Загрузка…

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі уақытта талқылау ортасында оқытуды ұйымдастыруға арналған қадамдар табылып, зерттеліп жатыр. Информатика – білім беруді заманауи ұйымдастыруын жасайтын қоғамның сұранысына және өмірімізге толыққанды жақындап енген инновациялық және қажетті заттардың бірі. Ең маңыздысы оқу саласына қызығушылығын қалыптастыру, студенттерге оқу процесінің субъектісі болуға мүмкіндік беру болып табылады. Оқыту нәтижесі тікелей оқытудың негізгі мақсаты және әдісі ретінде не таңдалғанына, оқытушы сабақта қандай көрнекіліктер қолданғанына байланысты болады. Жалпыға бірдей қабілеттіліктер мен дағдылардың дамуының негізгі тапсырмасы: студенттердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту, білім беру сапасын арттыру, оқу саласын ұйымдастыруда жаңа педагогикалық қадамға көшу. Білім беру процесіне ақпараттық технологияларының енуі түбегейлі түрде оқыту процесінің өзін өзгертеді. Бүгінгі таңда зерттеушілердің және тәжірибешілердің қызығушылығы тез дамып жатқан және жас ғылымдық пән — информатикаға назар аударылып жатыр. Бүгінгі таңда информатика ақпараттық-логикалық модель туралы ғылымда іргетасын қалаушы ғылым түріне айналды және ол басқа ғылымдарға ұқсамайды, тіпті игерілетін сұрақтары ұқсас математикаға да жақын емес. Бүгінгі таңда адам қызметінің барлық саласында автоматтандыру жүріп жатыр, бұл құбылыс әрбір адамнан жоғары ақпараттық мәдениетті талап етеді. Сондықтан жоғарғы оқу орнында студенттердің сәйкес білімін, қабілеттілігін арттыратын мамандандырылған білім беру программаларын толықтыру керек, осы мақсатта барлық мемлекеттік стандарттар өздерінің мамандандырылған білім саласында «Информатика» пәнін енгізеді. Информатика – ақпаратты сақтау, жіберу, алу, сақтау, түрлендіру туралы білім. Ол есептеу машинасында және есептеу желілерінде ақпаратты өңдеуге қатысы бар пәндерді енгізе алады. Информатика термині 60-жылдарда Францияда ақпаратты автоматты түрде түрлендірумен айналысатын облысты атау үшін information және automatique біріккен сөзінен шыққан (F. Dreyfus, 1972). Ақпараттық процеске «технология» түсінігінің қолдану «ақпараттық технология» терминінің пайда болуына алып келді. Ақпараттық технология — ақпараттық өнімді немесе мамандандырылған қызмет саласын автоматтандыру қызметінің алу мақсатында ЭЕМ қолдану арқылы ақпаратты автоматты түрде қайта өңдеу құралдары мен әдістері туралы білімнің тіркесі. Ақпараттық мәдениет – бірыңғай жобалармен ұжымда жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, қабілеттілік және инновацияға қабілетті, ақпаратты таратуға мүмкіндік беретін технология және құралдарды қолдану қабілеттілігі. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бүгінгі таңда күмән тудырмайды, дегенмен информатиканың отызжылдық тәжірибесіне қарамастан жоғары оқу орындарында бүгінгі таңға дейін осы мәселе алғашқы орында тұр. Осы мәселелерді шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады: Бірінші топқа дәстүрлі мәселелер жатады, мысалы: есептеу техникасының керекті санының болмауы; техниканың тез ескіруі және бағдарламалық қамтамасыздандыруда да жарамай, ескіруі; жаңа технологиялардың тұрақты түрде көптеп жаңарып шығуы; білім беру стандарттарының заманауи ақпараттық технологиямен сәйкес келмеуі; 48 Қажетті деңгейдегі есептеу техникасының болмауы — бұл мәселе негізінде кішкене институттарды мазалайды, ол қарапайым электронды-есептеу техникасының болмауымен және оның жеткіліксіздігімен байланысты, мемлекеттік институттар жаңа ЭЕМ өзіне сатып алуға қабілетсіз және соған сәйкес 30 студенттен тұратын топқа 25 техника алып барады. Ол оқу процесін сөзсіз нашарлатады. Бұл мәселенің шешімі болып студенттер тобын ішкі топтарға бөлу арқылы шешеді, ол сабақтардың арасындағы уақытты көбейтеді және керекті сабақты ұғып алуға кері әсерін тигізеді. Техниканың және бағдарламалық қамтамасыздандырудың тез ескіруі — бұл мәселе көптеген жоғары оқу орындарына қатысты. Себебі бір жыл бұрын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алып, қызметкерлер оны жаңарту процесіне қажетті, маңызды мәселе деп қарамайды. Бірақ ақпараттық технология саласы тез прогрессивті дамығандықтан, бір жылдың ішінде басқа облыстағы дамумен салыстырғанда он жылға жаңарған сияқты болады. Сондықтан ескі бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана отырып, жоғары оқу орындары студенттерін оқыту оны тәжірибеде қолданудың ең аз пайдасына алып келеді. Жаңа ақпараттық технологиялардың тұрақты түрде пайда болуы – өндіріс талап ететіндей,білім беру стандарттары жиі жаңартылып тұрмайды, сондықтан оқытудың құрастырылған курстары ең жаңа бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданбайды, ол оларды өндірісте қолдану үшін тиімді етпейді. Мемлекеттік білім беру стандарттарының заманауи ақпараттық технологияларымен сәйкессіздігі — алдыңғы мәселе сияқты. Бірақ оның өз алдына пәндік сипаттамасы бар. Алдында жоғары оқу орындары үшін лицензиясы бар бағдарламалық қамтамасыздандыру үлкен мәселе болатын, ал қазір бұл мәселе федералді деңгейде шешіліп жатыр. Лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдану қылмыс сияқты құқықтық мағынасы бар, белгілі бір заңдарға сәйкес жазалар қолданылады. Сондықтан мұны мәселе ретінде қараудың мағынасы жоқ. Екінші топқа жатады: Сабақ беру үрдісін ұйымдастыруымен және берілетін пәндердің мазмұнымен байланысты әдістемелік мәселелер; Оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері; Оқыту мәселелері; Сабақ беру үрдісін ұйымдастыруымен және берілетін пәндердің мазмұнымен байланысты әдістемелік мәселелер – мұнда «Информатика» пәнін оқыту орта білім беру мекемелерінде басталады. Бұл пән теориялық информатиканың негізін қалайды: дискретизация, кодтау, есептеу жүйелері, модельдеу және алгоритмдеу. Сонымен қатар қолданбалы информатиканың басы: компьютер және компьютерлік желі архитектурасы. Жоғары оқу орындарында «Информатика» пәні дәстүрлі түрде бірінші курстан бастап оқытыла бастайды және міндетті циклдің пәні болып саналады. Егер жоғары мамандандырылған білім берудің мемлекеттік стандартының салыстырмалы талдауын жүргізсек, олар бір-бірінен айырмашылығы бар екенін атап кету керек. Одан бөлек, дидактикалық бірліктер орта білімнің осы пәнінің бағдарламасын көшірмелейді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың мәселелері – ең алдымен оқу процесінде ақпараттық технологияны қолдану әдістемесін құрастырумен байланысты. Яғни қандай технологиялар және қандай көлемде қолдану туралы ақпарат. Оқу мәселелері – бірнеше факторлармен анықталады, психологиялық факторлар, олар көбінесе бірінші курстың студенттерінің технологияның жаңалықтарын түсінбеуі және әр түрлі тапсырмаларда осы технологиялардың қолдануын түсінбеуі себебіне байланысты болады. Оқу жобасы бойынша информатикадан сабақ беру бойынша ақпараттық технологияны оқыту көбінесе кіші курстарда жиі жүргізіледі, ол кезде студенттер шынайы объекттер туралы жеткілікті білімдері болмайды, сондықтан ақпараттық технологияның қолдану қажеттілігін түсінбейді. Мәселе болып оқыту мазмұны табылады. Неге оқыту керек: 49 ақпараттық технологияның құралдарына немесе шынайы объектілерді ақпараттық технологияның қолдануды жобалауды оқыту қажет. Заманауи қоғамды ақпараттандыру үрдісі және онымен тығыз байланыстағы білім беру салаларының барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері заманауи ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) көпшілікке тарату және дамыту процестерімен сипатталады. Осыған ұқсас технологиялар, ақпаратты жіберуді және ашық, сондай-ақ қашықтықтан оқытатын заманауи оқыту жүйелерінде оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Заманауи оқытушы, тек АКТ облысындағы білімдерді ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар, оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдану бойынша маман болуы тиіс. «Технология» сөзі грек тілінен бастау алады, және ғылымды, шикізатты, материалдарды, бұйымдарды өңдеу және оларды тұтыну өнімі ретінде түрлендіру деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің заманауи мағынасы бойынша, практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді қолдану дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар ретінде ақпаратты өңдеу және түрлендіруге арналған технологиялар қарастырылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) – бұл ақпаратты өңдеу алгоритмдерін сипаттайтын әр түрлі құрылғылар, механизмдер және әдістердің жиынтығы. Маңызды заманауи АКТ бірі – бағдарламалық қамтамасыздандыру және оған енгізілген телекоммуникациялық құралдармен жабдықталған компьютер болып табылады. Кез келген білім беру жүйесінің ақпараттық ортасына арналған АКТ-дың негізгі құралы, бұл – мүмкіндіктері оған орнатылған бағдарламалық қамтамалармен анықталатын дербес компьютер. Бағдарламалық құралдардың басты категориясы ретінде бағдарламалық қамтамаларды жасауға арналған жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және құрал-саймандық бағдарламалар қарастырылады. Жүйелік бағдарламаларға, ең алдымен, барлық бағдарламалардың құралдармен байланысын және дербес компьютердің қолданушысының бағдарламалармен байланысын қамтамасыз ететін операциялық жүйелер жатады. Осы категория, сондай-ақ қызметтік немесе қызмет көрсету бағдарламаларын да қамтиды. Қолданбалы бағдарламаларға құрал-жабдықтық ақпараттық технологиялар – мәтін, графика, кестелік деректермен және т.б. жұмыс істеу технологияларының құралы болып саналатын бағдарламалық қамтамаларды жатқызады. Білім беруге арналған заманауи жүйелерде, әмбебап кеңселік қолданбалы бағдарламалар және АКТ құралдары кең таралған: мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындауға арналған бағдарламалар, деректер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық кестелер және т.с.с. Компьютерлік желілер және соған ұқсас АКТ құралдарының пайда болуына байланысты білім беру жүйесі, ең алдымен ақпаратты әлемнің кез келген нүктесінен жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болатын жаңа сапаға ие болды. Интернет аумақтық компьютерлік желісінің көмегімен, әлемдік ақпараттық ресурстарға (электронды кітапхана, деректер қоры, файлдардың қоймасы және т.с.с.) оңай қол жеткізуге мүмкіндігі туындады. Ең танымал ресурс, Интернетте – WWW бүкіләлемдік ғаламторда мультимедиялық құжаттардың екі миллиардқа жуық ресурсы жарияланған. Желіде басқа да АКТ құралдар бар, оларға электрондық пошта, сілтемелер тізімі, жаңалықтар топтамасы, чат жатады. Нақты уақыт жүйесінде байланыс орнатылғаннан кейін пернетақтадан енгізілген мәтін, сонымен қатар дыбыс, сурет және кез келген файлды жіберуге мүмкіндік беретін қарым-қатынас жасаудың арнайы бағдарламалары пайда болды. Мұндай бағдарламалар, алыстағы қолданушының жергілікті компьютерде іске қосылған бағдарламамен бірге жұмысын ұйымдастыруына жол ашады. Компьютерлік желі арқылы жіберуге болатын деректерді сығуға арналған жаңа алгоритмдердің пайда болуына байланысты дыбыстың сапасы жоғарылап, қарапайым сымтетік желілерінің дыбыс сапасына жақындады. Сәйкесінше, АКТ құралдарының жаңа құралдары – Интернет-телефония белсенді түрде дами бастады. Арнайы құралдар мен 50 бағдарламалық қамтамалардың көмегімен, Интернет арқылы аудио және видеоконференциялар өткізуге болады. Телекоммуникациялық желілерде, ақпаратты тиімді түрде іздеу үшін автоматтандырылған іздеу құралдары қолданылады. Олардың мақсаты – аумақтық компьютерлік желінің ақпараттық ресурстары туралы деректерді жинау және қолданушыларға жылдам іздестіру қызметін ұсыну. Іздеу жүйелерінің көмегімен ғаламтордағы құжаттарды, мультимедиялық файлдар мен бағдарламалық қамтамаларды, кәсіпорындар мен адамдар туралы адрестік ақпараттарды іздеуге болады. АКТ-дың желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттарға қол жеткізу, жедел кеңес беру қызметін ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу қызметін пішіндеу, нақты уақыт режимінде виртуалды оқыту сабақтарын өткізудің кең мүмкіндігі пайда болады. Ашық және қашықтықтан оқыту жүйесі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың бірнеше негізгі класстары бар. Осындай технологиялардың бірі, бейне жазбалар мен теледидарлар. Бейнетаспалар және осыған ұқсас АКТ құралдарының көмегімен студенттер ең жетік оқытушылардың дәрісін тыңдай алады. Бейнетаспаларға жазылған дәрістер және осыған ұқсас АКТ құралдары арнайыландырылған бейнесыныптарда да, үй жағдайында да қолданыла алады. Америкалық және еуропалық оқыту курстарында, негізгі оқыту материалдары баспалық басылымдар мен бейнетаспаларда беріледі. Теледидар, АКТ-дың кең таралған түрі ретінде адам өмірінде өте үлкен рөлге ие: іс жүзінде, әрбір отбасында міндетті түрде, кем дегенде бір теледидар бар. Оқытатын телебағдарламалар әлем бойынша қолданылады және қашықтықтан оқытудың нақты мысалы бола алады. Теледидардың көмегімен, аудиторияның алған білімді меңгеруін қадағалауды қажет етпейтін, оның жалпы дамуын мақсат етіп көздейтін дәрістерді трансляциялауға, сонымен қатар аудиторияның алған білімін арнайы тест және емтихандардың көмегімен тексеруге мүмкіндік туындайды. Оқытылатын материалдардың негізгі мазмұнын сақтап, таратуға мүмкіндік беретін қуатты технология – компьютерлік желілерде таралған және CD-ROM-ға жазылған электронды білім беру баспалары болып табылады. Осы құралдар арқылы өз бетінше оқу барысында оқу материалдарын оңай түсініп, терең меңгеруге болады. Мұндай технологияларды өз бетінше қолдануға икемді етіп, жеткілікті деңгейде өңдесе, бұл құрал қолданушының білім алып, оны сәйкесінше тексеруіне арналған таптырмас құралына айналады. Электронды басылымдардың дәстүрлі кітаптардан айырмашылығы, материалдардың динамикалық графикалық формада берілуі.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar