Иемдену мимесисі және миметикалық қастасу

Адамдану үдерісін нақты ұғыну үшін бір жағынан, структуралистік этнологияның, және екінші жағынан, өмір туралы ғылымдардың, мысалы, этологияның, өзара түсініспеушілігінен көтерілу керек. Р.Ж.: Менің оны мүмкін деуге батылдығым барады, бірақ оған жету үшін қазір модадан шыққан, және табанды түрде қайта қарастыруды талап ететін өте ескі проблемадан бастау керек. Миметизм, имитация, мимесис деп атауға болатын проблема жөнінде адам және мәдениет туралы ғылымдарда өте біржақты көзқарас билік етеді. Адам дәстүрінде үйретілмеген ешнәрсе жоқ және барлық үйретудің бәрі имитацияға тіреледі. Етер адамдар кенеттен қайталаудан бас тартса, барлық мәдени формалар құрып кетер еді. Неврологтар біздің есімізге адам миының зор қайталау машинасы екенін жиі түсіреді. Адам туралы тылымды жасау үшін адамның қайталау қабілетін жануарлық миметизммен салыстыру қажет, миметикалық тәртіптің таза адами қасиеттерін нақтылау керек, егер олар бар болса. Меніңше қазіргі ғылыми мектептердің үнсіздігі қазіргі дәуірдің басынан қылаң берген, және өзін XIX ғасырда романтизм және индивидуализммен бір уақытта орнатқан және XX ғасырда тараған өзінің қоғамдастығының саяси және әлеуметтік императивтері алдында бағынышты боп көріну қаупінен туындаған тенденцияның нәтижесі. Имитацияның маңыздылығынан таймау адамзатты тобырға айналдырумен бірдей деп саналады. Барлық жіктеуге, жаттануға және конфликтке апаратын нәрсені минимумға түсіріп шектеуден біз қорқамыз. Имитацияға тиісті мән берсек біз мүмкін өзімізді барлық бізді бағындыратын және түр­түссіз қылатын нәрсенің қол шоқпары қыламыз. Расында да, XIX ғасырдың аяғында жасалған имитацияның психологиясы мен социологиясы билікке жеткен ұсақ буржуазияның оптимизмі мен конформизміне боялған. Мысалы, бұл имитациядан әлеуметтік гармония мен прогресстің үздік негізін көретін ең қызық жұмысқа, Габриэл Тардтың жұмысына қатысты дұрыс. Біздің замандастарымыздың қайталауға немқұрайлығымен көзге ілместігі олар өздері жасаған концепцияға негізделеді және ең ақырында Платонға тірелетін дәстүрден нәр алады. Платонның өзінде ұқсау проблематикасы мәндік өлшемнен шеттетілген. Платон қайталау туралы айтқанда, ол оны бүкіл кейінгі батыс ойының алдын алатын стильде айтады. Бізге ол ұсынатын мысалдар әрқашанда тәртіптің, манералардың, ұжымдық немесе жеке дағдылардың, сөздердің, сөйлеу нұсқаларының әрқашанда әйгілену боп көрінетін тек белгілі түріне қатысты. Бұл Платон проблематикасында иемдену тәртібі туралы мәселе ешқашан қойылған емес. Бірақ, адамның да, барлық биік құрылымды тірі жанның да өмірінде өте маңызды имемдену тәртібі қайталауға қабілетті. Мұны жасырудың еш негізі жоқ, бірақ Платон бұл туралы тіс жармайды; және біз бұл мүкісті байқамаймыз, өйткені, оның барлық ізбасарлары, Аристотельден бастап, оны көрсоқыр түрде қайталаумен болды. Жалғыз Платон ғана о баста және мәңгі­бақиға қайталаудың мәдени проблематикасын детерминдеді және бұл мәндік өлшемнен айырылған бұзылған проблематика. Егер кейбір жоғарғы сүт қоректілердің, әсіресе, маймылдардың, тәртібі бізге адамдардікіне ұқсас көрінсе, онда ол олардағы дәл адамдардікіндей болмағанмен, қайталау иемденуінің маңыздылығынан. Егер бір қандас өзге қандасының обьектке қол созғанын көрсе, оның бұл қимылды сол сәтте қайталағысы келеді. Кейде жануар көпе­көрінеу түрде бұған қарсылық көрсетеді және егер алдыңғы қимыл адам қимылына ұқсауымен бізге езу тартқызса, оның одан, яғни өз «тілеуінен» бас тартуы, бізге одан сайын қызық көрінеді. Ол жануардан бізге туыс нұсқа жасайды, өйткені оның адамзат тәуелді нәрсеге, бір объектке бірнеше қолдың созылуынан шығатын конфликттердің алдын алу процессіне тәуелділігін көрсетеді. Платоннан бастап, біздің уақытымызға шейін қайталаудың барлық проблематикалары жүйелі сыртқа шығарған тәртіп түрін оған телитін тең түрде тобырлы және жұмсартушы әрекеттердің нағыз мифтік сипаты болуы мүлде кездейсоқ емес. Егер барлық нәрсе нұсқағандай, миметизм адам үшін өте маңызды болса, онда міндетті түрде иемденуші қайталау, немесе әрекеті зерттелуге, ал нәтижелері пайымдалуға тиіс иемдену мимесисі тірлік етуі тиіс. Бұл иемденуші қайталаудың жануарда бар болғанда балаларда бар екенін зерттеушілер мойындайды. Бұл нақты нәрсе. Оны тәжірибе арқылы тексеруге болады. Белгілі » балалар саны бар бос бөлмеге сол санға сәйкес бір­бірінен айнымайтын ойыншықтар санын қойыңыз: олардың ұрыс­керіссіз таратылмайтыны әбден мүмкін. Біз әлгі қиялдаған жағдай ересектерде байқала бермейді. Әйтсе де біз оларда миметикалық қастандық жоқ деп айта алмаймыз; мүмкін, ол оларда мүлде зор мөлшерде кездесетін шығар, бірақ, ересектер, маймылдар сияқты оған назар аудармауға немесе басып тежеуге үйренген. Г. Л.: Біз әдеп санайтын маңызды нәрсенің бөлігі мимекалық қастандыққа ұрынбау мақсатыңда әрбіреу үшін өзін өзгенің алдында өшіруінде көрінеді. Бірақ миметикалық қастандықты жеңілген сәтінде қайта пайда болатын өте айлалы құбылыс ретінде көрсететін нәрсе, одан бас тартудың өзі қастандықтың бір түрі болуы мүмкін; бұл бәрімізге белгілі күлкілі қылықтарды тудырады… Г. Ж.: Белгілі мәдениеттерде осыған ұқсас құбылыстардың зoр мәнге ие болуы мүмкін; иемдену мимесисін бас тарту мимсесисіне айналдырған потлачтың атышулы мысалы осындай, ол онымен айналысқан қоғамда қауіпті жылдамдыққа жетеді. Бұл аздаған ескертпелерден түйетініміз, иемдену мимесисін басу үлкен қамқорлық ісіне айналуға тиіс, ол біз елестеткеннен гөрі әлдеқайда зор мәдениетті сипаттарды анықтауға тиіс. Біздің барлық айтқан нәрсеміз өте қарапайым, өте айқын, сондықтан біздің замандастарымызды қызықтырмайды. Қарапайымдылық пен айқындылық бүгін модадан шыққан. Қазіргі ойдың кейбір догмаларына конфликтті мимесис пен оның басылуы ашылғандықтан қауіп төнгендей. Психоанализ бізді тілеуді басу көбінесе тек адамға тән құбылыс және оны мүмкін қылатын тек Эдип комплексі екеніне сендірді. Алайда, кейбір жануарларда оны өзге жануар бопсалап және ұрығында басып тастайтын тілеуін заматта басу құбылысы бар екенін біз қазір көреміз. Адамның мұндай қылығын байқаған психоаналитик оны бірден «Эдип амбиваленттілігінен» көрер еді. Бірақ этнологтар оны маймылдардың «Эдипіне» телімейді. Олардың эксперименталды түрде қайталауға болатын айғақтары проблемаға айналған санадан тыс нәрсе жөнінде еш спекуляция тудырмайды.

Читайте также:  Қазақ елінің әділсоты мен билер образы

Оставить комментарий