«Ілкі» жад және «тарихи» жад

Сонымен, Грекияда жадтың екі жорымасы болған: 1) біріншісі — ілкіде жасалған оқиғаларды сақтап отырады (космогония, теология, генеалогия); 2) екіншісі алдыңғы ғұмырларды, яғни, тарихи оқиғаларды және жеке тұлғаның өмірінде болғанды сақтап отырады. Мета, «Ұмыту» бірдей мөлшерде жадтың осы екі формасына да қарама­қарсы қойылады. Бірақ Мета таңдаулыларға ықпал ете алмайды: сондай­ақ, оған, Пифагор мен Эмпедокл сияқты, өздерінің бұрынғы ғұмырларын есте сақтау қабілетіне жете алғандар да бағынышты болмайды. Ерекше тұлғалардың осы екі категориясы ұмытуды, олай болса, қандай да бір мағынасында, өлімді де жеңе алады. Біреулер «бастауларды (Ғаламның, құдайлардың, халықтар мен әулеттердің шығу тегін) тануға жете алады. Басқалар өздерінің «тарихын», өздерінің қайта бойлағыштарын (перевоплощения) еске түсіруге қабілетті. Біріншілері үшін, жеке өздері қатыса алмаса да, ілкі бастаулық оқиғалар уақытында болған оқиғалар маңызды. Бірақ, бұл оқиғалар — космогония, Теогония, генеалогия — қандай да бір мөлшерді оларды қалыптастырды: осы оқиғалар болғандықтан да, осы адамдар осындай болып отыр. Қаншалықты мөлшерде осындай позицияның бағзы қоғамдағы, өзін, мифтерде егжей­тегжейлі түрде ашылған, ілкі бастаулық оқиғалар тізбегінің нәтижесінде қалыптастым деп есептейтін адамның дүние сезімін еске салатындығын дәлелдеп жатудың қажеттілігі жоқ. Өзінің бұрынғы сүрмектерін есіне түсіре алғандар, ең алдымен, өзінің, олардың сансыз қайта тұлғалануларынан тұратын жеке «тарихын» танумен әуре. Олар, өз тағдырының мән ­ мағынасын ашу үшін, осы үзік­үзік фрагменттерді біріктіруге, болмыстың бірегей матасына кіріктіруге әрекеттенеді. Өйткені, anamnesis арқылы араларында ешқандай байланыс жоқ тарихи фрагменттерді біріктіру «бастау мен аяқталуды қайта қосу» дегенге пара­пар. Басқаша айтқанда, алғашқы «жерлік» сүрмектің кейінгі транс миграция процесіне қандай жолмен түрткі болғандығын түсіну маңызды. Осындай практика мен осындай жүріп­тұру үнділік «бастауларға қайтып оралу» техникасын және өзінің бұрынғы сүрмектерін еске түсіруге ұқсас болып шығады. Платон осы екі, ұмыту мен жадқа қатысты дәстүрді білген және пайдаланған. Бірақ, ол оларды, өзінің философиялық жүйесіне кіргізу үшін, өзгертті және жаңадан жорыды. Платон бойынша, таным, жеме­жемге келгенде, еске салу болып шығады (Зенон, 81­6.). Екі «жерлік» сүрмектің .арасында, жан идеяларға көзайым болады: ол таза және кәміл таныммен бөліседі. Бірақ, кезекті қайта бойлағыштан (перевоплощения) кейін, жан Хетадан су ұрттайды да, идеяларға көзайым болу жолымен жеткізілген білімді ұмытып қалады. Бірақ, бүл білім астыртын түрде тұлғаланған адамның жанында өмір сүре (көңіл кеше) береді, және, философиялық ой толғамының арқасында, ол актуальдану қабілетіне ие бола алады.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ АРАБ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ

Физикалық нысандар жанға өзін ­ өзі «қолына ала отырып», «бастауларға қайтып оралу» арқылы жерден тыс жардайда ие болған ілкі бастаулық танымға қайтадан ие болуға көмектеседі. Олай болса, өлім, жанның ауық­ауық, өзінің қайта бойлағыштары барысында жоғалтып алатын, ілкі бастаулық және кәміл күйіне қайта түсу дегенді білдіреді. Біз Платонның философиясымен және «бағзы онтология» деп атауға болатын нәрсемен танысу мүмкіндігіне ие болдық . Енді, қандай мән ­ мағынасында Платондық Идеялар теориясы мен anamnesis ­ дің бағзы және дәстүрлі қоғамдардағы адамның жүріс­тұрысымен салыстырыла алатындығын көрсету маңызды болмақ. Бүл адам мифтерден өзінің барлық іс­ әрекетіне үлгі болатын модельді табады. Мифтер оның істеп жатқан немесе істегелі отырған істерінің барлығының да бір кездер, Уақыттар Бастауында, in illo tempore болғанға сендіреді. Осылайша, мифтер, адамдардың пайдаланып жүрген барлық білімінің жиынтығын құрайды. Дербес ғұмыр, оның жинақталған тәжірибелер мен ойлардан шабыт алуындағы мәні және жауаптылығының мөлшеріне қарай кәдуілгі және абсолютті адами сүрмек болады және болып қала береді. Осынау «ұжымдық жадтың» мазмұнын білмеу немесе ұмыту «табиғи» жай­ күйге, «күнәға» немесе апатқа қарай шегіну (регрессия) дегенге пара­пар. Платон үшін саналы түрдегі сүрмек (существование), яғни, ақиқатты, көріктілік пен қайырымдылықты қабылдау және түсіну, ең алдымен, тұлғаланбай тұрған кездегі, таза рухани сүрмекті есте сақтау қабілетіне тең. Осы ғұмырды «ұмыту» міндетті түрде «күнә» емес, бірақ, қайта бойлағыштың (перевоплощения) салдары ғана. Платон үшін де «ұмыту» өлімнің құрамдас бөлігі емес, қайта оның өмірмен, жаңа бойлағышпен терең байланысты болып есептелгендігін айта кетеміз. Жерлік өмірге қайтып орала отырып, жан идеяларды»ұмытып» кетеді. Бүл жердегі әңгіме бұрынғы мәңгі идеяларды ұмыт болып отыр. Философиялық anamnesis, бұрынғы дүрмектерде болып өткен оқиғалар туралы естеліктерді қалпына келтірмейді, ол ақиқатты, болым құрылымдарын қайта торітеді. Осы философиялық позицияны дәстүрлі қоғамдардың позициясымен салыстыруға болады: мифтер, қандай ма болмасын бір индивидтің жеке тәжірибелерінің тізбегінен емес, бетер текті сүреттердің (сверхъестественные существа) қолымен жасалған парадигмалық модельдер болып табылады.

Читайте также:  Семиотикалар туралы қазақша

Оставить комментарий