ІРІ ҚАРА ТУБЕРКУЛЕЗІН АНЫҚТАУДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ- БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Опубликовано Июль 13, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен [1]. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды [2]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жүргізіледі, 2007 жылы 12 454,7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң көрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді [2,3]. 29 Ірі қарада туберкулез кезінде көбінесе өкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы түрде өтеді, ал жас төлдерде – өткір болады. Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, көң төсеніші және т.б. арқылы таралады. Жас төлдер туберкулезді көбінесе ауру жануарлардың сүтінен және көк сүт арқылы жұқтырады. Құрсақ ішінде де бұзаулар зақымдалуы мүмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық түрімен де зақымдануы мүмкін. Ірі қара малы мал қорада көбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда – алиментарлы жолмен зақымдалады [3]. Туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу болып табылады. Туберкулинизацияны 2-айлық жануарларға жүргізеді. Зерттеу үшін туберкулез қоздырғышының өлі культураларының стерилденген фильтраты — туберкулин-(аллергенді) қолданады [4]. Туберкулинизация әдістерінің көбінесе екі әдістерін қолданады: тері ішілік – барлық сүтқоректі жануарлар және құстардың (жылқыдан басқасы) туберкулезін аллергиялық тәсілмен анықтаудың негізгі әдісі және көзді (офтальмосынама) – жылқы туберкулезін анықтау үшін қолданылады. Кей кезде бұл сынаманы ірі қара туберкулезін тері ішілік әдісімен анықтағанда бірге пайдаланады. Енгізу орны – тері ішілік әдісінде туберкулинді ірі қараға мойынның ортаңғы бөліміне енгізеді. Ірі қарада өтетін реакция нәтижесін есептеу препаратты енгізгеннен кейін 72 сағаттан соң алынады. Туберкулинді енгізудегі реакция нәтижесі оң немесе теріс болуы мүмкін. Табиғатта туберкулездіктен басқа патогенді-шартты мөлшерден тыс және сапрофитті микобактериялар болады. Осы микобактериямен жұқтырылған жануарлар сүтқоректілерге арналған туберкулинге жауап беруі мүмкін, бұл туберкулезді аллергиялық әдіспен анықтау үшін қиындық туғызады. Сондықтан да, туберкулезді сенімді түрде анықтау үшін біз ПТР әдісін қолдандық [4]. Жұмыстың негізгі мақсаты – ветеринарлық практикаға ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тәжірибелік анықтау үшін жаңа әдіс – ПТР әдісін енгізу және қолдану. ПТР әдісі M.bovis және M.tuberculosis туберкулез қоздырғышын табу үшін «МТБ- КОМ» тест-жүйесін пайдалану арқылы, полимеразалық тізбектік реакция көмегімен өткізіледі ( ұйымдастырушы-өңдіруші — ФГУН ЦНИИЭ Роспотребнадзора, Москва қаласы). ПТР (полимераздық тізбекті реакция) – зерттеудің молекулярлық-генетикалық әдісі. Әдістің негізі in vitro-да әр түрлі ферменттерді пайдаланып, ДНҚ-ң анықталған бөлігін көшіру болып табылады. ПТР-ң әрбір циклі 2-5 мин болады, ал амплификация үрдісі 1,5-4 сағатқа созылады. Бұл әдіс жоғары сезімталдылықпен ерекшеленеді және оның көмегімен ДНҚ матрицасының бастапқы мөлшерінен амплификаттардың микрограммдық мөлшерін алуға болады (кей жағдайда бірнеше көшірмелерін) [5]. Полимеразалық тізбектік реакция – ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тез анықтайтын әдіс, сонымен қатар, еттен микобактерияны табудағы нәтижелі тәсіл болып табылады. ПТР 3 кезекті стадиялардан тұрады (денатурация, жасыту, элонгация) (Mullis, 1987) . Реакциондық қоспаның құрамында келесідей компоненттер болады: праймерлер, ПТР жүргізу үшін буфер, MgCl 1.5 M, дизоксинуклеотидтрифосфат қоспасы dNTP және Taq-полимераза [5]. Батыс Қазақстан облысы, Круглоозерное ауылында «Светлана» ЖШ-да 65 бас зерттеуге алынды. Ірі қара мал қанынан ДНҚ-ны бөліп алу үрдісі Амплисенс «ДНК-сорб-Б» атты коммерциялық жиын көмегімен жүргізіледі. 100 мкл M. Тuberculosis spp сынамасына 300 мкл лизирленген ерітіндіден құралған алдын ала дайындалған ерітінді және 10 мкл ВКО Mycobacterium tuberculosis complex қосылады. Сынамалар 65 °С 5 минутта лизиске ұшырайды, кейін 25 мкл сорбент суспензиясы қосылады. Сорбент 5 мың айн/мин, 30 сек микроцентрифугада тұнбаланып, супернатант бөліп алынады. Бұдан кейін № 1 шайып алу үрдісі (300 мкл) және № 2 шайып алу (500 мкл) үрдістері орындалады. № 2 шайып алу 30 үрдісі қайталанады. Элюцияны 50 мкл ТЕ-буфермен жүргізеді. ДНҚ-ны бөліп алу сапасы агароздық гельде электрофорез әдісімен анықталады. 42 циклден тұратын амплификация бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламада 1 этап «денатурация» 95 °С 3 минут, 2 этап «жасыту» 63 °С 1 минут және 3 этап «элонгация» немесе «талдау» 72 °С 1 минут болады. 1 – Сурет. ПТР өткізгендегі алынған нәтиже көрінісі. Диагностикада аллергиялық әдісті қолданған кезде 1 оң нәтиже шықты, алайда ПТР диагностикасын жүргізгенде нәтиже теріс болғандықтан, бұл әдіс ауру жануарларды сенімді түрде табуға мүмкіндік бермейді. Осы негіздемелерге сүйене отырып, біз туберкулезді сенімді түрде анықтау үшін ПТР әдісін ұсынбақпыз. Микобактерияны тауып алудағы әр түрлі диагностикалардың құндылықтарын үйрену – туберкулез диагностикасын өткізу үшін екі әдісті де, аллергиялық және ПТР-ді қатар қолдану керектігін көрсетті. Бұл әдістерді бірге қолдану, қысқа мерзімде қоздырғыштың бар екендігін, түрін анықтауға мүмкіндік береді, ал ол бізге ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін жою және алдын алу шараларын өңдеу үшін өте қажетті.

Оставить комментарий

Загрузка...