Фрейд және «жарату» танымы

Дәстүрлі қоғамдардағы бастауды танудың «экзистенциалды» мәнін баса көрсету артықтау бол ар. Мұндай жүріс ­ тұрыс тек бағзы қоғамдарға ғана тән емес. Нәрселердің бастауын танып білуге деген құштарлық батыс мәдениетіне де тән. XVIII ғасырда, әсіресе, XIX ғасырда дүниенің, тіршіліктің, жануар мен өсімдіктің түрлерінің, адамның, тілдің, қоғамның, діннің және барша адами жөн­жосықтардың шығу тегі хақында көптеген еңбектер пайда болды. Бізді қоршап жатқан баршаның, күн жүйесінің, неке немесе, мәселен, классика ойыны сияқты бала ойынының бастаулары мен тарихын тануға бағытталған әрекеттер жасалынды. XX ғасырда бастаулар мен қайнар көздерді ғылыми деңгейдегі зерттеулер басқа жолмен кетті. Мәселен, психоанализ үшін кәміл бастау дегеніміз — «адамдық ілкі бастау», ерте балалық шақ. Сәбидің өмірі мифтік, ұжмақтық өмірде өтіп жатады. Психоанализ, біздің жеке тарихымыз ақ сондықтан да естен тысқарылық. (бессознательное) мифтік құрылымға ие. Одан ары қарай жүре беруге және естен тысқарылық «мифологиялы» деп қана емес, оның кейбір мазмұндары ғалами мәнге, басқаша айтқанда, тіршілік пен тірі материяның мақсатты орны мен процестерін, тәсілдерін көрсете алады деп те пайымдауға да болады. Тіпті, бүгінгі адамның ғаламилықпен, киелілікпен «жүздесуі», сөз оның көксеулері мен қияли өмірі туралы болып тұрса да немесе естен тысқарылықтан (поэзия, ойындар, спектакльдер, т.т.) туындайтын шығармашылық сана­сезімдер жөнінде болып отырса да естен тысқарылық арқылы жүзеге асырылады. дың және «бастауларын», және, ең маңыздысы, балалық шақтың жырғалаңын аяқталуына себепкер болған, біздің тірлігіміздің болашақтағы бағыттарын белгілеп берген сол, бір ең басты, ілкі оқиғаны анықтауға мүмкіндік берген техниканы жасақтап шығарды. «Егер архаикалық менталитет ұғымын пайдаланар болсақ, оңда, адамның өмірінде » Ұжмақ» (психоанализ үшін ол дүниеге келгенге дейінгі немесе емшектен айырғанға дейінгі кезеңге қатысты қолданатын болған деп, сондай­ақ, «Ұжмақтан айырылу» немесе «апат» (балалық шақтың жарақаттары) оқиғасының, ересек адамның осындай ілкі бастаулық оқиғаларға деген көзқарасының қандай болғанына қарамастан, оның ғұмыр кешуі үшін анықтаушы мән ­ маңызға ие болатындығын пайымдауға болады». Қызықтысы сол, өмір туралы барлық ғылымдардың ішінен, басқа ғылымдар бастаудың кәміл еместігі мен орнықсыздығын тірек етіп жатқанда, тек психоанализ тана, кез келген пенденің «бастауы» ұжмақ пен жырғалаң болып табылады деген идеяға жетеді.

Читайте также:  Көркем бейне құрылымының заңдылығы мен сюжеттік құрылымы

Бізді Фрейдтің екі идеясы қызықтырады. Біріншісі — «ұжмақпен» және «шырғалаңмен» байланысты «бастаулар» мен «қайнар көздер»; екіншісі — еске түсірудің және «кері қарай қайтудың» көмегімен балалық шақтың кейбір «жарақат салатын» оқиғаларын қайтадан «бастан кешіруге» болады деген ой. «Бастаулардың» шырғалаңы, жоғарыда көріп өткеніміздей, ілкі қауымдық діндердегі барынша мол таралған тақырып болған, бұл құбылыс, сондай­ақ, Үндістанда, Иранда, Грекияда және христиандық дінде куәлендірілген. Фрейдтің адамның ғұмырының бастауына орналастыруы мифологиялық құрылымға ие болады, Психоанализ және ілкі қауымдағыдай Фрейд аңғарған ерте балалық уақыттың», «күнәға батардың» басқаша айтқанда, әрбір уақыттың сүртіліп кеткен уақытқа»алдындағы шырғалаңның шешуші роліне байланысты жақындасады. Бізді қызықтырып отырған Фрейдтің екінші идеясына (нақты, «кері қайту» идеясына) қатысты айтар болсақ, ілкі балалық шақтың шешуші оқиғаларын реактуалдауға болады деген үмітке негіз бола алған бар осы идеяның да бағзы жүріс­тұрысқа жақындату мен сәйкестендіруді ақтай алады. Біз, мифтерде айтылған ілкі бастаулық оқиғаларды реактуалдауға (және, соған байланысты, тағы да «бастан кешіруге») болады деген сенімді баса атап көрсететін бірқатар мысалдарды келтірдік. Бірақ, кейбір мысалдарды (магиялық емдеп жазуды қоса алғандығы) есепке алмайтын болсақ, осындай мысалдар кері қарай ұжымдық түрде оралуды суреттейді. Мифтердің баяндап отырған оқиғалары жоралғылардың көмегімен бүкіл ұжымның немесе оның қандай да бір елеулі бөлігінің «басынан кешіріледі». Психоанализ техникасы индивидуалдық деңгейде ілкі бастауларға қайтып оралуды мүмкін етеді. Осындай экзистенциалды қайта оралу бағзы қоғамдарға белгілі болған және кейбір шығыстық психофизиологиялық әдістерде маңызды рол атқарған. Енді уақытта біз осы мәселені зерттеуге кірісеміз.

Оставить комментарий