ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ТЕОРИЯСЫ

Көптеген халықаралық ­ саяси мектептердің өкілдері ұзақ уақыт бойы халықаралық қотам мемлекеттерден тұратын қоғам ретінде қарастырылуы тиіс деп санады. Мартин Уайт (Wight, 1977) пен Хедли Буллдың (Bull, 1977а) еңбектері осынау көзқараспен тым жақын, мен бұл тарауда нақ солардың идеяларын егжей­тегжейлі қарастырамын. Сондай­ақ халықаралық қоғам идеялары мен мемлекеттік басқару өнерінің арасындағы тығыз байланысты талқылаймыз. Және Парсы шығанағындағы, Сомали мен Босния ­Герцеговинадағы жанжалдарға олардың XX ғ. соңындағы халықаралық қоғам туралы не айтатынын көру үшін қысқаша тоқталамыз. «Халықаралық қоғам» идеясы біршама мағынада абайлап түсіндіруді талап етеді. Біріншіден, оның мүшелері тек қана егемен мемлекеттер екенін атап ету керек. Осынау соқпақ Еуропа тарихының егемен деп құқықтары бірдей егемендік адамдар табы ­билеушілер ­ ғана саналғаннан заманнан басталады, осы атау оларды осындай халықаралық заңды жағдайы болмаған өздерінің бодандарынан өзгешелеп тұратын. Егемендер осындай статусы бар басқа субъектілермен өзара ықпалдастық жасай алатын, және олардың қатынастары халықаралық қоғамның бастауына айналды. Мүшеліктің нақ осы принципі егемендер мемлекеттерге айналғанда, тіпті олар ұлт ­ мемлекеттерге айналғанда да сақталып қалды. Осылайша, халықаралық қоғам өз тарихын тақсырлар қоғамынан таратады, ол ұлтшылдық пен демократияның тарала түсуімен бірге ұлт ­ мемлекеттер қоғамына айналды. Ондағы мүшелік бойынша бұл өте кішкентай қоғам ­саны 200­ден кем, бірақ шын мәнінде ол Жер шарының барлық еркектерін, әйелдері мен балаларын біріктіреді. Мемлекеттердің азаматтары тікелей емес, өздерінің ұлттық үкіметтері арқылы ғана халықаралық қоғамның мүшелері болып табылады; олар өз бетінше мүше бола алмайды. Қалған барлық басқа әлеуметтік, экономикалық немесе саяси ұйымдар мүшелікке маңайлай алмайды, басқаша айтқанда, әрбір ұйым қандай да бір жеке мемлекетке бағынады. Екіншіден, халықаралық қоғам теоретиктері, сондай­ақ «дүниежүзілік қоғамға» сілтеме жасап, оны халықаралық қоғамға, яки мемлекеттер қоғамына балама деп біледі. Олар адамның тең құқықтары ­ кісі құқықтары ­ туралы айтқанда, оның қай елде туғанына қарамастан, адамзаттың әрбір өкілін меңзейді. Бірақ олар сондай­ақ бүгінде кісі құқықтары егемен мемлекеттердің құқықтарына бағынатынын да айтады. Бүгінде халықаралық құқықтағы адамның заңды статусы, кісі құқығында атап көрсетілгеніндей, егемен мемлекеттің өнімі болып табылады және принципінде мемлекет кем дегенде оның күшін жоя алады. Осылайша, дүниежүзілік қотан ­ дүниежүзілік қоғамнан гөрі мемлекеттер қоғамының клиенті. Үшіншіден, сол теоретиктердің өздері «халықаралық жүйе» және «халықаралық қоғам» ұғымдарын бөліп көрсетеді: соңғысы мемлекеттер арасындағы өзара міндеттемелерді қамтиды, біріншісі тек солардың арасындағы аралас­құраластық пен ықпалдастықты меңзейді. Демек, халықаралық қоғамның қаз тұруы әлсіз хабардарлық пен өте шектеулі де шат ­ қаяқ аралас­құраластықтан халықаралық қатынастардың жоғары дамыған институциялық негізіндегі кең көлемді де тұрақты ықпалдастыққа дейінгі үздіксіз қозғалыс ретінде қарала алады.Халықаралық қатынастар осы полюстардың екіншісіне неғұрлым көбірек жақындай түскен сайын халықаралық қоғам соғұрлым дамыған болады. Ақыр соңында «халықаралық қоғам» ұғымы мемлекет атынан қарекет жасайтын адамдар ­ресми адамдар, немесе, басқаша айтқанда, президенттер, канцлерлер, премьер­министрлер, сыртқы істер министрлері, елшілер және тәуелсіз елдердің басқа да көптеген өкілдері мен агенттері болу керектігін көздейді. Олардың тәртібі халықаралық қоғам теориясының басты назарында болады, дегенмен ол шын мәнінде мемлекеттердің өкілдерін немесе агенттерін ­ «мемлекет адамдарын» ­ меңзей отырып, «мемлекетке» жиі сілтеме жасайтын теоретиктерге ылғи да анық тән бола бермейді. Бұл ойды мен алда, этика мен мемлекеттілікке баса ден қоятын халықаралық қоғам теоретиктері туралы әңгіме болғанда дамыта түсемін. Халықаралық қоғамды мемлекет адамынан тәртіпті бөліп тастайтын құрылым ретінде қарастыруға болады. Бірақ бұл түсініксіз болуы мүмкін. «Жүйе» мен «қоғам» арасында Булл (Bull, 1977a. P. 13­ 14) жасайтын айырмашылық бұл түсініксіздікті күшейте түседі, өйткені «жүйе» ұғымы халықаралық қатынастарды «күштер қақтығысы» деп тәпсірлеуге байланысты бильярд шарының оң ыңғайдағы бейнесін туғызады. Аталмыш бейне үстелдегі шарлардың қозғалысы мен олардың соқтығысуына шоғырланған, сондықтан олардың қозғалысы мен соқтығысуларын кез­келген түсіндіру олардың табиғатына және олар бір бөлігі болып табылатын жүйенің «құрылымына» әйтеуір бір қатысты болуға тиіс (Waltz, 1979). Бұл орайда ережелер, стратегиялар, ойын, ойыншылар және, бәрінен де маңыздысы, ресми адамдар өздерінің сыртқы саяси қызметін жүргізгенде олардың басында не пайда болатыны (идеялар, мүдделер, үміттер, есеп­қисап, құндылықтар, сенімділік, қарым­қатынастар және т.б.) еленбейді. Дегенмен халықаралық қоғам теоретиктері халықаралық қатынастарды нақ солай қарастырады. Олар халықаралық қоғамды мемлекеттер ассоциациясы ретінде анықтайды: бұл егемен мемлекеттер деп аталатын саяси қоғамдастықтардың атынан қарекет жасайтын адамдар арасындағы келісім. Олар оны сыртқы құрылым немесе өз акторларынан қандай да бір дербес өмір сүретін қызметтік жүйе деп қарастырмайды. Бұл айырмашылық халықаралық ғылымда күшейе түскен академиялық даумен қуатталады, сол дау Мартин Уайт және Хедли Булл секілді халықаралық қоғам теоретиктерін (нормативистерді) Кеннет Уолц сияқты халықаралық жүйе теоретиктерінен (позитивистерден) алыстата түсуде. Бұл мәселедегі жете түсінбестікке ұрынбау үшін, мүмкін, жүйе мен қоғам арасында Булл жасаған бөлуді еңсеру қажет шығар, өйткені адамдар арасындағы, соның ішінде мемлекет атынан араласып ­ құраласатындар арасындағы қатынастардың бәрі міндетті түрде өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделеді де, бері салғанда осы мағынада олар әлеуметтік болады. Бөлуді адам тәртібінің екі тұрпаты терминдерінде ­ «аспаптық» және «бейаспаптық» деп қарастырған абзал (Оакеshott, 1983). Бұлардың біріншісі максималарға, стратегияларға, тактикаларға және басқа прагматикалық ой толғамдар мен пайдаға сілтеме жасайды, олар актордың басқа акторлардың күтілетін немесе актуалды шешімдері мен қарекеттеріне лайықты жауап беруге ұмтылатынын бөліп көрсетеді. Егер актор ресми адам болса, оның қарекеттеріне саяси өнер ­ күш саясаты өнері тән болады немесе, басқаша айтқанда, ол мемлекеттілік элементі ретінде ең алдымен ұлттық мүдделерді және, сөз жоқ, ұлттық қауіпсіздік пен аман қалудың қамын жейді. Екінші тұрпат ­ «бейаспаптық» ­ мораль мен заңның ­норманың талаптарына сілтеме жасайды, олар қоғамдастықтың танылатын, күтілетін және тең мүшелерінің тәртіптік бейімделу идеясын бөліп көрсетеді. Егер мұндай мүше ресми адам өкілдік ететін мемлекет болса, оның тәртібі саралап жіктелген саяси өнерді ­өркениятты тәртіп өнерін немесе, басқаша айтқанда, дипломатиялық диалогқа, халықаралық құқыққа және мемлекеттер арасындағы қатынастардағы халықаралық этика ережелеріне қатысты мемлекеттілік элементін талап етеді. Осынау элементтердің бәрі мемлекеттілік өнерінде маңызды және олардың барлығы мемлекеттердің осы заманғы сыртқы саясатында анық көрінеді. Осылайша,халықаралық қоғам теориясы күш саясатын, халықаралық құқық пен сыйлай білуді, әмбебап мораль мен адам тәртібінің ерекше саласы ретінде халықаралық қатынастар жөніндегі сол сияқты ой толғаныстарын қамтиды. Сонымен, бұл плюралистік теория, ол халықаралық өрісте адами қатынастарды түп ­түгелімен бойына сіңіруге ұмтылады.

Читайте также:  БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

Оставить комментарий