Экономиканың инвестициялық саладағы мемлекеттің рөлі бір қатар факторлармен ай- қындалады, атап айтсақ, нарықтық қатынастар дамуының деңгейі, экономикалық жағдаят ерекшелігі, ұлттық даму міндеттерінің сипаты. Қазіргі кезеңде экономикалық саясаттың негізгі мақсатын жүзеге асыру қазақстандық экономиканың тұрақты дамуында инвестиция- лық белсенділікті арттырудың ең басымдылыққа ие міндеттеріне жатады. Бүгінгі жағдайда Қазақстанның экономикасында инвестициялық істі белсендендіру үшін мемлекет жан-жақты қарастырылған жəне тиімді инвестициялық сая- сатты ұстануы тиіс. Қазақстандық экономиканың инвестиция- лық саласындағы мəселелердің дені қалыптас- паған нарық механизмдері жағдайында мем- лекеттің басқару жүйесінің əлсіреуімен, ел дамуындағы мемлекеттің экономикалық рө- лінің төмендеуімен байланысты. Нақты секторды көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы жəне ішкі ақша ағымдарын тиімді нарықтық басқарудың болмауы қазіргі кезеңде инвестициялық істі мемлекеттің реттеуін талап етеді. Сонымен қатар қазақстандық экономикада қалыптасқан нақтылы жағдайларды есепке алу арқылы мемлекеттік экономикалық саясаттың тұжырымдамаларымен нұсқаулықтарды қол- дануда салмақты қарау қажеттілігіне зəру. Инвестициялық үдерісті реттеу бағдар- ламалары белгілі бір теоретикалық негіздерге сүйеніп жасалады. Батыстық экономикалық тəжірибеде экономикалық реттеуде əртүрлі жолдар ұсынатын бір-біріне қарсы негіздік тұжырымдамалары кейнсиандық теорияны жақтаушылар экономикалық өсімге жетуге ерекше көңіл аударса, монетаризм өкілдері баға деңгейі мен валюта бағамын тұрақтандыруды көздейді. Кейнсиандық доктринаға сəйкес сұраныс жалпы ұлттық өнім қарқынын айқындаушы бо- лып табылады. Жеке инвестициялық сұраныс өзгермелі. Жинақтау мен инвестициялар субъектілері түрлі негізде жинақтау инвес- тицияларға қатысты шешім қабылдайтын түрлі топтар реттеуінде көрінеді. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (95). 2013 Ш. А. Игенбаева 87 Инвестицияларды қаржыландыру көзі – тек ағымдағы жинақтаулар емес, сондай-ақ үй шаруашылығының қолдағы жинақтаулары мен несие ұйымдарының ақша құралдарының эмис- сиясы. Осыған байланысты кейнсиандық тұжы- рымдама жинақтаулар мен инвестициялар – банктердің несиесінің өзгеруін ажыра- ту мүмкіндігі. Жеке сұраныстың өзгермелігі экономикалық тұрақсыздығына апарады, ол мемлекеттік тарапынан бағалар мен пайыздық мөлшерлемелерге ықпал ету қажеттілігін анықтайды. Кейнсиандық үлгінің логикасы келесіде. Шамамен, қолданыстағы ақша көлеміне қарастырылған несиелік пайыздың тепе-тең мөлшерлемемен белгіленеді. Ақшаға деген сұраныс сақталған жағдайда нарық пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы берілген ықпалға жауап береді. Ақша нарығындағы өзгерістер инвестициялық нарық жауабына серпін береді. Несиелік пайыздың төмендеуі несиенің арзандауы мен құнды қағаздар бағамен көтеруінің салдарынан инвестициялар өседі. Өндіріске деген салымдар өскен сайын ұлттық өнім көлемі ұлғаяды, кіріс салмағы өседі, оларға инвестициялар мультиплицирлі əсер береді. Осылайша, мемлекеттің қысқа мерзімді ықпалы инвестициялар мен өндірісті дамытуға əкеліп соғады. Алайда кіріс деңгейінің жоғарылауы мен сəйкесінше, ақшаға деген сұраныстың өсуіне жауап беретін нарықтық механизм пайыздық мөлшерлемені көбейтеді, ол өз кезегінде инвестицияларға тежейді. Осылай, нарықтық механизм мемлекеттің араласуына жауап бере отырып, ақыры бастапқы серпінді өшіреді. Мұндайда ұзақ мерзімде пай- ыз мөлшерлемесі реттеуші ықпалға аз ұрынады. Ақша салмағын əрі қарай өсіру саясаты тек инфляциялық қаржыландыруға ғана емес, со- нымен бірге пайызбен ақша алуға сұраныстың шексіз көбеюіне əкеп соғады. Нəтижесінде экономика Д. Робертсон сипат- таған ликвидті қақпанға түседі. Одан əрі ақша салмағын өсіру еш əсер бермейді, өйткені пайыз бағамыбелгіленген минимумнан төмен түспейді. Мұндай жағдайда инвестициялық нарық ақ- шалықтан серпін ала алмай, инвестициялық тежеліп, өндіріс төмендейді. Сəйкесінше, торығу жағдайында инвестицияларға пайыз нормасы қарқыны механизмі арқылы ықпал жасау пай- ызды бағам төмендемесе еш жұмыс істемейді. Арзан ақша саясатын жүргізу дегеніміз банктер несие береді деген сөз емес. Төмен пайыз құнды қағаздар бағамын көтереді, бірақ фирмалар өз құнды қағаздарын сатудан қаражат ала алмай- ды, себебі соңғылары құлдырау жағдайында сенімді емес. Ликвидтілікке деген сенім артады, қолдағы ақша салмағының өсуі төлеуге қабілеті тұтынушылық сұраныстың төмендеуінің жағдайында бағалардың инфляциялық өсуіне əкеліп соқтырады. Ақша несиелік саясат іске аспағандықтан, кейнсиандық үлгі экономиканы тұрақтандыру үшін фискальды саясатты, оның ішінде мемлекеттік шығындарды көтеруді қарас- тырады. Бұл шара инвестициялық сұра- нысқа жігерлендіруші əсер етіп, бірақ мем- лекеттік бюджетте жетіспеушілікке апа- рады. Қаржыландырудан неғұрлым төмен информациялық тəсілмен несиелік нарықта қарыз алу есебінен жүзеге асыру нарықтық тепе-теңдіктің жойылуын күшейтеді. Біріншіден, ол ақшаның жеке инвестиция- лар нарығынан анағұрлым болып табылатын мемлекет міндеттемелеріне көшуіне əкеледі, нəтижесінде жинақтаулар мемлекеттік бюджетті жабуға жіберіледі. Екіншіден, несиелік капитал нарығындағы ақша құралдарының жетіспеуші- лігі банктік несие мөлшерлемелерімен жоғары- латып, құнды қағаздар бағамын төмендетеді, ол да инвестицияларды азайтады. Осылайша, қорыта келе кейнсиандық кеңестер ұзақ мерзімде толық тиімді емес. Сонымен бірге қарастырылған механизмге ішкі қайшылықтар тəн. Егер ұлттық банктің несиелік экспанциясын қосқандығы экспан- ционистік шаралары мен мемлекеттің қызметі инвестицияларғажігерлендіруші əсер етсе, басқа шаралар инвестрлеудің жинақтау түрткісінің төмендеуіне апарады. Кейнсиандық кеңестерді төмендегідей жағ- дайда қолдануға болады: – Мемлекетті нығайтуды талап ететін дағдарыстық кезеңде; – эмиссия мен инфляция қарқынына бақылау орнатуда; – бəсекелестікке мемлекеттік қолдау көр- сетуде. Нарықтық экономиканың тепе-теңдігінің неоклассикалық теориясын ұстанатын моне- таристер жинақтаулар мен инвестициялар- 88 Инвестициялық саладағы мемлекеттің рөлі ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (95). 2013 ды тепе-теңдігі туралы тұжырымдамалық ережесін сақтайды, ақшаға сұраныс тұрақсыз; əрі спекулятивті түрткі ықпалына шалынғыш деп санайтын кейнсианстыққа қарсы монета- ризм ақшаға сұраныс қызметінің тұрақтылығы жинақтауларға тұрақты бейімділікке негіз- деледі. Осыдан шығатын қорытынды нарық- тық жүйенің тиімді қызмет етуі мен дамуы ақша экономика мұқтаждарына сəйкес ақша салмағын ұдайы өсіріп отыру арқылы, өз кезегінде инвестицияның өз қарқындылығы, ақша салмағаның өзгерістерімен анықталады. Кейнсиандық теориядан монетаризмнің айыр- машылығы монетаризмнің дискреттік саясаты нарықтық экономиканың қызметіне бөгет бо- лады. Нарықтық механизм əсерінен түрлі сал- дар туындауы мүмкін. Мемлекеттік басқарушы органдардың ұдайы субъектілері айырады. Пайыздық мөлшерлерге ықпал ету арқылы ин- вестицияларды реттеу өзіндік реттеу механизмі- нің салмағының күрт өзгеруін инфляцияның өсуіне туындатады. Сондықтан экономиканы тұрақтандыру үшін ақша салмағының үнемі көбейіп отыруын қамтамасыз ету керек. Ақша салмағының өсу көлемі мен қарқынын рет- теу əдісімен жүзеге асырылады. Ол ақша айналымының өсуінің мақсаты бағыттауын белгілеп таргеттеуші кезеңдегі өндірістік зат пен баға өсуін қарастырады, сондай ақ нарық қатысушыларының барлығының əрекетіндегі ақша салмағының сандық өлшемдерін есепке алады. Таргеттеу саясатының нəтижесінде баға- лар тұрақталуы инфляцияның ниверленуі бəсекелестіктің өрістеуіне əкеледі. Мұндай жағдайда тепе-тең бағалар механизмі қалпына келеді, олар инвесторды өсімі молдау салаларға бағыттайды. Инвестициялық үдеріске ықпал ету мақсатында мемлекет салықты төмендетеді. Бюджет жетіспеушілігін қысқартады. Сонымен бірге монетарлық ережені қол- дану ұзақмерзімді мақсаттарды ескеруі тиіс. Белгілі бір кезеңдегі салмағының жал- пы өзгерісі есептік ұзақмерзімді қарқыннан аспауы керек. Мемлекеттік экономикалық саясаттың кенсианстық кеңестерден бүкіл- əлемдік сұранысты жігерлендіруге өтуі тек монетаризмнің емес, сұраныс экономикасы теориясының да кілт идеясы болып табылады. Монетаризм мен сұраныс экономикасы теория- сы ортақ көзқарастарға ие болғанымен олардың арасында елеулі ие болғанымен олардың арасын- да елеулі қайшылықтар да бар. Ал ішінде тəжірибелік салмағы бары келесідей. Мемлекеттік бюджеттік саясаттың шешуші бағыты кəсіпкерлікті жинақтауларды дамыту болуы тиіс болғандықтан, сұраныс теориясын жинақтаушылар мемлекеттік бюд- жет жетіспеушілігінің болуы мүмкін дейді, себебі олардың ойынша, дамыту нəтижесінде кірістер жедел өсіп, сəйкесінше салықтар да өсіп, ол алдыңғы салықтың шығындардың ор- нын толығымен басады. Осылайша, сұраныс теориясының авторлары кейнсианстық идея- ларды терістей келе, қаржыландыру дефицитін модифицирленген түрде экономикалық əрекетті жігерлендірудің белсенді құралы емес, мүмкін нəтиже ретінде қайта оралады. Өкіметтік жəне тəуелсіз құрылымдар, ғалымдар ұжымы, жеке мамандар тарапы- нан инвестициялық саясаттың түрлі тұжы- рымдамалары əзірленеді. Көптүрлілікке қара- мастан, оларды біріктіретіні – біржақты моне- таристік көзқарас. Қазақстанның экономикалық орталықтанған басқару жүйесіне оралу, қазіргі жағдайда жеткілікті емес деген тұжырым. Расында да, қазақстандық экономиканы қалып- тасқан жағдайда талдасақ, инвестициялық тек нарықтың өзін реттеуі негізінде ғана мүмкін еместігі, оның қазақстандық экономикада төмен деңгейде қалыптасқандығымен сипатталады. Сонымен бірге инвестициялық үдерісте мемлекеттің қалыптасуының шекарасы мен ұстанымдарын белгілеп алу қажет, мұнда қазақстандық экономиканың даму ерекшелігін де ескеру керек. Инвестициялық саладағы мем- лекеттің рөлін талдауда мемлекеттік қатысуы объективтік шектеулер бар. Бұл шектеулер, бір жағынан, нақты қаржылық мүмкіншіліктерге негізделуі, екінші жағынан, экономикада мем- лекеттің болуы жеке инвестициялардың шет- теуіне емес, келуіне жағдай жасауы тиіс. Ин- вестициялық істе мемлекеттің қатысуы туралы мəселе көбінесе инвестициялық өрлеуге қар- жылық қордың шектеулі болу мəселесімен бай- ланысты. Шамамен есептеулердің көрсетуінше, инвестрлендіру көлемін қалпына келтіру үшін, инвестициялық құлдырау тереңдігін есепке ала отырып, инвестицияны 5 есе көтеруді, яғни 2 трлн теңгеге жеткізуді қарастырады [1]. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (95). 2013 Ш. А. Игенбаева 89 Қазақстан Республикасының экономикалық даму министрлігінің бағалауынша, инвестиция- ларға мұқтаждық жылына 150 млрд доллар- ды құрайды. Ортамерзімді кезеңде инвес- тициялардың жеткіліктігінің көрсеткіші ретінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететіндей инвестициялық қорлар алынады. Макроэкономика тарапынан алғанда бұл таза инвестициялардың оң мəнді көлеміне жету, яғни негізгі капиталды жаңартуға деген құралдар көлемінің өсуін білдіреді. Осыған орай, ин- вестицияларды өндірістік қордың жиналған бөлшектерінің шығу деңгейінен асатындай етіп жігерлендіру керек. Бұл бағыттауыштың дені қайта жасалған өнімге төмен инвести- ция салығында өндірістік қордың шығушы бөлшектерінің орны толмауы тиіс, нəтижесінде экономикалық құлдыраудың жағдайы қайта шығып, өндірістің нақты жандануының қарқы- нының қысқаруы жалғасады. Экономикалық дамудың тиімді қарқынын қамтамасыз ету мүмкіншілігі экономикалық нақты сектордағы іші жинақтаулар ауқымымен, салымдардың капитал беру төмендеуімен шектеледі. Қазақстанның эканомикасының бұл ерекшеліктері жуырдағы уақытта мемлекеттік саясаттың ұстанымдарын айқындайды. Ресурс- тық шектеулер мен нарықтық механизмдердің қалыптаспауын есепке ала отырып, мемлекеттік саясат инвестициялық істе басымдықты бағыт- тарды таңдау мен «нүктелік инвестірлеу», əзірленетін шаралардың негіздемелігін, бірізді- лігін жəне комплектілігін күшейтуі негізінде инвестициялық үрдісті басқарушылық деңгейін көтеруге құрылуы тиіс. «Қазақстан–2030» бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инвес- тициялық əрекетінің негізгі бағыттарын ай- қындап берді, экономикалық өсудің тұрақты қарқынына жету үшін, бірінші кезекте елдегі инвестициялық белсенділікті көтеру қажет. Ол үшін тартымды инвестициялық климат қа- лыптастыру, сыртқы капитал нарығында Қа- зақстанның имиджін көтеру, тікелей инвестиция- лар тарту, мемлекеттік инвестицияларды орын- ды жəне тиімді пайдалану талап етіледі. Қазақстан үшін өте маңызды проблемалар- дың бірі жер бетіндегі көлік-логистикалық инфрақұрылымның күйі жəне əуе тасымалдаула- ры болып табылады. Бұл проблемаларды шешу- ге көлік стратегиясы бағытталған [2]. Инвестициялық заңнаманы жақсарту, со- ның ішінде жер қойнауын пайдалану сала- сын экономиканың басымдықты секторларына тікелей инвестиция беруді жетілдіру, инвес — тициялардың заңды құқықтарын қорғау, сала- сы жəне регулятивті қауіптерін жабуға арнал- ған кепілді механизмдерді халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе əзірлеу жəне енгізу жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттің ерекше көңіл бөлетіні – өндірістік инфрақұрылымды өңдеуші өнер- кəсіпті, тұрғын үй, əлеуметтік сала нысанда- ры, туризм жəне ауылшаруашылық, сондай-ақ Астана қаласының нысандарын дамытуға инве- стициялар ағынын өсіру. Мемлекеттің халықаралық капитал нары- ғында инвесторлармен диалогты белсенді етіп, жарнамалық-ақпараттық қызметін күшейтуді көздеп отыр. Ірі халықаралық инвестициялық самиттер өткізу тəжірибесі не Қазақстан рес- публикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесіне жұмыс топтарына, оның құрамындағы мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік инвесторлар мен консалтингтік ұйымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік инвестициялар саласында өкімет мемлекеттік инвестициялар бағдарла- масының құрамына кіретін жобалардың тал- дауына, экспертициясына жəне іріктеп алуына деген талаптарды көтеріп реттейді. Мемлекеттік инвестицияларды қаржыландыру көлемі сəйкес жылдың республикалық бюджетімен өзара бай- ланысты болады. Мемлекеттік инвестрлеу саласындағы негізгі міндет – шектеулі мемлекеттік инвестициялар- мен мемлекетке тартылатын инвестицияларды экономиканың басымдықты салаларына тиімді əрі орынды инвестрлеу. Құнды қағаздар нарығы қызметі қамтамасыз етіледі жəне инвесторлардың құралдары порт- фельдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстандық ұйымдар эмитенттердің акция- лар мен облигацияларды шығаруы – Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың негізгі механизмдерінің бірі болуы керек [3]. Қорыта келгенде, инвестициялық салада мемлекеттің рөлі өте маңызды. Мемлекет ин- вестициялық климатын жақсартуға, шетелдік капитал нарығынан жаңа инвестициялар тартуға жəне ішкі инвестицияларды мемлекеттік инвес- тициялар жəне тікелей инвестицияларды тартуға 90 Инвестициялық саладағы мемлекеттің рөлі ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (95). 2013 арналған бағдарламаларға сəйкес жандандыруға бағытталады. Қазақстан Республикасын үде- мелі индустриялық-инновациялық дамыту жө — ніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мем- лекеттік бағдарлама Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Реапубликасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сəйкес бағытталған.
Оставить комментарий