ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС

Опубликовано Июль 15, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазіргі өзгермелі әлемде халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен нығайту өзекті мәселе. Халықаралық қауіпсіздік дегеніміз — субъекттің сақталуы мен тәуелсіз дамуына еш қауіп-қатер болмайтын халықаралық қатынастардың орнығуы. Қауіпсіздік мәселесі – халықаралық қатынастар теориясындағы маңызды мәселелердің бірі және бүкіл халықаралық саясаттың даму үрдісімен тікелей байланысты, сондықтан да бұл мәселе үнемі мемлекет қайраткерлері мен әлемдік саясаттағы тұлғалардың назарында қала бермек. Негізгі елдің қалыпты дамуы билік институттарының тиімді іс әрекетімен тығыз байланысты. Сондықтан, саяси құрылыс пен мемлекетті сақтау механизмі ол — қажеттілік. Сонымен қатар, мұндай механизмнің қажеттілігі келесі факторлармен айқындалады: 1. Елдің келешекте және тұрақты даму құрылысын айқындауға мүмкіндік беретін «мемлекеттің өзіндік генетикалық кодын» сақтауды қамтамасыз ету. Бұл пікірді толық сипаттасақ, мемлекет өзінің даму жолын айқындап, өзінің ұлттық құндылықтары негізінде дамуы керек. 2. Іс әрекеті саяси жүйені қиратуға бағытталған жаулық пиғылдағы элементтерді мемлекеттік құрылымға кіргізбеу, жақындатпау және олардан қорғана білу. 3. Мемлекеттің ішінде және сырттан жиі өзара байланыста әрекет жасайтын, қалыпты құрылымды бұзуға жаулық пиғылдағы элементтер мен күштердің мүмкіндіктерінің өсуіне жол бермеу, олардан қорғана білу Қазіргі кезде көптеген елдерде масштабты саяси міндеттерді шешу үшін, екінші бір мемлекеттерді өз ықпалында ұстау үшін орасан зор құралдар мен қаржыны иеленген тұтастай күшті «криминальды жүйелер» жұмыс істейді. Олар: 1. Мемлекеттік саясатқа ықпал етуге тырысады. 2. ел ішіндегі ұлтшылдық және сепаратистік қозғалыстарды қолдайды 3. оларды қару жарақпен жабдықтайды 4. қарулы шиеленіс аймағындағы соғыс қимыл жүргізетін ірі әскери құрылымдарды қаржыландырады. Олардың саясатында радикализм, экспансионизм, қатігездік, адамгершілікке қарсы іс әрекет, аморальды іс басым болады.Осы іс-әрекеттерді жүзеге асырудың бірнеше амал- тәсілдері кездеседі,солардың ішіндегі қазіргі әлемдегі ең көп қолданысқа ие тәсіл — ол ақпарат арқылы мемлекетке қарсы шабуыл жасау, яғни «ақпараттық соғыс» ашу. Ақпарат – (информация infomatio латынша – түсіндіру, баяндау) ұғымы қазіргі кезеңде үш негізгі аспектіде: күнделікті қолданыста, ғылыми және философиялық мағынада қолданылады. Ақпараттық соғыс — материалдық және интеллектуалдық салаларда қандай да бір қарсыласын әлсірету, халықаралық аренадағы ықпалын төмендету, беделін түсіру немесе толық жеңіске жету мақсатында ақпараттық ресурстарын белсенді қолданып жүргізетін 135 қарсы іс-әрекеті. Мұндай қүрес, ақпараттық соғыс – қазіргі кезеңде мемлекетаралық қайшылықта, шиеленісте қолданылуды [1, с. 219]. «Ақпаратық соғыс» ұғымы ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, бұқаралық ақпараттың электрондық құралдарының дамуына орай кең қолданыла бастады [2]. «Ақпараттық соғыс» терминін алғаш рет 1980 жылдары АҚШ Қорғаныс министрлігі және АҚШ президенттері Р.Рейган мен Дж.Буш кезінде Ақ үйде ғылыми кеңесші қызметін атқарған Т.Рона 1976 жылы «Boeing» компаниясына арнап жазған «Weapon Systems and Information War»есебінде қолданғаны кіріспеде қолданды. Алайда кейбір зерттеушілер «ақпараттық соғыс» терминін алғаш рет 1985 жылы қытайлық ақпараттық соғыс теоретигі Шэй Вэйгуан енгізді деген пікір айтады.[3, 27-б]. Ақпарат – күшті қару. Қазіргі заманғы мемлекетаралық шиеленісте қарсы әрекеттің бір компоненті. Ақпараттық соғыстың басты факторларының бірі жау жүйесінің құрылымы мен параметрлерін білуге байланысты. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты — қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Өз мақсатына жету үшін қарсы жақтар ақпараттық және интеллектуалдық ресурстарына ықпал ете алатын және алдап-арбауға мүмкіндік беретін кез келген құралдарды қолдануға әзір. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде ақпараттық қару жасалып, қолданыла бастады. Ақпараттық соғысқа тән қасиет — барлық іс-әрекетті жоспарлау. Ақпараттық соғыс барысында стратегиялық, тактикалық және тез шешім қабылдауды қажетсінетін міндеттер қойыльш, шешімін табуы мүмкін. Ақпараттық соғыстың басты белгісі ұлттық және бірлескен мүдделерді «белінен басатын» әскери іс-әрекеттің шексіздігі. Ақпараттық соғыс мемлекеттер, одақтар, қоғамдық, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыстың «психологиялық соғыспен» ұқсастығы басым, өйткені ақпараттық соғыс субъектілерінің мақсаты электронды БАҚ-ның қатысуымен орындалады. Ақпараттық соғыста жеңіліс табатын негізгі нысандар: ақпараттық жүйе, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары, адамдардың жүйкесі. Ақпараттық соғыс геостратегиялық жағдайға, саяси және әскери міндеттерге, дамыған елдердің ақпараттық кеңеюге қүлшынысына, біржақты үстемдікке негізделген бірқатар факторлардың ықпалынан тууы мүмкін. Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі бағыттары: қарсыластың өмірлік маңызды — саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, ғылыми-техникалық құрылымдарының қалыпты қызметін жою, бұрмалау арқылы ақпараттық ресурстарын жеңіліске ұшырату, сонымен қатар, компьютерлік желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарының, ақпараттық- телекоммуникациялық жұмысының шырқын бұзып, қиюын кетіру және т.б. Қарсыластың даму деңгейін анықтау мақсатында ақпараттық ресурстарына жасырын бақылау орнату, тежеу саясатын ұстану және өз пайдасына шешілуіне күш салу, қоғамдық санаға ықпал ету, ақырында қарсы жақты келесі жақтың мүдделеріне сәйкес келетін шешімдер қабылдауға мәжбүрлеу. Қарсыластың барлық ақпараттық ықпалына төтеп беретін мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық соғыс ашық және жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыс процесі нақтылы мақсаттарын бүркемелеу үшін «қарапайым соғыс» жағдайында ашық әрі агрессивті сипатта жүреді. Ал, бейбіт жағдайда ақпараттық ықпал әдетте ұзақ уақыт және 136 жасырын ақпараттық қарсыластық сипатта болады. Кейде ақпараттық соғыста «кім жау» екенін ажырату қиынға түседі. Ақпараттық соғыс салдары әртүрлі: саяси, экономикалық, қаржылық және әскери салаларда пайда табу, қоғамдық сананы өзгерту, қоғамдық-саяси шаралардың және «сөз бостандығының» беделін түсіру, саяси, экономикалық, әскери шараларды бүркемелеу, жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін бұзу. Мемлекеттік, қаржылық және коммуникациялық желілердің және ақпараттық жүйелердің қызметін бұзу. Құпия ақпаратқа қол жеткізу және электронды жүйелерге және желілерге шығар жолды бұзу және т.б. оларға жеке-жеке тоқталып кетсек: [2]. Мемлекетке, қоғамдық топтарға және адамдарға ақпараттық психологиялық ықпал ету келесі тәсілдер мен жүзеге асырылады: 1. Ақпараттық агенттік, радио, теледидар, баспасөз, листовкалар арқылы ақпарат тарату арқылы. 2. Арнайы мақсат көздеген шетелдік басылымдар арқылы. 3. Әр түрлі көрмелер мен жәрменкелер өткізу арқылы. 4. Елдер арасындағы мүмкін болған мәдени алмасуларды мысалы, ғылым, өнер, спорт, тәрбие, жастарға арналған мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы. 5. Мифтер жасау, немесе мифке, аңызға айналдыру; 6. Ұлттың ұлы тұлғаларының жетістіктерін пайдалану; 7. Таңдаулыларға, аристократияға, интеллектуалдарға, жаңашылдыққа ерекше мән, сипат беру арқылы, 8. Музыканы іріктеу мен қолдану; 9. Жалған ғылыми теорияларды пайдалану арқылы; 10. Кино индустрияны оның жетістіктерін пайдалану; 11. Спорттық жарыстарды өткізу арқылу күш пен артықшылық культіне акцент жасау; 12. Киім үлгілері, түс, символика, жест (ишара, қылық), ұран, арнайы ықпал етуші сөздерді, текстерді қолдану арқылы; 13. Отты, әр түрлі түстер гаммасын, нақты күнді, мерзімді ықпал етуші символдарды тиімді пайдалану; [4, 20-21c]. Немесе бұқаралық акпаратқұралдары көмегімен адам санасы ықпал ету. Мысалы: 1. Иландыру, сендіру тәсілін қолдану. Бұл «Ойлаудың қажеті жоқ, тек қана сену керек» деген принципке негізделген. Аудиторияны суггестивті жағдайға жеткізеді, тыңдаушы, көрермен ешқандай дәлелсіз барлығын да ақиқат, шындық ретінде қабылдайды, тобырды, көпшілікті мазалаған сұрақты көтеріп олардың сеніміне кіріп өздеріне иландырады. 2. Жеке сипаттағы фактілерді қоғамдық деңгейге дейін көтереді. Мысалы, Ресейде футбол матчы кезінде фанаттар арасынан бір орыс адамы (Сверидов) өлді. Енді бұл арада ол қалай өлді, қандай жағдайда өлтірілді деген деген мәселе екінші кезекке сырылды да, оны өлтірген кавказдықты айыптау басталды. Елде кавказдықтармен, жалпы орыс еместер мен орыстар арасындағы ахуал өте нашар жағдайда деген баспасөзде материалдар жарық көріп, бұл адам шошытатын жаңалықты көпшілік ақиқат ретінде қабылдады. 3. Түсініксіз саяси немесе әлеуметтік жағдайда әр түрлі сыбыс, хабар, болжам, жорамал пайдаланылады. Бұл әдіс алдығысымен ұқсас. 4. «Құрбандық қажет» немесе «құрбандық шалу» әдісі негізінде аудиторияға, көпшілікке қан төгу, күш көрсету, атыс, адам өлтіру арқылы әсер етеді. Мысалы, Иракта адам құқығы шектелуде және адамзатты жаппай қырып жоятын қару жарақ бар деген сылтаумен әлем алдында Иракқа басқыншылық жасау мақсатында және оның лидері Саддам Хусейнді жою үшін ақпараттық майдан ашады, көпшілікті сендіреді. Саддам Хусейн жағымсыз тұлға адамзатқа қатер төндіріп отыр, оны жою қажет деп оны 137 құрбандыққа шалды. Бұл тәсіл жиі қолданылады. Бірақ, Иракта жаппай қырып жоятын қару табылмады. Себебі, ондай қару жоқ еді, бірақ, АҚШ пен оның одақтастары ақпараттық соғыс арқылы өз мақсаттарына жетті. 5. «Қорқыту, үркіту» тәсілі арқылы аудиторияны, көпшілікті екі қатердің біреуін таңдау алдына қояды. Бір қауіпті, қатерді барлық жаман жағынан көркемдеп бейнелеп жеткізу арқылы, екінші бір қатерді аз ғана қауіпі қатер бар еді деп насихаттайды. Мысалы, кейбір БАҚ Үшінші рейх тарихын, Гитлерді Сталинмен салыстырып оны Кеңес адамдары үшін жай ғана екінші дәрежедегі қауіп болды деп ақтауға тырысады. Ал, Сталин Кеңес Одағында миллиондаған адамдарды репрессиялады, — деп Сталин бейнесімен қорқытып үркіту тәсілін қолданады. 6. Бұл тәсіл де кең қолданылады. Бір фактілерді бүгіп қалып, ол жөнінде үндемеу, айтпау позициясын ұстанып, ал екінші бір фактілерді көкке көтеріп насихаттайды. Бұл халықаралық қатынастарда ғана емес, кейбір жағдайда мемлекетішілік ақпарат құралдарында да байқалуда. Мысалы, Сыпатай батыр мен Рүстем төрені БАҚ та мақтап ел қамын жеді, ел үшін қоқандықтарға қарсы күресті дегенімен, олардың Кенесарыны қырғыздармен болатын соғыс алдында сатып кеткендігін айта қоймайды. Әбілқайыр ханның Ресей үкіметініен көп сый алғанын да айтпай, оны жазуға тыйым салынып, Кеңес Одағы жылдарында оны Ресейге Қазақстанның қосылуында прогрессивті бағыт ұстады деп насихаттады. Оны туған немересі Қаратай Нұралыұлының көтерлісі жөнінде ол монархиялық мүддеден туған іс әрекет, Ресейдің Қазақстанға интернационалдық қадамын түсінбеуден туды деп, патша үкіметінің отаршылдық саясатын бүркемеледі. 7. Фрагменттік тәсіл, ол мынадай жолмен жүзеге асырылады. Ақпараттық ағын бір бірімен байланыссыз жекеленген фрагменттерге бөлінеді де, мүделі топтар немесе күштер әдейі өздеріне қажетті фрагментті ғана аудиторияға ұсынады. Мысалы, қазіргі кезде Иранға қарсы осы тәсіл кең қолданылуда. Иранға қарсы БАҚ-да арандатушылық шаралар қолданылады да, олардың қарсы айтқан пікірлерінен бір сөздер мен сөйлемдерді бөліп алып таратын жіберіп, жекеленген фрагменттерге сүйенеді. 8. «Геббельс тәсілі» немесе бірнеше рет қайталау арқылы ашық түрде қажетті белгілі бір пікірді, ойды, өтірікті публикаға, аудиторияға тықпалайды, қайта қайта үздіксіз насихаттайды, біртіндеп халықты сендіреді. Барлық жарнама түрлері, газет журналдар, теледидар, радио мүдделі күштердің ықпалымен жұмыс істейді, арнайы техноақпараттық топтар, жүйе құрылады. Олар халықты өз пікірлеріне иландыруға, сендіру мақсатын қояды. Мыс: Белгілі бір хабарды газеттен, теледидардан үнемі, тоқтаусыз, қайта қайта айту, жарнамалау шынымен ол хабарға илануға сенуге әкеледі. Біреуді жақсы жақсы деп үздіксіз насихаттай берсек шынымен оны жақсы екен деп қабылдайды, бірақ ол өмірде керсінше болуы мүмкін. Немесе «қара пияр» біреуді өтірік қайта қайта жамандау арқылы ол өмірде жақсы адам болса да жаман деген пікір қалыптастырады. Не бізде бәрі жақсы жақсы деу ол өтірік болса да публиканы илануға, сенуге мәжбүрлейді. 9. Жалған, өтірік оқиғалар құрастыру мен алдау арқылы жалған ақпараттармен көпшіліктің басын айналдыру тәсілі. Бұл жағдайда өмірде болмаған ойдан шығарылған бір оқиға факт есебінде ұсынылады. Ал, баспасөз оны халыққа жеткізудің жолдарымен тәсілдерін қолданып үнемі осымен айналысады. [4, 26 с]. Осы амал-шарттардың барлығы дерлік ақпараттық терроризмге жатады. Ақпараттық терроризм — ақпараттық соғысты жүргізудің ең тиімді әрі арзан құралы. Мемлекеттер арасындағы шығынсыз соғыстың жаңа түрі. Соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып жатқан ғаламтор желілері, түрлі сайттар осы ақпараттық соғыстарға жол ашты. Әлемдік ақпараттық қақтығысқа түрлі мысал келтіруге болар. Соңғы жылдары жер бетіндегі ұсақты-ірілі мемлекеттер арасында қақтығыстар мен шиеленістер көбейіп барады. Солардың ішіндегі Ислам мен Батыс елдері арасында ашық ақпараттық соғыс жүргізіліп жатқандығы кез келген саналы азаматқа мәлім. Мұның бірден-бір себебі Ислам еліндегі туу көрсеткішінің жоғарылығы, олардың Батыс елдерін жайлап бара жатқандығы 138 Батыстағы халықтың шамына тиіп, әбден титықтатып бітті. Одан өзге Араб елдеріндегі Мысыр, Тунис, Ливиядағы жағдайларды күнделікті БАҚ-тан естіп, көріп жүрміз. Қырық бір жылдан бері елді басқарып келе жатқан Муаммар Каддафиді биліктен кетсін деп көтеріліске шыққан ливиялықтар әлем жұртшылығын таңғалдырғаны рас. Бұл елдегі қақтығыс салдарынан 6 мың адам көз жұмған. Кикілжіңдер нәтижесінде Ливия Каддафиге бағынатын Батыс пен оппозицияның ықпалындағы Шығысқа бөлініп, екіге жарылды және Каддафидің өлімімен аяқталды. Тіпті Каддафидің өлімін тікелей эфирден көрсетіп, бәзбір бір алпауыт телеарналар өзіне ұпай жинады. Ливиядағы жағдай дүниежүзінде жасырын ақпараттық соғыстың жүріп жатқанын әшкерелеп берді. Көптеген ақпараттық және әлеуметтік интернет желілер бір-біріне қарама-қайшы мәлімет таратты. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 1 наурызда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 16-сессиясында сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың қолында Ливияның әскери-әуе күштерінің бейбіт халықты бомбалауы туралы нақты да дәйекті дерек жоқ»,-деп мәлімдеді. Дегенмен нақты ақпараттың жеткіліксіздігі АҚШ, Британия, Франция сияқты мемлекеттерді оппозиция жағына қолдау көрсетуден айныта алмады. Әлі де әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Ливиядағы жағдайға байланысты қарама-қайшы ақпарат таратып келеді. Әлі де әлем Ливияға қатысты ақпараттық соғыстың «құрбаны» һәм көрермені болып отыр. [5]. Ақпараттық соғыстың тиімді құралы — БАҚ арқылы мәдени азғындауға жеткізу, ойды жаулау, рухани жұтаңдыққа душар ету бүгінгі ақпараттық саясаттың өзегі болып отыр. Бұл мәселені қаперіне ұстаған Катардағы «Al Jazeera» телеарнасы ақпараттық соғыста ешкімге, тіпті АҚШ-тың өзіне де дес бермей келеді. Яғни АҚШ ақпараттық соғыста «Al Jazeera» араб телеарнасынан, сонымен бірге Қытай мен Ресейден жеңіліс табуда. Қытайлар әр түрлі тілде таратылатын ғаламдық телевизиялық желі құрып жатса, орыстар ағылшын тілді телеарна ашып алды. Бұл АҚШ-тың ақпараттық кеңістікте беделі мен ықпалы азайып бара жатқанының анық айғағы болса керек. [6]. Сонымен қатар, батыс әлемі таратқан ақпарат ағынының шынайлығына, ақиқаттығына қазіргі кезде күмән мен күдік күшейе түсті. Бұрын Иракка, ал кейіннен Ливияға, ал қазір Иранға қарсы қолданып ақпараттық саясатына сенімсіздік, наразылық өсе бастады. Қалай дегенмен де, халықаралық қауіпсіздік ақпараттық кеңістіктегі бәсекелестік пен мемлекетаралық шиеленіспен тығыз байланысты. Ақпараттық ағын таным мен түсінікті қалыптастыру, кеңітумен қатар, оның басқа жағымсыз, негативті арнаға бұрылуына да жол ашады. Ақпарат тазалығы мен шынайлығы қазіргі әлемде басты мәселеге айналды.

Оставить комментарий

Загрузка...