Гностицизм және үнді философиясы

Бұл кітаптың шағын көлемі бұл жерде гностицизм мәселесін оның бүкіл тұтастығында талқылауға мүмкіндік бермейді. Бізге әлгі, кейбір, жоғарғы даму деңгейіне жеткен мәдениеттердегі «Ұмыту мен Еске түсіру мифологиясының» даму барысында көрсету қажет. Біз үзінді келтірген гностикалық мәтіндер жанның, бір жағынан, материалдыққа (өмірге), содан кейін, өліммен пара­пар ұйқыға бата алатындығын, бірақ, екінші жағынан, жанның жерлік емес (внеземное) текті екендігін пайымдайды. Жанның материяға бойлап кетуі ауыстырып (переселение душ) қолданылмайды. Гностиктер куәнің әлдебір басқа нәрсеге қатысты екендігіне ыңғай танытады . Өздерін жерден тыс (внеземное) жаралған рухани пенделер деп есептейтін гностиктер өздерін осы дүниеге жатамыз деп ойламайды. Оның атап көрсеткеніндей, Гностиктердің қолданып жүрген тілінің негізгі сөзі — «басқа», «бөгде, бөтен» . Ең басты көңіл ашар (откровение)»ол бұл дүниеде бар болып отырса да, ол (гностик) бұл дүниеден емес, ол оған жатпайды, ол әлдебір жақтан келген» дегенге саяды . Оң Гинза (Гинза Правая) гностикке былай дейді: «Сен осыннан емессің, сенің бастау ­ тамырларың осы дүниеде емес» (XV, 20). Сол Гинзада (Гинза Левая, III, 4) былай делінеді: «Сен осыннан келген жоқсың, сенің бастау ­ тамырларың бұл дүниеде емес, сенің шежірең бүл дүниеден басталмайды: сенің ақиқат орның — Өмір аймағы (область Жизни)». «Иоанның кітабынан» мынаны оқимыз (67­6): «Мен басқа Дүниенің адамымын» . Көріп өткеніміздей, үнді философиясында, әсіресе Самхья ­ Йогада да осы сияқты келтірімдер бар. Жеке «Мен» дегеніміз — «бөгде», оның бұл дүниеге еш қатысы жоқ. Исвара Кришнаның жазғанындай (Samkhya ­ Каrіка, 19), «Мен» (Ақыл) — Өмір мен Тарих драмасының «оқшау, селсоқ, қарапайым әрекетсіз барлап тұрушысы (наблюдатель)». Оның үстіне: егер, трасмиграция циклінің білместіктен және «күнәден» ұзара беретіндігі рас болса, онда «Меннің» өмірге бойлап «батуының» себебі және Мен (purucha) мен Материя (prakriti) арасындағы шешілмейтін (немесе, дәлірек айтқанда, нақты адамның үлес ­ несібесі жағдайында шешілмейтін, әрі алдамшы болатын) қарым ­ қатынастардың пайда болуы — мәселенің мән ­ сүрі (суть) болып табылады. Қалай болғанда да, Гностиктердің пайымдауынша, ғұмыр сүрулер шырқ айналымы «Менді» ілкі туарлық (яғни, адам) күнәға батырады. Біздің зерттеулерімізге қатысты айтар болсақ, гностикалық мифтің маңыздылығы, Үндістандағы философиялық ой ­ машығы (мышление) да сияқты, адамның, сол адамның өзін жасаған ілкі бастаулық драмаға деген қарым ­ қатынасын өздерінше түстеп ­ жоритындығын да болып отыр.

Читайте также:  Мәдениеттің құлдырауы және қайта өрлеуі

Бағзы (архаикалық) діндердегі сияқты (алдыңғы тарауларда біздің тарапымыздан зерттелген, гностикалық философияда да мифтік уақыттарда болып өткен драманы танып­білудің (немесе, дұрысырағы, еске түсірудің) маңызды. Бірақ, бағзы қоғамдардағы, мифтік бейнелерді қабылдап алып, оз басына ілкі бастаулық оқиғалардың салдарының барлық жауапкершілігін арқалайтын адамнан айырмашылығы, гностикалық философияны ұстанушы мифті, сол оқиғалардың нәтижесінен өздерін бөлектеу (отмежеваться) үшін зерттейді. Құдды өлімге ұқсас ұйқысынан оянған гностик (және Самхья ­ Йоганың шәкірті де), миф әңгімелеп берген ілкі бастаулық апат үшін өзінің ешқандай жауапты емес екендігін, олай болса өзінің Өмірге, Дүниеге және Тарихқа ешқандай болымды (реалды) қатысы жоқ екендігін түсінеді. Гностик, және Самхья ­ Йоганың шәкірті де өзінің нағыз «Менін «ұмытқан күнәсі үшін жазасын алып болған. Адамның ғұмырын құраушы үзіліссіз азаптанулар, ояну сәтінде (сонымен бір мезгілде anamnesis уақыты болып табылатын) жоғалады. Мұндай ояну тарихқа, әсіресе қазіргі заманғы тарихқа деген толық «бәрібірлік» (селқостық) түрінде көрінеді. Ілкі бастаулық оқиғалар жөнінде баян ететін миф қана маңызды. Аңызды өткен шақта өткен оқиғалар да еленуге тұрарлық, өйткені, оларды танып­білу барысында ғана адам өзінің кәміл табиғаты жөнінде өзіне есеп бере бастайды және оянады. Таза тарихи оқиғалардың (мәселен, Троя соғысы, македондық Ескендірдің жорықтары, Юлий Цезарьді өлтіру) ешқандай мәні жоқ, өйткені олардың ешқандай сотериологиялық мазмұны да жоқ.

Оставить комментарий