ХАЛЫҚАРАЛЫҚ — САЯСИ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ ИДЕЯСЫ

Өзінің мағыналық пайдаланылуы жағынан «қоғамдастық» ұғымы алдамшы да көп мәнді. Ол — Рэймонд Уильямстің өзекті ұғымдарының бірі. Ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастық мазмұнына, Теннис (Tonnies, 1963) «қоғамынан» классикалық айырмашылығына, сондайақ Gemeinschaft пен Geselschaft арасындағы айырмашылыққа сілтеме жасай отырып, ол орын алып отырған немесе балама қатынастар жиынын суреттеу үшін мұның «неғұрлым көз жеткізерлік» екенін атап өтеді: «Бәлкім, неғұрлым маңыздысы мынау болар: әлеуметтік ұйымның барлық басқа ұғымдарынан (мемлекет, ұлт, қоғам және т.б.) өзгеше, ол ешқашан теріс ыңғайда пайдаланылмайтын болады және оған ешқашан оң ыңғайдағы қарама-қарсы қою немесе қарама — қарсы ұғым табылмайды» (Williams, 1976. Р.66). Іс жүзінде мұны «дүниежүзілік қоғамдастық» ұғымы туралы да айтуға болады — ол ешқашан кекесін мағынасында пайдаланылмайды. Бәлкім, оның астарында не жатуға тиістігі немесе не жатқандығы оншалық түсінікті емес шығар, бірақ анығы мынау: оны пайдаланатындар, егер ол қоғамдастық деп аталар болса, дүние жақсырақ болатынына кәміл сенеді. Ал «халықаралық қоғамдастық» ұғымының дипломатиялық пайдаланылуына — салыстырмалы, бірақ дүниежүзілік қоғамдастыққа қарама-қарсы негізінен мемлекеттік орталықтық ұғымның пайдаланылуына — келсек, ол әрдайым сенімді. Мұндай бірауыздылық көбіне күдік пәні болып табылады, және, ол-ол ма, одан әрі зерттей түсу бәрі әу баста көрінетіндігінен мүлдем басқа екендігін байқатады. Біріншіден, «қоғамдастық» ұғымының бір мәнді оң ыңғайдағы мәніне қарапайым саяси дискурста мазмұн есебінен қол жетеді. Тіпті Ұлыбританиядағы Тэтчердің үкіметі — ал оның көшбасшысы қоғам дейтін феномен жоқ дейтін -«қоғамдастық» ұғымын пайдалануға әрқашан дайын тұратын: мысалы, кеңейіп келе жатқан дүниеде аман қалуға біршама аңғал үмітпен «қоғамдастық салықтары» (жан басының салығы жөнінде) немесе «қоғамдастықтағы қамқорлық саясаты» (бұл саясат бос тұрған психиатриялық ауруханаларға қанша сыйса, соншалықты есі ауысқандарды орналастыра алады) дейтін. «Индепендент Он Сандей» газетінің журналисі атап өткеніндей, қоғамдастық — бір-біріне қамқор болып жүретін жауапты адамдардың бейнесін суреттейтін «жайлы жақын ұғым», бірақ оның тіні төмендегідей: «Шын мәнісінде, бір жағынан, абақтының, екінші жағынан, аурухананың арасында тұрғанның бәрін қоғамдастық деп нобайлауға болады» (Jones, 1993. P. 17). Екіншіден, Уильямстың қорытуларынан өзгеше осы заманғы саяси теорияда қоғамдастық (немесе, кем дегенде, одан туындайтын сөз) кейде теріс ыңғайда пайдаланылады да, қарама-қарсы мағынаға ие болады. Саяси теориядағы, Сандел (Sandel, 1992) коммунитарлық көзқарас деп атайтын амалдар (әрине, идея әлдеқайда бұрын болған) қоғамдастықты әлеуметтік өмір құндылықтарының негізгі немесе тіпті бірден-бір көзі деп анықтайды. Бұл амалдар едәуір даулы, мұның өзі «индивидуализм» мен «космополитизм» негіздерінің текетіресімен білдіріледі (Avineri and de-Shalit, 1992; Brjwn, 1992; Mulhall and Swift, 1992). Және осы тінде қоғамдағы құндылықтардың міндетті түрде жекелік сипаты болатыны меңзелгендіктен, парадокс сыңайы пайда болады, ол дүниежүзілік қоғамдастық идеясының «коммунитарлық» қорғанысын жасау мүмкін еместігінен немесе, ол-ол ма, коммунитарлық байланыстар деңгейінде дүниежүзілік қоғамдастық бірінші орынға шыға алмайтынынан тұрады. Бұл көзқарасты, сөз жоқ, коммунитарлық амалдың жақтастары қолдайды. Осынау ұғым турасындағы Гегельдің скептицизмі оның «Құқық философиясындағы» әлемдік құқық және әлемдік тарих туралы тарауларынан көрінеді {Hegel. Philosophy of Right. 1991. P. 366-380), ал коммунитаризмнің модернистік, әсіресе постмодернистік нұсқалары «қоғамдастық маған қарайтындай менің қоғамдастығыма қарайтын» ештеңе жоқ… «және кеңейтілген қоғамдастық өзінің ішкі табиғаты бар адамзат деп атала алмайды» дегенді кесіп айтады (Rorty, 1989. P. 59). Бұл идеялар кейінірек қарастырылады, бірақ әзірге мынаны атап өту қажет: «дүниежүзілік қоғамдастық» термині орын алып отырған әлденені суреттеу үшін пайдаланылған кезде, мұның өзі бәрінен бұрын қарама-қарсылықтар мен қарама-қайшылықтардың пайда болуына апарып соқтыра алады. Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, осы тараудың пәніне — дүниежүзілік қоғамдастықтың пайда болу перспективасына сыншыл талдауға жүгінейік. Ондай қоғамдастықтың орын алуының көрсеткіші жаһандық ортақ мүдделердің өрістеуі ғана емес, біртұтас ұқсастықты жалпы дүниежүзілік түсіну болады. Осы заманғы дүниеде — идеялар дүниесінде, немесе неғұрлым кеңірек мағынада, технологиялар, әлеуметтік және саяси қарекеттер дүниесінде — өзара теңдестіруші күштер саны соншалық, олар бұл дамуға жәрдемдесуге де, кедергі жасауға да қабілетті, бірақ өте маңыздысы, тіпті осынау күштер текетіресіне жоламаған күннің өзінде, дүниежүзілік процестердің негізінде жатқан тенденция қоғамдастықтың пайда болуына жетелейтін процестердің басым түсуіне кепілдік береді немесе тым болмағанда өте-мөте ықтимал етеді. Әмбебап нормалар мен құндылықтар жекелік және локалдық тұрғыдағы нормалардан жоғары тұрады деген тұжырым — осы заманғы либерализмнің іс жүзіндегі барлық көріністерінің сипатты ерекшелігі, атап айтқанда бұл Милтон Гордонның «Либералдық үміттеріне» қатысты, бірақ ол сондай-ақ христиандықта, эсхатологияда, Ағартуда, марксизмде, жалпы алғанда батыстық прогресшіл ойда ұшырасады. Идеяның мәнісі мынада: жалпы алғанда дүние қоғамдастық бағытында ілгерілеуде, бірақ бұл бір жағынан, ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастықтың, екінші жағынан, ескі жекелік тәртіптің арасындағы кереғарлық пәрменімен тоқтаңқырап қала береді. Бұдан әрі көрсетілген белгілер сыншыл тұрғыдан екшелетін болады. Мүмкін, осы жолда мәселеге мұндай көзқарасқа түптің түбінде түгелімен күмән келтірілер. ІРГЕЛІ ТЕНДЕНЦИЯ Барған сайын ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастықтың неғұрлым терең мағынасына қарай ілгерілеудің бар екендігін ненің негізінде дәлелдеуге болады? Әуелі қоғамдастық құру тенденциясы мен шартты түрде айтқанда, «біртұтас дүниенің» орнығуына кереғар тенденциялар арасында жіті шекара жүргізіп алу маңызды екені түсінікті. Дұрыс бөлмеу дүниежүзілік қоғамдастық субъектісін ой елегінен өткізу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Бұл жағдайдың тіпті терминологиялық тұрғыдан да маңызды екендігін XX ғасырда нағыз жаһандық экономиканың пайда болуы айғақтайды. Және егер, мысалы, дүниежүзілік экономикаға ауқымды көз жүгіртсек, онда бүгінде Валлерстайн (Wallerstein, 1974. P. 3-11) терминологиясындағы «осы заманғы дүниежүзілік жүйе» жай ғана әлеуметтік емес, географиялық мағынада да, дүниежүзілік жүйе болып табылады. Бірақ ол да, басқа структуралистер де осынау, дүниежүзілік жүйе оның ұйтқысының, ортақ шетінің және шалғай шетінің адамдарының арасындағы мүдделердің іргелі үйлесімсіздігіне негізделген дейді. Және бүгінде ол дүниежүзілік қоғамдастық бола алмайды. Мұндай тұжырымдар, халықаралық таптық ынтымақты байқауға болғанымен, дүниежүзілік экономиканың пайда болуына неғұрлым ортодокстық марксистік көзқарастардан да (Brewer, 1980), сондай-ақ экономикалық емес, бірақ дүниежүзілік тәртіпті біршама радикалдық зерттеулерден де — «Дүниежүзілік деңгейдегі модельдер жобаларынан» (WOMP) (Falk, 1971, 1987; Mendlovitz, 1977) шығады. Осынау радикалдық позициялардың әрқайсысы дүниежүзілік ауқымдағы қоғамдастықтың сөз жоқ пайда болатынын айтады, бірақ ол тек WOMP жорамалдайтын революциядан немесе құндылықтар өзгергеннен кейін пайда болады. Бұл зерттеушілер «біртұтас дүниені» тек орын алып отырған тәртіпті қиратқаннан немесе еңсергеннен кейін ғана дүниежүзілік қоғамдастыққа теңестіреді. Дүниежүзілік экономиканың саяси салдарларының басқа теоретиктері орын алып отырған тәртіпті суреттеу үшін плюралистік «күрделі өзара тәуелділік» моделін жасап, оған нақ мемлекеттер секілді билікті бөлуге, режимді қолдап отыруға, дүниежүзілік күн тәртібін әзірлеуге және т.б. тартылған мемлекеттік емес экономикалық және әлеуметтік акторларды енгізеді (Keohane and Nye, 1977; Krasner, 1983). Осыған ұқсас, бірақ мемлекеттік емес акторларға көбірек, ал экономикалық байланыстарға кемірек ден қоятын модельді «әлемдік қоғамдастық» теоретиктері ұсынды (Burton, 1972; Banks, 1984). Дүниежүзілік экономиканың радикалдық теориясы жақтастарының көзқарасынан өзгеше дүниеге осынау көзқарастарда қоғамдастықтың осындай және — қазір тіршілік ететінін көздейтін ештеңе жоқ, бірақ оларда сондай-ақ осы бағытта ілгерілеу үшін күрделі өзара тәуелділіктің қажеттігі де көрсетілмеген. Бастапқыда Бейтц (Beitz, 1979) өзінің реализмді космополиттік тұрғыдан сынауын және бөлудің халықаралық әділдігін қорғауын өзара тәуелділік дүниежүзілік қоғамдастықты құрады деген жорамалға негіздеген еді, бірақ кейінірек ол (Beitz, 1983) осындай жорамалды Барри (Barry, 1982) мен Ричарде (Richards, 1982) әділ сынағанын мойындады. Көптеген экономикалық өзара қатынастардың, әсіресе бай және кедей елдер арасындағы (басқа да), қатынастардың біржақтылығы тұсында, дүниежүзілік өзара тәуелділікті күрделілендіру тенденциясы, олардың өз пікірі бойынша, қоғамдастық құрады деп топшылау мүмкін емес. Бұл арада неғұрлым кеңірек көзқарас қажет. Қоғамдастық қалыптаса бастау үшін барған сайын ұлғая беретін ортақ мүдделер мен ұқсастық қажет; «біртұтас дүниені» жасау — әлемдік қоғамдастықтың пайда болуы үшін қажет, бірақ өздігінен алғанда жеткіліксіз шарт. Бұл жаһандық экономикалық өзара тәуелділіктің біріктіруші күштерін талдағанда түсінікті бола бастайды. Бірақ материалдық факторларды — ортақ тұтынушылық мақсаттар мен материалдық емес факторларды — ғылыми әдістерге ортақ көзқарастардың және, бәлкім, ұтымдылықтың бірдей стандарттарының жаһандық таралуын қамтитын басқа біріктіруші күштерге көшкен кезде интуиция тұрғысынан кемірек айдан анық қажетті шарт. Жастардың барлық жерде бірдей джинсы киюді жөн көретіні, бірдей тренажерлар мен электрондық ойындарды пайдаланғысы келетіні немесе осы заманғы технологиялар, егер олар хинди қолжазбаларына емес, батыс ғылымының жетістіктеріне негізделсе, неғұрлым тиімді екендігі фактысы, дүние туралы білу пайдалы нәрселер қатарына жата қоймайтыны айдан анық, бірақ ол алдағы уақытта, егер барған сайын біртұтас болып келе жатқан дүниенің негізгі эмпиристік тәжірибесі қалыптасып келе жатқан әлемдік қоғамдастықтың нормативтік тәжірибесімен қуатталуға тиіс болса, қажет болады. Алдағы уақытта ортақ мүдделер мен ұқсастыққа мағына беретін моральдық серпін қажет. Бірақ мынаны түсіну керек: ол индивидтер мен жалпы алғанда адамдардың жай ғана белсенді ықпалдастығының нәтижесі бола алмайды, өйткені мұндай байланыс ортақ ұқсастықты моральдық тұрғыдан түсінудің негіздерін жасауды талап етеді. Ештеңеге қарамастан, мұның өзі, мысалы, еуропалықтар мен ацтектер бетпе — бет келгенде, түсініспеушілік пен өшпенділіктің туындауына арандатуы мүмкін (Todorov, 1987). Мәселе мынада: индивидтердің, топтардың және жалпы алғанда адамдардың арасындағы кісілік, серпінді және кең ауқымды байланыстарда ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастықтар айырбасы ере жүреді деп ойлау себептері бар ма? Бір қарағанда, бұл сұраққа қостап жауап беретін себептер бар. Prima facie мынадай әсер туындайды: шаруаның «кеңейіп келе жатқан шеңбері» (Singer, 1981) және отбасынан, тайпадан, қаладан бастап мемлекетке дейін саяси референттік топтарды қамтудың ұлғаюына моральдық шаруа шеңберінің кеңеюі секілді бірдеңе ере жүретін секілді. Мұны мысалмен көрсетейік: Перикл заманындағы ежелгі гректер өздерін негізінен отбасымен, тайпамен, қаламен, кемірек дәрежеде — Элладамен ұқсастырған және варварлармен, яғни, грекше сөйлемейтіндермен, (өзін) жалпы ұқсастырмаған. Римдік ойлау жүйесі саяси тұрғыдан әмбебап болатын, бірақ моральдық тұрғыдан тек еркін римдіктерге бағдарланған еді. Христиандық кең көлемді, бірақ славяндарсыз, сарациндерсіз, еврейлерсіз және барлық «басқаларсыз», моральдық ұқсастықты ұсынды. Бұған қарамақарсы осы заманғы дүниеде ұлт — мемлекеттер бір-біріне, кем дегенде принципінде сенетін, отандастар болып табылатын және бір-бірі жөнінде, мысалы (олардың сенімін бейнелейтін), салықтар арқылы міндеттемелер қабылдауға дайын ондаған, тіпті жүздеген миллион адамдарды біріктіреді. Ол-ол ма, ерікті көмек көрсететін ұйымдар мен «Эмнести Интернэшил» секілді адам құқықтарын қорғайтын топтар санының өсуі олардың басқа мемлекеттердегі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі кейбір міндеттері едәуір кең таралғанын көрсетеді. Басқа мәдениеттер мысалында да көрсетуге болатын мұндай салдарлар, жалпы алғанда ұқсастық мазмұнының кеңеюі өзара тәуелділіктің күшеюімен қатар жүреді деген ойды қуаттайды. Алайда, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, бұл тіпті де осынау процесс дүниежүзілік қоғамдастық идеясы шындыққа айналғанша созыла береді деген сөз емес. Әлбетте, соңғы кезде шара шеңберінің кеңейе түсуі мұның болашақта да жалғаса беретінін дәлелдемейді. Осы заманғы дүниеде ортақ ұқсастыққа септесетін де, кедергі жасайтын да күштердің бар екендігі анық, және екіншілердің біріншілерге қарағанда неғұрлым тиімді болып шығуы әбден мүмкін. Бұл мәселелер төменде келтірілген, бірақ алдымен дүниежүзілік қоғамдастыққа жетелейтін тенденция қауіпті түрде жеткілікті бағаланбауы мүмкін жағдайларды қарастырамыз. Біріншіден, мынаны атап көрсету керек: ұзақ мерзімді тенденция ұғымы жіті бағыттағы, бірақ бірсыдырғы, үздіксіз жол болуы міндетті емес ілгерілеуді меңзейді. Шегініс әрқашанда ықтимал; мысалға, кеңейтілген ұлттық қоғамдастықтар құрған кезде ана тілін қолданудың салдарынан Еуропаның сауатты элитасының арасында байланыстың әмбебап құралы ретіндегі латын тілінен айдан анық айрылып қалу сондай шегініс болды. Ұлы тарихи өзгерістер ешқашан барлық ілеспе көрсеткіштердің бір бағыттық қозғалысымен сипатталмайды.

Читайте также:  Фрейдтің психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары

Оставить комментарий