Загрузка…

Газ тәріздес отындардың құрылымы

Тұтынушыларға берілетін газ тәріздес отындар жанғыш, жанбайтын газдар және тағы басқа да қоспалардан құралады. Өндірілуіне байланысты жанғыш газдар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи газдар газ кҥйінде сақталып, тасымалданады. Бұл газдар көмірсутек тобына жатады. Сонымен қатар көмірсутек тобына сұйытылған газдар да кіреді. Сұйытылған газдар газшықтану кендері мен мұнай кендерінен өндіріледі. Сұйытылған газдар қалыпты жағдайда газ кҥйінде болады, дәл осы температурада қысым жоғарыласа, сұйық кҥйге өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан да оларды тұрмыстық қажеттіліктерде көп қолданады. Жасанды газдар көбіне қатты отындарды жылумен өңдеу арқасында алынады. Мұндай газдарды құрғақ және генераторлық деп айтады. Жасанды газдардың төменгі жану жылулығы аз мөлшерде және құрамында зиянды қоспалар (көміртек оксиді) болғандықтан өте сирек қолданылады. Көмірсутек, сутегі, көміртек оксиді – газ тәріздес отындардың құрамындағы жанғыш газдар. Ал жанбайтын газдарға азот, екі валентті көміртек оксиді және оттегі жатады. Сонымен қатар газ тәріздес отындар құрамында дымқыл бу, көмірсутек пен тозаңдар кездеседі. Газ қолданбастан бұрын зиянды қоспалардан тазартылады. Зиянды қоспалардың 100м3 газдағы мөлшері төмендегі көрсеткіштерден аспауы керек, грамм: көмірсутек-2, аммиак-2, синиль қышқылына шаққандағы қоспалар HCN-5, смола және тозаң- 0,1, нафталин қыста-10 және жазда-5 (Мемлекеттік стандарт 45542- 78). Аммиак, синиль қышқылы және нафталин табиғи газдарда кездеспейді. Алыс жерлерге тасымалданатын газдарды құрғату керек. Көптеген жасанды газдар иісті болып келеді. Табиғи газдар иіссіз болады. Сондықтан да оларды ауада ажырату ҥшін иістендіреді. Иістендіргіш зат – этилмеркаптан (C2H5SH). Қалалық газ жҥйелеріне этилмеркаптанның орташа мөлшері 16 г газдың 1000м3 . Табиғи газдардың иісі оның ауадағы мөлшері 1%-ға жеткенде сезілуі тиіс. Оттегі мөлшері газ құрамында 1%-дан аспауы керек. Газ құрамындағы зиянды қоспаларға көмірсутек, дымқыл бу және 7 көміртек оксиді жатады. Бұлардан келетін зияндар – тоттану мен кристаллогидраттардың пайда болуы.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar