Фрейдтің психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары

Психоанализ — батыс адамының рухани дағдарысының mine тән көрінісі және оның шешімін іздеудің талпынысы. Бұл психоанализдің соңғы кездегі бағыттарынан — гуманистік» және «экзистенциалды» анализдерден (сараптаудан) айқын көрінеді. Өзімнің «гуманистік» тұжырымдамаға көшпес бұрын Фрейдтің жүйесі, кең тараған, мүлде қайшы түрде, «науқас» және «емдеу» деген ұғымдар аясынан шығып кеткендігін, оның жаны сырқат ауруларды емдеуге ғана емес, дұрысы, адамды «құтқаруға» бағытталғанын айтқым келеді. Бір қарағанда, Фрейд психикалық ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап, осы мәселеге күллі мүддесі мен өмірін бағыштаған адам. Алайда, тереңірек үңілсек, невроздарды медициналық жолмен емдеудің астарында Фрейдтің қызметінде аңғарыла бермейтін өзі сирек сезінген өзге мүдде жатқаны аңғарылады. Осы бір жасырын немесе тек қана имплицитті тұжырымдама психикалық ауруларды емдеуден гөрі, «ауру» және «емдеу» ұғымдарының аясынан кеңірек мәселеге қатысты болған сияқты. Ол не? «Психоаналитикалық қозғалыстың» негізі, өзегі не еді? Фрейд болашақтағы адамды қалай елестетті? ()ның қозғалысының іргетастық догматтары қандай? Бүл сауалдардың ең айқын жауабы, шамасы, Фрейдтің мына сөзінде жатыр: «Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Оның мақсаты иррационалды және санадан тыс нәрсенің бәрін ақылға билету болатын; адамды оның барлық мүмкіндіктеріне сәйкес санадан тыс нәрсенің құрсауынан босату еді. Ол сол күштерді өз бойынан сезінуге, бақылап басқарып отыру үшін оларды игеруге тиіс. Фрейдтің мақсаты ақиқатты, шын жағдайды мейлінше тану болатын. Ол үшін бүл (тану) мына дүниеде адамға бағыт берудің жалғыз тал ерулесіндей болды. Оның мақсаттары — рационализмнің, Ағарту философиясының, пуритандық этиканың дәстүрлі мақсаттары. Егер дін мен философия осы өзін өзі бақылау мақсатын утопиялық түрде қойса, Фрейд бұған бірінші болып ғылыми негіз жасап берген (санадан тысты зерттеу арқылы) адам болған — немесе, өзі солай деп есептеген — демек, осы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Фрейд батыс рационализмінің асқар биігі, алайда, оның дана ойы рационализмнің жалған аспектілері мен үстірт оптимизмнің кедергілерінен аттап өтуге мүмкіндік берді. Рационализм романтизммен — күллі 19 ғасырдың бойында иррационалдықты, адам болмысының аффектілік жақтарын әспеттеуімен рационализмге қарсы тұрған қозғалыспен синтезге түсті. Индивидті қарастырарда Фрейдті философиялық және этикалық мақсаттар әдеттегіден тыс алаңдатты. Психоанализге кіріспе бойынша жасаған лекцияларында ол әлдебір мистиктердің тұлғаны түбегейлі өзгертуге іс жүзінде талпынып көргені жайлы айтады. «Біз, — дейді Фрейд, — психоанализдің терапиялы ұмтылыстары мәселені осылай қоюға жақын екенін мойындауымыз керек.

Олардың діттегені Ego ­ ны күшейтіп, оны Super – Ego ­ дан мейлінше тәуелсіздеу ету, бақылау аймағын ұлғайтып, Id ­ ның жаңа тұстарына қол жетерлік жағдай жасау. Анау болған жерде Мен тұруға тиіс. Бүл мәдениеттің Зюйдерзеені құрғатқандай көлемдегі жұмысы.» Ол «адам мәтіні невротикалық симптомдардан, мінез­ құлқын бәсеңдік пен қалыпты еместігінен құтқаруды» мақсат ететін психоаналитикалық терапия туралы осы ниетпен сөйлейді. Сонымен, ол үшін аналитиктің (сарапшының) бейнесі қарапайым доктордан, «емдеуші дәрігерден» биіктеу. Аналитик, егер ол пациент үшін кейбір аналитикалық мезеттерде өнеге ретінде, ал кейде мұғалім ретінде қызмет етуге тиіс болса, белгілі бір мағынада үстем жағдайда болуы керек. «Ақыр соңында, — деп жазады Фрейд , — аналитик пен пациент арасындағы қарым­ қатынастар ақиқатқа деген яғни, шындықты мойындауға негізделуге, сол арқылы ұятты да, алдауды да ысырып қоюға тиіс». Фрейд психоанализінің ауру мен емдеудің конвенциалды ұғымдарының аясына сыймайтын өзге белгілері де бар. Шығыс ақыл­ойымен, әсіресе, дзен­буддизммен таныс адам үшін ондағы шығыс ақыл ­ ойының ұғымдары мен ой ­ толғаныстарының үндесу аңғару қиын емес. Фрейдтің мұнда көрсетілген принциптерінің біріншісі — өзгертуші білім, оған сайсақ, теория мен практика бір­бірінен бөліп алғысыз нәрселер — өзімізді тану актісі арқылы біз өзімізді өзгертеміз (трансформациялаймыз). Бүл идеяның Фрейд заманындағы немесе біздің заманымыздағы ғылыми психологияның ұғымдарынан айырмашылықтарының бәрін атап айтып жатудың аса қажеті де жоқ, соңғысы үшін таным танушыны өзгертетіндей қызметі жоқ теориялық білім ғана. Фрейд тәсілі тағы бір тұста шығыс ақыл­ойына, әсіресе, дзен­буддизмге мейлінше жақын. Фрейд осы заманғы батыс адамына тән нәрсені — саналы ойды шектен тыс, асыра бағалауды құптаған жоқ. Керісінше, ол біздің санамыз біздің барлық психикалық процестеріміздің шағын бөлігі ғана, оның үстіне онша маңызды да емес, біздің өз ішімізде санамыздан тыс күйде отырған қараңғы және иррационалды бастаулардың ғаламат күшімен салыстырғанда, бүл тіпті, болмашы деп есептеледі. Адам табиғатының шынайылығына жету үшін Фрейд еркін ассоциациялар тәсілінің көмегімен саналы ой жүйесін бұзғысы келді. Еркін ассоциацияларды пайдалану арқылы қисынды, саналы, конвенционалдық ойлау кедергісінен асу қажет болды, Бұл біздің тұлғамыздың алғашқы құнар ­ бастауына, санадан тысқа әкелуге тиіс еді. Біз Фрейд іліміндегі санадан тыстың мазмұнын қанша сынағанымызбен, оның еркін ассоциациялануы қисынды ойлауға қарсы қою арқылы батыс әлемінің конвенционалдық рационалдық ойлау тәсілі аясынан шығып, Шығыста әлдеқайда ұшқары және кең көлемде зерттеліп жатқан нәрселерге ұмтылғаны анық. Фрейдтің осы заманғы батыс позициясынан тағы бір түбірлі өзгешелігі бар. Мен оның тұлғаның анализін бір, екі, үш, торт, бес, тіпті, одан да коп жылдар бойы жүргізгісі келетінін айтып отырмын. Бүл Фрейдті шынымен сынға алуға себеп болды. Анализдің тиімді болуы шарт екеніне дау жоқ, алайда, мен Фрейдтің кісі өзін толық түсінетіндей жағдайға келуі үшін оны жылдар бойы зерттеу керек деген батылдығын құптаймын. Пайдалылық, шытын мен табыс тұрғысынан алғанда, аса ойлы іс емес.

Читайте также:  ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ АҚШ ЖӘНЕ ИРАК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Егер тұлғаның өзгеруіндегі әлеуметтік әсерді (эффект) есептесек, әрине, мұнша ұзақ анализге кеткен уақыт пен еңбек өзін ақтамайды деуге болады. Фрейд тәсілі осы заманғы «құндылықтар» дегеннен жұмсалар күш пен мақсаттың арақатынасынан ойды әрірек асырғанда ғана мағынаға не болады. Егер біз адам баласы кез келген затпен салыстыруға, өлшеуге келмейтін нәрсе, оның азат болуы, игілігі мен парасат нұрына бөленуі — кезкелген лайықты терминмен айтсақ — «оз ішіндегі мақсат»деп есептесек, ол мақсатты есептеп шығаруға уақыт пен ақшаның ешқандай мөлшері жетпейді. Осындай көзқарас пен жеке тұлғаны ұзақ уақыт қамқорлыққа алуды қажет ететін тәсілді батыл ұсыну батыстың конвенционалдық ақыл­ойдың аясына сыймайтын позицияның көрініс беруі еді. Бұл пікірлер Фрейдтің саналы құлшыныстарының шығыс ақыл­ойына, атап айтқанда, дзен­буддизмге жақындығын білдіреді дегендік емес. Мен көрсетіп отырған элементтер оның ойында айқын емес, құпия түрде, саналы түрде емес, санадан тыс түрде көрініс берсе керек. Фрейд батыс өркениетінің, бәрінен бұрын 18 және 19 ғасыр философия ­сының перзенті, сондықтан, шығыс ақыл­ойының дзен буддизм түрінен өте қашық. Фрейд беріп отырған адамның картинасындағы басты белгілер 18­19 г.г. экономистері мен философтары сомдаған бейнеге ұқсайды. Олар қара басы ғана жүрген, бәсеке күресіне түскен, өзгелермен тек айырбас қажеттілігі үшін, экономикалық және инстинкттік қажеттері үшін ғана араласатын адамды ғана көретін­ді. Фрейд үшін адам — либидосы ғана қозғайтын, қозудың ең кемшін дәрежесін сақтау принципімен реттелетін машина еді. Адам өзгелермен тек қана инстинкттік құмарын өтеудегі екі жақты қажеттілік үшін араласатын фундаменталды менмен (эгоист) тіршілік иесі ретінде көрінетін. Фрейдтің ләззат ­ рахаты — кернеген қиындықтың азаюы, бірақ қуаныш тәжірибесі емес. Бүтін адамның интеллекттісі мен аффектілері екі айырылған соң, оның бойында Ағарту дәуірі философтары айтатын «Мен» ғана қалды. Бауырлық махаббатты ол шынайылыққа қайшы келетін ақылсыз талап деп есептеді; мистикалық тәжірибе ол үшін инфантилді нарциссизмге қарай құлдыраумен бірдей еді. Мен дзен­буддизмге көзге ұрып тұрған осынша қарама ­ қайшылықтарына қарамастан, Фрейд жүйесінде ауру мен оны емдеудің конвенциалды ұғымдарынан да, дәл сондай дәрежеде сананың дәстүрлі рационалдық тұжырымдамасынан да асып, олардың аясынан шығып кететін элементтер (тұстар) барын көрсетуге тырыстым. Осы элементтер психоанализдің одан әрі дамуына, сөйтіп, дзен ­ буддизмге қарай тура жүруіне алып келді. Алайда, «гуманистік» психоанализ бен дзен­буддизм арасындағы байланыстарды талқылауға көшпес бұрын, менің психоанализ эволюциясын түсіну үшін маңызды болатын өзгерістерге назар аудартқым келеді: аналитикке келетін пациенттер типінің өзгеруі; олардың проблемаларының өзгеруі. Біздің ғасырдың басында психиатрларға, негізінен, симптомдардан азап шегіп жүрген адамдар келетін. Аяқ ­ қолдың жансыздануы, қол жуған сияқты қимылдардың еріксіз жасалуы, өздері құтыла алмайтын ойлар — өзгеше айтқанда, олар медицинадағы «науқас» деп қарастырылатын ұғым деңгейінде ауыратын. Олардың қоғамда «есі дұрыс, қалыпты тұлға» атқаратын функцияларды атқаруына әлдене кедергі келтіретін. Емдеу туралы түсінік олардың науқас туралы түсінігіне сәйкес еді. Олар мұндай симптомдардан азап шегіп, олардан құтылғысы келді; әлгі симптомдардың жоқтығы олар үшін «рахат көру» еді. Олардың арманы мынау ғана еді: орташа тұлға сияқты болу, өзгеше айтсақ, біздің қоғамдағы орташа тұлғадан гөрі бақытсыз болмау, одан артық қиындық көрмеу. Мұндай адамдар бұрынғыша, психоаналитикке әлі де келіп жатады және олар үшін психоанализ баяғыдай симптомдардан құтқарып, қоғамдағы қызметін атқаруға жеткізетін емдеудің түрі ғана. Бірақ, бұрын психоаналитиктер кабинетінде ондай пациенттер басым көпшілік болса, бүгіндері ондайлар азайды. Мүмкін, бүл олардың ұзын саны азайғандықтан емес, керісінше, олардың саны жаңа «пациенттердің» санынан кем түсетіндіктен де шығар. Олар қоғамдағы функцияларын нашар атқармайды, олар сөздің айқын мағынасындағы науқас та емес, алайда, maladie du siecle ­ ден, жоғарыда мен айтып өткен — наразылық пен іші өліп қалғандықтан азап шегеді.

Читайте также:  ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЛПЫ ДІНИ АХУАЛ

Ондай пациенттер психоаналитикке өздері шын мәнінде ненің азабын шегіп жүргенін білмегендіктен келеді. Олар көңілінің жабығыңқылығын ұйықтай алмайтындығын жұмысына көңілі толмайтынын, т.б. қиындықтарын айтып шағынады. Олардың бәрі, әдетте, күллі проблеманың себебі белгілі бір симптомға байланысты, содан құтылса, бәрі де қалыпқа түседі дегенге сенеді. Алайда, олар проблеманың жабығуда да, некеде немесе жұмыста да еместігін көре алмайды. Осы шағымданудың барлығы біздің мәдениет деңгейінде олардың әлдебір тереңірек нәрсені білдіруінің жалғыз ғана саналы түрі, ол — өздеріне әлдебір симптом кедергі болып жүр деп есептейтін әрқилы адамдардың бәріне ортақ дерт. Олардың бәріне ортақ қасірет — өзінен өзі де, өзгелерден де, табиғаттан да алшақтап кету; өмірдің саусақ арасынан сырғыған құмдай өтіп бара жатқандығы, өмір сүріп үлгерместен өлеңді материалдық ас та төк байлыққа қарамастан өмірдің қуаныштан адалдығы сияқтыларды сезіну. Психоанализ қандай көмек бере алады? Ол көмек ерекше, ол симптомдардан құтқаратын «емдеуден» ерекшеленбей қала алмайды — емдеудің мақсаты симптомдардан арылтып, қоғамдағы қызметін жалғастыруға көмектесу ғана ғой. Өзін жат, өгей сезінуден азап шегетіндер үшін емделудің мақсаты аурудан құтылу емес, өмір рахатын сезінудің барлығын сезіну. Біз осының не екенін анықтауға тырысқанда көп қиындыққа кезігеміз. Біз Фрейдтік жүйенің аясында ғана қалсақ, рахат дегеніңіз либидо теориясы терминдерінің тілімен айтсақ, гениталдық сексуалдылық қабілеттілік немесе өзге қырынан қарасақ, Эдип ситуциясының бүркемелі түрін сезіну болып шығады. Бүл анықтамалар, менің пікірімше, адам тіршілігінің, бүтін адамның рахатқа жетуінің шынайы проблемаларын сырттан ғана қамти алады. Рахат өмір проблемасына жауап беруге деген кезкелген талпыныс Фрейдтік ілімнің аясынан шығуға тиіс, себебі, бүл адамның тіршілік етуінің базистік ұғымын, толық болмаса да, талқыға салуға алып келеді. Ол гуманистік психоанализдің нәмінде — өзегінде жатыр. Тек осы жолмен ғана біз психоанализ бен дзен­буддизмді салыстыруға негіз таба аламыз.

Читайте также:  Мағжан Жұмабаев "Қорқыт" поэмасы

Оставить комментарий