Христиандық және мифология

Бірнеше бетте христиандық пен мифологияның өзара байланысы жөнінде келтірім беру қиын. Бұл өзара байланыстар бірнеше, сан алуан, бір ­ бірімен байланысы жоқ мәселелерді қояды. Алдымен, «миф» деген сөзді қолданумен байланысты екі ұдайылық бар болып отыр. Алғашқы христиандық теологтар бүл терминді, грек­рим мәдениеті сферасында қолданғандағыдай, яғни, «ойдан шығарылған», «мысал», «ертегі», «жалған» мағынасында пайдаланған. Сондықтан да, олар, Христ тұлғасынан «мифологиялық кейіпкерді», оның өмірлік драмасынан «мифті» көруге қарсы болды. Екінші ғасырдан бастап христиандық теология, бір мезгілде гностиктер мен доцетистерге қарсы да, мәжуси философтарға қарсы да, Христік тұлғасының тарихи сипатын қорғауды бастады. Жуық арада біз, христиандық теологияның, осындай тезисті қорғау үшін пайдаланған аргументтерімен танысатын боламыз, өйткені, олармен зерттеу барысында ұшырасып отыруға тура келеді. Екінші мәселе де біріншісіне ұқсас: іс Иисустың тұлғасының тарихи сипатында емес, оның тарихи сипаты негізделген әдеби куәгерліктердің шындығы (ақиқат сенімділігі — правомерность) мен мән ­ маңыздылығы жөнінде болып отыр. Тарихи оқиғаны даусыз, күмәнсіз құжаттармен негіздеудің қиын болатындығына Ориген де тұсында есептесуге мәжбүр болған. Қазіргі кезде Годольфо Балтманның, тарихта болғандығына күмәнданбайтын болса да, Иисустың өмірі мен тұлғасы жөнінде ештеңе көруге болмайтындығы жөніндегі тұжырымдары белгілі. Мұндай позиция Інжіл және басқа ілкі бастаулық «мифологиялық элементтерге» ақиқатында өмір бойына христиандыққа және шіркеу ғана болған «жарықтарға» қарсылық орнықты және өміршең дін мен анық қой. Оның ғаламдық пайдасы болды, және, біз көргеніміздей, шіркеу, ақыр соңында оны қабылдады және сіңіріп алды емес пе. Расында да, ауылдық, ең алдымен, оңтүстік және оңтүстік­шығыс Европадағы христиандық ғалами өлшемдерге ие болып отыр.

Соз қорыта келе мынаны айтуға болады: түбегейлі түрде секулярланған және демифологизацияланған гректік дін мен мифология, әдебиет пен өнердің көрнекті туындыларында көрініс табуының арқасында ғана европалық мәдениетте сақтала алды. Сол мезгілде, мәжусиліктің тірі формаларынан жалғыз ілікті болып қалған (олар туралы, жазба ескерткіштер қалмағандықтан, іс жүзінде ештеңе білмейміз) діндер мен мифологиялардың халықтық түр ­ тармақтары, ауыл тұрғындарының дәстүрлерінде, христиандана отырып сақталды. Әңгіме, алдымен, түп­тамыры неолиттің тұңғиығына кетіп жатқан, ауыл шаруашылық құрылымға ие дін жөнінде болып отырғандықтан, Европаның діни фольклоры, сірә, дей ­ тарихтық мұраны сақтап отыр деуге болады. Бірақ, елеулі рухани құбылыс болып есептелгеніне қарамастан, бағзы мифтер мен діни ғұрыптар, мәдени деңгейде болмашы салдарға ие болды. Жазба дәстүрдің пайда болуының нәтижесінде қалыптасқан өзгерістер біржолата, қайтпас болып шықты. Ендігі жерде мәдениет тарихы тек археологиялық құжаттар мен жазба құжаттарды ғана есепке алып отырады. Осындай тектегі куәгерліктері жоқ халық тарихсіз халық деп есептелінеді. Халықтық сенім­ нанымдар мен ауызша дәстүрлер көп кейінірек, неміс романтизмі дәуірінде бағасын алады; бірақ бүл енді антикварлық деңгейдегі қызығушылық қана. Мифологиялығы әлі де болса сақталған фольклор кейбір реттілердің шабыт көзі қызметін де атқарды. Бірақ, осындай халықтық шығармашылық мәдениетте ешқашан да қандай да бір елеулі рөлге ие болып көрген емес. Жеме­жемге келгенде олар «құжат» ретінде бағаланды және осындай сапада тек азын­аулақ маман үшін қызықты болып шықты.

Читайте также:  Мемлекеттік дума және ондағы Қазақ зиялыларының қызметі

Бүгінгі заман адамының қызығушылығын тудыру үшін, осынау дәстүрлі ауызша мұра кітап түрінде ұсынылуы тиіс болды. Сондай­ақ, христиандықта Күн культінің және де мистериалдық құрылымның көп мөлшерлі символдары мен элементтерінің бар болып отыруы, кейбір ғалымдарды Иисустың тарихи сипатын жоққа шығаруға итермеледі. Олар Балтманның идеясын лақтырып тастады, және, жылдам жүрген «мифологизациялау» салдарынан ештеңе білуге мүмкін болмай қалған христиандық бастауындағы тарихи ерді айғақтаудың орнына, олар, керісінше, христиандардың алғашқы ұрпақтарының тұрпайы түрде «тарихиландыруынан» өткен «мифті» айғақтады. Егер тек Артур Дроуз (1909) бен Петр Иенсеннен (1906, 1909) бастап П. Л. Кушуге (1924) дейінгі қазіргі замандық ғалымдарды ғана қарастырар болсақ, сан алуан бағыттар мен маманданулардың зерттеушілері Христің тұлғасын туғызар, сосын христиандықтың өзін туғызар «ілкі бастаулық мифті» тиянақты түрде реконструкциялауға тырысты. Осынау, қаншалықты ғалымдарды, соншалықты тәуекелді құрылыстарды зерттеуге тұтас ізденуді арнауға да болар еді. Олар бүгінгі адамның «мифтік ілкі тектілікке» қатысты аңсарын көрсеткісі келді (П.Л. Кушу үшін тарихи нақтылығының жетімсіздігінің есебінен мифтің тарихи еместік сипатын басып көрсету даусыз болған сияқты). Бірақ, осындай анти ­ тарихтық болжамдардың ешқайсысы да мамандар тарапынан қабылданған жоқ. Оны мына түрде қиюластыруға болады: егер христиандар өзінің дінінен эллинистік дәуірдің киесізденген мифін көруге қарсы болса, онда христиандықтың ілкі қауымдық және дәстүрлі қоғамдардың тірі мифіне деген көзқарасы қандай болған? Біз екі мың жыл бойына түсініп және бастан кешіп келе жатқан христиандықтың толық түрде мифологиялық ой ­ машығынан ажыратыла алмайтындығын көріп отырмыз.

Оставить комментарий