық әлі де болса бөтен мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік құндылықтар иесі болып қала берді. Осыған байланысты расалық және этносаралық қатынастар тақырыбы еуропадағы иммигранттар көп орналасқан мемлекеттер үшін аса өзекті боп табылады. Белгілі француз тарихшы Ф.Бродельдің пірікірінше иммиграцияның ауыртпалықсыз өтуінің негізгі шарты – ассимиляцияның мүмкіншілігі, оған деген дайындық [2,183]. Франциядағы неміс, поляк және итальяндықтардың, яғни еуропадан шыққан иммигранттардың әлеуметтік ассимиляцияның ерекшелігіне тоқталатын болсақ, олар негізінен француз қоғамына тез еніп, ал олардың балалары толығымен дерлік ассимиляцияланды. Қазіргі уақытта саясаткерлер Магриб елдерінен шыққан иммигранттардың «мәдени айырмашылығында» екпін жасайды. Жалпылай келгенде, солшылдар олардың мәдениетінің ерекшіліктерін айта кете «ену» терминін қолданады. Бұл терминге сәйкес екі мәдениеттің өзара мәмілеге келіп ықпалдасуының нәтижесінде иммигранттар арасындағы «ену» үдерісі кезең- кезеңмен өтеді. Оңшылдар да иммигранттардың осы тобының өзгешелігін атап өтіп, олардың өзіндік мәдениетінен бас тартып толығымен француз қоғамында ассимиляциясы туралы айтады [6,63]. Заңдардың ресми мәтіндерінде ассимиляция немесе интеграция ұғымдары нақты айқындалған жоқ. Ассимиляцияға келетін болсақ, бұл этностық азшылық тобының жойылуына бағытталған ұғым. Ассимиляция сегрегация арқылы күштеп жүруі мүмкін немесе этностық топтармен оларға бөтен мәдениетті кезең-кезеңмен қабылдау арқылы да болуы мүмкін. Францияның магрибтік иммигранттраға қатысты саясаты бейбіт ассимиляцияға негізделген. Бірақ Францияға келген магрибтіктердің көбісі жедел және толық ассимиляцияға дайын емес еді. Бұл үдерісті күрделендіретін бірде-бір фактор магрибтік иммигранттардың мұсылман болуы. Олардың ислами тәрбиесі, салт-дәстүрлері өмірдің ажырамас бөлігі болып келеді және бұл фактор көп жағдайда иммигранттардың бұл тобының француз қоғамына енуін күрделендіреді. Оның көріністерін 1989 жылғы оқиғадан байқауға болады. Франция мектебіне орамалдарын киіп келген үш қыз мектептен шығарылды, жергілікті биліктің түсінігі бойынша бас оарамалдарын кию француз мемлекетінің зайырлылық принципіне қарама-қайшы келген. Бұл оқиға француз қоғамындағы көптеген пікірталасқа жол берді. 2002 жылдың желтоқсан айында Лион маңында орналасқан мектепке иммигрант оқушы қыз орамалымен келді. Мектеп әкімшілігі баланың әке-шешесінен мектепке бас орамалмен келмеуін талап етті. Бұл оқиға саяси полемикадан орын тапты. Ұлттық Ассамблеяның өкілдері орамалдарды мектепте және басқа қоғамдық орындарда кимеу туралы заң жобасын ұсынды. Бұл заң қабылданды, бірақ осы заңға деген қоғамдағы көзқарастардың қайшылығы да қалды [7,123]. 2005 жылы 27 қазанда Париж қаласының маңдарында толқулар басталған. Бұл аудандардағы иммигранттар және олардың үшінші және төртінші ұрпақ балалары тұғындардың маңызды бөлігін құрайды. Олардың көбі бұрынғы француз отарларынан шыққандар, сондай-ақ мәдениеті бойынша дәстүрлі мұсылмандар. Көшелердегі автомашиналарды, микроавтобустарды, дүкендер, кафе, ресторан, мектептерді өртеу, полиция қарауылына шабуыл жасау – бірінеше күн ішінде жаппай сипатқа ие болды. Мұндай толқулардың басты себебі, шыққан тегі араб екі жасөспірімнің өлімі болды, олар өз кезегінде Парижде Клиши-сю-Буа ауданында полициядан қашып, трансформатор бөдкесіне тығылып, тоқ өтуден қаза болған. Францияның ресми билік органдары толқудың бастағаны жөнінде хабар беріп, полиция қызметкерлерінінің өлген жасөспірімдерді қуғанын жоққа шығарған. Нәтижесінде толқу Францияның басқа аудандарына таралған. Себебі ол жерде орналасқан халықтың көбі кедей иммгранттар еді. Бұл жөнінде Ресейлік фиология ғылымының докторы, Франциядағы солтүстік африкалық иммиграциясы бойынша маманы Прожогина С.В. өзінің «Азия и Африка сегодня» журналына берген «События минувшей осени во Франции» атты сұхбатында «2005 жылғы «күз жарылысының» басты белгісі – менің ойымша әлеуметтік теңсіздіктің айқын сезілуі, оның маргиналдығы болды. Ішкі қарсылық бұрыннан қалыптасқан. Ол бір мезетте жарылды. Соңғы 50 жыл ішінде осындай «жастар формасында» екінші рет жүзеге асып отыр. Егер байыбына баратын болсақ, 1968 жылы француз жастары дәл осы «буржуазиялық тәртіптің тұрақтануына» қарсы шыққан болатын. Араб иммигранттары ол кезде салыстырмалы түрде көп емес еді, сондықтан олар әлеуметтік қарсылыққа әлі де дайын емес болды» [8,43]. 519 № 3 (76) 2010 Француз қоғамы мен магриб иммиграциясы арасындағы қарым-қатынас бір-бірін қабылдаудың тарихи стереотипі болып табылады. Дегенмен, отарлау жылдары барысында Франция солтүстік африкалықтардың бойына өздерінің өркениеттілк белгілерін сіңіре алған, жүргізіліп жатқан саясат ол кезде негізінен қала халқына тән еді. Батыстық құндылық жүйесінің ықпалы және француз өркениетінің ерекшелігін игеру тек қана біраз бөлікті қамтыды, яғни жалпы алғанда француз мектептерінде білім алған және отарлаушылармен қарым-қатынас мүмкіндігіне ие болған, алжирлік, мароккалық, тунистік қоғам элиталары болып табылады. Сондықтан да қабылдаушы жақтың және солтүстік африкалық иммиграция үшін де өзара ықпалдастығының бір белгісі ол, Францияда магрибтіктердің келуімен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар саяси, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік психологиялық өзгерістерге әкеліп соқты. Француз қоғамы үшін бөтен болып есептелген солтүстік африкалықтар бұрыннан қалыптасқан уақыт ағымын бұзды. Осы орайда Францияда иммигранттарды қоғамға интеграциялау (енгізу) проблемасы туындайды. Франция иммигрантарды интеграциялаудың ассимилятивті моделін қолданады. Яғни бұл модельге сәйкес, иммигранттар өздерінің бұрынғы бірдейлігінен (идентичность) бас тартып, жаңа отандағы мінез-құлық модельдері мен құндылықтарын игереді. Қабылдаған елдің халқынан еш айырмашылығы жоқ дерлік, дәл осындай ассимиляцияланған иммигранттар қоғамның толыққанды мүшесі боп қарастырылады. Теоретикалық тұрғыдан алғанда ойдағыдай болған ассимиляция мәдени бірегейлікті сақтап қалуға ұмтылатын ұлттық мемлекет үшін де, жаңа қоғамға толық ене алатын иммигрант үшін де тиімді. Францияда француз азаматтағын иемденетін кез келген азамат ұлттық қауымдастықтың мүшесі бола алады. Азамматық туралы француз заңдары «жер құқығы» принциптеріне негізделген. Яғни елдің территориясында туған тұлға Франция азаматы бола алады. Бірақ та француз үкіметі бұл процедураға бірсыпыра өзгерістер енгізді. Осы өзгерістерге сәйкес азаматтықты алу үшін иммигранттардың балалары 16 жасқа толған соң өтініш беру керек. Егер мұндай тұлға заңсыз әрекеттері үшін полициямен ұсталынса немесе француз тілін жетік меңгермеген болса онда билік мұндай тұлғаға азаматтықты беруден бас тартуы мүмкін. Бұл елде мұсылман иммигранттарын интеграциялау үрдісін аса күрделендіретін жағдай иммигранттардың қалыптасқан өмір сүру салты мен діні боп тұр. Мұсылмандардың әлеуметтік белсенділігі 70-ші жылдардың ортасында басталды. Бұл мұсылман иммигранттар санының өсуімен және оларға мұнайға бай араб елдерінің көмек көрсетуімен байланысты. Францияда ислам бірегейлігін сақтап қалуға ұмтылатын жүздеген мұсыламан ұйымдары құрыла бастады. Зайырлы Француз мемлекеті және француздық ассимиляцилық моделі француз қоғамының бөлігінің ұйымдастырылған қарсыласумен беттесті. Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттері ассимиляция саясатын тиімсіз санап одан бас тартты. Бірақ Франция оны табандылықпен жалғастыруда. Бұрын билік иммигранттардың ықшам орналасуына, олардың геттоизациясына жол бермеу мақсатында оларды түрлі аймақтарда қоныстандырды. Франция ерекше этностық саясат өткізуде. Оны ЕО, АҚШ-тың мәдени федерализм немесе мәдени көптүрліліне қарсы кейде мәдени орталықтандыру деп те атайды. Францияда этностық қауымдастықтардың болуы танылмайды, мұнда тек қана азаматтар, яғни француз азаматтары ғана бар. Франция, «Ұлттық азшылықтарды қорғау туралы» Еуропалық Кеңестің Рамалық конвенциясына және де осы мәселеге байланысты басқа да халықаралық құжаттарға қол қойған жоқ. Себебі Францияда танылған ұлттық азшылықтар жоқ. Егер екінші дүниежүзілік соғыстың кейбір проблемаларының біразы өз шешімін тапса да, этникалық конфликтілер, шетелдік жұмысшылар санының көп болуы проблемасы және осыған байланысты ультра оңшыл саяси күштердің туындауы және де осы мәселе тұрғысынан жаңадан қалыптасып жатқан проблемалар әлі де болса оң шешімді талап етуде.

Пікір қалдыру