Христиандық Милленаризм

Рим империясының ресми дініне айналған христиандық, милленаризмді күпірлік (ересь) деп айыптады, дегенмен, шіркеудің әкейлері бұрынырақта осы көзқарасты таратқандығы белгілі. Бірақ, Шіркеу Тарихты қабылдады, нәтижесінде, христиандардың соңына түсу заманының келтірімдегі сияқты емес, дүниенің ақыры болмай қоймайтын оқиға болудан қалды. Бүл дүние, өзінің барлық кемшіліктерімен, әділетсіздігімен жөне қатыгездігімен, өмір сүруін жалғастыра берді. Тек Құдай ғана Дүниенің ақырының болар сататын білетін, және бір нәрсе ғана анық сияқты еді, ол ­ ақырдың ертең басталмайтындығы. Шіркеудің жеңісті шеруімен аспан патшалығы жерге түсіп үлгерді, белгілі бір мағынасында қарастырғанда, көне дүние қираған болып шықты. Шіркеудің ресми антимилленимен прогресс туралы ілімнің алғашқы нышандарын айтады. Шіркеу, адамның өмір сүруін, ұлы тарихилыққа қарағанда бай ­ бақуатты етуге қандай болса, сондай түрде қабылдады Олар молшылық пен жырғалаң өмірді жария етеді. Норман Дон, Милленаризм туралы жаңа кітаптың авторы, национал ­ социализм мен марксизм­ленинизмге қатысты былай деп жазады: «Анаусы да, мынасы да пайдаланып жүрген жалған ғылыми пайымдаулардың астарында, нәрселерге деген, бір түрлі бейнеде, ең түнек ой ­ машықтары (мышления) мен орта ғасырлық далбасаны еске түсіретін көзқарасты байқауға болады. Таңдаулылардың (арийлықтардың немесе пролетарийлердің) демондар әскеріне (еврейлерге немесе буржуазияға) қарсы соңғы және шешуші шайқасы; бүкіл дүниеде билік құру қуанышы немесе абсолютті теңдікте өмір сүру бақыты (немесе екеуі де), Көрегендіктің (Провидение) мақсатты ойына сай, бұрынғыда тартқан барлық қайғы ­ қасіреті осылайша төленетін таңдаулыларға бұйырады; тарихтың алдын­ала белгілеулері орындалып, жаһан, ақыр соңында, зұлымдықтан азат болады. Міне, күні бүгінге дейін адамдарды құмартып отырған көне химералары осындай» . Ілкі қауымдық халықтардағы Милленаризм. Бірақ, Ақыр заман туралы миф, бүгінгі уақытта, батыс дүниесінің сырт жағында барынша коп дамуға ие болып отыр. Әңгіме сансыз нативистік және милленаристік қозғалыстар, олардың ішінде барынша танымалдыққа ие болған Меланезиялық, Океанияның басқа да аудандарында, сондай­ақ, Африканың бұрынғы европалық отарларында кездесіп түратын карго ­ культтер жөнінде болып отыр. Осы қозғалыстардың көпшілігі, христиандықпен азды­көпті мөлшерде қарым­қатынаста болудың нәтижесінде қалыптасуы әбден мүмкін. Олар бәрінен бұрын ақтарға және христиандыққа қарсы бағытталған, соған қарамастан аборигенді милленаризмінің қозғалыстарының басым көпшілігі оз бойына христиандық, эсхатологиялық элементтерді дарытқан. Кейбір жағдайларда аборигендер миссионерлерге қарсы, олардың өздерін кәміл христиандар ретінде ұстанбағаны және Христің болмай қоймайтын келуіне және өлілердің тірілетіндігіне сенбегендігі үшін көтеріледі. Меланезияда карго ­ культ Жаңа жылдың мифтері мен жоралғыларын сіңіріп алған.

Читайте также:  ДЕМОКРАТИЯ ИДЕЯСЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ДАУ

Біз атап көрсеткендей, карго культті ұстанушылар, Жаһан қиратылады және қайта төрі тіледі, тайпа ұжмақ тәрізді бірдемеге ие болады: өлілер қайта тіріледі, және бұдан былай өлім де, ауру­сырқау да болмайды дегендерге де сенеді. Бірақ, үнді ирандық және христиандық эсхатологиялардағы сияқты, осынау жаңа қирату мен Ұжмақтың қайта оралуының алдында бірқатар апаттар, жер сілкіну, жерге отты жаңбыр құяды, таулар аңғарларды көміп тастайды, осы культті ұстанбайтын мен аборигендер құртылады. Ілкі қауымдық халықтардағы милленаризмінің морфологиялық төтенше бай және күрделі. Біздің зерттеулеріміз үшін мезетті нақтылап көрсету өте маңызды: 1) милленаристік қозғалыстар ғаламның қайталамалы жаңғыруының мифтік ­жоралғылық сценарийінің кең өрбітілуі ретінде қарастырыла алады; 2) христиандық эсхатологияның тіке немесе жанама болғандығына, сірә, шәк келтірілмеуі тиіс; 3) милленаристік қозғалыстың ұстанушылары, батыс өркениетінің ықпалына түскенімен және ақ адамдардың білімі мен дінін, сондай ­ ақ, олардың байлығы мен қару­жарағын өз таныстарына сай бейімдеуге ынталылық көрсеткенімен, бүгінде Батыстың қарсыластары болып табылады; 4) мұндай қозғалыстар әрқашан ға өмірге пайғамбар күшті діндар тұлғалардың арқасында дүниеге келеді, бірақ, саясатшылардың пәрменімен немесе саяси мақсатта ұйымдасады және пайдаланылады; 5) осы қозғалыстардың барлығында да мыңжылдықтың қатарында болатын дүниенің ақыры болмай қоймайтын іс есептелінеді, бірақ ол міндетті түрде ғалами апаттан немесе тарихи апаттан соң болмақ. Осындай қозғалыстардың саяси, әлеуметтік және экономикалық сипатын басымдығын нақтылап жатудың қажеті жоқ: ол онсыз да айқын. Бірақ, олардың күш­қуаты, шығармашылық әсері тек қана әлеуметтік ­ этникалық факторлармен шектеліп қалмайды. Сөз діни жөнінде болып отыр. Оларды жақтаушылар экономикалық және әлеуметтік жағдайларға жету үшін, Заманның ақырын болатындығын жария етеді және күтеді, әсіресе, дүниенің қайта төрі тіліп және адамның қайта қалпына келуіне ерекше үміт артады. Бұл қозғалысты ұстанушылар жердегі бақ­берекені қалайды, бірақ, сондай мөлшерде өлімсіздікті, еркіндікті және ұжмақтық жырғалаңды да аңсайды. Олар үшін Заманның ақыры адамның өмір сүруін жырғалаң, кәміл және шетсіз өмірге өзгеруін мүмкін етеді. Оның үстіне, әңгіме апатты ақыр жөнінде болмайтын қозғалыстардың өзінде де дүниенің қайта тууы мен қайта жасалуы идеясы басты элемент болып табылатындығын қосуымыз керек. Пайғамбар немесе культтің негізін қалаушы «бастауларға қайтып оралудың» болмай қоймайтындығын, және, оның нәтижесі ретінде, ілкі бастаулық «ұжмақтық» күйге қайтып оралуды насихаттайды. Әрине, көп жағдайда осынау «ілкі нұсқалы» ұжмақтық күй, сөз жоқ, Ақтардың келер қарсаңындағы мәдени және экономикалық ситуацияның идеалданған бейнесіне сәйкес келеді.

Читайте также:  АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІК НЕГІЗДЕРІ

Бүл, Алтын Ғасыр түрінде қабылданған «ілкі бастаулы жай­күй» мен «өткен тарихты» мифтендірудің жалғыз ғана мысалы емес. Бірақ, нақты жағдайда бізді қызықтыратыны, кейде мифтің осынау буырқанған бейнесінен сұрыптап шығарудың сәті түсіп жататын «тарихи» болым емес, Заманның ақыры — отарлаудың ақыры — және, бастауларға қайтып оралуды ойластыратын жаңа дүниені күту мезеті. Миссияның кейіпкері санаткермен (культурный герой) немесе көптен күтулі мифтік ата­бабамен шендестіріледі. Отарланған халықтардың милленаристік қозғалыстарының жариялаған саяси тәуелсіздік пен мәдени еркіндігі ілкі бастаулық бақытты уақыттарға қайтып оралу түрінде қабылданады. Тұтас алғанда, айқын апокалипсистік қиратылусыз ­ ақ, осынау көне дүние символды түрде тарқатылады және оның орнына ілкі нұсқалы ұжмақ дүниесі орнатылады.

Оставить комментарий