Ироникалық стратегиялар

Біз бәрінен астық, сахна шегінен де, ақиқат шегінен де. Біз іс жүзінде арғы жақтамыз. Қиял билік етеді, білім, ақыл билік етеді. Біз енді ішінде бәрі бар әлеуметтіліктің мінсіздігімен өмір сүреміз. Аспан жерге түсті, утопияның аспаны, және де шартты көкжиек ретінде шұбатылған дүние енді баяу катастрофа ретінде тірлік етеді. Біз материалды жұмақтың фаталды дәмін сезінгендейміз, және мөлдірлік жаттану дәуірінде идеалды түзілімнің сөзі болса, бүгін біртекті және террориста кеңістік түрінде жүзеге асты — ақпарат, гипершарттылық кеңістігі. Енді болдырмаудың, жаттанудың, трансгрессияның жауыз сиқыры жоқ, елірудің, сиқырланудың және мөлдірліктің шапағатты сиқыры бар. Бұл заң патетикасының ақыры. Енді ақырзаман болмайды. Біз арғы жаққа өтіп кеттік және оны байқамадық та. Бұл сорлағанымыз. Енді біз жұмақтамыз. Иллюзия енді беймүмкін. Әрқашанда шынайылықты тежейтін ол кері шегінді және біз шынайылықтың иллюзиясыз әлемге құлдырауына сеп жасаймыз. Тіпті, шынайылық пен зерденің шексіз нүктесінде кездесу үмітін қолдаған тарихи иллюзияның өзі тарап кетті. Шынайылық зерделіге айналды, бұл кірігіп гипершынайылық белгісінде, шынайылықтың елірме формасында жүзеге асты. Барлық метафизикалық күш­қуат патафизикалық қоршаған ортаға, яғни, ақиқат процесстерінің қайталанған және гротескілік мінсіздігіне орын қалдырып, тарап кетті. Ubu: соқыр шек және бос нәрсенің жарқылы. Ubu: гротескілік имманенттіліктің толған және кекірелеген формасы, бәрін жұтқан, бәрінен асқан және бос кеңістікте қиялдағы шешім ретінде жарқыраған нәрсенің данышпан, келелі нұсқасы. Немесе, Құдай адамды ақырзаман атауымен оның идеалды ақырына жақындататын өз бейнесімен бітістіруге дейін төмендеген бе? Бақытымызға орай, олай емес, Құдай адамды өзінің бейнесіне қас белгісіздік ахуалында ұстайды. Қастандықтағы белгісіздікті принциптің құдіретіне көтеріп және оны оның ақырынан бас тартқызатын құмарланудың кез келген түріне сезімтал қылып. Шынайылық қағидасы да, ләззат та жоқ. Тек бітісудің ақырлық қағидасы және қастандықпен құмарландырудың шексіз қағидасы бар.

Читайте также:  ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әлеуметтілік экстазының, секс, дене, ақпарат экстазының аржағында қастандық қағидасы, әлеуметтіліктің қаскөй данышпаны, объекттің қаскөй данышпаны, құмарлықтың ирониясы ояу тұр. Субъекттің ақырлы қағидасының аржағында объекттің фаталды қайтарымдылығы, таза объект, таза оқиға (фаталдық), тобыр­объект (үнсіздік), таңбалы объект, әйелденген объект (азғыру) көк тіреп тұр. Триумфалды субъекттіліктің ғасырлары біткен соң барлық жерде бізді күтіп тұрған объекттің ирониясы патшалық етеді. Ақпарат пен ғылымның қақ жүрегінде, жүйе және оның заңдарының қақ жүрегінде, қалаудың және барлық психологияның жүрегінде анық көрінетін объективті ирония. Әлеуметтіліктің қаскөй данышпаны Қоғамның дамуына ахлақтық пен құндылықтың жөнді жүйесі емес, ахлақсыздық пен жүгенсіздік эсер етеді. Қоғамның өзгеруіне, немесе өміршеңдігіне Ізгілік те, Жақсылық та билік етпейді, ол Платонның идеалды ахлақ ізгілігі болсын, немесе, ғылым мен техниканың пайдакүнем және объективті ізгілігі болсын — қозғау импульсы өршеленуден туындайды, ол бейнелер, ойлар, немесе белгілер өршеленуі болсын. Ахлақ, құндылық, ғылым, зерденің зердеуи жүйелері, қоғамдардың тек бір бағытты эволюциясына, көзге көрінетін тарихына билік етеді. Бірақ, мұның бәріне дүмпу беретін тереңдегі энергия өзге нәрседен шығады. Ол — сиқырлы тартымдылық, жекпе­жекке шақыру сияқты барлық азғырымды және қаскөй импульстар, оның ішінде сиуцидқа талпыну құмарлығы да бар, олардың қоғамдық ахлаққа, немесе тарих пен прогресс ахлағына еш қатысы жоқ. Бәйгеқұмарлық ахлақтан құдіретті және бәйгеқұмарлық ахлаққа жоқ. Мода кез келген эстетикадан құдыретті және мода ахлаққа жоқ.

Атақ­даңқ, біздің бабаларымыздың айтуынша, еңбек сіңіруден құдыретті және ахлаққа жоқ. Барлық саладағы белгілердің өршеленуі ол да шынайылықтан құдыретті, және белгілердің өршеленуі ахлаққа жоқ. Ережесі есте жоқ заманға баратын ойын еңбектен құдыретті, және ойын ахлаққа жоқ. Барлық нұсқадағы азғыру махаббат пен мүддеден құдыретті, және азғыру ахлаққа жоқ. Мандевильдікіндей бұл киникалық философиялық көзқарас емес, бұл барлық қоғамдардың және, бәлкім, барлық жүйелердің объективті көзқарасы. Ой қуатының өзі де арсыз және ахлаққа жоқ, тек өз ойларының логикасына бағынған бірде бір ойшыл өз мұрнының ұшынан артық аспаған. Өлім жазасына кесілгендей арсыз болу керек және бұл бұлай айту мүмкін болса ахлақсыздық емес, бұл заттардың жасырын түзілімінің арсыздығы. Тұлғалар, немесе топтар белгілі бір жасырын инстинктке бағынбайды, бірақ осы бағынбаушылықты, осы өршеленуді, осы қаскөй данышпанды жоюға талпынған күштер, адам жандарындағы «иррационалды» мотивацияларға дейін жойып, әрқашанда оларды баяу өлімге кескендей болады. Азғындық қуаты еселенбейді, өйткені ол жарылу мен үзудің қуаты, ал оны аңқаулық танытып, өндірістің механикалық қуатымен ауыстырамыз деген еді. Біздің зердеуи және бағдарлы саналатын қоғамдарымыз қалай кызмет етеді? Тұрғын халықты не қозғайды, жүгіруге не мәжбүр етеді? Ғылымның дамуы, «мүддесіз» ақпарат, ұжымдық берекенің өсуі, істер мен себептердің зерделілігі, жазықтыға әділ жаза, немесе өмірдің сапасы ма? Тіпті, олай емес: олай деп тек анкетаға жауап беруге болады. Барлықты сиқырлайтын таңбалардың өршеленуі: шынайылықты әрқашан және барлық жерде таңбалармен азғыру үшін. Бұл қызық ойын — және дәл осы нәрсе медиада, модада, жарнамада, ал одан әрі түйіндегенде саяси технологиялық, ғылыми көріністерде, кез келген көріністерде орын табуда, өйткені шынайылықты азғыру, дәйек пен көзқарастарды қызғылықты түрде бұрыстау, симуляцияның жеңімпаздығы катастрофа сияқты сиқырлайды, және бұл мағынаның барлық эффекттерін бас айналдырар дәрежеде бұрыстау іс жүзінде өтіп жатыр. Осы симуляция немесе азғыру эффектісі үшін біз, қаласаңыз, кез келген баға төлеуге дайынбыз және ол біздің өміріміздің шынайы сапасынан коп есе мол болады. Міне, ахлақ қуатын жоятын және ахлақсыздықты босататын олардың ақиқатына қарсы заттардың қарапайым белгісіне оңай тоятын жарнама, мода, ойын, барлық азғын жүйелердің құпиясы осындай, сол арқылы олар шынайы әлемнің құдіретіне қарсы шыққан ой жойқындығына бағынбаушылық білдірген магикалық және архаикалық қуаттарды біріктіреді — мағынаны жоятын, дәйектерді, көзқарастарды, үйреншікті құндылықтарды тесіп өтетін және өздерінің платоншыл бейнесінде қымтанған қоғамдарға қуат беретін, міне, ары жоқ қуат дегеніміз осындай.

Читайте также:  "Демистификацияның" басталуы

Оставить комментарий