Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретiн менеджмент жүйелерiн енгiзу

Қазақстан алдыңғы қатарлы бәсекеге сәйкес дүниежүзiлiк елу елдiң қатарына кiру керек, ол үшiн негiзгi шарт — қазақстандық тауарлардың және қызметтердiң алдыңғы қатарлы халықа- ралық стандарттардың талаптары қамтылған сапалы деңгейге шығу[1]. Жүйелiлiк — алдыңғы онжылдықта елiмiздiң жеделдетiп алға басуының негiзгi формуласы. Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономика жағдайына өтуiне байланысты бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мен өндiру қажет етiлiп отыр. Кез келген тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi оның сапасымен анықталады. Сол жоғары сапаны қамтамасыз ету үшiн қазiргi кезде барлық кәсiпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесiн дайындау және енгiзу жөнiн- дегi қызметi жандана бастады. Осыған байланысты бүгiн елiмiзде менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгiзуге арналған инфрақұрылым, нормативтiк және әдiстемелiк база құрылған, мемлекеттiк стандарты ретiнде менеджмент жүйесiнiң халықаралық стандарттары қабылданған[1]. Соны- мен қатар Қазақстан сапаны басқару саласында стандарттар әзiрлеу жөнiндегi ИСO/ТС 176 Халықаралық техникалық комитетiне мүше және менеджмент стандарттары бойынша дауыс беруге құқығы бар. Осыған байланысты елiмiзде стандарттау бойынша ТК 54 «Сапа менедж- ментi жүйелерi»техникалық комитетi құрылды. Өнiм сапасын халықаралық стандарттар талаптарға сәйкес жасалуын қамтамасыз ететiн жүйенi игеру үшiн менеджмент жүйесi саласында халықаралық стандарттарды енгiзудi ынта- ландыру бойынша шаралар қарастырылған. Олардың iшiнде[1]: • «ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсiпорындар үшiн қоршаған ортаға шығару үшiн төлем мөлшерiне 0,75 төмендеу коэффициентiн енгiзу (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 «Қоршаған ортаға шығару үшiн негiзгi және шектi төлем мөлшерiн бекiту туралы»қаулысы); • «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Сапа саласындағы жетiстiгi үшiн»сыйлығының лауреаты болып табылатын және меншiктi өндiрiс тауарларын, бiр салық төлеу кезеңi iшiнде (ҚР Салық кодексiнiң 140-9 бабы) есептелген бiрлескен кiрiс салығының 50% сомасын азайту бөлiгiнде сататын, сапа менеджментi жүйесi мен экологиялық менеджмент жүйесiн енгiзген және сертификаттаған кәсiпорындар үшiн салық жеңiлдiктерi; • «мемлекеттiң сапа менеджментi жүйесiн дайындауға арналған ауылшаруашылық шикiза- тын қайта өңдеушi-кәсiпорындар шығынын жартылай өтеуi (ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 наурыздағы № 156 «Кәсiпорынды және ауылшаруашылық өнiмдерi нарығын басқару жүйелерiне жәрдем беру ережелерiн бекiту туралы»қаулысы). Өнiм сапасы деңгейiн бақылау, бағалау, өнiм сапасы туралы деректердi талдау әдiстерiн және ақаулық себептерiн iздестiру тәсiлдерiн қолдана бiлудi, көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретiн және бiртектi механизм ретiнде жұмыс iстейтiн жалпы менедж- менттiң бөлiгi — бiрiккен менеджмент жүйесi үйретедi[2]. Бiрiккен менеджмент жүйесi сапа туралы ойдың эволюциялық дамуы жөнiнде бiлiмдi қалыптастыру, сапаны басқару үрдiстерi, стратегиясы, менеджментi, сәйкестiк сипаттамалары және сапа менеджментi жүйелерi сала- сындағы стандарттар (9000 сериялы ISO), экологиялық менеджмент бойынша халықаралық 283 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршы — Вестник ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2010, №4 стандарттар (14000 сериялы ISO) , ОНSАS 18001-де өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, еңбектi қорғауды және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн басқару саласындағы ережелер жазылған стандарттарды, Кәсiпорынның өз қызметкерлерi алдында да, сол сияқты қоғам алдында да SА 8000 «Әлеумет- тiк жауаптылық»стандартының ережелерiн, ISO 22000 талаптарын қамтиды[2]. Менеджмент жүйесiн бiрiктiру — объективтi қажеттiлiк. Бiрiккен менеджмент жүйесiн жа- сау — жалпы ұйымдастыру менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған күрделi инно- вациялық жоба. Менеджменттiң бiрiккен жүйесiн жасаудың күтiлетiн нәтижелiлiгiне тек сауатты басқару жағдайында ғана қол жеткiзуге болады. Менеджменттiң бiрiккен жүйесiнiң артықшылығы [1,2] мынада: • «менеджмент жүйесiн әзiрлеу, енгiзу және жұмыс iстеуiнiң технологиялылығының артуы; • «менеджменттiң бiркелкi үйлесiмдi құрылымын әзiрлеу; • «әзiрлеу, жұмыс iстеу және сертификаттауға шығынның азаюы; • «менеджменттiң бiрiккен жүйесi аясында бiрқатар процестердi (жоспарлау, басшылық тарапынан талдау, құжаттаманы басқару, кадрлар даярлау, оқыту, iшкi аудит және т.б.) бiрiктiру мүмкiндiгi; • «өзгеретiн жағдайларға бейiмделу мүмкiндiгi мен ұтқырлықты арттыру; • «тұтынушылар, мүдделi тараптар, инвесторларға арналған үлкен тартымдылық. Бiрiккен жүйелердi енгiзудiң мақсатқа лайықтылығы: • «ұйым iшiнде iс-әрекеттiң үлкен келiсiмiн қамтамасыз етуден; • «менеджменттiң автономды жүйесiн әзiрлеген кезде туындайтын ұйымдағы атқарымдық бөлектенудi азайтудан; • «бiрнеше параллель жүйелермен салыстырғанда аз еңбектi қажет етуден; • «бiрнеше жүйеде осы байланыстардың жиынтық санымен салыстырғанда iшкi және сыр- тқы байланыстардың аз санынан; • «құжаттардың бiрнеше параллель жүйелердегi жиынтық санымен салыстырғанда құжат- тардың бiршама аз болуынан; • «ұйым қызметiн жақсартуда қызметкерлердiң тартылуының жоғары деңгейiне қол жет- кiзуден; • «ұйымның сыртқы тараптарының параллель жүйелер болған кездегiден жоғары мүддесi балансын ескеру қабiлеттiлiгiнен; • «бiрнеше менеджмент жүйесi кезiндегi жиынтық шығынмен салыстырғанда әзiрлеу, жұ- мыс iстеу және сертификаттау үшiн аз шығынданудан тұрады. Қазақстан Республикасында сәйкестiктi бағалау саласындағы қызметтi iске асыратын ұй- ымдардың менеджмент жүйесiне қойылатын талаптар болатын халықаралық стандарттар негiзiнде аккредиттеу саласының стандарттары әзiрленiп, енгiзiлуде[2]. Жүйе шағын бизнес кәсiпорындарында, денсаулық сақтау және бiлiм беру ұйымдарында енгiзiлмеген. ИСО 9001 сапа менеджментi жүйелерi стандартында сапа менеджментi жүйелерiне қойы- латын негiзгi талаптар белгiленедi. Сапа менеджментi жүйесiнiң үлгiсi процестердi ұйымда- стыру, басшылық жауапкершiлiгi, ресурстар менеджментi, өнiмнiң өмiрлiк кезеңдерiнiң про- цестерiнен бастап, өзгерту, талдау және жақсартуға дейiн аралық процестердiң арасындағы 284 Р.Қ. Ниязбекова, Ф.Р. Ермаханова, А.У. Ахмедьянов байланысты көрсетiп[4], тұтынушыныңталаптарының қанағаттануына маңызды орын бередi. ИСО 9000 сериялы сапа менеджментi жүйелерi нарықта қалай аман қалу жолдары ретiнде келесiнi ұсынады[5]: — халықаралық нарыққа шығу; — жобалаудың жоғары сапасы; — технологиялық және ұйымдастырулық шешiмдерде жаңалықтар; — жаңа әзiрлеулер енгiзуге кететiн уақытты барынша азайту; — ИСО 9001 бойынша СМЖ сертификаттау және барлық құжатталған талаптармен жұмыс жүргiзу. Экологиялық менеджмент бойынша ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар бiрнеше ұрпаққа алдын ала тұтасымен барлық қоғамға арналған, бiрiккен жүйеге салмақты әлеуметтiк- экологиялық аспект бередi. ИСО 14001 экологиялық басқару жүйесi — экологиялық мақсаттар- дың қойылуы мен орындалуы үшiн, құжаттамалардың және жетiстiктердi бақылаудың құры- лымдық әдiсi, қоршаған ортаны қорғаудың стандарттардан ұйым алдына қойылған мәселелерге өтуi[3]. ҚР СТ 1348-2005 (OHSAS18001)-де өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, еңбектi қорғауды және қызмет- керлердiң қауiпсiздiгiн басқару саласындағы ережелер жазылған, бұл жалпы алғанда кәсiпо- рын мен қоғам үшiн менеджмент жүйесiнiң маңызын арттырады[2]. Кәсiби қауiпсiздiк және еңбектi қорғау менеджментiн енгiзу дегенiмiз: — орындау үшiн олардың денсаулығымен про- фессионалдық қауiпсiздiгiне керi әсер тигiзетiн тәуекелдердi болдырмау немесе жойып жiберу; — кәсiпорындағы қауiптi факторларды бақылау; — өндiрiс iс-әрекеттердiң процесiнде пайда болған тәуекелдi басқару; — штаттық емес жағдайларды, авариалардың пайда болуының алдын алу; — әрекеттегi менеджмент жүйесiндегi денсаулық және профессионалдық қауiпсiздiк басқару жүйесiн интегралдау; — компаниядағы моральдiк климаттарылың жақсаруы; — бизнеске кедергi келтiретiн тiкелей және тiкелей емес әрекеттердi азайту. SА 8000 «Әлеуметтiк жауаптылық»стандартының ережелерiн енгiзу қоғам дамуының эти- калық және адамгершiлiк қағидаларына сәйкес келедi. Бұл жүйенiң негiзгi ережелерi бойынша: — ұйым баланың немесе жасөспiрiмнiң еңбегiн қолданбағаны жөн; — мәжбүрлеп жасалатын еңбек пайдаланбау керек; — қауiпсiз және денсаулыққа зиян келтiрмейтiн еңбек жағдайын қамтамасыз ету керек; — кез-келген ұйым өз қызметшi персоналына немесе жұмысшыларына қол көтермеуi, психоло- гиялық және физикалық ауыртпашылық, мәжбүрлеп жұмыс атқаруына және сөзбен мәжбүр- леп жұмыс атқаруына жол бермеу керек; — кез-келген ұйым өз қызметшi персоналы немесе жұмысшыларының қоғамдық жұмысқа қа- тысуы салдарынан жұмыс сферасының дискриминациясына ұшырамауына мүмкiндiк бермеуi керек; — жұмыс уақытының узақтығын сақтау керек; — ұйым қызметкерi немесе жұмысшы персоналына стандартқа сәйкес атқарған қызметiне әр ай сайын ақша төленiп отыруы жөн. ИСО 9001:2000, ИСО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттары менедж- мент жүйесiнде бiр-бiрiнен тәуелсiз қолданыла алады. Максималды бiрiккен менеджмент жүйесiн енгiзу — тиiмдi[1,2]. Оның анық жағымды жақта- ры: — максималды бiрiккен менеджмент жүйесi бiрыңғай бiр келiсiмге келу жолын қамтамасыз етедi, яғни бөлек нәтижеден гөрi барлық салалар бәрiгiп жұмыс iстейдi; — бiрнеше параллельдi 285 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршы — Вестник ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2010, №4 жүйе жасағаннан бiрiккен менеджмент жүйесiн жасау жеңiл; — құжат мөлшерi аз; — қызмет- кердiң жұмыс сапасын жақсартудағы үлесi басқа жүйеге қарағанда сапалы; — шығын мөлшерi аз. Бiрiккен менеджмент жүйесiн жасау методикасының түпнұсқасы 9000 сериялы ИСО стан- дартында жатыр. Оны ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001 және SA 8000 халықаралық стан- дарттарының объектiлерi мен әр стандарттың бөлiмдерi аталынып, арасындағы сәйкестiктер 1-таблицада көрсетiлген.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar