Хин­ди ті­лі тәуелсіз Үн­діс­тан­ның тіл саяса­ты­ның ныса­ны ре­тін­де

Опубликовано Июль 29, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазіргі заманғы социолингвистиканың бір бөлімі – нақты бір қоғам немесе мемлекетте қандай да бір белгілі тарихи кезеңде жүргізілетін тіл саясатын зерттеу. Қазіргі таңда тіл саясаты социолингвистикалық бағытта кеңінен қолданылғанымен, социолингвистикалық аспектіде оған көп көңіл бөлінуде, қазірге дейін оның жалпы қабылданған анықтамасы жоқ, әртүрлі зерттеушілер бұл түсінікке әртүрлі және мағыналы интерпретациялар береді. Бүгін едәуір қолданыста Л.Б. Никольский ұсынған тіл саясаты түсінігі. «Тіл саясаты» түсінігін ол «тілдерді қызметтік бөлуді немесе тілдің өмір сүру қалпын өзгерту немесе сақтау, қолданыстағы тілдік нормаларды жүйелеу немесе жаңа нормаларды енгізу мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы ретінде интерпретациялайды, ол «тіл құрылысы», «сөйлеу мәдениеті» түсініктерін тілге саналы ықпал етудің әртүрлі бағыттағы үрдістерді көрсеткіш ретінде қамтиды. Тіл саясатын қалыптастыру механизмі мен оны өмірге енгізуді ескермегендіктен, бұл дефиниция біраз келіспеушіліктермен қақтығысады. Егер оны әрқайсысының өз жүйесі бар және тіл саясатын қалыптастырудың және оны өмірге енгізудің қандай да бір тарихи пайда болған механизмі бар дамушы елдерге қатысты қарастыратын болсақ, тіл саясаты түсінігін нақтылау өте қажет. Үндістанның тіл саясаты тарихында жаңа кезең бұрынғы британдық отардың орнында екі мемлекет: Үндістан мен Пәкістан пайда болған 1947 жылдан бастау алады. 1947 жылы тамыз айында тәуелсіздігін жариялаған Үнді Одағының Құрылтай Жиналысы заң шығарушылық өкілеттілікке ие болып, 1948-1949 жылдар аралығында Конституцияны дайындап, 1949 жылғы қарашада бекітілді, ал 1950 жылғы қаңтардан елдің Басты Заңы күшіне енді. Конституцияны құрастырушыларға ең күрделі мәселе – ресми тіл мәселесі болды. Конституция қабылданды, оның лингвистикалық бөлімдері елдің тіл саясатының іргетасына айналды. Конституцияның 17-тарауы толығымен бір ғана мәселеге – тіл саясатына арналған. 343-бөлімге сәйкес Үндістанның ресми тілі болып деванагари графикасын қолданатын хинди тілі жарияланды. Сонымен бірге ресми тіл ретінде ағылшын тілі келесі 15 жылға қалдырылды, бұл жағдайда Үндістан үкіметі мен парламентінің ал­ 88 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Хинди тілі тәуелсіз Үндістанның тіл саясатының нысаны ретінде дында маңызды коммуникация салаларында – мемлекеттік аппарат жұмысында хинди мен ағылшын тілдерінің қатынасы жөніндегі мәселе тұрды. Хинди тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, біртіндеп хинди тіліне көшу мақсатында жүргізілген іс-шаралармен бірге үкімет бірқатар ұйымдар құру бойынша жауапкершілікті өз мойнына алды. Сондай ұйымдардың ең ірілері және ықпалдылары: бенарестік 1893 жылы құрылған «Нагари Прачарини Сабха» (нагари графикасын насихаттаушы қоғам), 1910 жылы негізі қаланған аллахабадтық «Хинди Сахитья Саммелан» (хинди әдебиеті қоғамы), 1918 ж. негізі қаланған мадрастық «Дакшин Бхарат Хинди Прачар Сабха» (оңтүстікүнділік хиндиді насихаттау қоғамы), 1936 жылы құрылған вардхиндік «Раштра Бхаша Прачар Самити» (ұлттық тілді насихаттау комитеті). Тәуелсіз Үндістанда бұл ұйымдар жалпы мемлекеттік мағынадағы мекемелер болып табылды және оларға ұдайы мемлекеттік субсидиялар бөлініп отырды. Көптеген зерттеушілердің байқауынша, хинди тілін насихаттаумен және таратумен айналысатын ұйымдар тікелей немесе өз өкілдері арқылы жаңа терминология жасау мақсатында құрылған әртүрлі комитеттер мен комиссиялардың қызметіне шешуші ықпал етеді. Олар құрастырған терминологиялық сөздіктер, глоссарилер және т.б. Бүкілүнділік Радио, «Дурдаршан» сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының тілі сияқты аталмыш ұйымдар насихаттайтын лингвистикалық пуризмнің шынайы көрініс табуы деп айтуға болады. Бір уақытта хиндидің дамуы мен таралуымен байланысты мемлекеттік мекемелер желісі кеңейіп, нығая берді. 1960 жылы дәл сол парламенттік комитеттің ұсыныстарына сәйкес Білім министрлігі құрамында Орталық Хинди директоратының «Кендрия Хинди нидешалай» негізгі тапсырмасы хинди тілін насихаттау мен таратуды хинди тіліндегі кеңінен тараған әдебиетті жарыққа басып шығару және оны хинди тілді емес аймақтарда тегін таратуды жүзеге асыру. 1961 жылы ғылыми және техникалық терминология бойынша Комиссия құрылды, оның негізгі мақсаты терминологияны дамытудың жалпы қағидаларын қалыптастыру мен терминдер жасау шығармашылығы саласында әртүрлі мемлекеттік мекемелер жұмысын үйлестіру ғана емес, сонымен бірге жаңа терминологияны қолдану арқылы стандартқа сай оқулық құралдар дайындау, терминологиялық сөздіктер құрастыру, шет тілдерден ғылыми басылымдарды үнді тілдеріне, ең алдымен хинди тіліне аудару. 1961 жылы Орталық Үкімет 1959 жылы негізі қаланған Кендрия Хинди Санстхан (Орталық Хинди Институтын) өз қолына алды. 1963 жылы Индия парламенті ағылшын тілі 1965 жылдан кейін де ресми мақсаттарда қолданыла беретіндігі туралы ресми тіл жөнінде Заң қабылдады. Өйткені хинди тілді емес штаттарда Конституцияда айтылған бүкіл іс қағаздарын ағылшын тілінен хинди тіліне аудару мәселесі наразылықтар мен қақтығыстар, баскөтерулер туғызды. Үндістан халқы, негізінен, 447 тілде және 2000-ға жуық диалектіде сөйлейді. Үндістан Республикасының конституциясында хинди және ағылшын тілдері ұлттық үкіметтің жұмысының тілі, яғни мемелекеттік тілдері етіп бекітілген. Одан басқа үнді штаттарының үкіметтері әртүрлі әкімшілік мақсатта қолданатын 22 ресми тіл (scheduled languages) көрсетілген. Экономикадағы тез индустрияландырылу мен көпұлтты ықпалдың салдарынан ағылшын тілі мемлекеттік басқару мен іскерліктің кең тараған және ықпалды байланыс құралы болып қала береді. Әрбір ел өз аумағында жақсы дамыған тіл негізінде заңнамалардың, іс жүргізудің, сауда-саттық пен өнеркәсіптің, сондай-ақ білім саласы мен ғылымның, техниканың тиімді қызмет етуін көздейді. Кейде тарихи, этникалық және басқа факторлар ықпалынан кейбір елдерде қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін бірнеше ресми тіл болады. Жалпы тіл тұрғылықты халықтың бірлігі мен ортақ қарым-қатынасы үшін керек. Айта кету керек, ортақ тілдің болуы – мемлекеттік бірлік кепілі болатын жалғыз ғана шарт емес, мемлекет бірлігі үшін талай-талай төңкерістер мен саяси қозғалыстар болғанына тарих дәлел. Осындай дерек ретінде 1962 жылы болған қытай агрессиясына қарсы Үндістандағы азаттық қозғалысын атауға болады. Бұл кезеңде үнді тұрғындары әртүрлі тілде сөйлейтіндігіне қарамастан, біртұтас майдан құрды. Бұқара халықтың ұжымдық санасы қоғамдық жағдайды соғыста болсын немесе бейбітшілік кезеңде болсын әртүрлі қабылдайды. Десек те қандай да бір дағдарыс болғанда халық өздігінен инстинкті түрде бірігеді, тұтас сана қалыптасады. Ал қауіп сейілген соң, халық санасы қайта өзгереді. Үндістан мемлекетінің алдында тұрған басты міндет – ұлттық тұтастық, өткен тарихында бұл ел әртүрлі ыдыраңқы ұлттар көп болғандықтан, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізді. Сондықтан мемлекет ұлт бірлігін сақтап қалу үшін барынша жұмылдыру шаралары, әсіре­ ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 89 Оспан Н. се, ортақ тіл мәселесі оң шешімін табуы керек деп санайды. Бұрын тіл мәселесі ұлтаралық алауыздықты тудыруға түрткі болып келген. Ал Үндістан мемлекетінің ұлттық бірлігі мен тұтастығы үшін, қоғамдық саланың бәрінде рухани үйлесім мен ортақ түсіністік қалыптастыру үшін ресми тілді анықтаудың маңызы өте зор. Жоғарыда айтып кеткендей, қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыратын, ортақ түсіністікке жетелейтін тілдер – ағылшын және хинди тілі. Бұл тілдерді заңнамалық түрде ресми тіл ретінде бекіту үшін төмендегі негізгі критерийлердің қанағаттандырылуы тиіс: Басқару жүйесін тиімді қамтамасыз ету. Ғылым мен техника саласына қатысты лексиканы қалыптастыру және қамтамасыз ету. Демократиялық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету. Ұлт мәртебесін көтеру. Хинди тілінде халықтың басым көпшілігі сөйлесе, ағылшын тілі негізінен билеуші топ өкілдері арасында қолданылып келеді. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша онда 1652 тіл мен диалектілер бар екені белгілі болған. Бір өзекті қағидалар бойынша жүргізілген басқа санақ бойынша, Үндістандағы толыққанды тілдер 400-ден 700-ге дейінгі аралықта көрінеді. Ең көп тараған осы заманғы 13 жергілікті тіл, ежелгі санскрит және бүкіл ел көлемінде қолданылатын ресми тілдердің бірі – ағылшын тілі [8, 194]. Бұлардың арасында синдхи, урду, санскрит, хинди төртеуінен басқасы бір-бір штаттың негізгі ресми тілі болып есептеледі. Үндістан республикасының хинди тілімен қатар пайдаланылатын негізгі ресми тілінің бірі ағылшын тілі деп саналады. Бұған кезінде Джавахарлал Нерудің өзі үзілді-кесілді қарсы болғанымен, көпке топырақ шаша алмады. 1948 жылы Үндістанның білім жөніндегі комиссиясы мұндай әрекет адамдарды екі ұлтқа бөліп жібереді және олардың арасындағы кереғарлық күннен күнге алшақтай түседі деп ескертті. Ол шындыққа айналды. Сырттай қарағанда, хинди мен ағылшын тең құқылы тілдер. Өйткені тең мәртебеге ие. Сонымен ағылшын тілінде халықтың небары 2 пайыздайы сөйлейді. Олар – ағылшынша білім алған үнді элитасы. Мемлекеттің тағдырын шешіп отырған саясат пен іскер топтың өкілдері, ғылыми зиялылар. АҚШ пен Үндістан тіл қоғамдарының мүшесі, Үндістан тілдерінің Орталық институтының директоры, ЮНЕСКО-ның беделді сарапшыларының бірі, көрнекті ғалым Дебипрасанна Паттанаяктың ойынша, ағылшын тілі бұрынғысынша ғылымның, білімнің, сауда-саттық, іскерліктің, сондай- ақ белгілі бір мәртебе, артықшылық, дәулет алып беретін абыройлы лауазымға жеткізетін бірден бір элиталық тіл болып қалып отыр. «мұндай мақсатта білім беруді толып жатқан етене тілдерімізде жүргізуге көз жұма құлықсыздық таныту, түптеп келгенде, халықпен билікті де, байлықты да бөліскісі келмейтін әлеуметтік іштарлық болып табылады. Қалың бұқара мен өз тамырынан айырылып жаңа өркениетке бауыр басып алған, өз мәдениетіне жаны ашымастықпен қарайтын өзімшіл элитаның арасындағы бірін бірі жатырқаушылықтың күннен күнге өсіп бара жатуының басты себебі де осы – саяси-экономикалық эго- изм болып табылады» [9, 643]. Бұл – миллиардқа жуық үнді халқының көптілділігін зерттеп жүрген әйгілі маманның пікірі [9, 643]. Ол бұрынғы метрополия тілінің өз мәртебесінде қалуына тек бір-ақ тұрғыдан – элита мен бұқараның арасына көрер көзге сынға қағылуы тұрғысынан қарайды. Әйтпесе, ел тұрғындарының бір-екі пайызының отарлау тұсындағы ескі үрдістен шыға алмауынан миллиард халқы бар мемлекеттің тәуелсіздігі мен мәдени-рухани дербестігіне келіп тұрған ешқандай да қауіп жоқ екені белгілі. Үстем тілде еуропалықтармен тайталасардай білім алудың бұрын да оңай болмағаны, қазір де оңай емес екені белгілі. Ол қай заманда да, тек азын-аулақ ұлттық элитаның еншісіне тиген артықшылық еді. Ең бастысы, өз тілінде білім ала алмау көп ғасыр бодандықта болған елдің рухани азаттық алуына, өзінің табиғи және саяси бостандықтарын терең түсінуіне, рухани отарлаусыз дамушылықтың, шынайы елжандылық пен отаншылдықтың қалыптасуына ұмтылдыруға кедергі келтіріп бағады. Жүріп жатқан реформалардың бұқаралық сипат ала алмай, мардымсыз өрістеуіне ұрындырып отыр. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Ол атадан мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шүбарлануының қандайына болса да, қарсы түруы тиіс [11, 121]. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген ха­ 90 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Хинди тілі тәуелсіз Үндістанның тіл саясатының нысаны ретінде лықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, ана тілін терең меңгерген ұрпақ. Мемлекеттік тілді насихаттау мен енгізу жалпы тілдік ахуалға жасалған нақты әрі ғылыми талдаусыз табысты бола алмайды. Әлеуметтанушылық және әлеуметтік лингвистикалық мониторинг тілдік үрдістердің жүру қарқынын және демографиялық, әлеуметтік, этникалық өлшем бойынша оның өңірлік саралануын көрсететін тіл саясатындағы тұрақты түзетулерді қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жөніндегі бағдарламаны табысты іске асыру үшін тіл саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларды қолдану қажет. Үндістан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтас- тық іс-тәжірибесінде халықаралық шарттарды дайындау және жасасу кезінде мемлекеттік тілді пайдалану міндетті талап болуға тиіс. Ресми іс-шараларды мемлекеттік тілде жүргізу, бұл ретте басқа тілдерге сапалы ілеспе аударманы қамтамасыз ету қажет. Нормативтік-құқықтық актілер, лауазымды тұлғалардың сөйлейтін сөздері, қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар ең алдымен мемлекеттік тілде дайындалуға тиіс. Қазіргі кезде «хинди» деп аталатын тіл өзінің көпғасырлық тарихында көптеген атауларға ие болған, ал кей кездерде бір уақытта бірнеше атауларды да иемденген.

Оставить комментарий

Загрузка...