Загрузка…

Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ТАС ДӘУIРI ЕСКЕРТКIШТЕРIН ЗЕРТТЕУI

Қазақстан археологиясының күрделі мәселелерінің бірі республиканың ежелгі тарихын, бәрінен бұрын ежелгі тас дәуірін зерттеу болды. Орталық Қазақстанның тас дәуірі 282 ескеркіштерін ОҚАЭ зерттеді. Осы экспедицияның жетекшісі Ә.Х. Марғұлан археология ғылымының барлық салаларын жетік меңгерген ғалым.Оның неолит кезеңінің қабірлерінің сипаттамаларынан басталып, қола дәуірінің ескерткіштері, кен өндірісі, мыс балқыту тәсілдері мен орындары туралы жазған еңбектері қазіргі уақытта жеке-жеке ғылыми зерттеу тақырыптарына айналды. Ғалым Қазақстандағы ежелгі заман ескерткіштерінің ішінде тас дәуірі ескерткіштерінде жеке дара қазба жұмыстарын жүргізбегенімен Қазақстанда неолит мәдениетiнiң ескерткiштерi туралы зерттеулерді саралады. Соңғы 40 жыл iшiнде Қазақстанда неолит ескерткiштерiн ашу мен зерттеуде археологтар көп жұмыс атқарды. Академик Ә. Марғұланның 1998 ж. жарық көрген шығармалар жинағының 1 томында тас ғасыры ескерткіштерінің зерттелуіне жан жақты тоқталып, сараптама жасалған. Жаңа зерттеулердiң негiзiнде қола дәуiрiнiң алдында Ертiстен Торғай жазығына дейiнгi аралықта өте күштi, бiрыңғай макролиттiк мәдениет болғанын байқаймыз. Сарысу, Бөрiбас, Тұзды-сай өзендерi ауданындағы макролиттiк жер-жыртқыш құрал мұнда егiншiлiк болғанын көрсетедi. Бұдан азғана кейiнiректен соң б.з.д. төртiншi мыңжылдық неолиттiк шаруашылықтан жаңа металл мәдениетi туды. Бұл Қазақстанның неолиттiк тайпалардың өмiрiндегi төңкерiс болды деп қорытты. Қарқаралы тауының оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс жағында неолиттiк тұрақтар оңтүстiкке қарай созылып Балқаш көлiнiң солтүстiк жағасымен ұштасады. Құсақ өзенi аңғарыдағы Тоқырауын-Аягөз су айырығындағы ашылған тұрақтар iрi топтар болып саналады. Бұлардан өте алыс емес Қаршығалы өзенiнiң тұрақтары бар. Неолиттiк тұрақтар адам аз орналасқан жерде сақталған: Тоқырауын, Қарамендi — Тоқырауын өзенiнiң сол ағысы, Беғазы -Тоқырауын өзенiнің сол ағысы, Жiңiшке I, Жiңiшке II, Данблан, Ақжарық. Бетпақдаладағы ашылған неолиттiк тұрақтарға қарап — бұлардың пайда болуына екi фактор себеп болғанын көремiз — бай фауна және неолит адамының құрал жасауына негiз болатын кремен бөлшектерiнiң көптiгi. Неолит кезеңiнiң адамдары аңшылар, жинаушылар және бұған қосымша жабайы аңдарды үйге үйретушiлер, мұны сол уақыттың тасқа салынған суреттерi дәлелдейдi. Бетпақдала жерінде неолиттік тұрақтар көптеп кездеседі. Тұрақтардың орналасуы сол жердің табиғатының байлығы және кремнийдің мол қорының болуымен байланысты болуы мүмкін. Әрбір жылдың өзіндік ғылыми жемістері отандық археология тарихнамасына қосылған мол үлес болды. Бұған дейін сипатталып жазылғандар Ә. Марғұланның ой елегінен өткізіп, сараптаған еңбектерінен алынған зерттеулер. Жоғарыдағы атап өткеніміздей ғұлама ғалым далалық зерттеулермен қатар, әртүрлі ғалым зерттеушілердің еңбектерін теориялық түрде талдап, бір жүйеге келтірумен де айналысқанын көреміз. Енді Ә. Марғұланның тас дәуірінің ескерткіштерінде жүргізген зерттеулеріне тоқталсақ. Сарыарқадан қола дәуіріне дейін өмір сүрген микролиттік мәдениетті тапты. Мұның өзі тас дәуірінің соңы мен палеометал бас кезіндегі өлкені байырғы адамдардың қоныстануына қатысты сауалдарды нақтылауға септігін тигізді. Ә.Х. Марғұланның басқаруымен ОҚАЭ 1947 жылы Қызылжар станциясынан 18 шақырым жерде орналасқан Бөрібас тұрағына зерттеу жүргізді [1]. 1947 жылы академиктің басшылығымен жүргiзiлген экспедиция тұрақтың жоғарғы жағынан бiрнеше ондаған тас заттар, оның iшiнде нуклеус, үлкен мөлшердегi пышақ тәрiздi пластинка, опал мен кременнен жасалған садақ ұштарының копиясы, көптеген қыстырғыштар жинады. Мөлшерiне және архаикалық қолапайсыз түрiне қарай неолит пен энеолиттiң ерте кезеңiне жатқызылады. Неолиттiк дөңгелек қара дақ тәрiздi тұрғын үйдiң орны зерттелдi. Ол үлкен тастардан 5 м. диаметрде шеңберленген. Дақтың жанынан тас ошақ шықты. 283 Жезқазған маңайынан да далалық неолитке тән микролиттiк мәдениеттiң белгiсi бар көптеген ескерткiштер табылды. Осы ескерткiштен сол уақыттың моласы табылды. Молалар жиынтығы үш қорғаннан тұрады және ол Шом тауының биiк бойында, Жезқазған V неолиттiк ескерткiш ауданында орналасқан. Келесi осындай жиынтық Покро рудалық аймағының солтүстiк-шығыс және солтүстiк батысынан табылды. Тағы да басқалары Кресто рудалық аймағының солтүстiк және оңтүстiгiнен, Анненско рудалы аймағының оңтүстiк- батыс бөлегiнен, Желқұдық шатқалынан табылды. 103, 20 қорғандарын Н.Н. Валукинский зерттедi, ал қалғандарын Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттедi. Экспедиция Ә.Х. Марғұланның басқаруымен құрамында Г.И. Пацевич, Н.В. Валукинский және художник Ш. Кутходжин болды. Қорған 1-де 64 және 73 тұрақтарының арасында диаметрi 6 м, биiктiгi 0,6 м шамасында орналасқан. Сланц плиталарынан тас баспалдақ тәрiздi қаланған. Үйменi аршығаннан кейiн ортасынан сланц плиткалармен қоршалған мола шұңқыры шықты (биiктiгi 1,22 м, енi 0,5-0,7 м қалыңдығы 4 м). Қорғанның жұпыны түрi байлық iздеушiлердiң көңілiн аударарлықтай болмағандықтан жақсы сақталған. Мола шұңқырының түрi ерекше ұзындығы 2,2 м, енi 0,55 м, тереңдiгi 15 см-ден көп емес. Өзiнiң формасына қарай сол уақыттың үй iшiндегi Ошағын елестетедi. Шұңқырды қазған құрал 3 қорғаннан табылды. Шұңқыр жұқа сланц плиталармен жабылған, ал ендi плиталар басы мен аяғында жабылған. Скелеттiң жатысына қарап оның басы батысқа қарап, батыстан- шығысқа қарай созылып жатқанын байқау қиын емес. Шұңқырдың батыс бөлегiнде мыс рудалары үйiлiп жатыр. Қорғанның үйiндiсiнен және оның айналасынан кремен құрал- саймандар табылды. Мұндайлар Жезқазған V тұрағының мәдени қабатынан табылды. [2]. Қорған 2 бiрiншi қорғаннан солтүстiкке қарай орналасқан өлшемi мен сыртқы пiшiнi ұқсас. Диаметрi 13 м, биiктiгi 0,8 м. Ортасынан плиталы қоршау шықты. Қоршау ұзыншақ тiк бұрышты болып келедi. Алғашқы түрi тек басындағы плита болды. Ұзындығы 2,5 м, енi 0,7 м, тереңдiгi 20 см шамасындағы жерлеу шұңқырынан бүлiнген адам сүйегi шықты. Тек қалдықтарына қарап өте биiк адам қаңқасы екенiн, ал басы батысқа қарап жатқанын көремiз. Бұдан да аяқ жағынан мыс рудаларының қалдықтары табылды. Материалдық өнеркәсiптiң басқа қалдықтары табылмады. Қорған 3. 1948 жылы жүргiзiлген осы қорған қазбасынан көп ерекшелiктер табылды. Бұл қорған Жезқазғанның оңтүстiк шығыс бөлегiнде орналасқан 96, 111, 135 тұрағы жақын. Диаметрi 12 м, биiктiгi 0,8 м. Құмды плиталардан баспалдақ тәрiздi қаланған. Қорғанның iшi жақсы сақталған, құрылысыны» пiшiнi мен ауданын анықтауға жұқа сланц плиталармен қоршалған моланы анықтауға болды. Қоршау қарапайым, ешқандай геометриялық сызбаны бермейдi. ұзындығы 2,8 м, енi батыс бөлегiнде 1,64 м, шығысында 0,9 м. Батыс бөлегi дөңгелек тәрiздi, ал шығыс жағы кiретiн ауызғы бөлменi елестетедi. Бұл құрылыс Орталық Қазақстанның неолиттiк тайпаларының тұрағының формасын көрсетедi, яғни дөңгелек бөлме, ұзын бұрышталған ауызғы бөлме. Қоршаудың ортасынан тереңдiгi 0,25 м, ұзындығы 1,8 м, енi 0,56 м шұңқыр ашылды. Шұңқыр жұқа плитамен жабылған. Шұңқырдың түбiнен адам қаңқасы табылды. Жерленген адам сол жағына қарай қисайыңқырап, басы солтүстiк батысқа қарап, қолдары аздап бүгiңкi саусақтары батысқа қарап, басынан аз асып жатыр. Мәйіттің үстi (2-3 см) жұқа топырақпен жабылған. Басына қарама-қарсы оңтүстiк-батыс бұрышында шұңқырдан жоғары, формасы әр түрлi үш тас құрал шықты. Ал төртiншi құрал кiшiрек, ол өлiктiң үстiндегi қара топырақ қабатынан табылды, бесiншiсi қорғанның үстiндегi үймеден шықты. Мұндай табылған заттар Жезқазғанның ежелгi тұрақтарынан да кездестi. Тас құралдардан басқа заттар табылмады. Өлiктiң бас жағынан табылған үш құрал осы адамның жеке заттары болуы мүмкiн, ал топырақ үймесiнен табылғандар туыстарының өлiкке әкелген 284 құрбандықтары. Мұнымен қатар сол уақыттағы сенiм бойынша мола қазған құралдарды үйге қайтып әкелмейтiн болған болуы мүмкін.. Табылған құрал-саймандар мықты, ұштары өте үшкiр, бұлар неолит кезiнде және одан кейiнiгі дәуірлерде жер қазуға арналған негізгі құралдар болды. Жезқазғаннан тұрақ мен моладан табылған құрал-саймандар тұрақ пен моланың бiрге болғанын көрсетедi. Қорған 3 — 96, 111, 135 тұрағымен территориялық және генетикалық жағынан байланысты, бұлар кейiнгi неолит мәдениетiн құрайды. [3]. Әдебиеттер 1 Құрманқұлов Ж. Ғалымдардың ғалымы Әлкей Марғұлан //Әлкей Марғұлан туралды естеліктер. Құрастырушылар Марғұлан Д.Ә., Марғұлан Д.А. Алматы, «Білім», 2004, — 216-220 бб. 2 Маргулан А.Х. Неолитические стоянки Джезказгана // Прошлое Казахстана по археологическим источникам. Алма-Ата. 1976. С.2006. 3 Маргулан Д.А. Методологические проблемы исторической науки и н

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar