Загрузка…

Интернет желісінің кəсіпорынның маркетингтік іс-əрекетінде қолданылуы

Интернетті пайдалана отырып бизнесті жүргізу қазіргі нарық жағдайында өте қажет, себебі ол экономикада болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты туындап отыр. Қазіргі кезде бизнесті жүргізуге деген базалық көзқарас жəне оны жүзеге асыру моделі өзгерген: материалды ресурстар мен активтер құндылықтарынан – ақпараттық құндылыққа, білім жəне интеллектіге қарай, бұқаралық өндірістен – тапсырыс бойынша əзірлеужағдайларынажəне т.б. Осыған орай, Билл Гейтстің «Егер сіздің бизнесіңіз интернетте болмаса, онда сіздің бизнесіңіздің де болмағаны» деген алтын сөздерін еске түсіре кетпеске болмайды. Бұдан ертеректе ақпараттық технологиялар бизнестегі табысқа жету үшін қазіргідей маңызды рөл атқарған жоқ жəне қызметтің барлық түріне қазіргідей əсерін тигізе алмаған болатын. Бастамашыл елдер Интернет технологияларды пайдалану жəне электронды коммерцияны дамыту саласында айтарлықтай ілгерілеушілік жасап отыр. АҚШ-та электронды бизнес қуатты күші бар салаға айналған [1]. Бизнесті дамытудың заманауи кезеңін толық сенімділікпен ақпарат дəуірі деп атауға болады. Нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы жағдайында ақпараттықжүйелерменақпараттық технологияларды пайдалану бүгінгі таңда тиімді басқару жəне маркетингтің анағұрлым маңызды элементтеріне айналды. Компаниялар күн санап артып келе жатқан ішкі жəне сыртқы ақпараттар ағынын бақылау мақсатында көп жағдайда заманауи ақпараттық жүйелер мен технологиялардың көмегіне жүгінеді, оларды басқарушылық шешімдерге талдау жүргізу, болжам жасау, қабылдау үшін пайдаланады. Дегенмен, ақпараттық жүйелер мен технологиялар өздігінен корпоративтік мақсаттарға жету құралы бола алмайды. Өздерінің корпоративтік жəне бəсекеге қабілетті стратегияларын анықтаған, жеке ақпараттық қажеттілік туралы түсініктері қалыптасқан кəсіпорындар ғана табысқа қол жеткізу мүмкіндігін иеленеді [2]. Соңғы жылдары маркетингтік ақпараттық жүйелерді құрудың əр түрлі аспектілерін оқып үйрену мəселесіне көп көңіл бөлінуде. Алайда, бұлпроблеманыңкүрделілігіжəнемаңыздылығы əлі де көптеген мəселелердің басын қайыруды қажет етіп отыр. Əлі күнге дейін басқару жəне маркетингкебайланыстыақпараттықжүйелердің рөлін түсінудің, ақпараттық жүйелерді өндіріске енгізу қажеттілігі жағдайларының теориялық тұжырымдамасы əзірлене қойған жоқ. Кəсіпорындардың маркетингтік қызмет əрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің методологиялық негіздерін құру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет болып табылады: шешім қабылдау процесінде ақпараттардың рөлін анықтауға байланысты теориялық мəселелерді танып білу; кəсіпорынның маркетингтік ақпаратқа байланысты қажеттіліктерінің негіздемесі; маркетингтік ақпарат нарығын оқып үйрену; маркетингтік ақпарат көздерінің классификациясын əзірлеу; маркетингтік ақпаратпен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкін болатын формаларын анықтау; орындалатын функциялары жəне даму тенденциялары, олардың мəнін анықтау негізіндегі маркетингтік ақпараттың жүйелерді құру жəне қызметін жүзеге асыруға арналған əдістемелік құралдардың негіздемелері; маркетингтік ақпараттық жүйелерді енгізуден түсетін негізгі пайда түрлерін анықтау; кəсіпорынның маркетингтік қызметінің өзгеруіне ақпараттық жүйелердің əсерін анықтау əдістемесін əзірлеу. Маркетингті басқару процесін ақпараттықсараптамалық қамтамасыз ету жүйесін құру проблемалары бойынша теориялық жəне эмпирикалық жұмыстарға жүргізілетін талдау жұмыстарының маркетингтік қызметтің мəні, маркетингтік ақпаратты пайдалану бағыттары, маркетингтік қызмет түрлерін жүзеге асыру əрекеттерін ұйымдастыру жəне т.б. секілді шынайы өзгерістермен байланысты маркетингтік ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізуден келтірілетін бірқатар артықшылықтар мен пайдаларды анықтап алуға мүмкіндік береді [3]. Бұл секілді зерттеулер негізінен шет елдерде жүргізілген. Маркетингтік қызметті ақпараттықсараптамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар батыс компанияларының қызмет ету жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты əзірленеді. Осыған байланысты бұл жерде ең маңыздысы шет елдік ғалымдар тарапынан жинақталған теориялық білімді жалпыға жеткізу жəне қазақстандық кəсіпорындардың маркетингтік қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету жүйесін құру жəне жетілдіру процестерін басқаруға арналған тəжірибелік қолданыс мүмкіндіктерін бағалау болып табылады. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 З.Р. Карбетоважəне т.б. 51 Осындай мақсаттарды алға қоя отырып бұл ұсынылып отырған зерттеу жұмысын пайдалану нəтижесі кəсіпорындардағы маркетингтік зерттеулер жүргізу барысында Интернет компьютерлік желісін пайдалануға байланысты болып табылады. Бұл үшін біздің тарапымыздан шешімдерді қабылдау процесіндегі ақпараттың рөлін анықтау əрекеттерінің теориялық əдістері негізге алынды жəне кəсіпорын жұмысындағы маркетингтік зерттеулер жəне ақпараттық технологияларды пайдалану аспектілері қарастырылды. Ақпараттық технологиялар бəсекелестік аумқымына əсерін тигізеді жəне өнімге тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жаңа түр жəне форма береді. Осы бір негізгі сəттер ақпараттық технологиялардың қаншалықты стратегиялық маңызының бар екендігін, жəне олардың бизнесте пайдаланылатын басқа технология түрлерінен қалай ажыратылатындықтарын түсіндіріп беруге негізделген [4]. Интернеттің бөлу арнасы жəне маркетингтік коммуникацияларарнасыретіндегіерекшеліктері бар. Интернет мүмкіндіктері делдалдардың пайда болуына жол бермейді, себебі сатушылар мен сатып алушылардың тікелей байланыс жасауына мүмкіндік бере алады. Тек компаниялар мен ұйымдар ғана өздерінің серіктестерімен тікелей жұмыс істеп қоймайды, бұл қатарда тұтынушылар да аукциондарға қатысу арқылы басқа тұтынушылармен байланысқы түсу мүмкіндігін иеленеді. Интернет желісіндегі коммуникациялар өзінің интерактивтілігімен сипатталады, яғни бұл жерде коммуникация бастамашысы ретінде тек сатушы ғана емес, сатып алушы да қарастырылады. Электронды нарықты ілгерілету кешені физикалық нарық тарапынан қолданысқа енгізілетін дəстүрлі элементтерден (жарнама, қоғаммен байланыс, тура маркетинг, тұтыну мөлшерінің ілгерілеуі) тұрады. Интернет бүгінгі таңда бірегей бұқаралық ақпарат құралына айналған. Электронды нарықтағы тұтынушының қанағаттану деңгейі тұтынушылық интерфейсінің техникалық жай-күйіне (оның қауіпсіздігі, сенімділігі, жылдам əрекет ету қабілетінің болуы, қарапайымдығы, мазмұнының сапасы, төлем жүйесінің қауіпсіздігі жəне сенімділігі), сонымен қатар аталған интерфейс түріне арналған маркетингтік аспектілердің жағдайына (баға жасау жағдайындағы пайдаланылатын стратегияның тартымдылығы, логистикалық қолдау көрсету сенімділігі) тікелей байланысты болып табылады. Тұтынушылардың электронды нарықта жүргізілген операцияларға қанағаттану деңгейі қайталама сатып алу жағдайларының қайталануынамүмкіндікберіпқанақоймай, электрондыбизнеске деген сенімді де арттыра түседі, ал аталмыш бизнес түрі компанияның атағы мен ондағыкоммуникацияның сапасына байланысты түсіндіріледі. Аталған факторлардың жиынтығы тұтынушыны өз нарығында ұстап қалуға жəне оның компанияның брендтеріне деген сенімін арттыруға, осының бəрінің нəтижесінде электронды бизнеске қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Маркетингтік ақпараттық жүйе маркетингтік шешімдерді дайындау жəне қабылдауға байланысты ақпараттарды тұрақты, жоспарлы түрде жинауға, талдау жүргізуге жəне таратуға арналған процедуралар мен əдістердің жиынтығы ретінде көрініс табады. Пайдалану үшін жарамды болып табылу мақсатында ақпарат келесі қасиеттерге ие болуы тиіс: шынайы, актуалды, толық, релевантты, салыстырмалы, қабылдау жəне үнемдеу жағдайлары үшін қолжетімді. Ақпараттың үздіксіз келіп тұруын қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар маркетингтік ақпараттық жүйелерді ойлап табу жұмыстарының өркендеуімен тығыз байланысты болды [5]. Өзінің барлық бизнес-процесін маркетингтік қадам негізінде құрып отырған заманауи ұйым үшін Интернет тек қана нарықтың өзгеру тенденциялары, тұтынушылардың қалаулары, бəсекелестердің маркетингтік талпыныстары туралы кейінгі ақпарат көзі ретінде ғана қызмет атқарып қоймайды. Сонымен қатар Интернет on-line режимінде сауалнама жүргізу барысында бастапқы маркетингтік ақпарат алу, электронды фокус-топтардың жұмыстарын ұйымдастыру, сайтқа кірушілердің не болмаса тұтынушылардың электронды дүкен арқылы ұсынылып отырған тауар туралы ой-пікірлерін анықтау барысындағы маңызды жəне мүмкін болатын ақпарат көзі де болып табылады. Интернет маркетингтік зерттеу жүргізудің қосымша арнасы ретінде де пайдаланылуы мүмкін немесе кейде тіпті ақпарат жинақтаудың дəстүрлі пайдаланылатын арналарын алмастыра да алады. Интернетті маркетингтік зерттеулер мақсатында пайдалану əр түрлі дерек көздерінен алынған ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 52 Интернет желісінің кəсіпорынның маркетингтік іс-əрекетінде қолданылуы деректерді пайдалану мүмкіндігінен, деректер базасындағы мəліметтерді үнемі жаңартып отыру мүмкіндігінің болуымен, басқарушылық шешімдерді қабылдау процестерімен бірге зерттеу нəтижелерін интеграциялау жағдайларымен қатар жүзеге асыру мүмкіндігін де қарастырады. Интернетті ақпарат іздеп табу үшін пайдалану жүргізілетін зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Интернет-технологиялар Интернетте бар екінші қолданыстағы деректерді бастапқы ақпарат жасақтау мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, чаттар, жаңалықтар топтамалары жəне басқа да Интернет қауымдастықтар қатысушыларының хабар алмасуы жөніндегі қолда бар мəліметтерді пайдалану жағдайында сайтты пайдаланушылардың іс-əрекеттері тұтынушылардың сұраныстарына негізделген сауалнама зерттеулері бойынша қойылған сауалдардың жауаптары ретінде де қабылдануы мүмкін [6]. Интернет желісінде ақпарат көздері санының өте көп мөлшерде кездесуі деректерді арнайы іздестіру қажеттігін туғызып отыр. Бұл дегеніңіз қолда бар немесе алынғалы тұрған ақпараттарды сұрыптау жəне ұйымдастыру үшін қажетті арнайы бағдарламалардың қолданылуы. Бұл секілдібағдарламаларқатарынасайтқакірушілер тіркелгенмəліметтернегізінде тұтынушылардың белгілі бір мезгілдегі демографиялық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Интернет арқылы жүзеге асырылатын зерттеу жұмыстары негізгі экономикалық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді: уақыт, ақша, еңбек ресурстары. Осыған байланысты «ресурстарды үнемдеу» факторы маркетингтік зерттеуде ақпараттық қоғам жағдайында шешуші рөл атқарады. Интернет дербес кері байланыс орнату мүмкіндігін де ұсына алады. Аудиторияның жауап беруден, сауалнаманы толтырудан бас тартуының негізгі себебі, көп жағдайда адамдардың қандай да бір ақпаратты адекватты түрде қабылдап, яғни ақпаратты жіберіп тұруының себепкері болады, көп жағдайда адамдардың ақпаратты адекватты қабылдай алмау жағдайларында көмек қолын ұсынады. Интернет-технологиялар тұтынушының профиліне сəйкес сауалдар санын белгілей отырып, респондент үшін кез-келген уақытта сауалнамаға қатысу мүмкіндігі ұсынылып отыр [7]. Интернет желісі респондентті анағұрлым ашық жауаптар алуға шақырады, бұл əсіресе тура қойылуы тиіс жəне кінəмшіл проблемаларды жеткізу барысында өте маңызды болып табылады. Оларды зерттеу уақыт өткен сайын күрделіленіп келеді, себебі қазіргі заман адамы бөгде біреудің өзінің жеке өміріне «баса көктеп кіруін» қолдай қоймайды. Аталған проблемаларды танып білу респонденттер тарапынан құпиялылықтың сақталуын талап етеді, ал бұл мəселе туындаған мəселені əрқашан дəстүрлі əдістер арқылы шешу дегенді білдірмеуі де мүмкін. Интернет сауалнамаға қатысуға респонденттердің басым санын тартуға ат салысады, дегенмен бұл жерде уақыт жəне қаражат шығындары бойынша аталғанреспонденттерсанынбасқарып отыруға болады. Зерттеу жұмысына əр түрлі қатысушлар санын жұмылдыру статистикалық қорытындылар жасау кезінде жоғары деңгейде нақты мəн беруге көмектеседі. Фокус-топтар тарапынан on-line əдісі арқылы сапалы зерттеу жұмыстарының жүргізілуі маркетингтік стратегия мен тактиканың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді [8]. Біздің тарапымыздан «Мегастрой Астана DIY» ЖШС мысалында Интернет желісін маркетингтік зерттеулер жүргізу жағдайлары бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. «Мегастрой Астана DIY» ЖШС өнімдерінің ассортименті бəсекеге қабілетті болып табылады, олар нарықта көшбасшы болып табылатын негізгі басымдылық позициялармен реттеледі, мысалы: құрылыс жəне əрлеу материалдары, құрал-саймандар, бақ жəне бақшаға арналған тауарлар, шаруашылық тауарлары, аксессуарлар жəне интерьер заттары. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге жүргізілген талдау жалпы жұмыс түріне баға беруге жəне шаруашылық қызмет ауқымы жəне оның ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік беріп отыр. Ұсынылып отырған деректер көрсетіп отырғандай, көптеген техникалық-экономикалық көрсеткіштерге байланысты өзгерістер тұрақты сипатқа не болмаса өзгермейтін тенденцияларға ие болып табылады. Мысалы, өнімдерді өткізу көлемі 2012 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,8% дейін жоғарылаған. Осы мəселеге қатысты пайда көрсеткіштері де осындай өсу тенденцияларына ие болып отыр (2012 жылы + 6,7%), туындап отырған бұл жағдай кəсіпорынның қаржы жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді [9]. «Мегастрой Астана DIY» ЖШС тұрақты ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 З.Р. Карбетоважəне т.б. 53 қызметінің сипаты, ең алдымен, өндіріс көлемінің динамикасымен өнімділікмөлшерінің өсуі жағдайларында көрінді. Өндіріс көлемінің тұрақтылығы мен оның үздіксіз өсіп отыруы жаңа міндеттемелерді атқарып кетуге қашан да дайын қызметкерлер құрамының сауатты таңдалынып алынуымен де тығыз байланысты. Жеке жəне жалдамалы қаражат көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын бағалау баланс деректеріне сəйкес жүргізілді, бұл баланс активі мен пассивінің құрылымдық динамикасының векторларын салыстыруды қамтамасыз етуге жəне жеке жəне жалдамалы қаражат көздерінің ара қатынасына əсерін тигізетінфакторлардыбағалауғамүмкіндікберді, нəтижесінде ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге де мүмкіндіктер пайда болды. Осылайша, жүргізілген талдау жұмысы көрсетіп отырғандай, кəсіпорын өзінің жеке өндірістік қорын тиімді жұмсауда. «МегастройАстана DIY» ЖШСмаркетингтік қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары маркетинг бөлімінің негізгі 2 қызмет түрін атқаратындығын көрсетіп отыр. 1. Нарықты зерттеу – белгілі мақсатқа баытталған маркетингтік саяссатты табысты жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау. Экономиканы, саясатты, заңнаманы, сонымен қатар өмір сүру қалпы мен демографиялық өзгерістерді дамытудың талаптары мен тенденцияларын меңгере отырып, қандай да бір тауар түріне байланысты туындауы мүмкін сұранысты алдын ала анықтауға болады. 2. Компанияның тауарыкірісмөлшері орташа деңгейлі көпшілік сатып алушыларға арналған, сол себепті тауарларды сату барысында «Мегастрой Астана DIY» ЖШС мүмкіндігінше, халықтың барлық жасын қамтуға жəне осы жағдайда тауар бағасының қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тырысады. Маркетингтік қызметті жетілдіру жəне бəсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында кəсіпорындарға тұрақты түрде маркетингтің тиімділігіне баға беру əрекетін жүзеге асырып отыруы қажет. Сараптама жасалып отырған компанияда маркетингтік қызметке кешенді баға беру жүзеге асырылмаған. Осыған байланысты, біздің тарапымыздан алғаш рет «Мегастрой Астана DIY» ЖШС маркетингтік қызметінің сапасына баға беруге байланысты алғашқы қадамдар жасалды. Компанияның маркетингтік қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында барлығы 15 сұрақтан тұратын сауалнама əзірленді, онда маркетинг қызметінің орындалуы төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылатындығы анықталды: маркетингтік зерттеулер, нарықты сегменттеу, маркетингті жоспарлау, маркетинг кешенін əзірлеу. Ұсынылып отырған сауалнама толтыру үшін «Мегастрой Астана DIY» ЖШС негізгі бөлімшелерінің басшыларына ұсынылды. Алынған жауаптер негізінде маркетингтік қызметтің əр түрлі бағыттарының тиімділігін анықтайтын ұпайлар қойылды. Нарықты сегменттеу туралы пікірлерге талдау жасау барысында бұл тұрғыдағы көзқарастардың шамамен теңдей екіге бөлінгендігін көруге болады. Алайда, бұл оң нəтиже туралы мəлімет бере алмаса керек, керісінше нарықты сегменттеуге байланысты жүргізілетін талдау жұмыстарының əдісін өзгерту қажет. Компанияның бағалық саясатын қайта қарастырған жөн. Өткен айлардағы тауарларды сату кезіндегі сатып алушылардың пікірлеріне назар аудара отырып, статистикалық мəліметтер келтіру, қарастырылып отырған кəсіпорынның маркетингтік қызметінің тиімсіз немесе тиімділігі төмен бағыттары туралы қорытындылар жасап отыруға тура келеді. Нарықтағы тауарды позицияландыру стратегиясы да реформалауды қажет етіп отыр. Бұл жерде, əрине ең алдымен, сұраныс көп түсетін тауарларға баса назар аудару қажет. Аталған тауарлардың сатылуына қолайлы жағдай туғыза отырып, оны сатып алуға келетін тұтынушылар санын арттыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ұсынудың да өзіндік артықшылықтары бар. Нəтижесінде, кəсіпорын маркетингін дұрыс ұйымдастырған кезде, маркетингтік функцияларды орталықтандырған жағдайда жəне маркетингтік қызмет пен бюджеттік қаражатты жұмсау барысында оларға бақылау жүргізуді күшейту жағдайында компанияның қаржыэкономикалық көрсеткіштерінің біршама жақсарғандығын аңғаруға болады. Осыларға негіздей отырып, біздің тарапымыздан «Мегастрой Астана DIY» ЖШС басшылығына төмендегідей ұсыныстар жасалды: 1) маркетингтік іс-шаралардың жүргізілуін жоспарлау, ұйымдастыру жəне бақылау жөніндегі есептілікті жүргізу, бұл маркетингтік қызмет процесін жеделдетуге жəне тиімсіз деп танылған маркетингтік іс-шараларды жүзеге ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 54 Интернет желісінің кəсіпорынның маркетингтік іс-əрекетінде қолданылуы асыруға жұмсалатын ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. 2) тұтынушылармен жүргізілетін жұмыстарды қарапайымдандыру мақсатында электронды ақпараттық база құру жөніндегі жұмыстарды бастау, берілген тапсырыс берушімен арада жүргізілетін жұмыстардың барлық кезеңдерін қағаз бетіне түсіріп отыруға мүмкіндік беретін «тұтынушылар кітабын» дайындау. 3) тұтынушының неліктен дəл осы компанияға таңдау жасағандығын көрсететін себепті міндетті түрде тіркеуге алу, сонымен қатар – кəсіпорын туралы дерек көзін анықтау. Жоғарыда көрсетілгендерді негізге ала отырып, компанияға жалпы нарықта жəне жеке серіктестерді өз ісіне жұмылдыру мəселесінде өзінің орнын белгілеу мақсатында жарнамалық қызмет түрлерін белсенді түрде дамытуды ұсынуға болады. Жарнаманы орналастырудың ең тиімді жəне үнемді жолы Интернет желісі болып табылады, Сонымен қатар, негізгі каталогтар бойынша іздестіру жүйелеріне де тіркелуге болады. Бұл «Мегастрой Астана DIY» ЖШС қатысты желідегі қажетті ақпараттардың ішінен белгілі бір тауарға қызығуышылық танытып отырған мүдделі сатып алушыға тізімнен өзіне қажеттісін тауап алуға көмектеседі. Бұдан басқа, тапсырыс арқылыимидждікжарнама жүргізуді жəне қызметтік серіктестер арасында қалта күнтізбелері мен үстел үстіне қоюға арналған күнтізбелерді – үйшіктерді, қаламдарды, брелоктар мен басқа да брендтік сипаттағы жарнамалау заттарын беруді белсенді түрді жүзеге асыруды ұсынуға болады. Бұл заттардың бағасы мен құндылығы шамалы болғанымкен, олар кəсіпорын туралы оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, оның өзіне тəн брендті көпшілікке танымал етеді. Уақыт өткен сайын дүкендердің жұмысын жандандыру жəне жетілдіру мəселелеріне байланысты конструктивті ұсыныстар өте көп қарастырылуда жəне қабылдануда, себебі бəсекелестік ортада өз жұмыс орныңды сақтап қалу əрбір тұтынушының тарапынан, кейді тіпті олардың барлығының жиынтығынан саған байланысты дұрыс шешімнің қабылдануы талап етіліп отыр. Барлық ұсыныстар бойынша қолданысқа енгізуге арналған бағдарламалар əзірленуде. Бүгінгі таңда Интернетте дүкеннің толық сипаттамасы мен ол туралы мəліметтер жазылған жеке сайты бар (www.megastroy. kz). «МЕГАСТРОЙ АСТАНА DIY» ЖШС құрылыс желісінің жұмысын жақсарту жағдайы ретінде біздің тарапымыздан Интернет желісін пайдаланудың бірнеше бағыттары ұсынылды. 1.Іскерлік байланыс орнату. Интернет фирма желісіндегі барлық серіктестермен арадағы байланысты жақсарту немесе қамтамасыз етуге арналған əр түрлі инструменталды құралдарды қамтамасыз етеді, оның ішінде электронды пошта (e-mail); Желідегі жаңалықтар топтамаларына байланысты орналастырылған электронды хабарландыру тақталары (usenet); жəне электронды поштадағы пошта тізілімдері (listserv топтары ); Интернеттегі сұхбат ретрансляциясы (IRC – Internet Relay Chat); көпшілік тұтынатын диалог сұхбат (MUDS – multi-user dialog service); Бейнеконференциялар өткізу (Video conferencing); электронды пошта жүйесінде қарастырылатын сөйлеу поштасы (Voice-mail); жəне т.б. Бұл жерде Интернет арқылы төмендегідей қызмет түрлерін пайдалануға болады: Сілтеме тізімдері (mailing lists, «optin» е-mail marketing). Интернетте əр түрлі тақырыптарға арналған көптеген сілтемелер тізімі орналастырылған. Оларды, əдетте, аталған мəселе жөнінен жақсы хабардар адамдар жүзеге асырады, тұрақты түрде e-mail арқылы кезекті сілтемелердің шығарып отырылуын қадағалап отырады. Мұндай хаттарды алушылар кезкелген уақытта бұл хаттарды қарап шыға алады не болмаса олардан бас тарта алады. Дискуссия парақтары. Олар белгілі бір тақырыптар бойынша ақпарат алмасу үшін құрылады. Сілтемелер тізімінен олардың айырмашылығы дискуссия парағына оны құрушылар ғана емес, барлық тілек білдірушілер өз пікірлерін жазып, көзқарастарын білдіре алады. Компания маркетологтары өздерінің бизнесіне тікелей жəне жанама түрде қатысты болып табылатын барлық дискуссия парақтарына жазыла алады жəне оларға байланысты мониторинг жүргізу мүмкіндігін де иеленеді. Жазылған хабарламаларға талдау жасай отырып, өзіңнің əлеуетті серіктестеріңді жəне олармен байланысты тұтынушыларыңды тауып алуға болады. Сервер жаңалықтары сілтемелері. Сайттың қызығушылық танытушы тұтынушыларына ондағы жаңарулар мен жаңа материалдардың орналасқандығы туралы ақпарат беріп отыратын арнайы сілтемеге жазылу ұсынылады. Хабарлама тақталарындағы жарнамалық ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 З.Р. Карбетоважəне т.б. 55 қызметтер. Хабарландыру тақталары тақырыптары бойынша топтастырылған жəне тегін газеттік хабарламалар принципі бойынша жұмыс істейді. 2. Интернет арқылы сатып алу жəне сату. Интернетті сату құралы ретінде қарастыра отырып, онда жүргізілетін операциялардың төмендегідей классификациялық бағыттарын белгілеп көрсетуге болады: business-to-business (B2B) жəне business-to-consumer (B2C). Алғашқы жағдайда біз өнеркəсіптік тауар не болмаса бизнеске қатысты, сонымен қатар көтерме сауда жұмысына байланысты ақпарат алу мүмкіндігін иеленетін болсақ, екінші жағдайда соңғы тұтынушыға жеткізілетін тұтыну тауарларының бөлшек саудасы мəселесіне кез боламыз. Қазіргі кезде Интернет арқылы бөлшек сауданы жүзеге асырудың көптеген нұсқалары дамып келеді: Интернет-дүкендер жəне акциондық сатылымдар. Интернет-дүкендер өздерінің сипаттамалары жағынан каталогтар бойынша жіберілетін тауарлар секілді бөлшек сауда формасына өте жақын болып келеді, алайда өзінің параметрлерінің көптігіне байланысты олардан асып кететін тұстары да жоқ емес, мəселен, оларда кезкелген каталогтағыдан анағұрлым көп ақпарат орналасқан, ал берілген ақпараттардың өзі танысуға ниет білдірген кез-келген адам үшін қолжетімді; жəне тұтынушы тапсырыс бергісі келген болса, сол орнында отырып-ақ тапсырыс ресімдеп жəне ол үшін сол жерде, яғни өзі тауарды «көрген» жерде онлайн режимде ақысын төлеп кете алады. Ең бастысы, сатып алушы бұл əрекеттердің барлығын өз үйінің табалдырығынан аттап шықпай-ақ жүзеге асыра алады, осы аталғандардың барлығы Интернетдүкендерді пошта арқыл саудамен айналысатын, не болмаса жалпы бөлшек сауданың дəстүрлі тəсілдерімен айналысатын кəсіпорындарға байсалды бəсекелес ретінде таныта алып отыр. Қазіргі уақытта Интернет-супермаркеттер секілді жаңа түрлі басқа да жобалар пайда бола бастауда, олардың жұмыстарының мəні мынада: жаңа коммерциялық сайт құрылады, онда басқа да фирмаларға орын сатылады; одан əрі сайттың жұмысын былайша айтқанда «дөңгелетіп əкету» қажет болып табылады. Өндірушілер үшін өздерінің тауарларын анағұрлым аты танымал сайт арқылы тарату тиімді жəне олар өз жасақтаушыларының осы жұмысы үшін тиісінше төлемақы жүргізетін болады. 3. Интернет желісіндегі тауарларды жарнамалау көп жағдайда жарнама берушінің өз аудиториясына əсер етуіне негізделген көптеген құралдардан тұрады. Олардың арасында төмендегілерді атап көрсетуге болады: жарнамаларды тақырыптық жəне жалпы ақпарат беруші сайттарға орналастыру, e-mail-маркетинг, іздестіру жүйелері мен каталогтардың көмегімен өз жұмысын ілгерілеті, сілтемелермен алмасу, рейтингтер, серіктестік жəне демеушілік бағдарламалар жəне басқалары. Сондай-ақ, бұл жерде Интернет-қызметтің келесі түрлерін де пайдалануға болады – жалпы жəне мамандандырылған сайттар, мұнда тақырыптық серверлер Интернет-аудиторияның белгілі бір сегменті үшін белгіленген жарнама үшін сəтті таңдау болып саналады. 4. Сервис жəне сатылымнан кейінгі қызмет көрсету. Интернетті пайдаланудың бұл бағыты маркетингтік қызметте тұтынушыларға e-mail арқылы кеңес беру, web-сайттағы басты жаңалықтар туралы ақпараттандыру жəне т.б. Сатып алушылар тікелей өндірушіге қандай да бір кеңес алу, оның ішінде жаңадан пайда болған тауарлар туралы ақпарат алу мақсатында сұраныс жасай алады, немесе Интернетқызметтің басқа да түрлерін пайдаланады, мəселен сервер жаңалықтарының сілтемесіне жазылу секілді. Осылайша, жоғарыда көрсетілген Интернетқызметті пайдалану түрлерінің негізгі бағыттары кəсіпорын маркетингінің дербес функционалды жүйелері ақпараттық технологиялар мен өзара дербес байланыстарды да ескеруі тиіс. Нəтижесінде, Интернет-қызмет түрі нарығының барлық қатысушыларыИнтернеттегііс-шараларды кəсіпорынның маркетингтік жүйесінің бір бөлігі ретінде қарап шыға алады. Бүгінгі таңда Интернетті пайдалану кəсіпорынның маркетингтік қызметінің барлық аспектілеріне қатысты болып табылады, оның үстіне Интернеттің алатын рөлі де тұрақты түрде артып келеді. Бұл секілді пайдалану жағдайының базасы ретінде маркетингтің дəстүрлі құралдары да қызмет етедін, олар көп жағдайда желідегі тиімді, сонымен қатар Интернет тарапынан ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер ретінде көрініс тауып жатады. Біздің тарапымыздан ұсынылып отырған интернет дүкендерді қолданысқа енгізужайындағы жобаның мақсаты интернет желісі арқылы тауарды сатып алуға тапсырыс беру жəне тауҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 56 Интернет желісінің кəсіпорынның маркетингтік іс-əрекетінде қолданылуы арды сатып алу процесін жүзеге асыру болып табылады. Шектелген уақыт мөлшерінде жəне осы тектес тауарларды бір-бірімен салыстыру мүмкіндігін иелене отырып, сатып алушы үйден не болмаса кеңседен шықпай-ақ өзіне ұнаған тауарды сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Интернет-дүкенде тауарды модельді, немесе белгіленген мақсаты бойынша іздестіру мүмкіндіктері қарастырылған. Тауарға тапсырыс бермес бұрын оның сипаттамасымен танысуға, бағасы, қоймада болу-болмауына байланысты мəліметтер алуға болады. Сонымен қатар, интернет-дүкеннің жұмысын жақсарту жəне интернет-дүкеннің ассортиментіне байланысты тұтынушылардың қызығушылықтарын анықтап алу мақсатында арнайы жүргізілетін сауалнамаларға да қатысуға болады. Дауыс беру нəтижелері серверлерге жіберіледі жəне оны менеджерлердің қарап көруіне мүмкіндік бер. Жүргізілген сауалнама нəтижелерін қарай отырып, менеджерлер сатып алушылардың қызығушылықтары туралы ақпарат ала алады жəне алынған жауаптар базасында жəне тауарларды бағалау нəтижелері негізінде алдағы кезеңдегі сауда жұмысының жүйесін жоспарлайды жəне тапсырыс берушілердің сұранысына байланысты тапсырыстар əзірлейді. Интернет-дүкендегі барлық қажетті ақпаратты, жəне тауарға тапсырыс беру жəне жеткізу тəсілдері туралы «Дүкен туралы ақпарат» қосымша бетінен алуға болады. Тауарды алу үшін тапсырыс ресімдеу тапсырыс беру формасын толтыруға негізделеді (ТАƏ, жеткізу мекен-жайы, байланыс телефоны). Сонымен қатар, менеджермен таңдалынып алынған тауарды жеткізу уақыты мен орнын алдын ала келісіп алуға да болады. Интернет-дүкеннің жұмысын жақсарту мақсатында жəне сатып алушылардың қызығушылықтарын анықтау үшін интернет-дүкен ассортиментіне қатысты сауалнама жүргізу жүйесін жасау қажет [10]. Келіп түскен тапсырыстарды, тұтынушылардың хабарламаларын, дауыс беру нəтижелерін қарау үшін қолайлы жəне ақпараттық интерфейс қажет, ол интернетдүкеннің əкімшілік бөліміне қолжетімді болғаны жөн. Интернет-дүкенмен жұмыс істеу қолайлылығын жүзеге асыру үшін тауарларды іздеу жүйесі қарастырылған. Іздеу жұмыстары төмендегі санаттар бойынша жүргізіледі: * міндеті бойынша; * моделі бойынша; * өндіруші фирмасы бойынша. Осылайша, бұл жоба Интернет желісі арқылы тауарды сатып алуға сұраныс беру жəне сатып алу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Шектелген уақыт мөлшерінде жəне осы тектес тауарларды бір-бірімен салыстыру мүмкіндігін иелене отырып, сатып алушы үйден не болмаса кеңседен шықпай-ақ өзіне ұнаған тауарды сатып алу мүмкіндігіне ие болады, бұл сатып алушылар тарапынан тауарды сатып алу мүмкіндігін жеңілдетеді жəне маркетинг қызметі жұмысының тиімділігін арттыра түседі. Жүргізілгензерттеужұмыстарыныңнəтижесі бойынша кəсіпорындардағы маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру үшін интернетті пайдалану оң нəтижелерге қол жеткізу жəне сатып алушылар санын көбейту мақсатында өте тиімді болып табылатындығын сенімділікпен айтуға болады. Нарықтық экономиканың заманауи жағдайында кəсіпорынның табысты жұмысын қамтамасыз ету үшін интернетті пайдалану мүмкіндіктеріне айтарлықтай көңіл бөлудің маңызы өте зор. Біздің тарапымыздан қарастырылып отырған Интернет-қызмет түрлерін пайдаланудың негізгі бағыттары кəсіпорындағы маркетингтік жүйенің дербес функционалды жүйелерінің ақпараттық технологияларда жəне дербес қатынас мəселелерінде болып жататын өзгерістерді есепке алу қажеттігін куəландырады. Нəтижесінде, Интернет-қызметіне қатысушылардың барлығы Интернеттегі іс-шараларды кəсіпорынның маркетингтік жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырулары тиіс. Қорытындылар. Бүгінгі күні Интернетті пайдалану көптеген кəсіпорындардың қызметінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, оның үстіне оның рөлі де күннен-күнге арта түсуде. Бұл секілді пайдалану жағдайларының базасы ретінде маркетингтің дəстүрлі құралдары қарастырылады, олар Желіде уақыт өткен сайын анағұрлым тиімді болып келеді, жəне олар Интернет тарапынан ұсынылатын жаңа мүмкіндіктерге жол ашып беріп отыр. «Мегастрой Астана DIY» ЖШС интернетті пайдалану бастапқы деңгейден де ілгерілеп кетті. Қазіргі уақытта əрбір коммерциялық компанияның өз сайты бар деуге болады. Сайтты өте тиімді етіп жасау үшін əрбір күн сайын тұтынушыларды өзіңе тарту, сайт форумындағы сұрақтарға уақытылы жауап беру, не болмаса ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 З.Р. Карбетоважəне т.б. 57 қандай да бір шағым түскен жағдайда туындаған жағдайды тез арада шешуге тырысу қажет. Кез-келген коммерциялық ұйым немесе фирма əр түрлі іс-шараларды жүзеге асыру барысында белгілі мөлшерде қаражат жұмсауы қажет болады. Біздің тарапымыздан «Мегастрой Астана DIY» ЖШС IT технологияларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, осы бөлікке қаражат жұмсау ұсынылады, яғни төлем түрлері маркетингтік зерттеу жүргізу мақсатында интернетті пайдалану, компанияның сайтын көпке танымал ету мақсаттарына жұмсалуы қажет. Біздің негізгі ұсынысымыз – бұл интернет-дүкенді қолданысқа енгізу жөніндегі жоба. Интернет-дүкенде əр түрлі құрылыс материалдары орналастырылады, сонымен қатар тауарларды моделі, міндеті жəне өндіруші фирмасы арқылы іздеу мүмкіндіктері де қарастырылған. Тауарға тапсырыс бермес бұрын оның сипаттамасымен танысуға, бағасы, қоймада болу-болмауына байланысты мəліметтер алуға болады. Сонымен қатар, интернет-дүкеннің жұмысын жақсарту жəне интернет-дүкеннің ассортиментіне байланысты тұтынушылардың қызығушылықтарын анықтап алу мақсатында арнайы жүргізілетін сауалнамаларға да қатысуға болады. Дауыс беру нəтижелері серверлерге жіберіледі жəне оны менеджерлердің қарап көруіне мүмкіндік береді. Осылайша, интернет-дүкендерді құру үшін маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс. Бұл үшін Астанадағы интернет желісін пайдаланушылар туралы статистикалық деректер, «Мегастрой Астана DIY» ЖШС интернет-дүкені туралы жарнамалар орналасқан сайттар, олардың тұтынушылар арасындағы танымалдық деңгейі туралы ақпараттар қажет болады. Бұл секілді жарнама өте тиімді, себебі интернет-дүкеннің сайтына көшу үшін бір ғана нүктені баса салудың өзі жетіп жатыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда стратегиялық шешім қабылдай алу мүмкіндігі өте қажет. Оның үстіне нарықтардың дамуы жəне уақыт өткен сайын жақсарып келе жатқан бəсекелестік жағдайы қандай да бір қадам жасардың алдында дұрыстап ойланып алуды көздейді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar