Гоминдандық Қытай үстемдігі дәуіріндегі ұйғыр әдебиеті

Қытайдағы ұйғыр әдебиеті тарихын зерттеушілер бұл дәуірдегі әдебиетті «Ұйғыр әзіргі заман әдебиеті» деп атап, оған негіз болған қоғамдық, саяси, әдеби құбылыстар мен оқиғаларды баяндау арқылы түсіндіруге ұмтылады. Қоғамдық тарихты уақыт аясында бұлай дәуірлеудің пәлендей оғаштығы жоқ. Алайда, кез­келген бір ұлттың әдебиет тарихын дәуірлеуде аттап етуге болмайтын қалыптасқан заңдылық бар екенін, яғни ұлттың қоғамдық тарихында болып өткен тарихи оқиғалар барысында пайда болып, жетекші орынға шыққан ұлттық санасы мен ұлттық идеологиясы қандай болған, сол ұлттың алдында тұрған шешілуге тиісті көкейкесті мәселе не еді, оны сол дәуірде дүниеге келген әдебиет қандай әдіс­тәсіл, көркем құраллдар арқылы бейнелеп, қандай өзекті тақырыптарды көтерген, әдебиеттің тілі, мүмкіндіктері қандай болған деген сияқты келелі мәселелерге толымды, нақты, шыншыл, саяси биліктің өктемдігінен бейтарап жағдайда жауап беруге тура келеді. Біз қарастырып отырған дәуірдегі ұйғыр әдебиетін дәуірлеу мәселесі сондықтан да тек Қытай қоғамында болып өткен саяси, әскери, дипломатиялық оқиғалар сүрлеуімен сырғыта баяндауға келмейді деп қараймыз. Өйткені, ХХ ғасырдың алғашқы жарымында Қытай халқы қандай саяси ұрандармен, қандай күрес жүргізгеніне қарамай, Шығыс Түркістан халқы, оның ішінде ұйғыр халқы, тек қана ұлттық­ мемлекеттік тәуелсіздік үшін жан алып, жан беріскен ұлт­азаттық ұранын басшылыққа алған болатын. Сондықтан да бұл дәуірдегі әдебиетті «Гоминдандық Қытай үстемдігі кезіндегі ұлт­азаттық дәуірі әдебиеті» деп атау тарихи шындыққа сай келеді деп қарадық. Коммунистік тоталитарлық жүйенің темір пердесін кеше ғана сыпырған қазақстандық әдебиеттану ғылымы әдебиет тарихын бүгінгі тәуелсіз қазақ мемлекеті талаптарына сай қайа зерттеу, зерделеуге қадам тастағанымен, ескі сүрлеуден толық шыға алмай, қазақ әдебиетін дәуірлеу мен, кеңестік кезеңде жазылған әдеби шығармаларды, оның авторларын қалай бағалап, саралау, сараптау жөнінде бірлікке келген көзқарас қалыптаса қоймағаны бүгінгі өмірдің нақты шындығы. Ал, коммунистік, социалистік реализм принциптері деген қатып­семген қағидалардан айрылмай отырған көрші елдегі жағдайға әрине түсіністікпен қараймыз. «Ұйғыр әдебиеті тарихы» авторларының бұл кезең әдебиетінің басты ерекшеліктері туралы жасаған пайымдауларының ғылыми негізі орнықты екенінде көзіміз жетіп, риза болғанымызды, өз зерттеулерімізде оған белгілі бағдар тұтқанымызды да айта кеткіміз келеді. Авторлар ұжымының мынадай салиқалы тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымызда ылғи да назарымызда болды: «Адамзат тарихында зор бұрылыс жасап, адамдардың өзін қайта тану дәуіріне жаңалыққа, ойлы толғанысқа толы жаңа дәуірге бастап әкелген ХХ ғасыр ұйғыр әдебиетінеде де жаңа бір тарихи дәуірдің бетін ашып берді. Ұйғыр әдебиетінің «Ұйғыр әзіргі заман әдебиеті» деп аталған осы тарихи дәуірі, ұйғыр әдебиетінде он неше ғасырдан бері үздіксіз жалғасып келген классикалық әдебиеттің аса бағалы дәстүрлеріне мұрагерлік етуде, сондай­ақ осы дәуірдің ағымы, талабы мен қажеттілігіне үйлесуде болсын, тақырып, мазмұн, бағдар жағынан және жанр, түр, стил жағынан болсын, тіл жөнінен болсын белгілі дәрежеде жаңару, баюға бет алып, заманауи өміршендікке жеткізіп, жаңа бір әдебиет тарихын ашқандығы, сонымен бірге ұйғыр бүгінгі заман әдебиетінің негізі – іргетасы бола алғаны тәрізді ерекшеліктерімен ұйғыр әдебиет тарихында ғана емес, ұйғырдың әлеуметтік даму тарихы, пәлсапа, идея тарихы және мәдениет тарихында да маңызды орын алады.» [159]

Сөз болып отырған «Ұйғыр әзіргі заман әдебиеті» туралы зерттеулер Қазақстанда ертерек қолға алынып, белгілі ғылыми еңбектер жазылып, оқулықтар құрастырыла бастағанымен Кеңестер Одағы мен ҚХР арасындағы аумалы­төкпелі саяси жағдайларға байланысты жүйелі, тереңдей зерттеу ісі баяулап қалғаны байқалады. Ал Шығыс Түркістандық ұйғыр ағайындар Қытайда жүргізілген саяси науқандарымен репрессиялық жаныштаулар (1958­1978) кесірінен тек 1980­жылдардан былай қарай ғана шындап айналыса бастады, әрі қыруар іс тындырып, өткеннің өкіншіті оқылықтарын толтыруға өз үлестерін қосқаны көрініп тұр. Біз қарастырып отырған дәуір әдебиетіндегі басты ерекшеліктері мен саяси тұжырымдамаларымызда түбірлі өзгешеліктер, пікір ұқсамастықтары бар болса да, ғылымға, ғылыми көзқарастардың алуан түрлілігіне құрмет ету тұрғысынан бір­бірімізді кінәлауға хақымыз жоқ. «Ұйғыр әзіргі заман әдебиеті» дегеннің біздің ұғымымыздағы екінші атауы, әрі тарихи, саяси сипаты жағынан үйлесімдісі «Гоминдандық Қытай үстемдігі дәуіріндегі әзіргі заман ұйғыр әдебиеті» деп атауға, ал оның тарихи мерзімі 1911­1949­жылдарды қамтуы керек демекпіз. Осы тарихи кезеңді біз жалпылай «Гоминдандық Қытай үстемдігі дәуірі» деп ала отырып, оны өз ішінен «миллитарист генерал Яң Зыңшың билігі кезеңіндегі (1912­1929) ұйғыр әдебиеті» және «миллитарист Шың Шысай билігі кезеңіндегі (1933­1944) ұйғыр әдебиеті» деп, сондай­ақ 1944­1949­жылдар аралығында өмір сүрген «Шығыс түркістан жүмһүрияты тұсындағы ұйғыр әдебиеті» деген үш кезең бойынша қарастырмақшымыз. Бұл кезеңдердегі әдебиеттің пайда болу, қалыптасу тарихына, ондағы әдеби құбылыстардың ішкі мән­мағынасына көтерген тақырыптарымен қолданған әдеби тәсіл құралдарына талдау жасар болсақ, оның алғашқы өркендері сонау ғасырлар қойнауынан бастау алған классикалық ұйғыр әдебиетінде негізі қаланған гуманистік, халықшылдық, ислами құндылықтар ардақталған, мұсылман­түріктік әдебиеттен басталады. ХІХ ғасырда болып өткен аса күрделі әрі қанды оқиғалардың зардабы соншалық ауыр болғанына қарамай, ұйғыр халықының ұлттық санасы барынша өсті, ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресудің қажеттілігімен, ол мақсатқа жету үшін не істеу керегін, бұрыңғы қай кездегіден де өткір, айқын сезіне бастады. Ұлттың оянуымен, еңсесін көтеруіне ықпал еткен ішкі­сыртқы себептер мен тарихи жағдайларды былайша саралап талдауға болады: 1. 1825­жылғы Алтышаһарды дүр сілкінткен Жаһангер Қожа бастаған ұлт­азаттық көтерілісінен бастап, 1864­жылғы Садыр Палуан, Абдурасул бектер бастаған Іле халқының ұлт­азаттығы көтерлісі барысыныда дүниеге келген «Іле сұлтандығына» байланысты туған халық қошақтары мен Нозұгум жырлары, «Ғазат Дер Мүлки Чын», «Шерһи Шікесте» дастандары ұйғыр әдебиетіндегі ұлт­азаттық күрескерлері рухын жырлаған алғашқы реалистік­ жауынгер, отаншыл әдебиеттің тұңғыш перзенттері ретінде қарастырылғаны жөн. Ал, 1866­жылдан бастап он жыл салтанат құрған Яқұб бек Бедәулеттің Қашқар­Алтышаһар мемлекетінің тыныс­тіршілігіне байланысты және ол мемлекеттің Манжур­Қытай империясы тарапынан жойылуының алды­артында өмірге келген әдебиет негізінен ұлттық рухтың өрлеуінен әлсіреп, құлдырауын көрсететін тезкирешілдік пен ғазалшіліктен көрініс тапты. Басқаша айтқанда Молла Мұса Сайрами сияқты аса білмдар, отаншыл, адал, мұсылман ойшылдардың тарихи оқиғалардың мән­жайын, тәжірибе­ сабақтарын, себеп­салдарын ой елегінен өткізе отырып жазған тарихи жазбалары, өлең­дастандары өзінен кейінгі ұрпаққа ақыл­кеңес, өсиет, аманат болып қалды. 2.

Читайте также:  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

ХІХ ғасырдың соңына ала бүкіл әлемде, мұсылман­түрік дүниясында, сондай­ақ Орталық Азия елдерінде болып жатқан ғаламат өзгерістер, түрік халықтарының орыс отаршылдығы мен еуропалықтардың озбырлығына қарсы тегеурінді ұлт­азаттық көтерілістері, сондай­ақ техникалық жаңғыру мен рухани әлемдегі реформашыл­жәдитшілдіктің күн сайын күш алып, қоғамдық ықпалының артуына байланысты ұйғыр қоғамында пайда болған ұлттың өзін­өзі тану, басқалармен өзін салыстыру арқылы, қандай мүшкіл жағдайға, қандай себептермен тап болғанын саралайтын ұлт жанашырлары тобының бой көтерумен ерекшелене бастады. Осы дәуірдің ортақ рухы заманының аса көрнекті ақыны болған Құтлық Ажы Шәуқийдың «Ойғанды» (Оянды) атты өлеңінен анық байқалғандай. Күрес қылсақ ерік үшін, еркіндікте жасаймыз, Әзіз халқым көзіңді аш, жер мен аспан оянды. Оянғандар жасарды, ұйықтағандар қақсады, Қайғырмасаң күйіне, сұм зымыстан да оянды. Оянайық ұйқыдан, енді ұйықтау бізге жарамас, Ілім­білім үшін барша әлем оянды.[160] (еркін аударма) «Оян», осы бір ереуіл, аттанысқа шақырған ұранды сөз ХІХ ғасырдың соңында мұсылман­түрік дүниясын көктей өтіп, ХХ ғасырдың басында бүкіл Орталық Азиямен Қазақ даласын шарлап, терең ұйқыда мүлгіп жатқан Ұйғырстанға жетіп, баршаның мазасын ала бастайды. Оның нақтылы көріністері ұйғыр халқының өміріндегі жаңа ағартушылықты басшылыққа алған «Усли Жәдидшіліктің» дендеп ене бастағанынан байқалды. «Усли Жәдид» дегеніміз ­ жаңалау, жаңғырту, өзгеріс жасаудың әдісі дегенді білдіреді. Ислам­түрік қоғамын мешеуліктен құтқару үшін, ислам дінінің қағидалары мен түпкі мәніне бүтіндей жат болған ғаири наным­сенімдер, кертартпа қағида жосындарды тәрк етіп, Құран Кәрімде айрықша мән бере нұсқалған дін мен ғылым­білімнің біртұтастығын, оның ерекше орнын қалпына келтіру керектігі, ол үшін оқу­ағартуды жаңалап, пәнни мектептерді көптеп ашу арқылы халықтың көзін ашып, санасын ояту, басқа елдер қол жеткізген ғылыми­техникалық жетістіктерді игергенде ғана мешеуліктен құтылып, ұлтты теңдікке, азаттыққа жеткізуге болады деген қорытындыға келген болатын. Шығыс Түркістан жағдайында ол мақсатқа жетудің алғашқы нақты қадамдары ретінде, Қазан, Уфа, сондай­ақ Орта Азияның басқа да қалаларында жарық көрген «Тержіман», «Шора», «Тіл жарысы» газет­журнал, кітапшаларды көптеп әкеліп, халыққа жеткізудің ерекше маңызды болғанын атап айтуға болады. Жоғарыда атап өткеніміздей ұйғыр әдебиетіндегі жаңа ағымның пайда болып, қанат жаюына Шағатай жазу үлгісінде баспадан шыққан татар, башқұрт, түрік, өзбек кітаптарымен бірге Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағының» да игі ықпалы болғанын Әбдұхалық Ұйғырдың өлеңдерінен анық байқай аламыз. 3. Шығыс Түркістандағы жәдитшілдіктің мән­маңызын, ерекше қажеттілігін танып жеткендер негізінен Абдұқадр Домолла бастаған шет елдерде оқып, сауда жасап, ел көріп, жер таныған ұйғыр зиялылары болды. Ақын, баспагер Құтлұқ Ажы Шәуқий, ақын Абдухалық ұйғыр, ақын Насұһа Иминдер мектеп ашып, жаңашыл өлеңдер жазып, газет­журналдар шығарып ағартушылықты жолға қоюға күш салды. Бұлардың арасынан Абдуқадр Дамолламның ерекше орны болғанын, ұйғыр қоғамындағы «Усли Жәдидшілдіктің» бастамашысы әрі ұйымдастырушысы, сондай­ақ жалынды үгітшісі болғанын, ақырында кертартпа қара күштерірдің қастандығына ұшырап шәһит кеткендігін атап айту керек. Отарлық бұғауда тұншығып, езілген халықтың мұңын мұңдасудың орнына адам төзгісіз жауздыққа барған кертпртпаларды өлтіре сынаған ақын Насұһа Иминнің ашына жазған бір өлеңінде: Шарапатты жақсылар қалмады, қалды кесапаттар, Парсатты қаламгер жоқ, басшы болды мақлұқаттар. Бастық болу үшін жиған­тергенін сарп еткенін біл, Сендерге сонша не көрінді сәбилер, ей мақлұқаттар…, ­ деп «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап» дейтін Абай Құнанбаев поэзиясымен үндесіп жатқанын көреміз. 4. Кеңес өкіметін құрумен аяқталған «Қазан төңкерісінің дүмпуі шын мәнінде Шығыстың езілген отар халықтарына зор ықпал еткені тарихи шындық болатын. Ұлт­азаттық күресін жаңа белеске көтеруде Манжур­Қытай отаршылдарының ұлттық­отарлық езгісінен әбден кедейленіп, жан бағыс үшін Орталық Азиядағы Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға жалданып жұмыс істеуге келген батырақ дихандар мен малшылар, сауда жасау үшін шыққан ұсақ саудагерлердің ел көріп, жер көру барысында көзі ашылып, ұлттық санасының оянып қайтуының әсері де зор болды.

Читайте также:  Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйесін пайдаланудың модельдері мен әдістері

1905 жылғы және 1917 жылғы бірінші, екінші реткі орыс революциясының желіктіргіш ықпалы халықтың ой­санасына қозғау салып, олардың азаттық күрес жолына түсуіне түрткі болғаны тарихи шындық еді. Ең бастысы, бұл елдерде баспа бетін көрген газет­журнал, әдеби, саяси кітаптар түрлі жолдармен Іле, Алтышаһар халқына жетіп, бірте­бірте тарала бастауы да қозғаушы күшке айналды. Ол басылымдарда Шығыс Түркістан халықтары өміріне байланысты жаңалықтар да жарияланып тұрушы еді. Большевиктік үгіт­насихаттың құлаққа жылы естілетін ұрандары мен уәделері бүкіл шығыс халықтарының назарын аударып, азаттық күреске еліктіргені де тарихтан белгілі. 5. Шығыс Түркістан халқының ұлттық санасын оятуда «Ұйғұр баласы» деген лақап атпен баспасөзде таныла бастаған Назар Қожа Әбдісәметовтың 1910­1920 жылдар аралығында Ұйғыр тарихы мен мәдениетіне арнап жазған әңгіме, повестері мен өлеңдерінің ұйғыр халқына әсері күшті болды. Сол қатарда ақын Молла Ниязи 1921 жылы жазған «Күйдірілген жауһарлар», «Өлке жұртшылығына үндеу» атты өлеңдерінде халықты өз байлығын аялауға, шетелдіктердің сұғанақ тонаушылығына жол бермеуге шақырып отаншылдық ұран тастайды. Біз тақырып етіп алып отырған ұйғыр әдебиетіндегі ұлттық сана мен ұлттық идеяның көріністері дәл осы тұста барынша ашық әрі батылдықпен жазылған әдеби шығармалардың өзегіне айналды. 6. Сөз болып отырған дәуір әдебиетінде пайда болып, қалыптаса бастаған ұлттық ой­сананы дәріптеп, орнықтыруда жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан ұлттық бспагерліктің қызметі ерекше болды. Мәселен, ең алғашқылардың бірі болып Құлжа қаласында Әбдіқайым Әпенді деген отаншыл азамат 1910 жылы «Іле уалаяты газеті» және 1911 жылы «Иыңі Ілі газеті» дегендерді шығарса, Үсейін Бек, пазыл Юнұстер 1919 жылы «Һөр сөз газетін» шығара бастайды. Ал, Қашқарда 1918 жылы Құтлұқ Ажы Шәуқи «Аң» (сана) газетін, Шәуешекте Нияз Ысқақий «Бізінің Тауш» газетін 1928 жылы шығара бастады. Осы газеттерде әдеби шығармаларға тиісті орын беріп, озық ойлы өлең жырлар жарияланып тұрды. Ұйғыр әдебиеті тарихының осы кезеңдегі баспасөзі жөнінде зерттеу жүргізген әдебиетшілердің мәліметіне қарағанда [161] 1923­ 1924 жылдары Қашқарда басылған «Ойған уә инқылаб әшарлыры» (Оян және төңкеріс жырлары), «Асарет уә залалетке от яқ» (Құрсау мен меңреулікке от қой ) қатарлы жинақтарда сол заманның белгілі ақындары Наурыз Юсуб, Құтлұқ Шәуқы, Мұса Хотаний, Молла Назым Молла Ниязий, Іззет Ел Қашқарилардың көптеген өлеңдері жарияланды. Бұл ақындар шығармаларында дәстүрлі классикалық ұйғыр әдебиетіндегі басты әдеби ерекшеліктерді, әдіс­тәсілдерді өз заманының талап­тілектеріне сәйкестендіріп тақырып, түр, стиль және тіл ерекшеліктері жөнінен жаңаша байытып, әдебиеттің халықтық, өмірлік мәнін аша түскені байқалады. әсіресе, поэзия тілі осы заманғы ұйғыр әдеби тіліне негіз болған халықтық көркем тілдің қалыптасуына ұйтқы болды. Біз төменде жеке­жеке тоқталып өтетін көрнекті қаламгерлер Назар Қожа Әбдісаметов, Абдұқадыр Дамолла, Құтлұқ Ажы Шәуқий, Абдұхалық Ұйғұр, Насұһа Иминдердің миллитарист Қытай генералдары жүргізген ақ террорлықтары тұсындағы жанқиярлық ерен еңбектері арқасында пайда болған жаңа ұлт­азаттық күресі идеясының ықпал­әсерінен бөле қарауға әсте болмайды. Сол жаңашыл ұлттық сана туын көтерген серкелердің ізін баса шыққан Абдолла Дамолла Неимй, Абдұрасұл Әбдіқеииұми, Имин мырза ибн Мұхаммед Тоқты, Тоқты Ақұн, Тұрахұн Тоқты, Сәбит Ажы, Юсуп Ғариби, Молла Розмет, Һапыз ажы, Исмайыл Ажы, Аруп Қасими, Һемра барат, Құләлем, Қарий Бағыз Тұрды, Даныш Әнефи, Молла Даут, Салиһ дамолла Ажы, Абдолла Садық, Әбдірейім Ажы, Қадырхан Қожа қатарлы ақындардың ХХ ғасырдың бас кезінде үдере қозғалып, заман ағымына ілесе дамыған ұлт­азаттық рухын ту еткен жаңа әдебиетінің негізін қалаушылар ретінде ұйғыр әдебиеті тарихындағы орыны айрықша. Бұл жөнінде қазақстандық ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Әбдірахманов былайша ой толғайды: «Отан тақырыбы әдебиетімізде үздіксіз жалғасып қана қойған жоқ, ол барған сайын өміршең әрі жауынгер­ереуілшілдікке ұласып жатты. ХІХ ғасырда ұйғыр әдебиеті өз дамуының жаңа баспалдағына көтерілді, бұл даму алдымен ұлт­азаттық күрес тақырыбының жетекші орынға көтерілгенінен байқалды.» [162] Төменде біз қарастырып отырған дәуір әдебиетінің басты­басты өкілдерінің шығармашылық ғұмыры жөнінде қысқаша тоқталып өту арқылы бұған дейін қорыта, түйіндей сөз еткен әдеби құбылыстар мен ұлттық сана, ұлт­азаттық идея көріністерін нақтылауға ұмтыламыз.

Читайте также:  ФИЗИКАЛЫҚ­ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Оставить комментарий