Сот бақылауының германдық үлгісі басқару органдарының қызметі саласындағы жекелеген әкімшілік істер бойынша туындайтын дауларды шешу үшін мамандандырылған соттардың құрылуымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Германия Федеративтік Республикасында атқарушы билік және жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз әкімшілік әділет жүйесі құрылған. Германдық сот төрелігі жүйесінде әкімшілік органдардың қызметіне бақылау жасау тәуелсіз соттар арқылы жүргізіледі. Бұл жүйенің құрылымының ерекшелігі Германия Федеративті Республикасының демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына байланысты. Федеративті мемлекет ретінде ГФР 16 түрлі жерден тұрады, олардың әрқайсысының өз парламенті және үкіметі бар. Сот төрелігі саласына қатысты федерацияда Федералды Конституциялық Сот және федералдық соттар қызмет атқарады, ал қалған сот билігін жерлердің соттары іске асырады [1, 123]. Германиядағы Жерлер сот төрелігін жүзеге асыруда және әкімшілік басқару істерін өз өкілеттіктері құзыретінде шешеді. Федерация және Жерлер арасындағы өкілеттіліктің бөлінісі Германия Негізгі заңының ережелері арқылы реттеледі. ГФР-дегі әкімшілік әділет тәуелсіз, әкімшілік мекемелерден бөлінген соттармен іске асырылады. Құқықтық қорғауға мұқтаж азаматтар үшін үш соттық инстанция қызмет етеді: бірінші инстанция соты ретіндегі әкімшілік соттар, екінші инстанция соты ретіндегі жоғарғы әкімшілік соттар (әкімшілік сот палаталары) және үшінші инстанция соты – Федералды әкімшілік соты. ГФР-дің әкімшілік жүйесі институтына әкім-шілік соттар жүйесі кіреді. Оның құрамына Бер- лин қаласындағы Федералдық әкімшілік сот (Bundesverwaltungsgericht), Жерлердің Жоғарғы әкімшілік соты (Oberlandesverwaltungsgerichte) және әкімшілік соттар кіреді (Verwaltungsgerichte). Әкімшілік соттар және жоғарғы әкімшілік соттар (әкімшілік сот палаталары), жоғарыда айтылып өткендей, жерлердің де соттары болып табылады, осыған орай, оларды құруды және қызметін жерлердің өзі жүзеге асырады. Соттардың құрылымына қатысты негізгі шешімдер; соттарды құру және жою, олардың мекенжайын өзгерту немесе сот округінің юрисдикциялық шеңберін анықтау жерлермен заңнамалық тәртіпте ресімделуі тиіс еді. Осы мақсатта жерлер, әкімшілік соттар туралы Заңға қосымша заңдар енгізуі қажет болды. Судьялардың саны штаттық лауазымның болуына байланысты. Олардың санын және соттарға бөлінуін жерлердің парламенттері және федералды парламент мемлекеттік бюджет жоспары бойынша анықтайды. Ал құрылатын сот палаталарының және алқалардың санын жерлер өз қарастыруы бойынша айқындайды. Тұрақты судьялармен қатар, әкімшілік соттардың жұмысына тағылымдамадан өтуші судьялар және тапсырма бойынша судьялар қатыса алады. Әкімшілік соттардың және жоғарғы әкімшілік соттардың (әкімшілік сот палаталарының) құрамына судьялар ретінде басқа да соттардың тұрақты судьялары және құқықтанушы профессорлар қосыла алады. Сонымен қатар сот билігінің функцияларын қоғамдық қызмет ретінде атқаратын кәсіби емес судьялар да бар. Арнайы сайлау комиссиясы қоғамдық судьяларды 4 жыл мерзіміне сайлайды [2, 39]. Әкімшілік (әкімшілік әділет соттары) соттар (Verwaltungsgerichte) біртұтас сот жүйесіне кіреді, тек қана заңдарға бағынады, сот төрелігін жүзеге асыру барысында әкімшілік органдарынан және жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз. Герман заңнамасында ерекше соттар айқындалған, олар әкімшілік әділет соттары болып саналғанымен, аталған юрисдикциядағы тар салалардағы мәселелермен айналысады. Дегенмен доктрина бойынша олар сот жүйесінің дербес, тәуелсіз саласы болып саналады. Мысалы, әлеуметтік даулар бойынша соттарда азаматтардың әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдері туралы істер, қаржылық соттарда салық жинау процесінде туындайтын даулар ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №4 (68). 2014 96 Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі бойынша істер қарастырылады. Сот жүйесінің тиімді қызметі, оның ішінде әкімшілік соттардың қызметі тәжірибелі, білікті судьялар жұмысын қажет етеді. Германия судьяларының құқықтық мәртебесіне жоғарғы талаптар қойылады. ГФР Конституциясына сәйкес, юстицияның негізгі бес саласы ерекшеленеді (жалпы, еңбек, әлеуметтік, қаржы және әкімшілік) [3, 183]. Оcыған байланысты, әрқайсысының жоғарғы сот органымен басқарылатын тиісті бес сот жүйесі бар. Жалпы соттар, әкімшілік юстиция және басқа да мамандандырылған соттардың құзыретіне кірмейтін барлық азаматтық және қылмыстық істерді қарастыра береді. Жалпы соттардың қызметі сот құрылымы туралы Заңмен реттеледі. Жоғарғы федералдық сот жалпы соттар жүйесін басқарады. Ол Карлсруэ қаласында орналасқан және сот төрағасынан, төрағалардан, сот мүшелерінен құралады. Судьялар мәртебесі ГФР Негізгі заңымен реттеледі. Аталмыш заңның 101-бабына сәйкес, ешкімді де судья мәртебесінен әділет органдарының әкімшілік шаралары арқылы айыруға болмайды [3, 186]. Судьяның құзыретіне кіретін істерді қарастыру құқығынан да айыруға болмайды. ГФР әкімшілік соттарындағы судьялар мәртебесін анықтайтын арнайы заңдардың ішінен судьялар туралы Заң және әкімшілік соттар туралы заң ерекшеленеді. Әкімшілік юрисдикциядағы соттарда шешім қабылдауға қатысатын барлық судьялар екі үлкен топқа бөлінеді: судьялар және құрметті судьялар (қоғамдық судьялар). Кәсіби судьялар да өз кезегінде бірнеше топтарға бөлінеді: 1) кәсіби судья; 2) сынақ мерзімінен өтуші судья; 3) судья міндетін орындауға тапсырыс берілген судья. әкімшілік соттар туралы Заңда судьялардың мәртебесін реттейтін қосымша нұсқамалар белгіленген. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген судьялардан басқа қызметті қоса атқаратын судьялар да бар. Олардың құқықтық мәртебесі судья міндетін орындауға тапсырыс берілген судьялар мәртебесіне ұқсас болғанымен, олардың арасында бірқатар алшақтықтар да бар. Кәсіби судьялар үшін сот төрелігін жүзеге асыру негізгі қызмет болып табылады. Олар оқу барысында алынған қажетті білімдерді меңгеруі шарт. Германияда сот қызметін атқарғысы келген тұлғалардың білім алу үдерісін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады: 1. Заңмен белгіленген мерзім ішінде, университеттің құқық факультеттерінде білім алу. Бұл кезең үшін заңнамамен белгіленген міндетті пәндер оқытылады және олардың құрамына азаматтық істер негізі, қылмыстық құқық, бұл пәндердің іс жүргізу бөлімдері, сонымен қатар бірқатар жалпы білім беру сипатындағы гуманитарлық пәндер оқытылады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірінші мемлекеттік емтихан тапсырылып, онда білім алған жылдардың нәтижесі бағаланады. 2. Бірінші мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін, екі жылға созылатын дайындық курсын (тәжірибе) өту қажет. Дайындық қызметін үміткер, әкімшілік мекемелер, жалпы юрисдикциядағы соттар, қаржылық соттар, еңбек даулары бойынша соттар, әлеуметтік даулар бойынша соттар, прокуратура, нотариалдық кеңселер, кәсіподақтар, кәсіпкерлер бірлестіктері сияқты түрлі мемлекеттік органдарда атқара алады. Қарастырылған мерзім біткеннен кейін, мамандыққа тікелей бағытталған екінші емтихан тапсырылады. Қарастырылған мерзім аяқталғаннан кейін болашақ судья қызметіне тікелей қатысты екінші мемлекеттік емтихан тапсырылады. Осы емтиханды сәтті тапсырған тұлғалар судья қызметін атқаруға лайықты болып есептеледі. Үміткер Судьялар туралы Заңның §9 сәйкес қойылатын кәсіби талаптарға лайық болуымен қатар, ГФР Негізгі заңының 116-бабында қарастырылғандай, неміс ұлтынан сайланады [3, 118]. Осы талаптардың барлығына сай келетін тұлғалар судьялық қызметке тағайындала алады. Қойылған талаптарға сай тұлғалар судья қызметтеріне тағайындала алады. Өмірлік судья лауазымына тағайындалу үшін үміткердің заң мамандығы бойынша үш жылдық еңбек өтілімі болуы тиіс. Аталған еңбек өтілі жоқ тұлға судья лауазымына сынақ мерзімі арқылы тағайындалады. Ол мерзім бес жылға созылады және мерзім аяқталғаннан кейін тұлғаға өмірлік судья лауазымы тағайындалады. Әкімшілік соттар туралы Заңда сонымен қатар қосымша қызмет атқаратын су- дья және тапсырыс бойынша қызмет атқаратын судья лауазымдарына тағайындау қарастырылған. Аталған санаттар арасындағы айырмашылық төмендегідей түрде белгіленеді: 1. Қосымша қызмет атқаратын судья белгілі бір уақыт шеңберінде әкімшілік судья ретінде бірнеше соттарда қызмет атқара алады. 2. Тапсырыс бойынша қызмет атқаратын су- дья әкімшілік сотта судья қызметін атқара жүріп, жоғары оқу орындарында құқық саласында оқытушы қызметін де атқара алады [4]. ISSN 1563-0285 kaznu Bulletin. international relations and international law series. №4 (68). 2014 С. Сансызбайқызы 97 Барлық санаттардағы судьяларды тағайындауды уәкілетті органдар жүзеге асырады. Олар сонымен қатар судьяларды сот мекемелеріне бөліп отырады. Лауазымға тағайындалу барысында арнайы ант қабылданады. ГФР Федералды әкімшілік сотына судьяларды Федералды президент тағайындайды. Ол мәселе федералды әділет министрлігі және судьяларды сайлау бойынша комиссия (Richterwahlausschuesse) арасындағы саяси келісім арқылы жүзеге асырылады. Комиссия құрамына жерлер министрлері және Бундестаг өкілдері кіреді. Сайлау тәртібі 1950 жылдың 25 тамызындағы судьяларды сайлау туралы арнайы Заңмен реттелген. Комиссия құрамы Бундестагтағы күштер арақатынасына байланысты бекітіледі. Дегенмен комиссия құрамын бекіту саяси келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Жерлерде қызмет атқару тәртібі жерлердің заңнамалары арқылы бекітіледі және ол заңнамалар шенеуніктер туралы Федералды заңның негіздеріне сәйкес келеді. Заңның 72, 73-баптарына сәйкес, жерлерде судьялар кеңесі құрылған, олар судьялардың жалпы және әлеуметтік мәселелерімен айналысады. Кеңес Президиумы лауазымға тағайындалатын судьялардың жеке және кәсіби қасиеттері туралы пікірлерін дәйектейтін жазбаша кепілдеме береді [5, 121]. Судья қызметінен алу тәртібі заңға сәйкес, тұлғаның ГФР азаматы деген мәртебесінен айырылуына, әскери қызметке шақырылуына немесе әскери мекемелермен шарт жасасуына, басқа қызметке ауысуына байланысты жүргізіледі. Сонымен қатар заңмен белгіленген жас өлшемінен асу, мемлекеттік қызметті басқару саласындағы мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз ұзақ мерзім бойынша шетелде тұру, ант беруден бас тарту, өз еркімен қызметтен кету туралы арыз жазуы барысында да судья қызметінен алынады. Сынақ мерзіміне алынған судьялар және тапсырыс бойынша қызмет атқаратын судьялар үшін қызметтен алынудың ерекше жағдайлары қарастырылған. Атап айтқанда, сынақ мерзімінде қызмет атқаратын судья алты ай, он екі ай, он сегіз ай, жиырма төртінші ай мерзімдері өткен уақытта ғана лауазымынан алынады [6, 14]. Судья және мемлекет арасындағы еңбек қатынастары сот үкімі бойынша тоқтатылады. Үкім бойынша, отанына опасыздық жасады деген айып тағылған кезде немесе басқа да мемлекеттік қылмыс жасаған кезде бір жылдан бастап бас бостандығынан айыру көзделген. Әкімшілік әділет жүйесінің соттары басқару билігінен тәуелсіз. Әкімшілік әділет тәуелсіздігі екі деңгейде жүзеге асырылады: біріншіден, әкімшілік соттар деңгейінде. Екіншіден, әкімшілік әділет соттарының тәуелсіздігі бірқатар кепілдіктер арқылы айқындалады. Судьялар туралы заңның 25-бабының ережесі негізгі ереже болып табылады. Ол бойынша, судья тәуелсіз және өз қызметінде тек қана заңға бағынады. Судья қызметінен ауыстыру және шеттету тек заңды күшіне енген сот үкімі арқылы ғана жүзеге асырылады. Судьялардың екінші тобы кәсіби емес немесе қоғамдық судьяларға келетін болсақ, кәсіби емес судьялардың сот процесіне қатысу мақсаты, азаматтардың сот төрелігін атқару мәселесіне қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттегі демократиялық үрдістер айқындалады. Заң бойынша кәсіби емес судьялар, кәсіби судьялармен тең құқықта ауызша талқылау барысында, шешім қабылдау кезеңіне қатыса алады. Кәсіби емесе судья болуға үміткер ГФР Негізгі заңына сәйкес неміс ұлтынан болуы, 30 жасқа толуы, тиісті сот округінде тұруы қажет. Кәсіби емес судья қызметіне, сот шешімі бойынша жария лауазымдарға тағайындалуға тыйым салынған тұлғалар және бір жарым жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған тұлғалар тағайындала алмайды [5, 125]. Әкімшілік соттар туралы Заңның 3-тармағының 21-бабына сәйкес, жерлердің заң шығарушы органдарына сайлану құқығы жоқ тұлғалар құрметті судьялар қызметін атқара алмайды. Осы бап ережелеріне сәйкес, банкрот ретінде танылған тұлғалар да тағайындалуға жатпайды. Сонымен қатар кәсіби емес судьялар ретінде қызмет атқара алмайтын тұлғалардың төмендегідей санаттары да бекітілген: 1) Бундестаг, Еуропалық парламент, жерлердің заң шығарушы органдарының депутаты болса және федералды немесе жерлер үкіметінің құрамына кірсе; 2) кәсіби судья лауазымын атқарса; 3) кәсіби мемлекеттік қызметкер болса; 4) мерзімді әскери қызметте немесе шарт бойынша әскери қызметте болса; 5) адвокат немесе нотариус болса. Әкімшілік соттар туралы Заңның 23-тармағына сәйкес, аталған міндеттерден төмендегідей тұлғалар бас тарта алады: 1) діни қызметкерлер; 2) басқа соттардың кәсіби емес судьялары; 3) сегіз жыл мерзім ішінде қоғамдық (кәсіби емес) судьялар қызметін атқарған тұлғалар; 4) дәрігерлер, санитарлар, акушерлер; 5) 65 жасқа жеткен тұлғалар [4]. ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №4 (68). 2014 98 Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі Әкімшілік соттар туралы Заңның 24-тармағына сәйкес, тұлға төмендегідей жағдайларда құрметті судья лауазымынан босатылады: 1) лауазымды міндеттерін бұзған жағдайда; 2) лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті тұлғалық қасиеттері болмаған жағдайда; 5) қарастырылған сот округі шеңберінен тыс жерге қоныс аударса [4]. Қоғамдық судьяларды сайлау қажетті қойылатын талаптарға сай келетін тұлғалар тізімі негізінде жүргізіледі. Сайлау процесі шартты түрде екі кезеңде жүргізіледі. Бастапқы кезеңде әрбір төрт жыл сайын сот округтерінде құрастырылатын жалпы тізімдер сот округіне кіретін тиісті қауымдардың өкілетті органдарында бекітіледі. Екінші кезеңде қоғамдық судьяларды сайлау бойынша арнайы комиссия берілген тізім ішінен лайықты тұлғаларды іріктеп алып, оларды талқылаудан өткізеді [6, 15]. Қоғамдық судьяларды тиісті органдарға бөлуді әкімшілік соттың президиумы жүргізеді. Қоғамдық судьялар өз қызметтерін ақысыз негізде атқарады. Әрбір әкімшілік сотта құрметті судьяларды сайлау бойынша комиссия құрылады. Комиссия құрамына комиссия төрағасы болып табылатын әкімшілік сот президенті, жерлер үкіметінің өкілі және жеті сенім білдірілген тұлға кіреді. Сенім білдірелген тұлғалар сот округі тұрғындары ішінен немесе ландтаг комиссиясы ішінен немесе жергілікті заңға сәйкес сайланады. Әкімшілік соттың Президиумы жыл басында құрметті судьяларды шақыру тәртібін белгілейді. Әрбір палата үшін тізім құрылады, ол тізімнің құрамында он екі тұлғадан тұратын үміткерлер белгіленеді. Қажет болған жағдайда шақырылатын құрметті судьялардың қосымша тізімі де құрылады. Әкімшілік әділет соттарының арнайы соттарындағы сот құрамын қалыптастыру тәртібі жалпы соттармен ұқсас келеді. Ерекшеліктері тек қана әлеуметтік істер бойынша бірінші сатыдағы соттарда шешімді бір кәсіби судья және екі құрметті судья құрамындағы палата шешсе, әлеуметтік істер бойынша соттарда үш кәсіби судья және екі құрметті судья құрамындағы сенат шешеді [7, 31]. Федералдық әлеуметтік соттың үлкен сенатында шешімді он екі кәсіби судья және алты құрметті судья қабылдайды. Федералды қаржы соттарының сенатында және үлкен сенатында шешімдерді тек кәсіби судьялар ғана қабылдайды. Тұжырымдай келе, германдық әкімшілік сот жүйесі өзіндік ерекшелігі бар жүйе екенін байқаймыз. әкімшілік судьялардың құқықтық мәртебесі заңмен толық қарастырылып, олар тәуелсіз, жоғары кәсіби мамандар ретінде елдің құқықтық жүйесін бекітуге, сот төрелігін әділ атқаруға, заңды шешімдер шығаруға бағытталған тұлғалар екендігі айқындалады. Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі соттар құрамы және олардың өзара байланысы сот құрылымының құқығы негізгі әділет құқықтарымен, әсіресе заңды судья құқығына тығыз байланысты. Әкімшілік юрисдикция соттарының қызметі, азаматтар арасындағы және азаматтар мен атқарушы билік органдары мен оның лауазымды тұлғалары түріндегі мемлекет арасындағы қатынастарының маңыздылығына, бір ретке келтірілуіне әсер етеді.
Оставить комментарий