ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МӘНІНДЕГІ ШЕКАРАЛАР

Шекаралардың қысымы мен кеңістіктің таршылығы құрсауда қалған Ішкі Еуропаның (Innereuropa) тынысын тарылтып тұр. Шекараларды олардың географиялық һәм саяси мәнінде әділ зерттеуге назар аудартуды мақсат еткен бұл кітап ең алдымен сол таршылықта өмір сүріп жатқандарға, сондай-ақ жүгенсіз бөлшектеудің салдарынан бөлініп, қиратылған адамзат тұрып жатқан кеңістікті табиғи байланыстылығында берік те орнықты қалпына келтіруге байыпты атсалысып жүргендердің бәріне бағышталған. Бұл алдымен Ішкі Еуропаға қатысты, өйткені Жер бетінің басқа ешқандай жерінде шекара жүргізгенде ғылыми ойлайтын ғасыр мен ғылымға жат, ашкөздік және әділетсіз қарекеттердің арасындағы қарама-қайшылық соншалық өткір байқалмайды. Барлық тілдерде адамзаттың жарқын болашағы туралы соншалық көп жазылған ғасырлар тоғысында біреу-міреу небары екі онжылдық өтпей жатып мемлекет марқасқалары, ғылыми академиялар мен қоғамдардың мүшелері, ірі кеңістік категорияларында ойлайтындай болып көрінген халық көшбасшылары мемлекеттер мен халықтардың шекараларын үлкен қалалар мен олардың су айдайтын мұнаралары, газ фабрикалары арқылы жүргізуге, жұмысшылар мен олардың көмір шахталарының арасында шек орнатуға, бірдей ойлайтын, сезінетін және сөйлейтін адамдардың арасында көрінген жерде кедергілер тұрғызуға дайын болады деп санай алатын ба еді. Осындай көр соқырлық жегідей жеген Еуропаның (Abendland) күні қараң болатынына нақ осы сәуегейлік бізді оның өз тұрғындары мән-мағынасыз шекаралар мен демарқациялық сызықтар арқылы сол қаратүнек түнді ықтимал жеделдету тұрғысынан не істегендігін барынша қатаң түсіндіруге мәжбүр етеді. «Қараңғылықты түйсінбеген адам жарық іздемейді». Бірақ, егер біз білім шамшырағын жоғары көтерсек, онда сөзуарлықтан тоқылған жамылғысы сыпырылып түсетін шынайы нәрселер өзінің бүкіл күлкілі парықсыздығымен мен мұндалап тұрады. Географиялық және саяси тұрғыдан жырмышталған және өмірлік қажетті құрылымдары майып болған, тыныс тарылтар өмірлік кеңістіктегі тіршілік пошымының адам төзгісіз шекаралары бар Ішкі Еуропа — осынау (ахуал) ғасырдың және мәдени ортаның түсінігімен қаншалық сұмдық қарама — қайшылықта десеңізші, ал оған Шпенглер өлшеусіз, шексіз өмірге лейтмотив ретінде Фаустқа тән өмірге құштарлық таңбасын беріп еді ғой. Еуропаның ымырты үйіріле бастағаны жөніндегі осынау айыптаудың нақ жүз миллион халықтың рухани ортасынан неліктен шыққандығы түсінікті, сол халық бақытымызға ма, әлде сорымызға ма, мінез-құлықтың Фаустқа тән белгісін бәрінен анық бейнелеп, соны жер бетіндегі халықтар арасында тарата бастады, мұны ол өзі тыныстайтын кеңістікте адам төзгісіз шектен тыс тарылған кезде, сондықтан XX ғасырда бірінші болып халқы тым көбейіп кеткен жерде адамзатқа шекараларға мұқтаждық пайда бола бастағанын жан – тәніммен сезінген кезде еді. Нақ неміс халқының бойында шекара сезімін тәрбиелеу үшін осынау сұмдық қасіретті бастан кешіру, шекараларды олардың ерікті либераландырылуы жағдайында бейбіт жолмен қалпына келтіруге немесе оларды қопарып тастауға итермелеген шиеленіс, — Ғаламның шексіздігі мұраты, кеңістікке немқұрайды, «ұлттан тыс» өзін-өзі түсінуге бойлаған адам мұраты мен Жер бетінің ұлы халқы, өзінің ерікті дамуында кеңістікпен бәрінен көп жанышталған халықтың нақты өмірінің арасындағы шиеленіс нақ сол халыққа қажет пе еді? Осынау шиеленіс Фауст рухы бойына сіңген халықтың жүзеге асыруға болатын барлық рухани мақсаттарға жеткендігінен ғана, адамзатқа ұғымдар мен сол ұғымдардың анықтамаларын сыйлағандықтан — бірақ тек парасатты шекараның дұрыс дұрыс шамасы мен сенімді пошымында сыйламағандықтан, өйткені оны қалай табу керектігін өзі де білмегендіктен, мүмкін болмады ма екен? Бірақ ол мұндай тағдырды планетаның ең данышпан екі халқымен: Эгей теңізі атырабындағы құрғақтық және теңіз мәдеииеттің иегері эллиндермен және Гималай таулары мен Үнді мұхиты аралығындағы үнділік тіршілік кеңістігінде шамасы, немістер сияқты тым рухани босбелбеу, өзінің жер бетіндегі тіршілік пошымын сақтауға және қорғауға тым боркемік болған халықпен еншілесті. Нақ осы нәрседе олардың жолы болмады: олар метафизикалық яғни, философиялық мағынадағы адамзаттың шекараларымен дөп келгенше сыртқа қарай барған сайын кеңейте түскісі келген болмыстың шекараларында жолы болмады, содан соң — мұның шамасын қалай табу керектігін олардың өздері де білмегендіктен — бұл істі аса қиындықпен, миллиондаған тайпаластарының және тіпті өмірде өз орындарын өздері белгілейтін еркін халықтардың келбетін қия отырып басқалар жүргізді. Герман ұлтының Қасиетті Рим империясында, македондық кезеңге дейінгі Элладада және ертегі туындылары секілді эллиндік мемлекеттерде, Ашока империясының қалыптасуында және неғұрлым кейінгі Ұлы Моғолдар тұсында солай болған. Егер солардың ішіндегі ең ұлысы Акбар замандастары үшін Перикл мен Александр (Македонский), Ұлы Карл» және Фридрих Гогенштауфен секілді «құдайдың жер бетіндегі көлеңкесі» болып көрінсе, олардың немерелері үшін — ақ олардың мемлекеттерінің ғасырлар барысына белгілеген шекаралары аспандағы бұлттай өткінші болды. Осындай жағдай Еуропаның кіндігінде өте берік болып көрінген Екінші Герман империясы күйрегеннен кейін Ішкі, немесе Орталық Еуропада қайталанды. Алайда Теобальд Фишер1 1900 жылдың өзінде оны эфемерлі деп атады, өйткені бірінші14 империя ғайып болғаннан кейін сенімді шекара немесе қандай да бір орнықты пошым қалмаған болатын, және заманының ірі қаламгері Шиллер ғасырдың аяғында нақ XVIII-XIX ғасырлардың тоғысында көргеніндей жан құлазытатын көріністі байқады. Бірақ бұл бірінші (империя) ешқандай шамада таза Герман империясы емес еді, ол лүп еткен жел қуған бұлттай жылжып өзгеріп отыратын шекарасы бар рим — герман ұлты еді. Бүгінде іс көптеген адамдар соншалық құштарлықпен тілеп һәм күтіп отырған жаңа, үшінші16 империяға қарай өрбіп келе ме, жоқ па, оны ешкім білмейді. Қалай болғанда да біз өмір сүріп жатқан қирандылар мен азап былығы империя атауына лайық емес: өйткені оның тек көлеңкесі мен өмір сүру құқығын құтқару туралы шағым ғана сақталған. Өйткені империяның ол өз күшімен қорғай алатын шекаралары болға тиіс! Алайда Орталық Еуропада кеңістік пен уақытта үшінші империя нақты болмысқа айналуы үшін ол туралы түсінікті идеяны көз жеткізерлік пошымда және көрнекі белгіленген шекараларда ұдайы қолдап отыру қажет. Сондай-ақ, мүмкін болғанынша, оның өмірлік пошымына сырттан енгізілген — мейлі ол табиғаттан алынсын, мейлі адам қызметінің, нәсілдік ырықтың және күш көрсетудің нәтижесінде белгіленген болсын — шекараларды негізделген мойындау және олардың өзгеретіндігін немесе тұрақтылығын анық түсіну қажет. Өйткені кез-келген пайдалы да тұрақты шекара — тек саяси шекара ғана емес, көптеген өмірлік құбылыстардың шекара ғой, және ол өздігінен — ақ төл тіршілік шарттарымен, азды-көпті кең жауынгерлік қимылдар жүргізетін өңірімен, алдыңғы алқабымен өзінің төл жер бедері бар тағы бір өмірлік пошымға айналады; шекара дегеніңіз ілуде бір ғана заңгер, құжаттармен жұмыс істейтін адам оп-оңай жүргізе салатын сызық бола алады, алайда оны табиғат пен өмірдің өзі жоққа шығарады, ал оларда мәңгілік өзгерісте болатын,кеңістікте үздіксіз орын ауыстырып отыратын пошымдағы тіршілік үшін күрестен18 асқан тұрақты ештеңе жоқ. Бұл күрестің аренасы — ең алдымен шекара, ол шын мәнінде өлі болғандықтан және өлген нәрсенің бәрін ысырып аластауға, ал әлі кәдеге жарайтынын жаңа өмірде пайдалануға ұмтылатындықтан тек қатып қана қалады. Осылайша, шекараларды олардың географиялық және саяси мәні мен көрінісінде қарастыру әрекеті қажеттілік бойынша бізге адам тәжірибесімен19 бекітілген соңғы шепті қозғалады. Бұл ондай әрекетке — практикалық шекаралық жұмыс үшін теориялық даярлықтың мойындалған саяси қажеттігімен қатар — мейлінше рухани және көркем тартымдылық береді. Осынау стимул болмаса, шекараның пайда болуындағы, тіршілік етуіндегі және ғайып болуындағы салмақсыз, есепке алуға көнбейтін, бірақ бәрібір шешуші, таза рухани сәтке лайықты бағасын беру мүмкін болмас еді. Ал мұндай перспективасыз шекараны танып-білуді таза материалистік (физикалық) география мен тарихи қарастырудың шалшығына саю әзәзілдігі пайда болар еді, бұл орайда Фауст тегеуріні өзек болған германдық мәдениет секілді мәдени шеңбердің шекарасын түсіну айырмашылықтың тігісін жатқызып жібермеуге тиіс. Нақ орталық еуропалық көзқарас тұрғысынан қарастыру әрекетінің басты еліктіруші күші де, қауіптілігі де осындай болатын. Ендеше ол осынау алдын ала ескертумен бірге шыңырауларды көрсете, көпірлер тұрғыза отырып, жан — жақты білімнің іргелі негізін қалай отырып, ғылым мен өнер, мәдениет пен күш тоқайласар тұстағы өз жолымен — заман үміт етуге мүмкіндік беретін осынау жақсы болашаққа қарай адымдай берсін, аталмыш ғылыми — көркем кітап түріндегі осынау уақытша көпір сол замана қажеттіліктерінен туған.

Читайте также:  «Жеті Жарғы» немесе Тұңғыш қазақ конституциясы

Оставить комментарий