Туризм бұл дүние жүзіндегі адамдардын барлығына əсері бар əлеуметтік-экономикалық құбылыс. Осы күнде туризм жүйесінің дамуы қарапайым азаматтардың əл-ауқатының дамуының ықпалынан десе де болады. Туризм арқылы бүгінгі таңда көптеген жаңалықтар, ерекшеліктер ашылуда. Дүние жүзінің əр елінің азаматын алып қарасақ туристік қызығушылығы бар, осы азаматтың жартысынан көбінің туристік тəжірибиесі бар. Егер де еліміздің туристерінің сұранысы орындалса, онда туризм жүйесі қомақты өзгерістерге ие болады. Себебі туризм саласы басқа да жүйелермен тығыз байланысты, бұлар елдің экономикасы, əлеуметтік жағдайы, халықтың жұмыспен қамтылуы жəне тағы басқадай. Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы фактор, оның ішінде əлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі жəне сыртқы экономикалық жəне саяси жағдайлар жəне т.б. ықпал етеді. Туризм саласы дүние жүзі бойынша үлкен қарқынмен дамып келеді. Көптеген шетел мемлекеттері туризмді дамыту арқасында мемлекеттік қаражат қорлары қомақты қаржы соммаларымен толығып жатыр. Ал біздің еліміздің əкімшілік дереккөздеріне сүйенетін болсақ, туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулердің деректері жəне 2009 жылғы қорытындылар бойынша 2008 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша келушілер саны 3,9%-ға көбейді. Туризм түрлері бойынша туристік индустрияның түрлі бағыттағы даму үрдістері байқалады: келу туризмі 8,3%-ға азайды жəне 4 329,8 мың адамды құрады (келушілердің жалпы санынан 29,3%-ы), 2008 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сыртқа шыққан туристер саны 22,3%-ға артты жəне 6 413,9 мың адамды (43,4%) құрады. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5 (87). 2011 71 Ішкі туризмдегі келушілер саны сондай-ақ 5,3%-ға азайды жəне 4 028,1 мың адамды (27,3%) құрады [4]. Туризмді дамыту жолында елімізде бірнеше шаралар жүргізілуде, солардың ішінде 2007 — 2009 жылдар аралығындағы бағдарлама, 2007-2011 жылдарға арналған бағдарлама, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің 2010-2014 жылдарға арнал- ған стратегиялық жоспарын орындауға бағытталған бағдарламалар [4]. Бұл бағдарламалар- дың ең негізгі бағыты Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру. Көзделген мақсатқа жету жолында бірқатар проблемалық мəселелер туындап тұр: — Туристік жəне көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы; — Сервистің төмен деңгейі; — Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың жəне олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі жəне туризмнің ғылыми базасының болмауы; — Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы. Жоғарыда айтылған мəселелер отандық туризм саласына ықпалы зор, жəне де еліміздің ішкі туризіміне əсері бар. Қазақстанда туристік қызмет көрсетумен айналысатын мекемелер- дің көбісі сыртқа тасымалдаумен айналысады. Бұл қызмет түрі қаржы жағынан өте берекелі, себебі айналыстағы ақша айналымы жылдам қозғалады. Ал еліміздің ішкі туризіміне көңіл бөлсек бүгінгі кунге жағдайы жоғары емес. Себебі қонақ үйлер, пансионаттар, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік- курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дəрежеде моральдық жəне физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талапəселелер тектарға сай емес. Осыған орай еліміздің басқару органдарына осы мəселелерге көңіл бөлу абзал. Себебі еліміздің азаматтарының денсаулығы əлеуметтік жағдайы тікелей немесе жанама туризм саласының дамуымен байланысты. Егер азамат мумкіндігінше ең болмаса жылына бір рет демалыс орталығына барып емделіп демалса, оның жұмысқа деген ынтасы өседі. Жəне де айта кететін жағдай, егер үнемі өз денсаулығына көңіл бөліп жүрген азамат, демалыс орталықтарынын, көңіл көтеретін орталықтардың жиі тұтынушысы болса, елдің азаматтарының өмір сүру уақыты ұзартылады, туу қабілеті өседі, уйлену отбасы құру дəрежесі өседі, өлім деңгейі төмендейді. Қазіргі таңда саяхатты қандай мақсатта жасайтындығын анықтау үшін, төменде берілген кестедегі мəліметтерді көңіл бөлуге болады (1-кесте) [1]. Осы бес жыл аралығында ішкі туризмдегі көрсеткіштер өзгерістері құбылмалы түрде дамып келеді. Елімізде отандық туристерге қызметті жоғарылату, жаңа қызықты жобаларды ұсыну бұл ұзақ мерзімді əлеуметтік қаржы салымы десек болады. Туризм саласын дамыту туралы көптеген ғұламалар өз пікрлерін айтуда. Олардың пайымдауынша, алдағы даму жолында саяхат пен туризм жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Дəстүрлі секторларда кемшіліктер пайда бола бастаған кезде, экономикада дамып келе жатқан сервистік сектордың жаңа толқыны бар. Атап айтқанда спорт, туризм, мəдениет, шығармашылық салалары ауқымды жұмыстарды қажет етеді жəне елеулі табысты айналымға салуға қауқарлы. Қазақстан Республикасының туристік ассоциацияның президентының пікірі бойынша, елімізде административті формалдылықты жеңілдету барысында, Қазақстанға қауп қатер 72 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 туғызбайтын мемлекеттердің азаматтарына келуді визасыздандыруға болады. Түркия мемлекетін мысалға алатын болсақ, мұнда біздің елдің жəне тағы басқадай елдің азаматтарына визаның қажеті жоқ, тек тіркеуден өту қажет. Қазақстан Республикасында егемендік алған жылдармен салыстырғанда туризм даму барысында. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ елімізге келушілер саны ұлғаюда. Бұл саланың тиімділігі жоғары екені белгілі, алайда біз оны толық түсініп, толық ауқымды пайдалана алмай жатырмыз. Мəдениет, туризм жəне саяхат бізге жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Бұл бағыт жаңа жұмыс орындарын құрып, табыс алуға жəне инфрақұрылым құруға, сондай-ақ дамудың жаңа нысандарын қалыптастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің нарығында бірнеше туроператорлық жəне турагенттік қызмет көрсететін фирмалар жұмыс жасайды. Олардың үлкен үлесі еліміздің қаржылық орталығы Алматыда орналасқан. Кестеде болса еліміздің оңтүстігінде орналасқан туристік бизнеспен айналыса- тын мекемелер тізімі көрсетілген (2-кесте). Статистикалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, Оңтүстік Қазақстан обылысында бүгінгі таңда туристерге туроператорлық жəне турагенттік қызмет көрсетумен айналысатын 89 мекеме тіркелген, соның ішінде 20 ішкі туризімде қызмет көрсетумен айналысады [4]. Туристік қызметты көрсетуге берілген лицензиялардың берілу күніне қарасақ, барлығы осыдан бес алты жыл шамасын құрайды. Бұдан біз елде ішкі туризімнің енді ғана дамып кележатқанын байқаймыз. Ішкі туризмнің негізгі тұтынушысы кім болатындығын анықтай отырып ұсынысты реттеуге болады. Мұндай туристік нарықтың тұтынушысы бұл: жас отбасылар, кішкентай балалы отбасылар; зейнеткерлер, немересімен демалатын ата апалар; зейнет жасына жетпеген ерлі зайыптылар; спорт, дене шынықтыруды ұнататын азаматтар; топ болып демалушылар (мектеп оқушылары, студент жастар, т.б.). Тұтынушының сұранысын анықтау үшін маркетингтік зеріктеу жүргілу тиіс. Анықтау жүргізу арқылы нақты проблемаларды анықтап, жүйені өркендетуге болады. Аймақтағы туристік қызметтің өркендеуі басқа да кəсіпкерліктердің дамуына əкеледі. Туризм индустриясының басқа да сегментері бірі бірімен тығыз қарым қатынаста. Осы байланыс арқылы олар басқадай қызмет түрлеріне ықпал ете алады. Аймақтық туризм саласы дұрыс жолға салынып, қызмет атқарса, онда: ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5 (87). 2011 73 — жергілікті аймақтық табыс көздері өседі; — аймақта жаңа жұмыс орындары ашылуына үлес қосылады (жаңа іске қосылған немесе қайта жұмыс жасаған мекемелерде жұмыс орындары артады); — ішкі туристік қызмет көрсету дамуымен байланысты өнеркәсіптердің дамуына ықпалы болады; — туристік орталықтарда әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылымның дамуына әсерін тигізеді; — жергілікті мәдениеттің өркендеуіне көмегі бар (жаңа мәдени орталықтары ашылуына ықпалы бар); — жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін ұлғайтуға әсері бар; — қаражат (валюталық түсімдер, айналымда ақша соммаларының пайда болуы) түсімі өседі. Оңтүстік аймақта жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің барлығын іске асыруға мүмкіндігі бар. Және де қызмет көрсету орталықтары да жеткілікті (3 кесте) [5]. Облыста белгілі демалыс, медициналық орталықтар, тарихи мәдени ескерткіштер, қорықтар орналасқан. Солардың ішіндегі ең танымалылары Сарыағаш шипажайы, Ақсу жабағылы қорығы, Дендропарк, туристік бағыттар Түркістан (Қ.А. Яссауи кесенесі) – Гаухар-ана – Укаш-ата – Жылаған-ата – Ескі-Сауран –Түркістан жəне т.б. Аймақта бүгінгі күнде қызмет көрсетіп жатқан орталықтарының базасы тұп нұсқасы бар, бырақ ол толығымен қамтылып жатқан жоқ. Толық ауқымды пайдаланып, қаржылық жағынан түсімдер болатындай етіп іске асыру үшін келесіде мәселелер жасалу тиіс. Бұл обылыс әкімшілігі тарапынан толық ауқымды талдау жүргізу. Оның барысында осы аймақтың ішкі туризмін тұтынатын тұтынушыны анықтау, сол арқылы тұтынушының барлық сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік жасау. Келесі іс әрекет бұл жарнама, ақпартты толық ауқымды тарату. Осы жұмыстарды атқару үшін жоғары білікті мамандарды жұмысқа тарту. Мақалада талқыланған мәселелердің барлығы еліміздегі ішкі туризмді дамытуға үлес қосады. Және мемлекеттік бағдарламаларда бекітілгендей отандық туристік нарықтың орта азиялық деңгейде түбегейлі бір орынға ие болатынына мүмкіндік туғызады.
Оставить комментарий