ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ

Бұл тарауда әрқилы алты халықаралық жүйе, немесе, дәлірек айтсақ, аса тұрақтылықты бір халықаралық жүйенің алты тепе­тендік ахуалы қарастырылады. Бұлар: (1) «күштер балансы» жүйесі, (2) икемді биполярлық жүйе, (3) қатқыл биполярлық жүйе, (4) әмбебап жүйе, (5) иерархиялық жүйе және (6) жекелеген вето жүйесі. Бұл арада талқыланып отырған әрқилы халықаралық жүйелер эвристикалық модельдер болып табылады. Алдыңғы екеуінен басқа, олардың бәрі тарихта ешқашан орын алмаған. Тарихта үлгісі болмаған жүйелерді талдаудың белгілі бір құндылығы болады. Біріншіден, тарихта болған халықаралық жүйелердің модельдері белгілі бір жағдайлар болғанда халықаралық жүйелердің жаңа түрлерінің пайда болуын бір немесе басқа шамада болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан тарихта аналогы болмаған халықаралық жүйелердің сипаттамасын жасау орын алып отырған жүйелердің модельдерін қуаттау үшін қажет. Екіншіден, осындай халықаралық жүйелер пайда бола қалса, олар өздерін қалай ұстайтынының болжамын алған абзал. Олай болмаса, орын алып отырған жүйелерді өзгерту турасындағы болжамдар оларға сүйенуге тым мардымсыз болар еді. «Күштер балансы» жүйесінің және икемді биполярлық жүйенің модельдері олардың орын алып отырған аналогтарынан неғұрлым қарапайым болып табылады. Бәлкім, аталған жүйелердің кейбір маңызды ережелері қарастырудан қалып қойған шығар. Мұндай жағдайда ол кемшіліктер модельдерді қолдану әрекеті барысында байқалады. Қарым ­қатынастар жүйесі барынша қарапайым да орнықты көрсетілуі үшін модельдердің қарапайымдылығы басты рөл атқарады. Егер теорияландыру қарапайым модельдерден басталмай, солармен тоқтап қалса, оның нәтижесі ілгерілеудің және қолдануға болатын қандай да бір білімнің жоқтығы болады. Нақты тексеру мынадай: оңайлату зерттеудің дамуына көмектесе ме, әлде ол маңызды өзара қатынастарды күңгірттендіріп, соның салдарынан ғылымды қызықты міндеттерді шешуден бұрып әкете ме?

Читайте также:  АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІК НЕГІЗДЕРІ

Оставить комментарий