iRef.kz

ИСЛАМ ДІНІН БҰРМАЛАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ

Бактыбаева Зарина Узакбаевна Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 3 курс студенті Ғылыми жетекші — Ли Инна Климентьевна Қазіргі кезде ислам экстремизімі, терроризмі деген ұғымдар кеңінен тарап отыр. Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Ислам өз болмысында ешқандай да агрессияшылдық жоқ».[1] Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс, лаңкестік әрекеттерді ислам дініне жабу кең етек алды. Алайда, солардың барлығын істеп жатқан мұсылмандар ма? Ислам экстремизм мен терроризмге үндей ме? Бұған жауап беру үшін ең алдымен ислам дінінің ұстанған принциптеріне тоқтала кеткен жөн. Ислам – рақымдылық, мейірімділік және кешірімділік діні. Ислам тіпті адамныңдіни сенімін де өз ықтиярында қалдырады. Құранда: «Қалаған адам иманға келсін, қалағаны – кәпір бола берсін», — делінген кәһф сүресі, 29 аятта. Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. «Ислам» мен «Бейбітшілік» сөздеріні ң арасында толық үйлесімдік бар. Себебі бұл сөз бір түбірден, яғни «ас – саләм» түбірінен туындайды. Құранда: «Егер олар сендерден аулақ тұрса әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Аллаһ сендердің оларға шабуыл жасауларына ешқандай жол бермеді». [2] Исламда басқыншылық пен экстремизмге, фанатизм мен терроризмге және қан төгіске, адамдарды қорқыту, олардың өмірі мен дәулетіне зиян келтіруге жол берілмеді. Себебі ислам шариғатының негізгі мақсаты адам баласының құқығын сақтау, оның өмірін, дінін, отбасы мен дүние – мүлкін қорғау болып табылады. Әрбір адам өмірінің құндылығы бүкіл адамзаттың өмірінің құндылығымен тең ислам бүкіл адамзат өмірін қорғауға тырысып, адамдар арасында сыйластық болуын, олардың бас бостандығын, ар – намысы және жалпы адамдық құқықтың құрметтелуін талап етеді. Мұхаммед ( с.ғ.с ): «Мұсылман үшін басқа мұсылманның қаны (өмірі ), малы және ар – намысы қасиетті», — десе, тағы бір сөзінде «Бір мұсылманның екінші бір мұсылманның үрейін ұшыруына болмайды», — деген. [3] Ислам өзге дін өкілдермен бейбіт ғұмыр кешуді былай қайғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына қарсы емес. Исламның фанатизм мен терроризмге көзқарасы қандай? Ислам фанатизмге оң көзбен қарамайды да мұсылманды оған үндемейді де. Исламның негізі болған Құран мен Сүнетт е мұндай жат нәрсе қамтылмаған. 251 Ислам дініндегі «Жиhад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр – қайратын мен ынта жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді. [4] Жиhад ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда көптеген адамдар Жиhадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Жиhад ең алдымен мұсылманның өз — өзін түзеуі. Мұхаммед ( с.ғ.с. ): «Нағыз Жиhад жасаушы кісі — өзінің нәпсісімен күресуші», — деп айтып кеткен.[5] Беліне түрл і бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін «шейітпіз» деп есептейді. Негізінде шейіттік мәртебеге бейкүнә жандарды өлтірумен жетпейді. Өз — өзіңді өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда: «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!», — делінген. Өз өміріңізді қию арқылы өзгенің өміріне қауіп төндіріп, тіптен ажал құштыру аса ауыр күнә, ауыр қылмыс. Кез келген суверенді елдің конституциясында адамның өмір сүру құқығы бар және оған қандай мақсатпен болмасын қол сұғуға жол берілмейтіндігі көрсетілген. Қоғамның пайдасы үшін болса да исламда қандай да бір адамның құқығы аяқ асты етілмейді. Жалғыз ғана адамның құқы – жалпы қоғамның құқығындай қымбат. Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апаратын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс. Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді. Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған күре с емес, керісінше, исламға қарсы бағытталған күрес. Терроризм – шарасыздықтың әрі проблемаларды сауатты шеше алмаудың нәтижесі. Проблемаларды шеше алмау – білімсіздіктен, ал шарасыздық – мүмкіндіктің жоқтығынан яки бар мүмкіндікті сауатты қолдана алмаудан туындайды. Яғни, жеткілікті біліммен сусындамаған жеке тұлғалар, сол жеке тұлғалардан құралған қоғам проблемаларын шешуде білек күші н қолдануға бейім тұрады. Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын түғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Терроризмнің тарауына әсер еткен қоғамдағы нәсілшілдік пен ұлтшылдық идеясының ушыға түсуі. Қазіргі кезде ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдар кеңінен тарап отыр. Терроризмнің таралуына террористік топтар мен ұйымдардың көбейе түсуі өзіндік әсер етеді. Олар межелі кеңістікке белгілі дәрежеде ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге өз идеологияларын насихаттай да алады. Мұның өз і өз жағына жаңа жақтастарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар террористік ұйымдардың өз мүшелерін қарулы күрес жүргізуге баулитын мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндіктерге қоса террористік ұйымдар өз қызметтерін ақпараттық сараптан өткізудің арқасында материалдық мүдде көмегімен жақтастар тарта алады. Демек террористік қызметтердің жаһандануының салдары онымен тұрақты және кәсіби түрде айналысатын адамдардың айрықша топтарының қалыптасуына алып келіп отыр.[6] Әрине террористік ұйымдар өздерінің қаражатын толықтыру үшін есірткі бизнесін, рэкетті, жезөкшелікті, қару-жарақ саудасын, контрабанда, ойын бизнесін т.б. өз ықпалдарына қаратуға тырысады. Демек терроризм көптеген факторлар мен себептердің салдары болып табылады. Террористік қауіп-қатерінің таралуына жүзі елдерінің бәрі дерлік қарсы шықты. Терроризм халықаралық құбылысқа айналып, ол тек бегілі бір дінді ұстаушылардың қатысуымен болмайды. Бұл біздің дәуіріміздегі Бүкл адамзат үшін белгілі ақиқат. Онымен күресуді әлемнің көптеген елдері қолға алғанымен террорлық актілер толастар емес. Исламды бүркеніп талай жерді бейкүнә жандардың қанымен суғарып жатыр. Адам баласын түсіне, ұлтына,діліне және дініне қарай 252 бөлу үлкен қателік, тіптен шовенизм десек болады. Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияның 14 бабында көрсетілгендей діни сеніміне қатысты кемсітушілікке жол берілмейді. 19-бап бойынша әр азаматтың дін таңдауға және мүлдем оны көрсетпеуге құқығы бар. [7] Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2000 жылдың 16 мамыры күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында былай деген: «Исламның ішіндегі экстремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүниежүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді, Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен, қолына қару – жарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда. Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның, құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз».[8] Ұлттар арасындағы татулықты , діндер мен діни конфессиялар арасындағы түсіністікті нығайту жолынла жүргізілген ірі шара бұл біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаетың бастауымен 2003 жылы 23-24 қыркүйегінде,2006 жылдың 12-13 қыркүйегі және 2009 жылы 1-2 шілдесінде Астана қаласында өткен Әлемдік діндер мен діни конфессия басшыларының съезін айтуға болады. 130-дан аса ұлттар мен ұлыстарды , түрлі діндерді біріктірген Қазақстан үшін татулық жолындағы жүргізілетін шаралар аса маңызды. Елде террорлық актілер мен экстремистік бағыттағы ұйымдармен күресу жолға қойылған. Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықтың қайнаған ошағы. 2001 жылдың 1-қыркуйегінде АҚШ-та жасалған террорлық актіден кейін, нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Хиджаб киген, сақал қойған бейбіт мұсылманды көргенде олардың бойында жек көру және үрей сезімі туындайды.Мұны біз Франция, Ресей сияқты елдерде мұсылмандарға қарсы бағытталған қатігез іс-әрекеттерден көреміз. Соңғы жылдары АҚШ, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталистік мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 1997 жылғы 26 наурыз күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылғы 18 қараша күні Оңтүстік Америкадағы Гаяна мемлекетінің Джеймстаун қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Францияның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 1995 жылғы 23 желтоқсан күні өз- өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швецарияның екі қаласындағы мүшелері 1994 жылғы 5 қазан күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 1994 жылғы 4 қазан күні, ал Сен Касмирдегі 5 адам болса 1997 жылғы 23 наурыз күні өздерін атып, не өртеп өлтірген. Американыі техас штатындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 1993 жылғы 19 сәуір өздерін өртеп өлтірген. Филипиндегі монах Дату Мангайаның сектасының акциясында 1985 жылғы 19 қыркүйек күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны дүниені дүр сілкіндірген еді. [9] Бұл жандарды осындай жағдайға қалай итермелегенін нақ басып айта алмаймыз, бірақ жалғыз шындық бар бұл олардың алдауға — арбауға жол бергендігі. Әлемнің артта қалған кедей мемлекеттерінде мұндай жәйттер аса көп. Өкінішті бір жәйт, бұл терроризм, экстремизм сияқты атаулармен Ислам атауының қатар қолданылуы. 253 Әдебиеттер 1 Бұлұтай. М. Ж. Дін және Ұлт. – Алматы, 2006. 2 Аханов. Б. Дін және еркін ойшылдық. – Алматы: қазақ университеті, 1993. 3 Крывелев. И. А. История религий. Очерки в двух томах. Т. 1. – М: Мысль, 1975. 4 Сонда 5 Мұқанов. К. Әйтімбетова. Г. Діндер тарихы мен теориясы, және еркін ой. – Алматы, 1994. 6 Бұлұтай. М. Ж. Дін және Ұлт. – Алматы, 2006. 7 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995. 8 Бұлұтай. М. Ж. Дін және Ұлт. – Алматы, 2006.

Пікір қалдыру