ИРАН-ИРАҚ СОҒЫСЫ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

1978-1979 жж. Иран төңкерісіне дейін АҚШ-ң Таяушығыстың саясатында басты рөлі Иран, Сауд Аравиясы мен Израильге берілген еді. Таяу және Орта Шығыста американ стратегиялық және экономика- лық мүддесінің гаранты болып нақ осы ел- Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 дер саналды, ал Иракқа АҚШ-ң таяу- шығыстық саясатында бөлінген рөлі жа- нама ғана болды. 1979 ж. Иранда ислам төңкерісінің жеңісінен кейін Парсы шығанағы бассейініндегі АҚШ-ң саяси бағытының негізгі қарсыласы Тегеран бо- лды. 1979 ж. Таяу және Орта Шығыста болған геополитикалық өзгерістер АҚШ-ң сыртқы саясатында Ирақтың дәрежесінің өзгеруіне әкелді. АҚШ-ң президенттер Р.Рейган мен Дж.Буштрадың кеңесші— лерінің пікірі бойынша американ таяу- шығыстық саясатында Иранның орнын Ирақ басуы керек болған /3, 135/. АҚШ-ң Иранға қарсы саясатына Бағдадты тарту бастамасына Дж.Картердің әкімшілігі мұрындық болды. Көп жылға созылған иран-ирақ қарама-қайшылық- тары Иранда 1978-1979 жж. ислам төікерісінің жеңісінен кейін шиеленіске ұшырап, Ақ үйдегі Таяу және Орта Шығыстағы американ мүддесін иран қаупін жоюды қолдаушылары үшін жоға- ры қызығушылық туғызады. Американ са- яси топтары ақпараттық-психологиялық және саяси-елшілік құралдарды да екі ел арасындағы шиеленісу дағдарысына кең тұрды да пайдаланды. АҚШ-ң Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі (ҰҚК) иран-ирақ саяси дағдарысының әскери қақтығысқа ұласуына көбірек белсенділік көрсетті. Құрама Штаттары Бағдад пен Теге- ранға әлуетті қарсылықтардың екеуінің де қарулы күштеріндегі жағдайлары туралы жалған мәліметтер жіберіп отырды. Бұдан басқа, американ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Зб.Бзежин- ский 1980 ж. маусымдағы Иорданияға са- пары кезінде иордан-Ирақ шекарасында Ирақ президенті С.Хусейнмен жасырын кездесіп, оны „АҚШ Иран мен Ирақтың шекарасын бөліп жатқан Шат-Эль-Араб өзеніне қатысты Ирақ таласына қарсылық көрсетпейді” – деп сендірді /8, 28/. Вашингтон иран-ирақ жер таласында Тегеранға қарсы Ирақ басқаншылығын қолдау бағытын тікелей жақтады. 1980 ж. басталған иран-ирақ әскери қақтығысы Ақ үйге Таяу және Орта Шығыста өзінің бұрынғы ықпалын қалпына келтіруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, тіпті одан әрі әжептәуір нығайтты. АҚШ иран-Ирақ соғысының барынша созылуынан өзіне әр түрлі себептермен көптеген пайда көрді: саяси-елшілік, әскери-стратегиялық және экономикалық. Біріншіден, Тегеран мен Бағдадқа соғысты жүргізу үшін Ирақтың Вашингтонмен ел- шілік қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін еді. Екіншіден, Тегеран мен Бағдадтың әскери қарсы тұруы, Пале- стина автономиясын мұсылман елдерінің қаржылай қолдауын жоққа шығаруы мүмкін еді. Үшіншіден, иран-ирақ соғысы өз қауіпсіздіктеріне алаңдайтын Парсы шығанағындағы мемлекеттерді таяушығыс аймағында американдық әскери қатынас- тардың кеңеюі мәселесінде келісімге көнбістеу қылды. Төртіншіден, әскери қақтығыс Ирақта американ бизнесіне „ашық есік” болуына жағдай жасауы мүмкін еді. АҚШ-ң идеологиялық мәтінін- де өздерінің иран-ирақ әскери қарсы тұруына араласуының үдей түсуін Таяу Шығыстағы „кеңестік қауіппен” күресу қажеттігі деп түсіндіреді. Иран-Ирақ соғыс барысындағы орасан зор экономикалық шығындар мен 1982 жылғы Ирақтың алтын валюта қорының сарқылуы (1980 ж. олар 25-38 млрд. дол- ларды құраған) Бағдадты өзінің Құрама Штаттармен қарым-қатынасын қайта қарауға мәжбүр етті /7, 55/. Ирақ өкіметіне қарыз алу өте қажет болды және АҚШ мен басқа да Батыс мемлекеттерінің экономи- калық-технологиялық қолдауына мәжбүр болды. 1981 ж. Бағдадта жылда болатын өндірістік көрмеге Ирақ алғаш рет амери- кан фирмаларын шақырды. АҚШ-ы да өз тарапынан Ирақпен сауда байланысын кеңейтуге бар күштерін салды. Сауда жөніндегі АҚШ департаменті өзінің ең тәжірибелі бизнесмені Х.Браунды „сауда кеңесшісі” санатында Бағдадқа жіберді. Оның бару мақсаты екі ел арасындағы ко- ммерциялық байланыстың қарқындауы болып табылады. 1980 ж. салыстырғанда, 1981 ж. өзінде- ақ Ирақтағы американ экспорты 25% өсті, ал 1980 ж. ол өз кезегінде 1979 ж. қарағанда 65%-ға көп болатын. 1982 ж. жазда Иран әскери күштері өз аймағының көп бөлігінен Ирақ бөлімдерін қуып шықты, бұл иран-ирақ әскери қақтығысында Тегеранның жеңіске жетуі- нен қауіптенген Вашингтонның қатты алаңдатуын туғызды. Сондықтан 1982 ж. АҚШ президенті Р.Рейган терроризмді қолдайтын мемлекеттердің тізімінен Ирақты сызып тасты, сонымен ол, „Ва- шингтонның бұл елмен экономика- технологиялық байланысын кеңейту және Бағдад режимімен әскери ынты- мақтастықты қалпына келтіру” үшін заң кедергілерін жойды. АҚШ-ның президенттік әкімшілігін- дегі американ ресми шенеуніктері Ва- шингтонның әрекетін, Ирақ президенті ха- лықаралық терроризмді қолдауы тоқтатқандықтан деп ақтауы. Бірақ жасы- рын түрде керісінше баяндалатын. АҚШ қорғаныс министрлігінің террорға қарсы бөлімінің директоры Х.К.Коуч кейінірек мойындаған: „Ешкім (Р.Рейганның прези- денттік әкімшілігінде) террористтердің әрекетіне С.Хусейннің араласуының тоқта- мағанына күмән келтірген емес. Бұл ше- шімнің нақты себебі Ираққа көмек ұйым- дастыру қажеттілігінде болды” /7, 62/. Сондықтан, 1979-1982 жж. Таяу және Орта Шығыстағы әскери-саяси жағдаяттың өзгеруі екі жақты американ-ирақ қатынас- тарының дұрысталуына жақсы жағдай тұғызды, оның шарықтау шегі 1984 ж. екі ел арасындағы елшілік қатынастың қалпына келуі болды. С.Хусейннің режимі де Құрама Штат- тарды Ирақпен әскери-стратегиялық және экономикалық ынтымақтастығының бола- шағына қызықтыру үшін үлкен күш-жігер жұмсады. Ирақ АҚШ-да Бағдадтың мүддесін жүзеге асыру үшін американ би- знесмендері мен бұрынғы елшілерді белсеңді пайдаланды. 1983 ж. басында Ирақ сыртқы істер министрі С.Хаммади Вашингтонда АҚШ мемлекетік хатшысы Дж.П.Шульцпен және басқа да жоғары деңгейдегі американ мемлекеттік департа- ментінің шенеуніктерімен кездесу бары- сында „Сауд Аравиясы АҚШ-ң жақсы одақтасы екенін біз білеміз. Саудтықтар біздің де достарымыз. Оларда да мұнай мен байлықтар бар. Бірақ олардың әскери әлеуеттіліктері тұрғысында адаспаңыздар. Ал Ирақта әскери әлеуеттілік бар. Бұл жайды ұзақ мерзімді қаржылану мәлелесі ретінде қараңыздар” – деп мәлімдеді /7, 65/. 1980 ж. бас кезінде Ираққа қатысты американ саясатының басты мақсаты иран- Ирақ әскери қақтығысында Бағдадтың жеңілуін болдырмау болды. АҚШ ҰҚК таяушығыс істері жөніндегі бөлімінің бас- тығы Дж.Кемп 1980 жылдардың бас кезін- де былай деді: „Біз Ирақтың соғыстан жеңіліп жатқандығынан қатты үрейлендік. Бірақ біз Ираққа жеңіс те тілемедік. Біз тек Иранның жеңгенін қалаған жоқпыз”. Оның айтқанын американ сыртқы саясатының ықпалды идеологы, Р.Никсонның әкімші- лігінің мемлекеттік хатшысы Г.Киссинд- жер: „Біз үшін соғыстың аяқталуының ең қолайлы нұсқасы, Иранның Ирақты, ал Ирақтың Иранды жеңбеуі” – деп қайталады /1, 237/. Осыған байланысты американ-ирақ қатынастарының жақсаруы бірнеше бағытта — әскер, саяси, сауда- экономикалық және қаржылық – бір жағынан Иран мен Ирақтың өзара әлсіреуіне қолқабыс тигізсе, екінші жағынан Бағдадта американ бағытының бекуіне жағдай жасады. 1980-1990 жж. американ-ирақ қатынас- тарының басты бағыты екі мемлекеттің әскери саладағы ынтымақтастығы болды, оған Вашингтонда құрылып жатқан Ирақты жақтайтын топ та септігін тигізді. АҚШ Ираққа Иранға қарсы соғыста жан- жақты әскери қолдау көрсетті. Вашингтон мен Бағдадтың әскери ынтымақтастығына Ирақта әскери қару-жарақпен қамтамасыз ету, американ жер серіктерінің барлау мәліметтерімен қамтамасыз ету, Ирақ- тықтардың АҚШ-да және үшінші елдерде әскери келісімдерін қаржыландыру да кір- ді. Мысал үшін, Бағдад АҚШ-ға американ кәсіпкерлерінен жүзден астам тікұшақтар сатып алды, олар экспорттық құжаттары бойынша азаматтық мақсатқа падалану қажет болатын, ал Ираққа келгеннен соң майдан шебіне жіберілді. АҚШ конгресінің мәліметтері бойын- ша 80 жылдардың аяғына қарай, ең аз де- генде он шақты американ фирмалары Ирақты зымыран, ядролық, биолгиялық және химиялық қарулар шығаратын тех- Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 нологиялардың құрамдас бөліктерімен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, 1992 жылы Ирақтағы БҰҰ әскери бақылаушыларының қорытындыларына сәйкес, әсіресе АҚШ-ң және басқа батыс мемлекеттірінің Ираққа әскери көмегі Бағдадқа атом қаруын жа- сауға да мүмкіндік туғызушы еді делінген /1, 682/. Вашингтон мен Бағдад арасындағы ба- рлау мәліметтерімен айырбас жүргізу ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде болды. 1984 жылдан бастап президент С.Хусейннің АҚШ-ғы өкілетті елшісі Н.Хамдун басқа да жоғары дәрежелі Ирақтың ресми адамдарымен бірге ОББ-ң (ЦРУ) директоры У.Дж.Кэйсимен құпия кездесулер жүргізе бастады, ол Бағдадқа жер серіктері арқылы алынған барлау мәліметтерін иран-Ирақ соғысы жылдары- нда басты иран нысаналарын Ирақтың ти- імді бомбалауы үшін табыс етіп отырды /2, 235/. Одан басқа, Р.Рейганның әкімшілігіне АҚШ-ң Ливияға қарсы бүкілшілік іс- әрекетіне Ирақтың қолдау көрсететіндігіне көз жеткізді. Американ газеті „Нью-Йорк Таймстың” материалы бойынша, Құрама Штаттар М.Кадафидің ливиялық режиміне қарсы тұрушылар санынан Ливиядан шыққандарды Ираққа жіберді, олар онда болашақта Ливияда мемлекеттік төңкеріс жасау үшін арнайы дайындықтан өтті. Бағдадқа тікелей әскери қолдау көрсетуден басқа АҚШ иран-ирақ соғысының созылуына және шиеленісуіне жанама іс-әрекеттерді де пайдаланды. 1985 жылы АҚШ президенті Р.Рейганның өзі итальян премьер-министрі Б.Краксидің Ирақты қаруландыруға көмектесуін өтінді, ал ОББ (ЦРУ) Ирақтың қару сатып алу- шыларын итальяндық „Лаворо Ұлттық ба- нкісі” арқылы қаржылай қамтамасыз етуге тікелей қатысып отырды. Иордания королі Хусейн жасырын американ әскери қаруларын жеткізудің бірден бір өзегі бол- ды /2, 135/. Ақ үй тіпті Парсы шығанағындағы араб монархиясының Ирақтың әскери әлеуетін құруға қаражат бөлулеріне де әсер етті, себебі олар үшін Ирақ иран жақтағы радикалдық ислам мүддесін тара- тудан Таяушығыс елдерін қорғайтын қорғаушы ретінде көрінді /2, 351/. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 80 жылда- ры Ирақ үшінші қатарлы елдердің арасы- нан қаруды импорттаудан Сауд Аравиясы- нан кейінгі екінші орынға шықты. Оның үстіне, иран-ирақ соғысының соңына қарай Ирақ өндірісі өз армиясын жеңіл ату құрал-жабдықтарымен, оқ-дәрімен және авиабомбалармен толығынан қатамасыз етті. иран-ирақ соғысы жылдары Ирақта ең соңғы үлгідегі қару-жарақтың түрлері мен маркаларының шеттен әкелінуі оның ар- миясына Иран қарулы күштерінен бұл жөнінде асып кететін қару-жарақпен жан- жақты қамтамасыз етуін қарастырды. АҚШ өзіне түсер пайда көзін алдын-ала көре білмесе, Ирақ армиясының қуатын арттыруға араласпаушы да еді. 1980-1990 жж. американ-ирақ қатынас- тарының сауда-экономикалық сараптама- сында АҚШ-ң сыртқы саяси стратегиясы бойынша Таяу және Орта Шығыста Ирақтың дәрежесі үздіксіз өсу үстінде деп мәлімделінді. АҚШ-ң Бағдадтың режимі- мен экономикалық ынтымақтастығы бұл кезеңде: өндірістік, технологиялық, энер- гетикалық, қаржылай және ауылшаруашы- лықтық кең ауқымда іске асты. Тек қана 1983-1989 жж. аралығында АҚШ мен Ирақтың жылдық саудасы 7 есеге дейін өсті, АҚШ 571 мың долларынан 3,6 млн. долларға көтерілді. Вашингтон мен Бағдад энергетикалық кооперациясы сапалы жаңа деңгейге көтерілді. 1985-1987 жж. Ирақ мұнайын американдақтардың сатып алуы күніне 80 мың баррелге дейін өссе, 1990 жылы күніне 675 мың баррелге дейін өсті және Бағдадты барлық шетке шығаратын мұнайының 24% құрады, ал АҚШ мұнайды сырттан алдыруының 8% болды. Ирақ мұнайын американдықтарға шет- ке жіберуді кеңейту де – иран-Ирақ соғысы мен Ирақ әскери машинасын құруды қаржылай көмекпен қаматамсыз етуге бағытталған болатын. Американ экс- порт-импорт банкісінің мәліметтері бойы- нша Ирақ мұнайының сатудан түскен пай- даның 42% президент С.Хусейн әскери құрылыс пен шетелдерден қару-жарақ алуға жұмсалғаны айтылады /2, 455/.Иран-ирақ соғысы Ирақтағы азық- түлік жағдайын қатты әлсіретті, ал ол 1980 жылға дейін өзінің азық-түлік өнімдерінің жартысын шеттен әкелетін болатын. Ақ үй Бағдадтың АҚШ-нан азық-түлік өнімдерін әкелуіне несие алуына жағдай жасады. 1980 ж. Құрама Штаттары Ираққа 5 млрд. долллардан артық бағаға бидай сатып алуға қаржылай көмек көрсетті. Ирақтың азық-түлікті шеттен сатып алуының несие- ленуі Атлантадағы итальян „Лавро Ұлттық банкісінің” американдық филиалы арқылы жүзеге асып отырды. Нәтижесінде 1980 жылдардың ортасына қарай Ирақ американ күрішін сатып алушылардың ең бастысы болды, ал 1989 жылы американ несиелік ауылшаруашылық бағдарламасының Мек- сикадан кейінгі екінші мүшесі болды, аме- ркиан бидайын алатын сегізінші ірі сатып алушы, ал американ күрішін сатып алудан жетекші сатып алушы болып қала берді. 1986 жылдан бастап Ирақ күрдтеріне қарсы Бағдадтың басқыншылық саясаты- ның белсенділігінің артуы американ саяси истеблишментінің арасында, Ираққа қатысты АҚШ саясатына байланысты Құрама Штаттары өкіметінің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының жаңадан алшақ пікірде болуына жол ашты, ол 1990 жылғы 2 тамызға дейін, Ирақтың Кувейтке басып кіруіне дейін сақталды. АҚШ конгресінің жоғарғы палатасының мүшелері Ирақ күрдтеріне қатысты Ирақ саясатының жүзеге асуына американ-ирақ қатынастарының әсерін жүйелі түрде тек- серуге жақтас болды. Демократ Кл.Пеллом мен республика- ндық Дж.Хелмс басқарған сенат мүшелерінің бірнешеуі Ирақ күрдтеріне қысымшылық көрсеткені үшін Ираққа қарсы әр түрлі санкциялар қолдануды осы елдің ресми өкіметі арқылы жүзеге асы- руға әрекеттер жасамақ болды. Бірақ Ақ үй американ сенат мүшелерінің бұл ұсыныстарының іске асуына жол бермеді. Оның үстіне, Р.Рейганның әкімшілігі әлем қауымдас- тығында және Вашингтонның Ираққа және бүтіндей Орта Шығысқа байланысты шы- найы пиғылын көрсететін, С.Хусейннің режимін әшкерелейтін кез-келген ақпаратқа тыйым салғызып, жан-жақты шаралар қолданды. 1980-1992 жж. президент әкімшілігі АҚШ конгресінің мүшелерінің Ирақ саяса- тына қатысты американ атқарушы өкіметінің құжаттарына қол жеткізуіне үнемі мүмкіндік бермей, тыйым тастап отырды. Және ақырында, АҚШ конгресін американ президентінің әкімшілігі шақырып, С.Хусейнді сынаудан қалыс қалуларын сұрады /4, 127/. ХХ ғасырдың 80 жылдарының бас ке- зінде Парсы шығанағының мемлекеттері АҚШ-мен әскери ынтымақтастықтың кеңеюіне құлықсыз болды, бірақ иран-ирақ соғысының шиеленісуі бұл кедергіні жой- ды. 1985 жылы Оман Иран мен Ирақ ай- мағында жасырын операциялар өткізетін американ арнайы қызметінің тұрағы бол- ды. Осы жерде Вашингтонмен Парсы шығанағындағы мұнай өндіретін мемле- кеттерді сыртқы қауіптен қорғау үшін әскери және техникалық дайындық баста- лды. Осы жылы Сауд Аравиясы өзінің әскери нысандары мен аймақтарын аудан- да әскери дағдарыс бола қалған жағдайда американдықтарға беруге ниет қылды, сөйтіп Таяу және Орта Шығыста американ ықпалының мүмкіндігін одан әрі өсірді /5, 96/. Иран-ирақ әскери қақтығысы АҚШ-на пайдалы араб елдерінің жаңа бөлінісіне әкелді, олардың бір бөлігі – Ирақты, ал басқалары Сирия мен Ливия, Иранның жағына шықты. Иран-ирақ соғысы Таяу және Орта Шығыстағы Американның одақтасы Израильдің де қызығушылығын туғызған еді. Вашингтон және басқа батыс астаналар төмендегідей тұжырымдамаға негіз алды: „Израиль арабтарға тасталған жалғыз қорқыныш емес, және араб әлеміне жіберілген үлкен қорқыныш емес, ал Иран одан да үлкен қауіп болып саналады” /9, 175/. Бағдадтың тарапынан Ирақ күрдтеріне жасалған арнайы қастандық саясаты АҚШ- ң конгресінің американ-Ирақ ынты- мақтастығының әлі де жалғасуына қарсылығын күшейте түсті. Оның үстіне, АҚШ-ң өкіметінің атқарушы тармағында да Ираққа қатысты жүргізіп отырған Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 Р.Рейганның сыртқы саяси бағытына қарсыластар пайда бола бастады. Ираққа қатысты Вашингтонның „қатаң бағыты- ның” қолдаушыларының қатарына тіпті АҚШ мемлекеттік департаментінің бас- шысы Дж.Шульц те ілікті, ал ол кезде аме- рикан сыртқы саяси ведомствосын бүтіндей алғанда орташа бірыңғай бағыт ұстанып отырған. 1988 ж. 8 қыркүйекте Дж.Шульц Ирақ өкіметін 1988 ж. тамызда Ирақ күрдтеріне қарсы газ шабуылын қолданды деп жария түрде кәнілады. Ол тіпті өзінің мәлім- демесіне халықаралық істер жөніндегі Ираққа қарсы жазалау жараларын енгізуді қолдаушы АҚШ конгресінің халықаралық істер жөніндегі сенат комитетінің баянда- масына кіргізу жөнінде бұйырды. Бірақ Р.Рейганның президенттік әкімшілігінің бұны жүзеге асыртпауына орасан зор күші жұмсалды. Жекелей алғанда, Ақ үй Дж.Шульцтің мәлімдемесінде айтылған Ирақ әскери күрдтеріне қарсы газды ша- буыл жасалғанын дәлелдейтін нақты дәлелдердің барлығына күмән келтірді /6, 131/. Нәтижесінде, 1988 жылы күзде амери- кан сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Кл.Пелл тағы да Ираққа қарсы жазалау шараларын енгізу туралы заң жобасын қабылдауда АҚШ конгресінің өкілдер палатасының қолдауына сүйене алмады. Бұл заң жоба- сының АҚШ конгресіне өтуіне кедергі ұшырауы Құрама Штаттарының конгрес- мендеріне Бағдадта бизнестері бар амери- кан компанияларының және Ирақпен сау- да-экономикалық байланыс орнатуды қалайтын фирмалар тарапынан күшті қысым әсерінен болды. 1985 ж. Бағдад пен Құрама Штаттардың мүдесін қорғайтын топтар құрған және өзінің құрамында 500 американ компаниялары бар американ- ирақ кәсіпкерлік-форумы АҚШ конгресі- нің өкілдері палатасына Ираққа қарсы жа- залау шаралары туралы заңды қабылдамау үшін маңызды ықпал жасады. 1980-1988 жж. иран-трақ соғысының аяғында Құрама Штаттардың өкіметінің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасында, сон- дай-ақ конгресс пен президент әкімшілігінің ішінде де Вашингтонның Ирақ саясатына қатысты мәністі келіспеу- шіліктер пайда болды. Иран мен Ирақ арасындағы соғыс 1988 жылы Бағдад пен Тегеран көп-көрім эко- номикалық жағынан әлсіретіп барып аяқталды. Бірақ, ең бастысы басқада болды – Иран ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайларын шешумен шұғылданып, енді Таяу және Орта Шығыстағы „американдық мүддеге” қарсы шыға алмайды, аймақтағы елдерге „ислам төңкерісі” ойын шығара да алмады. 1988 жылы иран-ирақ соғысының аяқталуы Ираққа қатысты АҚШ-ң сыртқы саяси бағытын жасауға жауаптылардың Вашингтонда саяси күштерді орналасты- руы да ешқандай өзгеріс әкелмеді. С.Хусейннің режимі бұрынғысынша Таяу және Орта Шығыста Құрама Штаттардың нақты стратегиялық әріптесі болып қаралды. Одан басқа, американ саяси исте- блишменті таяушығыс аймағында иран- ирақ соғысы аяқталғаннан кейінгі Ирақтың рөлінің жоғарылағанын және оны ай- мақтағы державалардың бастыларының бірі ретінде таныды. Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және саяси байланыс өзінің шарықтау шегіне жетті. 1990 жылғы Бағдадтағы америка-ирақ келіссөзінің қорытындысын Ирақ президе- нті С.Хусейн жасап, Вашингтонмен оның елінің ынтымақтастығының болашағына оптимизммен қарап отырып былай деді: „Біздің АҚШ-пен қарым-қатынасымыздың қарқыңдай өсіп, үнемі биіктен көрінетін кезін асыға күтудеміз” /10, 221/. Ақ үйді Таяу және Орта Шығыс елде- ріне Иранның ислам төңкерісі идеясының тарау мүмкіндігі қатты алаңдатты, себебі ол бұл елдердің Құрама Штаттардың ықпалынан қайырылмастай болып шығып кету қаупін туғызған еді. Нәтижесінде АҚШ-ң Иран режиміне қарсы және Парсы шығанағы аймағындағы Вашингтонның геополитикалық орнын қалпына келтіру жолындағы күресі 1970 жылдардың соңынан бастап таяушығыс аймағындағы американ сыртқы саясатының басты мақсаты болды. Нәтижесінде, 1980-1990 жж. Вашингтон мен Бағдад арасында әскери, саяси және экономикалық Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 салаларды қамтыған стратегиялық әріптестік қатынастары орнаған еді.

Читайте также:  Ибн­-Сина дүниетанымы

Оставить комментарий