ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағы да үлкен рөл атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені айқын. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері ұлттық экономиканың тұрақты дамуын инновациялармен байланыстырып отыр. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Үкіметі де елді инновациялық даму жолына түсіру үшін жағдай жасауда. Жан-жақты жүргізіліп жатқан саяси реформалар, бағдарламалар, стратегиялар ел экономикасының дамуына ықпалы зор. Осылардың негізінде алға қойылған мақсат — инновациялық қоғамды қалыптастыру. Әйтсе де, инновациялық ортаның қалыптаспауы инновациялық жүйенің дамуына кедергі болып отыр. Инновациялық орта деп ғылыми білімдер мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізіп, одан табыс табу мақсатында кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекет етуіне ыңғайлы экономикалық кеңістікті айтуға болады. Оның тиімділігі тек экономика құрылымдарына ғана емес, әлеуметтік салаға да, экологиялық ортаға да, мемлекеттің беделі мен бәсекеге қабілеттілігіне де ықпал етеді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003- 2015 жылдарға арналған стратегиясы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2002-2015 жылдарғы арналған бағдарамасы», Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруды белсенді жалғастыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. 92 Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриялизация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін анықтайтын басты фактор болып табылады. Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды. Сонымен қатар, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстанда кәсіпорындардың тек 4,2% ғана инновациялық белсенді [2]. Өткен жылмен салыстырғанда 0,3% өсімді құрап отыр, бұл еліміздегі инновациялық ахуалдың төмен дәрежеде екендігін көрсетеді. Бұдан көретініміз, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барлығы дерлік елдің инновациялық белсенділігін қамтамасыз ете алмайды. Себеп – жеке сектордың инновациялық қызметке ынтасыздығы және халықтың инновация туралы ақпаратқа қанықпауы, сондай-ақ ұлттық менталитеттің ерекшелігі. Инновациялық инфрақұрылымды дамытуда ең алдымен жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін келесілерді жүзеге асыру оң нәтиже береді деп есептейміз: Экономикалық қолдауларды заңдық-құқықтық қамтамасыз ету; Инновациялық үрдіске қатысушыларға бірдей жағдай жасау; Мемлекет пен жеке сектордың ынтымақтастығын орнату; Өндіріс пен ғылымның байланысын ынталандыру; Қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерін ынталандыру; Салық жеңілдіктерін беру және т.б жағдайлар жасау. Сонымен бірге әлемдегі инновациялық инфрақұрылым үшін жағымды экономикалық ортаны қалыптастырудың шетелдік тәжірибелердің ішінен Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын, тиімдісін елдің ұлттық экономикалық, ғылыми ерекшеліктеріне қарай таңдап, инновациялық өсудің ұлттық моделін жасақтауды ұсынамыз. Біріншіден, Түркияның тәжірибесіндегідей, инфрақұрылым элементтерінде жүзеге асатын инновациялық жобаларды мемлекет және бизнес тарапынан екі жақты қаржыландырып, басқару мәселесін бизнестің өз қолында қалдыру; Екіншіден, Швеция мемлекетінің тәжірибесіндегідей, инновациялық инфрақұрылымның айналасына шағын және орта бизнесті топтау; Үшіншіден, Жапония тәжірибесіндегідей, ғылыми жаңалықтар мен инновациялық идеяларға ие ғалымдар мен кәсіпкерлердің өз бизнесін ұйымдастыруға көмек беру қажет. Сонымен, инновациялық инфрақұрылымды дамыту — инновациялық даму жолына түсуге бел буған, индустриялық-инновациялық стратегияны белсенді жүзеге асырып жатқан Қазақстан үшін маңызды. Ал инновациялық даму Елбасы айтқандай, ол — біздің жаңа он жылдықтағы жаңа мүмкіндігіміз [1]. Әдебие

Читайте также:  Мәдениет теологиясы туралы

Оставить комментарий