Хан сайлау салтындағы «айналу жоралғысы»

Өте ежелгі заманда пайда болып, ең ақырғысы XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін сақталған «хан сайлау» ғұрпының бір жоралғылық элементінің «ақ киізге отырғызылған (хандық мәртебеден) үміткерді» күн бағытымен айналдыру болғандығын білеміз. Осы жоралғыда да шеңбер мен кіндік­нүкте идеясы бар. Яғни, «айналдыру» процесі кезінде хан тағынан үміткер тек айналу шеңберінің бойындағы белгілі бір межеден («М» нүктеден) өткенде ғана хандық мәртебеге ие болады. Шеңбер бойымен үш (жеті, тоғыз) рет айналып, межелік («М») нүктеден үш (жеті, тоғыз) рет өткенде үміткер хандық мәртебеге ие болады. Бірақ, бұл мәртебе нақты мәңгі уақыт тұрғысынан алғанда уақытша нәрсе, өйткені, меже нүкте оған өз мәртебесін (инвеститурасын) беріп отырған жоқ, бар болғаны кіндік нүктеге тиесілі «мәңгі хан/билеуші», «билеушілік бастау», «барлық өткен, келер, осы билеушілердің жиынтығы», «бір мезгілдегі өткен, келер және осы хандардың тоғысуы» түсініктердің сарқытын уақытша (тарихи уақыт бойында) ғана иемденуге мүмкіндік беріп отыр. Меже нүктеден өткен үміткер осы «мәңгі ханның» мәртебесін уақытша ғана иемденеді, оның уақытша көбі (ипостась) болып шығады.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

Оставить комментарий