Инвестицияларды экономикаға тарту механизмі жəне мемлекеттік реттеу бағыттары

Опубликовано Август 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде экономиканы инвестициялау үрдісін реттеуде басты рөл мемлекетке беріледі, ол өзінің мақсатты бағытталған саясатымен сол үрдісті ынталандырады [1]. Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу – инвестициялық белсенділікті жəне экономикалық өсуді ынталандыру үшін мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылатын құқықтық, орындаушылық, бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік инвестициялық реттеуді макроэкономикалық тұрақтану жəне экономикалық өсумақсатында инвестициялық нарық қатысушыларына тікелей жəне жанама ықпал ету түрлері мен əдістерін мемлекетпен мақсатты жəне бірізді қолдану үрдісін түсіну қажет. Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң белсендi позициясы экономикаға инвестиция көлемiн арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты – жоғары қосылған құны бар өндiрiстi дамытудың, əртүрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркəсiптiк мақсаттарға сəйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi. Инвестициялық саясатқа мемлекет белсендi түрде араласпаса, экономиканың өндiрушi салаларының басым түсуi одан əрi жалғаса беретiн болады. Елдiң болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшерiне тəуелдi болып қалады. Тиiстi мемлекеттiк бақылау болмаса капиталдың жылыстау процесi жалғаса беретiн болады, қазiргi iшкiинвесторлардың қаржылық мүмкiндiктерiнің шектеулілiгiне байланысты қор нарығы шетелдiк инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін [2]. Мемлекеттің инвестициялық қызметке тікелей қатынасуы: 1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жасау, бекіту жəне қаржыландыру. 2. Құрылыс тізімін жасау жəне оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру. 3. Мемлекеттік бюджеттің есебінен инвестициялық жобалар бойынша конкурстық негізде мемлекеттік кепілдер беру. 4. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджеттің қаржыларын конкурстық негізде ұсыну. 5. Инвестициялық жобалардың сараптамасын жүргізу. 6. Стандарттарды жасау жəне бекіту, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру [3]. Инвестиция аясында мемлекеттің жаңа функциялары мыналар болып табылады: елдің экономикалық дамуының басымдылықтарын анықтау; мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды жəне басымдылықтарды, инвестициялық жобаларының тізімін дайындау; орталықтанған мемлекеттік инвестициялық қорлардың тиімді бөлінуін жəне алғашқы кезектегі басымдылықтарды қолдану жəне мемлекеттің кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үкіметтің іс-əрекеттерінің оңтайлы дəйектілігін қамтамасыз ету; ұлттық экономикаға капитал ағымын жəне оныңбасымдылықтыаяларға, өндіріс облыстарға еркін құйылуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық климатты құру [4]. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Ж.М. Маханова 83 Инвестициялық белсенділікті жандандыру үшін мемлекеттік реттеу шараларының жүйесі қажет, ол келесілерді қамтуы тиіс: 1. Мемлекеттік жəне жеке меншік инвестицияларды орынды пайдалану, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды құру механизмін жетілдіру. 2. Экономикадағы ұдайы өндірістік үдерістерді қалпына келтіру жəне отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын анықтау. 3. Құнды қағаздар нарығының дамуына жəне жиналымдардың инвестицияға трансформацияланудың тиімді жүйесін құруға мемлекет тарапынан əрекет жасау. 4. Банктердің экономиканың нақты секторына инвестициялық бағытын күшейту мақсатында банк жүйесін қайта ұйымдастыру. 5. Өндіріс саласына бағытталып жатқан инвестицияларды кепілдеудің тиімді жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру. 6. Инвестициялық салымдарға кəсіпорынның жеке қаражаттарын көбейту үшін инновациялық саясатты жетілдіру [4]. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті жəне жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дəрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды. Инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында үкімет тарапынан ынталандырудың үш қадамы ұсынылған: 1. Бизнесті жүргізу жəне инвестиция құюға тартымды ететін елдің имиджін қалыптастыру. 2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қосқанда, инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну. 3. Трансұлттық компаниялар үшін фискалдық, қаржылық жəне қаржылық емес механизмдер арқылы оңтайлы жағдай құру [1]. Инвестициялар ағымын ынталандыру бойынша шаралар жүйесі келесілерді қамтуы керек: облыс əкімшілігімен неғұрлым маңызды жəне əлеуметтік маңызы зор жобаларды бөліп алу арқылы отандық жəне шетелдік инвестицияларды тартудың аймақтық бағдарламаларының жасалуы; инвестициялық жобалар деңгейін халықаралық стандарттарға жеткізу; бағдарламалардың үнемі орындалуына мониторинг жүргізу; бағдарламалармен кеңінен танысу жəне олардың жергілікті іскерлік айналамен орындалуы, бағдарламалардағы қателерді жою жəне олардың оңтайлы бағыттарын күшейту бойынша əсер ететін шараларды қабылдаумен шетел банктерімен бизнесмендерін таныстыру; отандық жəне шетел инвестицияларын ынталандыру мақсатында жыл сайын аймақтық конференциялар өткізу; инвестициялық жобаларды сыртқы нарыққа жылжытуда, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобаларды көрсетуді ұйымдастыруда республика мен облыс əкімшілігінің бірігіп күш жұмсауы; жергілікті атқарушы билік органдарымен өндірістің өңдеуші салаларына шетел инвестиИнвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу 1-сурет – Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу əдістері [5] 84 Инвестицияларды экономикаға тарту механизмі жəне мемлекеттік реттеу бағыттары ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 цияларын белсенді тарту бойынша шаралар жоспарының жасап шығарылуы, атаулы жоспарлардың орындалуы бойынша миониторингті қамтамасыз ету; республика мен аймақтарда бос қаржы ресурстары мен шетел банктерін тарту арқылы инвестициялық несиелерді бере алатын, экспорт тық-импорттық операцияларға қызмет көрсететін жəне несиелейтін қаржы институттарын дамыту; тиесілі жылжымайтын мүлік пен басқа да мүлік кепілімен қамтамасыз етілген облыс əкімшілігінің тікелей кепілін беру түріндегі инвестицияларды сақтандыру жүйесін, аймақ əкімшілігінің капиталға қатысуымен аймақтық сақтандыру қорларын құруды қалыптастыру; аймақ əкімшілігі капиталға қатыса алатын аймақтық аманат қорларының мүлкімен сақтандыруды қамтамасыз ету; өндірістік жəне өндірістік емес жаңа объектілердің құрылысына пайданы қайта инвестициялау кезінде сəйкес келген сома мөлшеріне салық салынатын пайда көлемінің азаюы; аймақтық əкімшіліктерге əдістемелік жəрдем көрсету, соның ішінде шетел инвесторлары мен отандық шаруашылық субъектілерін ақпараттық кеңестік қамтамасыз ету, субъектілерді шетелдерде капиталды орналастыруға тартымды орын ретінде таныстыру бойынша жұмыс жүргізе отырып, атаулы аймақ бойынша мəліметтер базасын құру [4]. Сонымен, түрлі экономикалық жағдайда əртүрлі мемлекетте инвестициялық қаржыны тарту жолымен экономикалық дағдарыстан өту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етудің бірнеше базалық механизмдері анықталды, нақтырақ айтқанда: 1. Жинақтарды аккумуляциялау мен оларды жеке меншік банктер арқылы инвестицияға трансформациялау. Жапония, Германия сияқты елдерде банктердің рөлі инвестициялық үрдістерді ұйымдастыруда маңызды болып келеді. Коммерциялық банктер мен өндірістік кəсіпорындардың өзара əрекеттесуінің кең таралған түрі болып өнеркəсіптік-қаржы топтары табылады. Бұр топқа кіретін банктер мен кəсіпорындар жеке меншік қатынастары арқылы айқаса акционерлеу немесе ортақ меншіктері арқылы байланысады, бұл қаражаттардың өндіріске тиімді құйылуын қамтамасыз етеді. Мұндай механизм экономикалық өсудің неғұрлым болашағы бар бағыттарына жиналымдар мен шоғырланудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сəйкес келген өнеркəсіптік-қаржы топтарының кеңейтілген өндірісінің жоғарғы қарқындылығын қамтамасыз етеді. Өсіп келе жатқан табыс өндірісті кеңейтуге жəне өнімнің дүниежүзілік нарыққа шығуы үшін сапасын жақсартуға қайта жұмсалып отырады. Ондай механизм соғыстан кейін АҚШ, Германия жəне Жапония экономикасының белсенді жаңалануына, қайта көтерілуіне жəне өсуіне, сонымен қатар Оңтүстік Корея жəне басқа да өнеркəсіптік мемлекеттердің табысты дамуына септігін тигізді. 2. Келесі механизм дербес шаруашылық субъектілерді несиелеуге негізделген, бұл қаражаттардың аккумуляциясын жəне олардың пайызмөлшерлемелерібойыншақамтамасызетуге жеке жəне заңды тұлғаларға берілетін несиеге трансформациялануын қарастырады. Сонымен бірге инвестициялық шешімдер тəуекелдерін кəсіпорындар, мемлекеттік институттар, сақтандыру компаниялары жəне қаржы жүйесінің басқа да мамандандырылған субъектілері артады. Атаулы механизмнің сенімділігі құрылымды дағдарыстар мен қате қабылданған инвестициялық шешімдерге тəуелді болып келеді. Дүниежүзілік тəжірибеде ол экономикасы (қаржы нарығы дамыған жəне ұзақ мерзімді жəне тəуекелі жоғары инвестициялық жобаларды қолдау институттары қамтылған) тұрақты дамыған мемлекеттерде, былайша айтқанда, «үлкен жетілік» мемлекеттерінде қолданылады. Берілген механизмнің қызмет ету шарты болып ірі инвестициялық жобаларды несиелеуге арзан жəне «ұзақ» ақша қаражаттарын ұсына алатын қаржыинституттарында (зейнетақықорларында, сақтандыру жəне инвестициялық компанияларды) ірі ресурстардың болуы танылады. 3. Даму институттары ретінде қызмет атқаратын мемлекеттік инвестициялық банктер арқылы экономикалық өсудің приоритетті бағыттарын іске асыруды инвестициялық қолдау. Бұл банктер қоғам мүддесінен шығып, қолдауды талап ететін, мемлекетпен приоритеттілердің қатарына жатқызылатын шаруашылық қызмет түрлері немесе белгілі бағыттарда инвестицияларды төмен пайызбен мақсатты түрде несиелейді. Əдетте ондай банктердің қолдауы Орталық банк несиелеріне қол жеткізу түрінде іске асырылады. Мұндай механизм жеке меншік банктердің əлсіздігі мен дамусыз қалған қаржы нарығы жағдайында қызмет ете алады. Ол соғыстан кейінгі уақытта Жапонияда, ал біздің заманымызда Қытайда, Үндістанда, Бразилияда тиімді қолданылған. Мемлекеттік инвестициялық банк арқылы экономикалық өсудің приоритетті бағыттарды ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Ж.М. Маханова 85 іске асырудыинвестициялық қолдаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады. Бірінші түрінің маңызы «арзан» ақша қаражаттарын қолдану үшін ерекше құқықтардың берілуіне негізделеді. 4. Даму институттарын Орталық банкпен қайта қаржыландыру механизмі. Атаулы механизмнің ерекшелігі мемлекеттік даму банктері арқылы капитал салымдарын өндірістік игеру мүмкіндіктері мен ақша ұсыныстарының тепе-теңдігінен тұрады. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды енгізу есебінен өнім өсіміне деген сұраудың болжам бағалары да есепке алынады. Мұндай механизм Үндістанда, Қытайда іске асырылады. Мысалы, Қытай Халық Банкі үш инвестициялық банкті (Мемлекеттік даму банкі, Эксимбанк, Ауылшаруашылығын дамыту банкі) қайта қаржыландырады. Инвестициялық үрдістерге қызмет көрсететін дамыған нарықтық инфрақұрылымы жоқ экономикадағы жиналымдар көлемінен инвестициялардың жоғарғы өсу қарқынын дербес қамтамасыз ету қабілеттігінен атаулы механизмнің ерекшелігін көре аламыз. Сонымен бірге мұның кемшіліктері бар. Бұл ретте əлеуметтік-экономикалық дамуды болжау мен жоспарлаудың тиімді жүйесі қажет жəне де несие ресурстарын мақсатсыз пайдалануының алдын алудың сенімді шаралары қажет, себебі қате қабылданған инвестициялық шешімдердің салдарынан қайтарылмаған несие тəуекелдерінің деңгейі жəне де инвестициялық белсенділіктің приоритетті бағыттарын дұрыс таңдамау тəуекелі де өсіп кетуі мүмкін. 5. Экономикасы дамыған мемлекеттерде инвестициялық белсенділікті қамтамасыз етудің маңызды механизмі қор нарығы болып табылады. Баршамызға белгілі болғандай, ол инвестор мен инвестициялау объектісі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Қор нарығының ресурстық базасын азаматтардың үлкен жинақ көлемдері құрайды. Олардың жетіспеушілігі қор тұрақсыздығына себепкер болады, өйткені инвестициялау мүмкіндігін тек ірі салушылар ала алады да, соның салдарынан олар баға динамикасына ықпал ете алады, сөйтіп, алып-сатарлық операцияларға жол береді [6].

Оставить комментарий

Загрузка...