Інжілдегі тарих және «жұмбақтар»

Шіркеу Әкейлерінің қандай жолмен Иисус тұлғасының тарихи сипатын кәпір мәжусилерден де, «еретиктерден» де қорғағандығын қарап көрелік. Иисустың шынайы, яғни, мюстолдардың ауыз екі түрдегі хабарлауынан қалған және белгілі болған түрінде ғұмырын қалайша көрсету жөнінде мәселе туындағанда, ерте христиандықтың теологтарының алдында қоғамның сан алуан қабатында танымал болған бірнеше мәтін мен ауызша дәстүрлер жатқан еді. Олардың идеялары шіркеу монахтарының ортасында ұзаққа созылған пікір таластарды туғызды, ол, бір емес, төрт бірдей Інжілді мойындау христиан тарапынан оларды сынға алуды жеңілдетіп берді. (иноптикалық інжілдер мен Иоаннан қалған Інжіл арасында айырмашылықтар бар болғандықтан, оларды жору (истолковать), түсіндіру және ақтау қажет болды. Жорумен байланысты қиындықтар 137 жылдан басталды. Марсиан тек қана жалғыз, нағыз, бастапқыда ауыз екі түрде жеткізіліп, артынан хатталған және иудаизмді өршелене қорғаушылар тарапынан сабырлы түрде интерполяциялаған Інжілдің болғандығын жария етті. Жалғыз да кәміл Інжіл Лукадан қалған Інжіл мойындалды, Марсионның пайымдауынша, осында тана нағыз ұйытқы жинақталған . Марсион, көне теологиялық мәтіндерден мифологиялық қабаттануларды ажырату қабілетіне ие болған грек ­ рим грамматиктерінің әдісін пайдаланды. Марсионға және басқа да гностиктерге қарсы уәж айта отырып, орта докер де сол әдісті пайдалануға мәжбүр болды. Екінші тасырдың басында Элий Феон өзінің «Прогимнасмата» деген трактатында миф пен әңгімелеудің арасындағы айырмашылық жөнінде айтты: миф «ақиқаттың жалған, ойдан шығарылған мазмұны» болса, әңгімелеу «болған немесе болуы мүмкін оқиғаларды баяндау» болып табылады. Інжілдің «миф» немесе дегенді мойындамады. Мәселен, ертегімен салыстыруға мүлде болмайды. Иисустың ғұмыры Көне Өсиеттің орындалуы болып табылады, Інжілдің он формасына қатысты айтар болсақ, ол мифтің формасы болмаған. Оның үстіне Юстин христиан емес оқырманға тарихи шындыққа ұқсастығының материалдық жақтарын тұспалдауға болады деп есептеген.

Туу фактісі мәселен, Квиринус прокурордың тұсындағы келтірілген және (болжам түрінде?) Римде бір жарым ғасыр уақыт өткен соң қабылданған «табыстар жөніндегі декларациялар» арқылы енуі мүмкін . Александриялық Клемент пен Татен де інжілді тарихи құжат деп есептеген. Бірақ, біз үшін барлығынан да маңыздырағы Оритеннің Ол Інжілде келтірілген тарихтың рухани мәнділігіне кәміл сенді, оларды, қарапайым сенушілер немесе еретиктер сияқты, қарабайыр әдеби көзқарас тұрғысынан қабылдауға мүлде қарсы шықты, сондықтан да оның аллегориялық жоруын ұсынды. Бірақ, христиандықты Рельстен қорғай отырып, ол, Иисустың өмірінің тарихи шыншылдығын басып көрсетті және тарихи куәліктердің барлығына да мән ­ маңыз беруге тырысты. Ориген ғибадатханадан сауда жасап жүргендерді қуып шыту эпизодының тарихи сипатын жоққа шығарды. «Өз жүйесінің шабыттануға және түстеп ­ жоруға қатысты бөлігінде, Орион, тарихи болым рухани ақиқатпен сәйкес түспеген жерлерде жазбаға не мүлде болымды емес, не болуы мүмкін, не шынуайтында болмаған оқиғалар кіргізілген» . «Миф» пен «ойдан шығарылғанның» орнына ол «жұмбақ» және «емеурін» (притча) деген ұғымдарды пайдаланады, бірақ, ол үшін осы түсініктердің тең дәрежелі : күмән жоқ . Әлбетте, Інжілдегі кейбір эпизодтардың тарихи тұрғыдан қарағанда шын емес болуына қарамаған, рухани деңгейде «кәміл» болып қала беретіндігін мойындайды. Бірақ, Рельстің сынына жауап қата отырып, ол тарихи оқиғаның тарихи сипатын дәлелдеудің сондай мөлшердегі қиындығын да мойындайды. «Кез келген дерлік тарихи факт ретіндегі ақиқаттығын анықтау, тіпті сенімді болғанның өзінде де, — ең қиын, кейде тіпті мүмкін емес міндеттердің бірі. Соған қарамастан, Ориген Иисус өмірінің кейбір оқиғалары жеткілікті мөлшерде тарихи куәгерліктер арқылы ақталатынды деп есептейді. Мәселен, Иисус көпшіліктің алдында кермеге керілген. Жер сілкіну мен күн тұтылу Флегон мен Траллестің тарихи куәгерліктері арқылы ақталады. Құпия ақшам (Тайная вечеря) — датасы дәл сақтала алатын тарихи оқиға. Иоаннан қалған Інжілде ештеңе айтылмаса да (Ориген айтылмай қалудың себебін Иоанды көбіне­көп Иисустың құдайы болымды мән ­ мәйегі мен жолынан тайдырылуы мүмкін емес Құдай ­ Рух қызықтырғанымен түсіндіреді).

Читайте также:  ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Ориген Иисус Христің өмірінің, көрген азабының және кайта тірілуінің тарихи ақиқаттығына еш күмән келтірмейді, бірақ, оны көбіне ­ көп інжілдік мәтіннің тарихи емес, рухани мән­мағынасы қызықтырған. Ақиқат мән ­ мағына «тарихтан жоғары». Түсіндіру «тарихи материалдан босатылуы» қажет, өйткені, ол бар болғаны «трамплин» қызметін атқарады. Христің тарихи ақиқаттығын білдіруде, оның ғұмыры мен оның өсиеттерінің терең мәнін ескермей қатып, тым басымдық таныту — христиандықты ұсқынсыздау, жұтаңдату болмақ. Ол былай деп жазады: Барлығы да Христің өмірінің оқиғаларына тәнті болып бітеді, бірақ, олардың неғұрлым терең мән ­ мәйегін ашып көрсеткен шақта, оның кәмілдігін мойындаудан бас тартады». Бұл Иисус тарихи тұлға ретінде қарастырылмаған дегенді білдірмейді, бірақ, ең алдымен оның Құдай Ұлы, жалпыға ортақ жаратушы болғандығы, тек қана адамдарды ғана емес, бүкіл құдай деген атты да ақтап алғандығы баса көрсетілген еді. Оның үстіне. Иисус тұлғасының тарихи ақиқаттығы трансцедентті аспанға самғауымен және оның құдайы болымды даңққа бөленуімен басып өтіледі. Бұған жоғарыны (Всевышный), Қайта тірілуді (Воскресение) және Самғауды (Вознесение) жария ете отырып, христиандар өздерінің жаңа мифті жасамағандығына сенімді болып қала берді. Шынуайтында, олар мифологиялық ой­ машықтың категорияларын пайдаланған еді. Әрине, олар өздерінің білімдар замандас ­ мәжусилердің киесізденген мифологиясындағы осындай мифологиялық ой ­ машықты мойындамай тұра алмаған. Бірақ, барлық конфессиядағы христиандар үшін діни өмірдің кіндігі Иисус Христің драмасы болғаны кәміл анық. Тарихи оқиға ретінде болған деп есептелген бұл драма құтқарылуды мүмкін етіп шығарды. Олай болса, құтқарылуға ие болудың жалғыз әдісі бар: бұл драманы, оның ең үздік үлгісі болып табылатын Иисустың өмірі мен ілімін жоралғы түрінде қайта қайталау. Осындай діни жүріс­тұрыс нағыз идеялық ой ­ машыққа тән. Сонымен қоса айта кетер жайт, христиандық дегеннің өзі дін жасандықтан да, оның мифологиялық жүріс­тұрыстың элементтерін, ең құрығанда, литургиялық уақытты, яғни, «бастаулардың», «қайнар көзді» ауық­ауық қайта төрі тіліп отыруын сақтауы тиіс болды. «Христианның діни тәжірибесі Криске үлгі ретінде еліктеуге, Құдайдың өмірін, өлімін, қайта тірілуін литургиялық қайталауға және христианның өмірі мен Вифлеемдегі дүниеге келуден басталып, уақытша Самғаумен аяқталатын уақыттардың бір шақтылығына негізделген».

Читайте также:  Ашық қоғам құбылысының мәні мен мағынасы

Біздің көргеніміздей, «бетер үлгіге еліктеу, сценарий бейнелерін қайталау, жерлік уақыттың бұзылып Ұлы Уақытқа бойлап еніп кету, — қиынның барлығы «мифологиялық жүріс­ тұрыстың», яғни, ілкі қауымдық қоғамдардағы, мифтің өзі ғұмыр кешудің қайнар көзі болып есептелген адамның жүріс­тұрысының белгілері болып табылады». Литургия циклді уақыт болып табылғанымен, христиандар, иудаизмнің сенімді мұрагерлері ретінде, тарихтың озықтық уақыт да мойындайды: дүние бір­ақ рет жаратылған, және оның бір ғана ақыры бар. Тұлғалану да тарихта бір­ақ рет болған, және Қорқынышты сот да бір рет болмақ. Өзінің пайда болғанынан бастап, христиандық өте коп және қарама­ қайшылыққа толы, әсіресе, гностикалық ілімдердің, иудаизмнің және мәжусиліктің тарапынан ықпалдарға түсті. Шіркеудің реакциясы да бір қалыпты жоқ. Шіркеу әкейлері Гностиктердің акосизмімен көне эзотеризмімен үздіксіз күрес жүргізді, бірақ, Иоаннан алған Інжілде де, апостол Павелдің жолдауларында да, олардың алдындағы жазбаларда да гностикалық элементтерді ақтап қалды. Бірақ, қуғынға салуға қарамастан гностицизм біржолата жоқ болып кеткен жоқ, азды­көпті астыртын формада Орта Ғасырлардың ауызша және жазбаша і әдебиеттерінде қайта пайда болып отырды. Иудаизмге қатысты айтар болсақ, ол шіркеу үшін Жазбаны (Писание) түстеп ­ жорудың аллегориялық әдісін жерді және мерекелер мен ғаламдық діннің символдарын тарихилау» әдісін ұсынды. Ілкі бастаулық христиандықтың «иудаизациясы» оның «тарихилануына», алғашқы солодтардың Иисус уағыздары мен жаңа туып келе жатқан шіркеудің тарихын израиль халқының киелі тарихымен байланыстыру туралы шешіміне пара­пар. Бірақ, иудаизм кейбір маусымдық мерекелер мен ғаламдық символдарды израиль халқының тарихындағы маңызды оқиғаларға гели отырып (сый сақтау мерекесі, пасха, Ханка, т.т.) тарихиландырса». Шіркеу әкейлері де осы жолмен жүрді: Азия мен Жерорта теңізі дүниесінің символдарын, жоралғыларын және мифтерін оларды, табиғи түрде Көне шыққан және енді Жаңа Өсиетті, әулиелер ғұмырнамаларымен ұштастыра отырып жазды. Ғаламдық символдардың қандай да жерін — су, ағаш, жүзім қозасы, соқа, балта, кеме, қосаяқ арба, т.т. — бұрындары ­ ақ иудаизм сіңіріп алған (сондықтан олар, сакраменталдық немесе эклесиологиялық мән ­ мағынаға ие бола отырып шіркеудің теориясы мен практикасын оңай ендіре алынатын еді.

Читайте также:  Программ барлық жерде үйлеспеу себебі

Оставить комментарий