ИКАРИЯНЫҢ САЯСИ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Біз, ассоциация мүшелері, құқықтарымыз бірдей азаматтар болғандықтан, бәріміз сайлаймыз және сайлана аламыз, біздің бәріміз халықты құраймыз және халық гвардиясының құрамына кіреміз. Бірігіп алған біз ұлтты, немесе, дұрысы, халықты құраймыз, өйткені бізде халық дегеніміз ешқандай ала­құласыз барлық икариялықтардың жиынтығы. Халық егемен екенін және егемендікпен бірге өзінің қоғамдық шартын, конституциясы мен заңдарын жасау немесе әлдекімге жасауды тапсыру өкілеттігі соған ғана тиесілі екендігін сізге менің айтып жатуымның қажеті жоқ; біз қандай да бір индивид, немесе әулет, яки тап біздің қожайынымыз болуға жосықсыз дәмелене алады дегенді тіпті елестете де алмаймыз. Халық егемен болғандықтан, оның конституция мен заңдар көмегімен өзіне қатысты, өзінің қарекетіне, мүлкіне, тамағына, киім­кешегіне, өзінің тәрбиесіне, еңбегіне және тіпті сауық­сайранына қатысты нәрсенің бәрін реттеу құқығы бар. Егер Икария халқы толық құрамында бір залға немесе бір алаңқайға оп­ оңай және жиі жинала алатын болса, ол өзінің конституциясы мен заңдарын өзі жасап, өз егемендігін жүзеге асырар еді. Солай жиналу тәндік жағынан мүмкін болмағандықтан, ол өзі тікелей пайдалана алмайтын барлық қызметтерді өкіметке береді де, қалғанының бәрін өзінде сақтап қалады.

Ол Халық өкілдігіне (Кабе кей жерде Ұлттық өкілдік де те атайтын ең жоғары заң шығарушы орган ­ Ред.) конституция мен заңдар шығару өкілеттігін, ал атқарушы органға (немесе атқарушы корпусқа) солардың атқарылуын қадағалау өкілеттігін береді. Бірақ ол өз өкілдерін және атқарушы органның барлық мүшелерін сайлау, олардың ұсыныстары мен актыларын мақұлдау немесе қабылдамау, әділ сотты жүзеге асыру, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтап отыру құқығын өзінде сақтап қалады. Барлық мемлекеттік қызметшілер, осылайша, халықтың уәкілдері болып табылады, олардың бәрі сайланатын, уақытша, жауапты және алмастырылатын адамдар болып табылады. Олардың тарапынан атаққұмарлық пиғылдар орын алмауы үшін заң шығарушылық және атқарушылық қызметке бірдей ие болуға жол берілмейді. Біздің Халық өкілдігіміз екі мың депутаттан тұрады, олар істі кеңесе отырып бір палатада талқылайды. Палата ­ перманента, әрқашан немесе әрқашан дерлік орнында болады және жыл сайын жартылай жаңарып отырады. Олар қабылдайтын ең маңызды заңдар, конституция секілді, халықтың мақұлдауына жатады. Президенттен және жартысы жыл сайын жаңартылып отыратын он бес басқа мүшеден тұратын атқарушы орган Халық өкілдігіне бағынады. Халыққа келетін болсақ, ол өзіне қамтамасыз етілген барлық құқықтарды жиналыстарда пайдаланады; ол жиналыстарда сайлау өткізеді, істерді талқылайды және шешім қабылдайды.

Читайте также:  НАУРЫЗБАЙ БАТЫР ҚҰТПАНБЕТҰЛЫ

Халықтың өз құқықтарын пайдалануын қамтамасыз ету үшін, бүкіл территория шағын жүз провинцияға, олар өз кезегінде кеңістігі мен халқы бірдей дерлік мың коммуналарға бөлінген. Әрбір провинциялық қала өз провинциясының орталығында, әрбір коммуналдық қала ­ өз коммунасының орталығында орналасқанын, және барлығы халық жиналыстарына барлық азаматтар қатыса алатындай етіп ұйымдастырылғанын сіз білесіз. Баршаның мүддесі сақталуы үшін әрбір коммуна және әрбір провинция арнайы өзінің мәселелерімен айналысады, сонымен бірге барлық коммуналар мен барлық провинциялар, яғни бүкіл халық және оның өкілдігі ортақ, яки ұлттық істермен айналысады. Өздерінің мың коммуналдық жиналыстарында халық, осылайша, өзінің өкілдерінің кеңесінен кейін немесе соған дейін заңдарды талқылауға қатысады. Халық заңдарды істің жай­жапсарын толық біліп талқылай алуы үшін барлығы жариялылық сәулесімен өтеді, барлық фактыларды статистика тіркейді, және бәрі де барлық азаматтар арасына таратылатын халық газетінде жарияланады. Ал әрбір пікірталас толық байыптылықпен өтуі үшін Халық өкілдігі және әрбір коммуналдық жиналыс, яғни бүкіл халық басты он бес үлкен комитетке бөлінеді: олар ­конституция, тәрбие, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тамақ, киім ­ кешек, баспана, жиһаз, статистика комитеттеріне және т.б. бөлінеді. Әрбір үлкен комитет, демек, барша азаматтардың он бестен бір бөлігін құрайды; және жақсы тәрбиеленген әрі жақсы білім алған адамдардан құралған халықтың парасаты әрқилы жақсартулар мен жетілдірулерді іздеп тауып, қолдануға ұдайы ұмтылып отырады.

Демек, біздің саяси құрылысымыз ­ демократиялық республика, және тіпті таза дерлік демократия. ­ Иә, милорд, ­ деп жалғады Вальмордың әкесі, ­ бізде барлық заңдарды бүкіл халық әзірлейді; және оларды тек өзінің мүддесі, яғни ортақ мүдде үшін әзірлейді және оларды ықыласпен орындайды, өйткені олар ­ оның төл туындысы және оның егемен ырқының көрінісі. Осынау бірауызды ырық, біз айтқандай, әрқашан әлеуметтік және саяси теңдік, әл­ауқат пен құқықтар теңдігін, баршаға бірдей және абсолютті теңдік жасауда жатады. Тәрбие, тамақ, киім­кешек, баспана, мүлік, еңбек, ойын­сауық, сайлау және сайлану құқығы, талқылау құқығы ­ осының бәрі бәріміз үшін бірдей. Тіпті біздің провинцияларымыз, біздің коммуналарымыз, біздің фермаларымыз бен біздің үйлеріміз, бұл мүмкін болғандықтан, бір­біріне ұқсас; қысқасы, бұл арада сіз теңдік пен әл­ауқаттылықты көресіз.

Читайте также:  Патшалық Ресейдің Іле сұлтандығын басып алуы

Оставить комментарий