ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖӘДИД МЕКТЕПТЕРІ

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірінде кең өріс алған жәдидшілдік қозғалыс тарихы көптеген отандық және шет ел зерттеушілерінің объектісіне айналғаны белгілі /1/. Түркістан өңірінде діни схоластикалық негізде дамып келген мектеп, медреселердің ескіргенін сезінген “қадыми” (қадым-арабша “көне” деген мағынаға келеді) мұсылман зиялылары мен орысша ілім алған және өмірге жаңа көқараспен қарай бастаған кейбір озат пікірлер, “қадым” оқуының даму әкелмейтінін сезіп, мектеп, медреселерде діни ілімдермен қатар, заманауи пәндерді де оқыту қажеттілігін түсінді. Сөйтіп, бұрынғы “усул-и қадим” (усул-и қадим- арабша “көне әдіс”) мұсылмандық оқу орындарының орнына “усул-и жәдид” (усул-жәдид-арабша “жаңа әдіс”) мектеп, медреселерін аша бастады. Мұны мұсылман халықтарының ұлттық сана сезімінің оянуымен және олардың еуропалық мәдениетке ұмтылысымен, сондай-ақ, өмірін қайта құруға талпынысының жандана түсуімен байланыстыруға болды. Алғаш рет “жаңа әдісті” мектеп, медреселерін ашқан Ысмайыл Гаспыралы (Түркі әлемінде оны осылай атайды) болды. Оның “Русское мусульманство” атты саяси памфлеті Ресей мұсылмандары арасында ұлттық дербестік идеяның таралуына себеп болды. Памфлетте Ресей империясының орыстандыру саясаты мен білім беру жүйесі сынға ұшырады. Ысмайыл Гаспыралының бұл памфлетті жариялаудағы басты мақсаты — патша өкіметінен мұсылмандардың рухани өсуіне мүмкіндік беруді талап ету болды /2/. Ыс- майыл Гаспыралының мақсатын орыс мис- сионер-ғалымдары былай сипаттайды: “Цели И. Гаспринского были просты и яс- ны: правильное воспитание русских му- сульман, развитие популярной литературы, возможное распространение русского язы- ка, науки и культуры среди русских му- сульман и тесное сплочение их с русскими на почве науки и материального прогрес- са” /3/. Н.П. Остроумов өзінің күнделігінде “Гаспринский не допускает “кровного хи- мического единения” мусульманских под- даных России с русскими, а желает едине- ния нравственного, ассимиляции нравст- венной и духовной, основанной на прин- ципе национальной индивидуальности, свободы и самоуправления”- деп жазып, Ы. Гаспыралының нақты мақсаттарын ортаға салған /4/. Ысмайыл Гаспыралы Бақшысарай қаласында 1883 жылы жиырма жыл ішінде баспасөз органы қызметін атқарған және түркі халықтарының оқу-ағарту саласында қызмет еткен “Тәржімән” (аудармашы) газетінің редакторы болып, өзі құрастыр- ған әліппе негізінде: “Тілде, пікірде және тірлікте бірлік”- ұранымен Ресей боданына тап болған түркі халықтарының ортақ әдеби тіліне қажеттілік мәселесін көтерді. Газет түрік тілінде шығып, көптеген мұсылман елдеріне таратылатын. Түрік тілі ортақ тіл ретінде таңдалуының басты мақсаты-түркі халықтарын бір араға біріктіру болды. Түрікшілдік мәселесі патшалық Ресей- де едәуір сынға алынып, оған қарсы күрес жұмыстары жүргізілгені баршаға аян. Бұл мәселені патша үкіметі кезінде де Кеңес заманында да қаралап, түркі халықтарын ұлтшылдықпен айыптайтын. Қуғынға ұшыраған тарихшылардың бірі Баймирза Хайт “Түрікшілдік” жөнінде өзінің мына- дай пікірін жазған: “Кезінде патша өкіметі мен Кеңес дәуіріндегі саясаткерлер мен тарихшылар “Түрікшілдікке” саяси қозғалыс сипатын берген. Бірақ, бұл саяси қозғалыс емес. “Түрікшілдік” ғылыми- этикалық, философиялық мектеп, мәдени жолындағы бірігу идеясын ұағыздайтын және агрессиядан қорғанатын бірден-бір тәсіл” /5/. 1890 жылдары Ресейде алғаш рет Ыс- майыл Гаспыралы татарларға ана тілі мен сауаттылығын үйрететін “Устул-и жәдид” атты оқулығын шығарды. Бұл оқулық дыбыстық әдіспен құрастырылып, түркі халықтарының сол әдіспен оқуына мүмкіндік тұғызды. Мұсылман халықтары заманауи еуропа ғылымдарын түріктер мен орыстар арқылы таныды. Себебі, Еділ өңіріндегі “жәдидшілердің” басым бөлігі орысша сауат алмаған, олар медреседе білім алған қызметкерлер еді. Ал медресе-де бұл қызметкерлер мұсылмандық сауат- ты түрік тілінде алған /6/. Зеки Уәлиди Тоган өз еңбектерінде жәдидшілдік қозғалыстың мазмұны мен идеологтардың қызметін талқылауға тал- пыныс жасап, бұл қозғалысқа “түркі халықтарының қоғамдық өмірін өзгертіп, еуропа мәдениетімен бірігуді мақсат еткен сауатты-мәдени қозғалыс”- деген баға берді. Сондай-ақ Зеки Уәлиди Тоган жәдидшілдік қозғалыстың әлеуметтік бағыт-бағдарын белгілеп, “бұл жүйе бір жақтан- қоғамның ең төменгі сатысын көтеруге талпынса, екінші жақтан — ұсақ бұржуазияның практикалық міндеттеріне жауап берген”- деп, жәдидшілердің халықтың діни-адамгершілік жағынан тәрбиелеуді мақсат еткенін жазған. Ол жәдидшілдік қозғалысты екі кезеңге бөлген: біріншісі — ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бірінші орыс революциясына дейінгі кезең. Бұл кезеңде халық, жәдидшілдік идеяларынан жатырқады. Отар әкімшілігі де оған онша мән бермеді. Екінші кезең — бірінші орыс революция- сынан 1917 жылғы революцияға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жәдидшілер мектеп ре- формаларын жүргізіп, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірді өзгерте бастаған /7/. Түркістан өлкесінде алғашқы жаңа әдісті мектептің негізін қалаған Ташкенттік Мұнавар Қары Абдурашидха- нов болды. Ол Ташкент қаласында жақсы жабдықталған екі сыныптық мектеп ашып, онда жаңа әдісті мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарды дайындаған. Мұнавар Қары Абдурашитха- нов ашқан бұл жаңа әдісті мектепке арналған оқу бағдарламасы бір және екі сыныпты мектептерге бірдей еді. Бір сы- ныпты мектепті бітірген балалар емтихан- сыз жаңа әдісті екі сыныпты Мұнавар Қарының мектебіне қабылданатын. Бұл мектепте сабақтарда пайдаланатын “Ади- би-Аввал” (бірінші ұстаз) атты мұсылман әліппесін Мұнавар Қары өзі құрастырған. Бұл кітап бойынша: оқушылар араб әріптерін буындап оқығаннан кейін, қысқаша әңгімелерді оқитын. Мұнавар Қары арабша жазуларын оқуды оңайлату үшін тыныс белгілерін қойған. Ал ескі әдісті мектептердің оқулықтарында тыныс белгісі қойылмайтын. Сондай-ақ, бұл оқулықта дін ілімі мен географиялық мәліметтерге қатысты мақалалар жазылған /8/. Соныман қатар, жеке-дара шыққан Мұнавар Қары мен Исмаил Әлиевтің құрастырған “Тәжуид” оқулығы құранды дұрыс оқуға мүмкіндік беретін. Ашылған бұл мектеп, Түркістан өлкесінде басқа да жаңа әдісті мектептердің ашылуына елеулі ықпалын тигізді. Аталмыш мектепте оқыған оқушылар көптеген жетістіктерге жетіп, халық арасында беделге ие болды. Н.П. Остроумовтың берген мәліметтеріне қарағанда, Түркістан өңірінде алғашқы жәдидтік мектеп Ферғана алқабында 1890 жылы ашылған. Оңтүстік Қазақстан өңірінде алғашқы жаңа әдісті мектептер ХХ ғасырдың басында ғана ашылып, көбейе түскен /9/. Жыл өткен сайын жәдид мектептері көбейіп, 1905 жылға дейін тек Түркістан өңірінде оның саны 35-ке жеткен /10/. Түркістан өлкесінде ашылған жаңа әдісті мектептерде татар тілінде басылған оқулықтар пайдаланылды. Татар тілін түсінуде Түркістан балалары қиналған- дықтан, кейіннен бұл оқулықтар өзгертіліп, өңделді. Жаңа әдісті мектептердегі білім сапасын сезген мұсылман отбасылары өз балаларын ескі мұсылмандық оқу орындарынан жаңа әдісті мектептерге ауыстыратын. Ескі мұсылмандық оқу орындарында шәкірттер саны азайып, кейіннен олар амалсыздан жабылып жатты. Жаңа әдісті мектептерге мамандарды даярлауға Уфа, Орынбор және Қазандағы медреселер елеулі ықпалын тигізді. Бұл медреселерде оқыған қазақ балаларының саны жыл өткен сайын асып жығылды. Аталмыш қалалардағы медреселердің оқытушылары мен шәкірттері кейінен қазақ даласында көшпелі төте жазу мектептерін ашқан. Бұл мектептерге орыс- түзем мектептерінде жұмыс істеген оқытушылар ауыса бастады. Өз кезегінде Орынборда шығатын “Уақыт” газетінің кезекті санында “Школа и наши вероучителя” атты мақалада: “Школа- избавление нации от гибели. Известно что вероучителя являются людьми которые ведут к оздоровлению народы… наш народ начал пробуждаться, хотя и медленно, но только с тех пор, как начали появляться среди нас ново-методные шко- лы и в них вероучителя. Эти ново- методные школы внеся новую струю в на- шу нацию, пробудили ее от векового не- вежественного сна. Они (т.е. школы) пока- зали, что наше положение печально (пло- хое) наше будущее мрачно и всяк ухватил- ся за школу. Повсеместная жажда обуче- ния мальчиков и девочек обуяла наш на- род. Народ показал что он не пожалеет де- нег на расходы мектебам и вероучителям. В этом отношении выдвинулись и богачи- благодетели. Нашлись среди них имамы и молодые шакирды- энергичные люди, ко- торые взяли на себя роль учителя” /11/ — деп, жаңа әдісті мектептердің жылдар бойы ұйықтаған халықтың өміріне едәуір өзгерістер енгізгенін жазған. Түркістан генерал-губернаторлығында кеңінен өріс алған жаңа әдісті мектептер патша өкіметінің үрейін ұшырды. Полиция департаментінің 1901 жылы Сырдария уа- лаяты әскери-губернаторына жолдаған мына нұсқау хатынан орыс әкімшілігінің ашылған жәдидшіл мектептерден қанша- лықты сескенгенін көре аламыз. Онда бы- лай деп жазылған: “В последнее время в татарской литературе встречаются статьи связанные с пробуждением 14 миллионно- го мусульманского населения. Все это на- чалось с азбуки опубликованной в 1884 году И. Гаспринским под названием “Хо- вадже-и- Субьян”… в связи с последст- виями Андижанского восстания мы долж- ны с острожностью относиться к мусуль- манству и предпринять меры в отношении открывающихся ново-методных школ” /12/. Орыс әкімшілігінің пікірінше: Түркістан өңіріне тәуелсіздік идеяларын татарлардан басқа түрік “эмиссарлары” таратқан. Олар мұсылман халықтарын өз медреселерінде оқытып қана қоймай, Түркістан өңірін түрлі басылымдармен қамтамасыз етіп жүргені жөнінде көптеген мұрағат құжаттары дәлел бола алады. Мұрағат құжаттарының бірінде “ Кроме татар на Туркестанских мусульман имеют большое влияние разные турецкие эмисса- ры. Во время греко-турецкой войны с поч- ты получались картины сражений, где все турецкое прекрашивалось, а христианство представлялось в искаженном и обидном для него виде. Внешним признаком турец- кого влияния являются так же: факт ноше- ния туземцами турецких фесок, вместо обычного головного убора, украшение ку- полов местных мечетей изабражением лу- ны и большое распространение турецких гравюр религиозного характера в домах туземцев, особенно в кельях при медресе” /13/ — деп жазылып, туріктердің де Түркістан өңіріне ықпал еткенін жазған. Түркістан районының қарауыл бөлім- шесінің бастығы 31 қазан 1912 жылы Түркістан өлкесінің училищелердің басты инспекторына жазған шағымдамасында Абдурашитханов есімді кісінің үйін тексе- ру барысында түрік тілінде жазылған кітаптарды тапқанын жазған. Сонымен қатар Абдурашитхановты ол түріктермен байланыс құрғаны жөнінде айып тағып, оның 1908 жылдан бастап “Шухрат” атты газетін шығаруға тиым салғаны туралы жазған /14/. Осылайша отар әкімшілігі кез келген жағдайға күдікпен қарап, жергілікті халықты бақылап отырған. ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда көптеген жаңа әдісті мектеп- тер ашыла бастады. Тек Сырдария облы- сының бірінші аудандық инспекциясында 1914 жылы 17 жаңа әдісті мектеп тіркелген /15/. Олардың арасында — Әулиеата қаласында ашылған “Шамсие” мектебі, Қазалы қаласында “Хусаинов” татар мешіті жанындағы жаңа әдісті мектеп, Перовскі қаласында ашылған “Шаги Ах- мет Валиуллинов” атты жаңа әдісті мек- теп, Түркістан қаласындағы жаңа әдіспен дәріс берген т.б. мектептер қызметін атқарған. Әулиеата қаласындағы татар мешіті жанындағы мектептің ұйымдастырушысы Хусаин Бегиев, бұл мектепті жаңа әдісті мектеп ретінде қайта құру үшін оған өтініш білдірген ата-аналардың арызын негізге алып, Сырдария облысының екінші аудандық халық училищелердің инспекто- рына өтініш жазған. Осы өтінішке жауап ретінде ол инспектордың рұқсатын алып, “Шамсие” атты жаңа әдісті мектепті Нико- лаев көшесі бойындағы татар мешіті жа- нынан ұйымдастырды. Онда 30 оқушының 2 сарт, 8 татар, 5 қазақ ұлдары және 5 қыз оқушы білім алған. Бұл мектепте мұғалім қызметін Самара губерниясының Бузулук уезінің шаруасы Халим Абдулгамит Уми- ров атқарған. Халим Абдулгамит, Гафаров медресесін бітіріп, мұсылмандық ілімдері- мен қатар жаратылыстану пәндерін жергілікті тілде беретін /15, 8-9-п.п./. “Шамсие” жаңа әдісті мектебінің оқу бағдарламасы төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде- шәкірттер екі сатылы ап- тада 11 сағаттық әліппе сабағын оқитын. Бірінші сатыда- “Муғалим-Аввал” әліппе сабағына 6 сағат бөлінсе, екінші сатыда- “Мұғалим- Сани” әліппе сабағына 5 сағат бөлінген. Әліппе сабағымен қатар шәкірттер ауызша дін заңы сабағын өтетін, оған аптада 3 сағат бөлінген-ді. “Қираат- Турки” деп аталатын ана тілін үйрену сабағына аптада 4 сағат бөлінген. Арифме- тика сабағына (Хисап-Зихни, арапша- “хисап” есеп деген мағынаға келеді, ал “Зихни”- ойлау дегенді білдіреді) аптасына 2 сағат бөлінген. Шәкірттердің көркем жа- зу сабағына аптасына 2 сағат бөлініп, жал- пы бірінші бөлімде шәкірттер аптасына 22 сағаттық дәріс оқитын /16/. Екінші бөлімде- Құран сабағына апта- сына 6 сағат бөлінсе, “Мұғалимул-Ибадат” дін заңы сабағына 3 сағат бөлінген. Екінші бөлімде де шәкірттер аптасына 2 сағат бөлінген ана тілін оқитын. “Рахбар-Имла” атты ана тілінде диктант жазу сабағын ап- тасына 3 сағат бөлінген. Сондай-ақ, “Та- рих- Анбия”- қасиетті тарих сабағын апта- сына 3 сағат алып, есеп сабағын аптасына 4 сағат оқитын. Жалпы екінші бөлімде шәкірттер 21 сағаттық дәріс алатын /16/. Үшінші бөлімде Құран сабағына апта- сына 5 сағат бөлінген. Дін заңы сабағына- 4 сағат бөлінген. Үшінші бөлімде шәкірттер георграфия (Мұхтасар- Жағрафия) сабағын аптасына 4 сағат оқитын. Бұл бөлімде гигиена сабағына ап- тасына 2 сағаттық дәріс бөлінген. Сондай- ақ шікірттер ислам тарихын (аптасына 4 сағат), арифметика (3 сағат) және диктант сабағын аптасына 4 сағат оқитын жалпы бұл бөлімде оқушылар 30 сағаттық дәріс оқитын /16, 42-43 об.-п.п./. Төртінші бөлімде оқушылар Құран (4 сағат), дін ілімін (2 сағат), қысқаша жалпы және Ресей географиясын (3 сағат), ариф- метика сабағын (6 сағат), ислам тарихын (6 сағат), диктант және ауызша гигиена сабақтарын оқитын, жалпы бұл бөлімде оқушылар, жоспар бойынша жасалған 31 сағаттық дәріс оқитын /17/. “Шамсие” атты жаңа әдісті мектепте Қазан мен Орынбор- дан шыққан татар оқулықтар бойынша сабақ берілетін. ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Қазалы қаласында ашылған “Хусаинов” атты мешіт жанындағы жаңа әдісті мек- тепте 80 оқушы білім алған болса, “Дивар- Хусаинов Сейфун- Маликов” мектебінде 35 қыз бала білім алған /18/. Бұл мектепте Орынбор медресесін бітірген екі оқытушыға қоса бір молда сабақ беретін. Мектептегі оқу процесі төрт сыныпқа бөлінгендіктен, оқушылар еуропа үлгісімен жабдықталған төрт бөлек сы- ныпта дәріс алатын. Бұл мектептің 80% татар, 10% сарт, 5% қазақ, 2% татар қыз балалары еді /19/. Мектепте білім алу тегін болғанымен, оқушылардың ата-аналары мүмкіндігінше ақшалай немес түрлі сыйлықтарын бұл мектепке беріп отырған. Мектепке қажетті қаражатты “Ғани Ғаниұлы Хусаинов” мешітінің қауым мүшелері жинап отырған. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстанда жәдидшіл мектептердің саны ескі мұсылмандық мектептерге қарағанда аз еді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек: 1903 жылы Шымкент уезінде 172 ескі мұсылмандық мектебінде 2496 ер бала, 176 қыз бала оқыды. Сол жылдары Қазалы уезінде 99 ескі әдісті мұсылмандық мектеп жұмыс атқарған /20/. Ал 1905 жылы Шым- кент уезінде 172, Әулиеата уезінде 147, Перовскі уезінде 84, Қазалы уезінде 99 ескі мұсылмандық мектептер жұмыс атқарған. Жалпы облыста 502 ескі әдісті мектеп болды /20, 18-п./.

Читайте также:  Жоғарғы өкіметті жүзеге асырушы адамдардың міндеттері

Оставить комментарий