iRef.kz

ИНФРАҚЫЗЫЛ СӘУЛЕЛІ ОТТЫҚ

Инфрақызыл сәулелі оттық дегеніміз —газ оттығының бiр түрi, металлды немесе керамика пластиналардың инфрақызыл сәулелену көмегімен заттарды қыздыру және бөлмелердi жылытуы үшiн қолданылатын қондырғы. Инфрақызыл сәулелену – көрінетін жарықтың қызыл конц арасындағы спектрлі областың электромагниттік сәулеленуі (толқын ұзындығы λ = 0,74 мкм) микротолқынды сәулеленуі (λ ~ 1—2 мм). Инфракызыл сәулеленуді сонымен қатар «жылулық» деп те атайды, шағылысқан кезде тері жылуды сезеді. Осы кездегі қызған денеден салқын денеге берілген жылу Стефан-Больцман заңымен анықталады. Инфрақызыл сәулелі оттық корпустан 1, инфрақызыл сәулеленудің рефлекторынан 2, газ соплосынан тұратын инжектордан 3, араластырғыштан 4, шағылыстырғыштан 5, полкадан 6, керамикалық саптаудан 7, тордан 8 тұрады. Инфрақызыл сәулелі оттықтың жұмыс сұлбасы төмендегі 1-суретте көрсетілген. 115 1-сурет. Инфрақызыл сәулелі оттықтың жұмыс сұлбасы Оттықтың жұмыс істеуі келесідегідей. Оттықтың барлық элементтері корпусқа 1 бекітіледі, инфрақызыл сәулелі рефлектор қосылады 2, қимасы трапециялы. Газ соплодан 3 шығып араластырғыш құбырға барады 4, ауаның қажетті мөлшері инжектрленіп, талап етілген құрамды газ-ауа қоспасы түзіледі. Араластырғыш құбыр диаметрі «D» 2,5 — 3,0 тең, Шағылыстырғышқа 5 дейінгі аралық «K», Шағылыстырғыш газ-ауа қоспасы ағынына қарсы полкамен толықтырылған. Инфрақызыл сәулелі газ оттығы (Горелка газовая инфракрасного излучения ГГИИ- 3,65) тұрмыстық бөлмелерді қыздыруға арналған (жазғы үйлерді, сауда орындарын, құрылыс вагондарын,жылыжайларды). Инфрақызыл сәулелі оттықтың суреті 2-суретте көрсетілген. 2-сурет. Инфрақызыл сәулелі оттықтың суреті. Артықшылығы: 1. Автономдылығы — электр энергиясын қажет етпейді. 2. Мобильділігі — құрылғының салмағы жеңіл (оңай орынын ауыстыруға болады). 3. Экономдылығы — инфрақызыл қыздыру әдісінде аз шығын мен арзан бағадағы газды қолдану қазандықтар мен жылу тораптарына қарағанда ПӘК –ін жоғарылатады. 4. Құрылғының жұмысы кезінде шуыл болмайды. 5. Жылу вентиляторының жұмысы кезінде шаң-тозаңдар болмайды.

Пікір қалдыру