Ибн­-Сина дүниетанымы

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Әли Хусейн Ибн­-Абдаллах Ибн­ Хасан Әли Ибн­-Сина (латынша аты ­ Авиценна) (980­1037) ­ өркениетті адамзаттың мақтанышы. Дана ойшыл, энциклопедист және гуманист, ол әрі философ, әрі жаратылыстанушы, астроном әрі медик, ақын, ірі музыкант, психолог әрі филолог, этик әрі эстетик, әлеуметтанушы әрі саясаткер, логик әрі химияшы болған еді. Ибн­Сина шығармашылығын зерттеушілердің әрбірінің алдында маңызды әрі мәнді мәселелердің мынандай тұтас қатары пайда болады: шығыс және батыс философиясының өзара қарым­қатынасын ашу, бұл ойшылдың философиялық көзқарасы қалыптасуы мен дамуының идеялық қайнарларын көз алдына елестету, оның онтологиялық, гносеологиялық және рационалистік тұжырымдамаларын (концепцияларын) зерделеу, оның гуманистік философиясы мен қоғамдық даму философиясын сипаттау, Ибн­-Сина философиялық ілімінің тағдырын және оның бүкіл әлемдік философиядағы айшықты рөлін шынайы көрсету. Бұларды зерттеуге деген ұмтылыс кейбір сыншылардың Ибн-­Сина туралы, ол өз дәуірінің жаңашылы, пионері, шығармашыл данышпаны болған жоқ, ал тек қана исламның түсіндірушісі (комментаторы), көпшілікке жариялаушысы, теоретигі және идеологы болған жоқ деген ұйғарымдарын теріске шығаруға қызмет жасайды. Батыс Европадағы XV­XVI ғ.ғ. дәуірі туралы айта келе Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасында»: Бұл адамзаттың сол уақытқа дейін бастан кешіргенінің ішіндегі ең ұлы прогрессивті төңкеріс, титандарға мұқтаж болған және ойының, құмарлығының және мінез­ құлқының күші бойынша жан­жақтылығы және ғалымды бойынша титандарды туғызған дәуір болды… Сол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт не бес тілде сөйлемеген, шығармашылықтың бірнеше салаларында жарқ­жұрқ етпеген ірі кісі дегеннің біреуі де болмаған­ ды… Бірақ оларға айрықша тән болған деп мынаны айтуға тиіспіз: олардың барлығы дерлік өз уақыты мүдделерінің тең ортасында өмір сүрген, практикалық күреске жанды түрде араласқан не ол не бұл партияның жағына шығып, біреу сөзімен және қаламымен, біреу семсерімен, біреу онысымен де және мұнысымен де бірге күрескен». Батыстағы қайта өрлеу дәуірі қайраткерлеріне Ф.Энгельстің берген мінездемесін белгілі бір шектеулермен Орта Азияның және жалпы Жақын және Орта Шығыс рухани мәдениеті Ибн­-Сина, әл ­ Фараби, әл ­ Бируни, Бахманияр, Омар Хайям, Ибн ­ Рушд, Низами, Навои және көптеген басқалар сияқты қайраткерлерінің шынымен жарқыраған шоғырына да жатқызуға болады. Олардың бәрі де белгілі бір мөлшерде еуропалық Қайта өрлеу титандарына тән болған сапаларға ие болған еді. Еуропада Қайта өрлеу деп аталатынға өзінің белгілі бір сызаттарымен жақын келетін Шығыстық Ренессанс туралы сұрақты соңғы жылдары Шығыс халықтарының мәдениеті тарихымен арнайы айналысатын біздің зерттеушілердің бірқатары қойған еді. Осы арада бұл сұрақты арнайы қарастырмай­ақ, егер біздің Шығыстық Ренессанс деп атайтынымыз өзінің әлеуметтік­ экономикалық негіздері бойынша Еуропалық қайта өрлеуден, өйткені ол Еуропада өндірістің капиталистік тәсілінің туындауымен және дамуымен байланысты болған еді, мәнді түрде өзгешеленетін болса, онда інінің гуманистік идеялары, маңызды рухани әуендерінің бірқатары бойынша, мәселен, антика заманының рухани байлықтарын шығармашылықты түрде ой елегінен өткізуге деген ұмтылысы бойынша, бұл әлемдік өркениет дамуындағы өздерінің маңызы бойынша әйгілі дәуірлердің ортақтығы күмәнсіз екендігін ғана атап өтеміз. Ал бұл өз кезегінде тағы да мәдениет дамуының әлемдік үдерісінің бірлігі туралы куәландырады. «Ортағасырлық философия» деген жұмысында Н.В.Соколов ерте орта ғасыр дәуірі туралы айта келе, Шығыс орта жерлер теңізі елдері және жалпы араб халифаға кіретін барлық территориялар өздерінің әлеуметтік­экономикалық және мәдени дамуының деңгейі бойынша Еуропаның замандас елдерінен жоғарырақ тұрғанын атап көрсетеді. Бұл туралы Е.Э.Бертельс пен С.Н.Григорян да айтады. Расыменен, ІХ-­ХІІ ғасырлар Орта Азияның тарихында да экономика мен мәдениеттің күрт жоғары көтерілуімен, феодалдық өндірістік қатынастардың дамуы және бекуімен айрықшаланады. Атап айтқанда, осы кезеңде мұнда ұлыстар қалыптасуының қарқынды дамыған еді. Өндірістің феодалдық тәсілінің және феодализм мәдениетінің тез дамуына Орта Азия елдерінің бұрынырақ араб жаулап алған елдер сияқты) араб езгіден арылуы және тахиридтер, саманидтер, караханидтер, газневидтер, селжукунидтер, хорезм ­ шахтар сияқты жергілікті феодалдық династиялардың басқаруымен дербес мемлекеттердің құрылуы оң әсерін тигізді. Аймақтағы шаруашылық ­ экономикалық және мәдени өркендеу тахиридтер династиясы тұсында басталып, монгол басқыншылығына дейін жалғасады. Сол уақыт өлшемімен алғанда өте күрделі және жетілген ирригациялық жүйе, суармалы егін шаруашылығының жоғары мәдениеті жасалды, тоқыма және өнеркәсіп өндірісі, халықаралық және ішкі сауда, қалалық өмірдің өсуі және т.б. айтарлықтай табысқа жеткен еді. Егін шаруашылығының, өнеркәсіп өндірісінің және сауданың мұқтаждары жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың сол уақыт жағдайында күрт дамуын тудырды. Ибн­-Сина дүниетанымының қалыптасуы Саманидтік империяның астанасы Бұхарада өтті, ал осы Самарканд, Мерв, Герат, Нишапур, Исфаһан Үргенішпен қатар сол уақыттағы мұсылмандық Шығыстың тек экономикалық қана емес, сонымен бірге рухани өмірінің де аса үлкен орталығы болатын. Саманидтер үстемдігі кезінде елге жаңа сырттан басып кіру болған жоқ, қоғам салыстырмалы тыныш өмір сүрді, ­ саяси жағдаят міне осындай еді, ал бұл, табиғи түрде, Орта Азия халықтарының ғылымы мен мәдениетінің гүлденуіне мүмкіндік туғызды… Прогрессивті көзқарастардың ең көрнекті өкілдерінің бірі, алдыңғы қатарлы қоғами күштер мүдделерінің жаршысы Ибн­Сина болатын. «Сауығу кітабы», «Білім кітабы», «Ғылымдардың бөлінуі туралы», «Оймен алынатындай және қолмен жететіндей», «Нұсқаулар мен тәлімдер кітабы», «Дұрыс жол туралы трактат» және т.б. осындай философиялық трактаттарында дүниенің заңдылықты дамуын түсінуіне байланысты түбірлі мәселелердің тұтас бір қатарын баяндау мен түсіндірмедегі Аристотельдің және басқа көне грек ойшылдарының дәстүрі жалғастырылды, байытылды және дамытыла түсті. Ибн-­Сина өз ізашарларының философиялық жүйелерінің жай ғана түсіндірмесі, комментаторы болып қоймағанын баса айту қажет. Г алым және философ ретінде ол бұлардың мұрасына шығармашылықты түрде, жаңаша кірісті. Ол мұраны тек терең зерделеп, түсіндірме және насихаттап қана қойған жоқ, сонымен қатар өз дәуірінің талаптары мен міндеттері жүзінде қайта қарастырды, жаңаша ой елегінен өткізді, жетілдірді. «Шығыс философиясының» бізге жеткен бөлігінде Ибн­-Сина өзінің Аристотель философиясына деген қатынасы туралы былай деп жазады: «Аристотель оған дейін оның достары мен ұстаздарының білмегендерін ашты, ғылымдарды жіктеді, оларды тамаша жүйеледі, көптеген мәселелердің дұрыс шешімін тауып, осының бәрі туралы өз замандастарына мағлұмат беріп тұрды. Шатасқан мәселелерді талдауды және дұрысты бұрыстан айыруды алғаш бастаған адам ретінде Аристотель кәдуілгі адам мүмкіндіктері шегінен асатын зор іс тындырғанына еш күмән жоқ, ал одан кейін келгендерге оның қателерін түзету керек болды. Бірақ оның ізбасарлары мұны істемеді, олар оның күшті ықпалынан арыла алмады да, өз өмірлерін оның ілімінің дұрыс сәттерін ұғынуға деген ұмтылысқа жұмсады, сөйтіп, іс жүзінде оның дұрыс емес көзқарастарын да қорғалап келді». Аристотельдің философиялық ілімінің прогрессивті жақтарын дамыта отырып, Ибн­Сина кейбір маңызды сұрақтарды түсінуде одан бөлектеніп, оларға өзінің өзіндік түсіндірмесі мен шешімін берді. Материяның болмысқа, сананың табиғатқа, рухтың материяға қатынасы туралы айтқанда, Ибн­-Синаның дүниенің өмір сүруінің объективтілік сипатына, оның мәңгілігіне, қажеттілігіне күмән келтірмейді. Болмыстың әртүрлі күйлері оған сырттан тағылмайды, болмыстың өзінен туындайды, олар оған айырылмастай тән. Ибн­-Синаның көзқарасы туралы бойынша, болмыс мүмкін және қажетті түрде қалуының қайнар көзін өзді өзінде табады. Және дәл солай уақыт пен кеңістікте жайғасу оның ішкі, объективті үдерістерімен, әрқилы көптеген түрлі құбылыстар арасындағы себептілік байланыстарымен шартталған. Мұндай болмыс исламдық кредоға керісінше, жасала алмайды, өйткені оның өмір сүруі өткінші емес, абсолютті, шекті емес, шексіз. Болмыс бәрін: органикалық және органикалық емес дүниені, адам қоғамын, адамдардың рухани өмірін қамтиды. Ол көп түрлі, бай және заңдылықты, ол өмірлік құбылыстардың түрлі түстердің бүкіл байлығы және дүниенің сұлулығы материя, табиғат ретінде түсінілетін болмыс формаларының айырмашылығынан басқа ештеңе де емес. Табиғат онымен тепе­тең есебіндегі, ол үшін алғашқы түрткі, алғашқы себеп болған, одан айрылмас тұтастық ретіндегі құдайды да өзінде тұтады. Бірақ та осыменен құдай рөлі шектеледі. Бүкіл одан арғы қозғалыс, даму, болмыстың шындықтағы қалқиюы оның өзіндік заңдылығы, кажеттілігі, себептілігі негізінде өтеді. Құдайдың бар екендігін теріске шығармай­ақ, ал бұл орта ғасырлар және исламдық идеологияның жағдайында мүмкін емес­ті, Ибн-­Сина сол уақытта ­ ақ оның құдіретін салыстырмалы түрде шектеулі деп есептейді. Өйткені құдай тек өзді ­ өзінен мүмкін ғана, яғни болмысты, табиғатты, материяны, іске асыруға қабілетті. Басқаша айтқанда, табиғат құдайдан бастау алмайды, оны құдай жасаған жоқ, ол мәңгілік және шексіз. Табиғат құдайдың эманациясы ретінде, бірақ оның еркімен емес, ол құдайға тәуелсіз қажеттіліктің, заңдылықтың, себептіліктің, күшімен пайда болды. Ибн­Синаның көзқарасы бойынша, құдай абсолютті бірлік бола тұра, дүниеге тікелей ықпал ете алмайды, ол жекелеген заттардың желісі мен дамуына араласпайды, алып дүниенің орталығы бола тұрып, ол шеткері (периферияның), өз қалауынша дөңгеленуіне мұрсат береді. Ибн­-Синаның жүйесінде құдай мәңгілік себеп ретінде, ал дүние ­ оның мәңгілік салдары ретінде көрініс табады, өйткені себеп пен салдар мәңгілік категориялар ретінде, бірі екіншісін және керісінше қажет етіп, бірлік құрайды. Себеп бар жерде, салдары болуы тиіс; салдар бар жерде, себебі болуы тиіс. Сөйтіп, Ибн-­Сина табиғаттың дербестігін, мәңгілігін, оның өз ішкі байлығын, мазмұнын, мәнін толығымен айқара ашуға деген еркіндігін философиялық тұрғыдан негіздейді. Осыған байланысты Аристотель ілімімен салыстырғанда бір қадам болсын алға озған Ибн­-Синаның материя және формалары туралы ілімі үлкен мәнге ие болады. Аристотельдің «Метафизика» форманы материядан аулақтатып, оны белсенді, ал материяны шындыққа форманың арқасында айналатын мүмкіндік қана болып табылатындай енжар санайтыны белгілі. Ал Ибн­-Сина материяның форма, жоқ және керісінше, формасыз материя жоқ ­ олар өзара тәуелді және үздіксіз байланысты, бірі бірінсіз өмір сүрмейді деп, оларды бірлігінде қарастырады. «Денелік форма материяда тұрақтанады. Осы форманы және осы материядан жылу пайда болады», ­ дейді. М.Н.Болтаев Ибн­Сина таным теориясын тұтас алғанда материалистік тұрғыдан қарастырады, өйткені ол сыртқы дүниенің тәжірибеде берілген жекелеген нәрселерінің өмір сүретіндігінен бастау алып, жаратылыстану заңдылықтарды солардан шығарады ­деп атап көрсетеді. Шындықты танудың күрделі үдерісінде әрбір сезімнің белгілі бір өз арнайы орны бар. Сезімдердің ­ көру, есту, иіс сезіну, дәм тату және түйсіну ­ бес сыртқы мүшелерінің көмегімен сыртқы дүние нәрселерінің кейбір жақтары, қасиеттері танылады. Ибн-­Сина бойынша, теориялық ойлаудың негізі тұтастанған, нақтылы, тікелей түйсіну, сыртқы нәрселердің және олардың бейнелерінің сезімдік қабылдануы арқылы, ал одан соң елестету және қиялдау арқылы ғана адам жоғары интеллектуалдық дамуға, абстрактылы ойлауға, әмбебап ұғымдарға, категориялар мен заңдарға жете алады және жетеді де. Егер тікелей түйсіну жекелеген заттардың табиғатын және олардың қасиеттерін ашатын болса, онда зерденің ойлаудың көмегімен алынған жалпы ұғымдар заттардағы жалпы, олардың заңдылығын, детерминацияланын, қажеттілігін, себептілігін, бірлігін, тап басып өрнектейді. Алайда Ибн­Синаның таным теориясының шартсыз және ап­ айқын өрнектелген материалистік үрдісті өзінде тұтатын бұл негізгі принципі ұлы ойшылдың философиялық жүйесінде соңына дейін тізбекті түрде іске асырылмайды. Ибн­Сина идеализм жағына бұрылып, оған жол береді. Бұл оның жан және зерде туралы ілімінде көрініс табады. Оларды ол белгілі мөлшерде сезімдік, тәжірибелік, тәндік дүниеден бөлектеп, кейбір жағдаяттарда әлдебір мистикалық, құпиялық күшке айналдырады. Алайда, тұтас алғанда, ол танымды бізді қоршаған дүниеде орын тебетін объективтік үдерістердің, құбылыстардың адам басындағы бейнеленуі ретінде түсінетін көзқарасты ұстанады… Ибн-­Синаның аса бай және бірегей логикалық ілімі мұқият және жүйелі түрде оның көптеген философиялық трактаттарында бой көтереді. Ол табиғатты терең зерттеуге бағытталған және сонысымен философияның діннен оң ықпалын тигізген танымдық рационалдық жасақтауға қызмет етті. Логикалық ойлаусыз және клиникалық операцияларсыз ақиқатқа жету мүмкін емес еді Ибн-­Сина. Логиканы ол өнер ретінде емес, өзін, өз құрастыру принциптері, заңдары мен категориялары бар, ­ ал бұлары реалдық заттарға, құбылыстарға, нәрселерге, қатынастарға сәйкесті болуы тиіс ғылым ретінде қарастырады. Ол ақиқатқа жетудің құралы және іс сонымен бірге адасуларды, бұрмалауларды, қателерді болдырмаудың құралы ретінде көрініс табады. Ибн-Сина логиканы ақиқат пен жалғанды салмақтайтын, өлшейтін, салыстыратын аспап ретінде атайды, басқаша айтқанда, ол дұрысты бұрыстан, ақиқатты жалғаннан айыру үшін қажет критерий, өлшем болып табылады. Ибн­Синаның логикасы, ол негізделмеген қағидаларының бір қатары ғылымның ары қарайғы дамуына күшті әсер еткендіктен, арнайы зерделеуді қажет етеді. Ибн-­Сина Аристотель ілімді схоластикалық қосымшалардан тазалауға тырысты. Оның ойынша, бастысы логикалық категориялар мен принциптердің заттарға сәйкесті болуы тиіс екендігінде жатыр. Егер орта ғасырлар дәуірінде мұсылман схоластарының логиканы ғылым ретінде көрсетуге ұмтылғанын ескерсек, мұның маңызы зор еді. Ибн­Синаның қоғамға көзқарастары оның жалпы философиялық тұғырнамасымен органикалық түрде байланысты. Адамға тек табиғат қана керек емес, оған қоғам ауадай қажет, өйткені тек қоғамда ғана ол өмір сүре алады, басқа өзі тәріздес адамдармен ынтымақтасып, белгілі бір тұлға ретінде қалыптаса, еңбек ете, материалдық және рухани құндылықтардан ләззат ала алады. Адам өз шығу тегі, талғам ­ талайы, бейімділігі бойынша қоғами, әлеуметтік жаран болып табылады. Ол өз іс­әрекетін тек өз қасиеттері мен мұқтаждарын қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен бірге басқа адамдардың қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін де сай келетіндей етіп құруға тиесілі. Сондықтан адамдар өзара белгілі бір қарым­қатынастарға және келісімдерге түседі, ал бұл қатынастар әділ болуы үшін, олар дана, ғылым мен өнерді сүйетін, әділ, білімді әкімнің ілтипатында болып бағытталуы тиіс. Егер әкім әділ емес, қатыгез тиран болса, онда оған қарсы көтерілісті қоғам ақтайтын болады.

Читайте также:  Жайылымдарды суландыру

Оставить комментарий