Халқымыздың ас беру дәстүрі туралы

Бұл жарық дүниеден өткен жақындары мен жайсаңдарын еске алып аруағына бағыштап ас беру ­ халқымыздың ежелден келе жатқан мұсылман дінін қабылдағанға дейінгі нанымдарынан ауысқан дәстүрлерінің бірі. «Өлі жебемей тірі байымайды» деген ұғыммен тамырлас бұл үрдістің мазмұны — бақиға көшкен ата­баба рухына ізінің қайырлылығын ұрпағының разылығын білдіруге сырттай желеп­жебеп жүрулерін тілек етуге саяды. Сондықтан да болар өлінің рухына арнап берілетін басқа садақаларға қарағанда аста салтанаттылық нышаны басым қаралылық сипаты жоққа тән. Аруаққа бағышталып оқылатын дұғадан басқа ырым­жоралғылардың бәрі тоймен мазмұндас рухты ұлықтай отырып тіршілікті қызықтау сипатында болып келеді. Әдетте ас қайтыс болған кісінің жыл садақасы өткізілгеннен кейін араға бірер жыл уақыт салып та әлденеше жылдардан соң да өткізіле береді. Ас беруге ниет еткен кісі оның уақытын елдің жердің жағдайына көшпелі тіршіліктің ыңғайына қарай жаздың басталуынан қоңыр күзге дейінгі аралыққа белгілеген. Асқа дайындық кемінде бір жыл бұрын елге сауын айтып ас хабарын таратудан басталады. Мәселен кезекті жиын той ас­садақада болашақ ас иесі келесі жылдың пәлен уақытында қай жерде қай құдықтың басында ас өткізілетіндігін жамағатқа жария етеді. Мұнымен шектелмей ас иесі өзімен сыйлас құда­жекжат аталас ағайындарға арнайы сауын айтатын болған. Мұндай арнайы хабар тиген ауыл иесі бай­ манабы алдағы асқа өзінше әзірлік жасай бастайды: тігетін үйлерін белгілеп оның ішкі жасау­ жабдығын жаңартады сойыстық малын іріктеп бөлекке күтімге алғызады күреске түсетін палуанын бәйгеге қосатын жүйрігін баптайды. Ауылдың әйелдер жағы құрт­ірімшік, балқаймақ қайнатып қарынға салып май сүрлеп дастархан жабдығының қамына кіріседі Сөйтіп ас болатын жерге айтылған мерзімнен бірер күн бұрын қонаққа тігетін үйлерін қызмет көрсететін күтушілерін өнерпаздарын күреске шығаратын палуандары мен бәйгеге қосатын жүйріктерін алып сойысқа малын айдап дастарханға қоятын дәмін артып кәдімгідей ырғалып­ жырғалып көшіп барады. Қызметші үйлері қазан­ошақ қонақтарға арналған үйлерден едәуір аулағырақ орналастырылып табақ тарту қымыз шұбат құйылған сабаларды жеткізу аттылы жігіттерге жүктелген. Ас иелері өте ауқатты болған жағдайда үй басына сойыстық малды қалаға шығып арнайы алдырылған бауырсақтық ұн кәмпит қант өрік мейіз сияқты тағамдарды өзі де бөліп беріп отырған. Қалай дегенмен де ас иесі біреу болғанымен оның шығынын көпшілік ортақтасып көтерген. Асқа келген қонақтарды ата­тегіне жасына байлығы мен билігіне ел арасындағы беделіне қарай орналастырып лайықты қызмет көрсету жалпы жамағаттың жағдайын жасау ас иелерінен қазіргі тілмен айтқанда асқан дипломатиялық ептілікті талап еткен. Ас барысында әлденеден көңіл қалушылық жеңіл базынадан басталып ағайын арасындағы зілді араздыққа айналған екі кісінің сәл нәрсеге ілінісіп қалуы екі ауыл тіпті екі рулы ел арасындағы сарт та сүрт төбелеске үлкен жанжалға ұласқан жағдайлар да ұшырасып отырған. Ас — ең алдымен шаруадан мойны босаған елдің шұрқырасып, табысып өткенге салауат, тіріге саламат тілесетін аруаққа дұға бағыштап ас иесіне «алла ниетіңді қабыл етсін» айтысатын жері; неше бір шешен ақылман ақсақалдардың жер мен жұрт тарихынан таратып айтқан ерлік әңгімелерін ұлттық үрдістерді тіршілік амалдарын төменгі жастар құлаққа құйып көкірекке қаттайтын үлкеннің тереңдігі кішінің берендігі танылатын ұлағат орны. Пәлен ауылда сөзге жүйрік шешен өлеңге жүйрік ақын күміс көмей әнші, дәулескер күйші өсіп келеді дегенді сырттай құлағы шалған ел ағалары мұндайда сол жастарды орталарына шақырып өнерін сынаудың жақсы ізбасарға сүйінші баталарын берудің мүмкіндігін қалт жібермеген деседі. Түскен үйлерінің жасау­жабдығының шеберлігіне дастархан берекесі мен ыдыс­аяғының тазалығына қарап қай ауылда жақсы үлгі­өнеге көрген бойжеткендердің өсіп келе жатқандығын болжап ұлдарына қалыңдықты қайдан іздейтіндіктеріне дейін ішке түйіп қоятын болған деседі. Астың ең бұқаралық жиналған жұрттың тайлы­таяғы қалмай көретін қызықтары әрине ат жарысы палуан күресі теңге ілу, жамбы ату, көкпар тарту, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар болған. Ат жарысының өзі — ошақ бәйге, аламан бәйге, жорға жарысы, құнан бәйге, тай жарысы сияқты бірнеше түрге бөлініп бұларға қоса атан жарысы, жаяу жарыс та ұйымдастырылып отырған. Ер палуандармен қоса әйел палуандардың күресін де ұйымдастырып тамашалаған. Қызыққа қымыздың буына қызынып алған көпшіліктің мешкейлер жарысын талап ететін кезі де болған. Бұл ерсі саналмаған палуан баптағандай байлар мешкейлерді де ұстап жарысқа қосып отырған көрінеді. Астан астың айырмашылығы не артықшылығы тігілген үй қатысқан адам жарыс жеңімпаздарына аталған жүлде мен санында ғана болған. Ертеректе астың аламан бәйге палуан күресі сияқты ең мәртебелі ойындарына белгіленген жүлделерге шапқыншылықта қолға түскен жетім бала қыз­келіншектерді қосып беретін болған. Кілем жапқан нар бастаған жүлде табындаған түйе үйірлеген жылқыға жеткен ұсақ мал бер жағында. Қанша мал мен зат болса да бәйге жеңімпаздарына аталған жүлденің бәрі ас иесінің өз ордасы өз қорасынан шыққан. Дәстүр бойынша ас иелері таңдаған молданың аруаққа бағыштап аят оқып жиналған бүкіл қауымның бір мезгілде қол жайып бет сипап дұға жасауымен ас иесінің үш жүзден бастап ата­ бабалары атымен шапан жауып сияпат көрсетуімен ас аяқталған. «Шүлен тарату» деп аталатын шапан жабу салты да көшпелі рулық қауымның өте бір осал кінәмшіл тұсы болғандықтан ас аяғының дау­дамайға ұласуы да әбден ықтимал. Сыйлы қонақтың өкпесінің орындылығы дәлелденген мұндай жағдайда ас иелері кешірім сұрап шапанға қоса ат та мінгізетін болған. Дүрбелеңмен басталып дүркін­дүркін дүмпуге толы болған жиырмасыншы ғасырдың басына дейін ұлан­байтақ қазақ елінің әр тұсында­ақ үш жүзге сауын айтқан астар өткізіліп келді. Маңғыстауда соңғы дәстүрлі астар 1928­1929 жылдары берілген еді деседі Бірақ ел тарихы дәстүр­салты рухани мұрасы «керекті» және «ескінің қалдығы» деп екіге жіктелген кеңестік мұраттар дәуірлей бастаған отызыншы жылдарға қарай ата­баба рухына бағыштап ас беру үрдісі де аластала бастады. Аласталған соң оның ұлттық рәсімдері де ұмытылып жадымыздан шығып әдебімізден жаңыла бастадық. Жаңылғанымыз емес пе коммунистік идеологияның құрсауынан босап тәуелсіздігімізді алып туымызды көтерген алғашқы жылдарда да кейінірек те «Өлі жебемей тірі байымайды» деп ұрандатып жүріп талай аруақты аталарымыздың рухына ата­баба салтымен ас беру орнына пәленбай жүз жылдық мерейтойларын өткізіп «той ғой» деп арақ­шарапты қымызша сапырғанымыз?!…Дүрілдеп өткен «мерейтойлардың» даңқы тараған тойдың шаңымен бірге басылып соңында із қалмағандары қаншама? Бұлардан артықшылығы десек те айырмашылығы десек те көз көрген ақиқатқа қиянат жасамаспыз Маңғыстауда Пір Бекет Мырзағұлұлының рухына арналып берілген ас аңсаған ата дәстүрімізбен атына лайық тұрғыда өтіп әлденеше мыңдаған адамдардың санасындағы рухани серпіліске көкірегіндегі жаңару мен тазаруға қозғау салды. Бұл кітап — «ғасыр асы» деп бағалауға тұрарлық Бекет Ата асына дайындықтың қалай басталып жүргізілгені өтуі мен тағылымы туралы. Ерте кезде асты әрине екінің бірі емес бай жағдайы жан­жақты сайма­сай адамдар берген. Кіші жүз ішінде Адайдың атын шығарған астың бірі — Байбақты Сырым биге берілген ас. Мұнда Сырым ауылымен құдандалы Жаңай Қожаназар ауылы сақилығымен яғни асқа апарған сойыс малымен тіккен үйінің санымен сәнімен аты шығыпты. Бұл жәйт Әбіш Кекілбайұлының «Құс қанаты» повесінде басты кейіпкер — қақыра жаулық қара кемпір аузымен былайша баяндалады: «Сөйтіп жүріп өздері сонау Байбақтының Шоланымен құда. Шоланнан Дат туғанда, Даттан Сырым тумай ма? Сырым оларды жиен тұтыпты дейді. Арқадағы асына үй апардық қырық ірі қара соғым қырық саба сауын апардық деп күпілдейді осы ауылдың екі шалының басы қосыла қалса» Шоланмен құда болған Жаңай Қожаназар дейді шежіре. Әбекеңнің арғы шешелері Сырымның немере апалары екен… Сол Қожаназарға берілген ас Жем бойында өткен. Бір жыл бұрын үш жүзге Бесқаладағы елге іргедегі түрікмен еліне сауын айтылған. Сөйтіп ол қазақпен қоса қарақалпақ түрікмен ағайындар да бас қосқан үлкен ас болды делінеді. Қожаназар байдың тұстасы бастасы Ақбота Қозыбай осы елдің кезінде беделді ақсақалдарының бірі болған. Әрі мыңдап айдаған жылқысын суарғанда Жемнің суы төрт елі ортаяды көшкенде еру болған жұртында бір­бір бота ұмыт қалады деп дәріптелген бай. Үстірттегі Уәлі құдығының басындағы биік төрткүлді ел осы күнге дейін «Қозыбай төрткүлі» дейді. Сол Қозыбай асы да Жем бойында өткен. Асқа ұзын саны 300 үй тігіліпті. Киіз үйден шыққан жұрт бір сәт салқындап сыртқа отырсын деп жағаға жақын тоғайлы алқапқа өңшең ақ киіз төселіпті. Сонда көз жетер жерді тұтас жапқан ақ киіздің жұртты таң қалдырғаны сондай жер аты кейіннен «Ақкиізтоғай» аталып кетеді. Ол әлі сол атында. Шамамен 1906 жылы берілген атақты би Есен Ермембет Тұрұлының асы да айтулы астардың бірі болып ел жадында қалған. Ермембет тоқсанға келіп толып өткен кісі деп аттың бірінші бәйгесіне үйір жылқы алтын жамбы бастаған тоғыз бәйгі тігіліпті. Жаяу жарыста бірінші келген жігіттің астына күмістелген ер тоқымды арғымақ мінгізген. Бәсекеде озып шыққан мешкейге кілем жапқан нар жетелеткен. Белгілі бір ру әулет өзара пәтуамен бірлесіп сол атаның белгілі азаматына ас беру үрдісі де болған. Ел тарихында тіпті әйел басшылығымен берілген астар да болған. Мысалы күйеуі өліп әмеңгер қайнысының қарақұлақ болуын күтіп отырған Ақжарқын дейтін әйел отызыншы жылдардың аласапыраны алдында қайын атасына арнап ас берген. Оған 90 үй тігілді әр үш үйге бір қарадан 30 қара, 300 қой, 90 қарын май, 90 батпан астық, 90 саба қымыз бен шұбат берілді деген деректер жеткен. «Көрпе Ақжарқынның асы» деп аталып кеткен бұл ас — Маңғыстаудағы соңғы астардың бірі. Әулие Бекет Атаның аруағына бағышталып заманында ас берілген­берілмегені жөнінде дерек жоқтың қасы. 1991­1992 жылдары Маңғыстауда Мырзашөлде берілген астар туралы жұртшылық кезінде хабардар етіліп ақпарат құралдарында кеңінен жазылды.

Читайте также:  Діни символизм және бүгінгі заман адамының аландаушылығы

Оставить комментарий