Иса Тіленбайұлы өмірбаяны

1829 жылы туған. Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерілістің ұйымдастырушысы. Би. Патша өкіметі халықтық дүрбелеңнен сескеніп, жан­жақтан әскери құрамалар шақыртты. Кавказдан, Еділ бойынан, Оралдан келген, зеңбірек сүйреткен әскери күштерге шиті мылтық, қылышпен ғана қаруланған дала ұлдары қарсы тұра алмады. Көтерілісшілер Үстіртке, Хорезмге қарай ығысты.

Хиуа билеушісі Маңғыстау батырларын орысқа қарсы айдап салғысы келді. Ел қыспақта қалды. Қару күшіне мойын ұсынған халық алым­салық ауыртпалығынан бой көтере алмады. Елдің тыныштығын ойлаған Иса уезд басшылығына өзі келіп, алған бағытынан бас тартатынын сездірді. Оның ел алдындағы беделін өз мүдделеріне пайдаланғысы келген билік оған лауазым беріп, елді тыныш ұстау тәсілін ұстанды.

Иса Тіленбайұлы 35 жылдай болыс басқарушысы болды. 1909 жылы өмірден озды. Оның билігі, ақындығы жайлы әңгіме ел арасында көп таралған.

Читайте также:  Жұмыс жоспарын жасау жолы

Оставить комментарий