Гомер туралы қазақша

Ұлы діни тұлғалардың арасындағы, ең алдымен, реформаторлар мен пайғамбарлардың, және дәстүрлі мифологиялық схемалардың арасындағы байланысты зерттеу керек-ақ. Бұрынғы отарлардағы халықтардың миссиялық көне милленаристік қозғалыстары зерттеулерге қажетті сарқылмас өріс деп айтуға болады. Заратуштраның иран мифологиясына, Будданың — Үндістандағы дәстүрлі мифологияға жасаған ықпалын қандай да бір мөлшерде қалпына келтіруге болады. Иудаизм туралы айтар болсақ, пайғамбарлар жүзеге асырған елеулі «демифизация» жөнінде бұрыннан белгілі. Осынау шағын кітаптың көлемі осы мәселелерді, талқылауға тұралық мөлшерде талқылауға мүмкіндік бермейді. Біз грек мифологиясына (оның өзіне емес, оны христиандықпен сабақтастыратын кейбір моменттерге) өтуді қажет деп есептейміз. Грек мифологиясы туралы ішкі тебіреніссіз сөз қозғау қиын. Өйткені, нақ осы Грекияда миф эпикалық поэзияға, трагедия мен комедияға, сондай­ақ, пластикалық өнерге шабыт мен бағыт беріп отырды, екінші жағынан, нақ осы грек мәдениетінде миф ұзаққа созылған және тереңдетілген талдауға тап болды, нәтижесінде ол түбегейлі түрде «демифтенген» болып шықты.

Ионийлық рационализмнің самғауы «классикалық» мифологияны, өз көрінімін Гомер мен Гесиодтың туындыларында тапқан, үсті­үстіне кеміре бастаған сынмен тұспа ­ тұс болып шықты. Егер европалық тілдердің барлығында «миф» деген сөз «ойдан шығарылған» дегенді білдіріп отырса, онда ол осыдан жиырма бес ғасыр бұрынғы гректердің осылай деп қорытуының салдарынан болып отыр. Қалаймыз ба, қаламаймыз ба, бірақ грек мифін, ең құрығанда, батыстық типтегі мәдениет ауқымындағы, түстеп ­ жорудың барлық талпыныстары, азды­көпті мөлшерде грек рационалисттерінің сынының алдын­ала белгілеген сарыны бойынша анықталады. Көріп отырғанымыздай, бұл сынның «мифологиялық ой ­ машығы (мышление)» деуге болатын нәрсеге, немесе осылармен анықталатын жүріп­тұру формаларына қарсы бағытталуы сирек болған. Сын, ең алдымен, (Гомер мен Гесиод шығармаларында баян болған) құдайлардың жүріс­тұрысына қатысты еді. Ксенофон полинезиялық космогониялық мифке, немесе, Ригведа сияқты елеңсіз (абстрактный) ведалық мифке қалай қарар еді? Бірақ мұны қалай білуге болады? Рационалисттердің шабуылының нысанасы тәңір иелердің (божества) күләйлан (взбалмошное) жүріс­тұрысы мен жөнсіз наздары (каприз), олардың әділетсіз әрекеттері, сондай­ақ, олардың «көргенсіздігі» (аморальность) болғандығын баса атап көрсету Олардың негізгі сыни дүрсе қоя берулері, Құдай кәміл Құдай білімсіз, бола алмайды. Осыған ұқсас сынды кейінірек христиандық апологеттер қабылдап алып, одан әрі үдете түсті. Ақындар келтірген құдайы болымды миф ақиқат бола алмайды деген тезис, бастапқыда интеллектуалдық трек элитасының ортасында, кейінірек, христиандықтың жеңісінен кейін, бүкіл грек ­ роман дүниесінде үстемдікке болып шықты. Бірақ, Гомердің теолог та, мифограф та болмағандығын естен шығармаған жөн. Ол грек діні мен мифологиясының бүкіл тұтастығын барынша толық (аяқталған) және жүйелі түрде ұсынушының орнына таласпаған.

Читайте также:  Әлем тарихы морфологиясының очерктері

Платонның айтқанындай, Гомер бүкіл Грекияны тәрбиелеген де шығар, бірақ ол өзінің поэмаларын барынша тар ауқымды аудиторияға — әскери және феодалдық аристократия үшін арнаған болатын. Оның әдеби генийі ғажайып еліткіштік қасиетке ие болды, оның шығармалары трек мәдениетінің қалыптасуына және тұтастануына түрткі болды. Бірақ, ол мифология туралы трактат жазбағандықтан, грек дүниесінде бар болған барлық мифологиялық тақырыптарды түрлеп ­ түстеп шығу оның міндетіне кірмеген еді. Ол сондай ­ ақ, көбіне ­ көп патриархалды және әскери болған аудиториясы үшін қызықты болмайтын басқа елдердің діни және мифологиялық тұжырымдамаларына көңіл аударуды да мақсат қылған жоқ. Гомердің шығармаларынан, біз, грек мифологиясындағы түнгі, тоникалық деп аталатын мотивтер жөнінде ештеңе таппаймыз. Сексуалдық және тумыштық, өлім және о дүниелік өмір сияқты діни идеялардың маңыздылығын бізге анағүрлым кейініректегі авторлар немесе археологиялық зерттеулер ашып береді. Нақ осы, құдайлар мен олар туралы мифтердің гомерлік тұжырымдамасы дүние жүзінде орнықты және классикалық дәуірдің суретшілерінің пәрменінің арқасында біржолата, олардың жасаған архетиптерінің уақыттан тыс қаһанында бекітілді. Бұл жерде Гомердің ұлылығы мен асыл тектілігі және оның батыс европалық сана ­ сезімді қалыптастырудағы рөлі туралы айтып жату артық болар. ()сынау бір «кәміл формалар» дүниесіне шомып кету үшін Вальтер Оттоның «Грекия құдайлары» деген туындысын оқып шықса жетіп жатыр. Әрине, Гомердің генийі мен классикалық өнер осы құдайы толымды дүниеге теңдеусіз жарқыл берді, бірақ, бүл, олардың urn бермегенінің барлығы анық емес, түнеріңкі, пәс және ортаң қол дегенді білдірмеуі тиіс. Мәселен, онсыз Грекияны түсіну мүмкін болмайтын, Гомердің шығармасында оның жастық шағының жай­жапсары жөнінде үстірт, емеурінді түрде атап қана өтілген Дионис те бар болатын. Ал, тарихшылардың және эрудиттердің сақтап қалған мифологиялық фрагменттері бізді ұлылығынан айырылмаған рухани дүниеге кіргізеді емес пе. Осынау, жалпы мән ­ мағынасында гомерлік және «классикалық» деуге болмайтын мифтер, сірә, халықтық болып табылады. Олар, рационалисті сынның қиратқыш өсерін сезінбей, бірнеше ғасыр бойына жоғарғы мәдениеттің шеткері қияндарында сақталып қалды. Осы халықтық мифологияның сарқындары грек және басқа да жерорта теңіздік сенім­ нанымдарда өмір сүріп жатуы мүмкін. Біз бұл мәселеге әлі де қайта оралатын боламыз.

Читайте также:  Орта ғасырлардың эсхатологиялық мифологиясы

Оставить комментарий