ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МОРАЛЬДЫҚ ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Қазіргі таңда Ислам діні өз қарқындығымен өсіп келе жатыр. Ислам дінін дүние жүзінде 1млд-тан астам адам ұстанады. Ислам діні адамға мейірілімділік, тәрбиелік, моралдық құндылықтарға аса бай дін болып саналады. Әсіресе, Аллаға деген сүйіспеншілікті және шын ниетімен құлшылықты, ата анаға деген құрметтікті, туған туысқандарына сыйластықты, Ислам дінінде бірінші орынға қояды. Сөздің түбірімен түйініне келсек, Ислам діні пайда болмастан бұрын, ол кез джахиллия кезеңі немесе надандық кезеңі еді. Сол уақыттарда пұттарға, әр түрлі мүсіндерге табынып, оның үстіне әйелдер зиналықпен айналысып білгендерін істеп жүрді. Бір әулетте қыз бала туылса, қыздарын жерге тірілей көметін еді. Сол кез неткен аянышты және адамдық қасиеттінен жұрдай екені ақылға сыйымсыз іс-әркет десеңізші. Ислам діні келіп өркениетті өсіп, сана сезімі түбегейлі өзгерді. Тек жақсылыққа ұмтылып, адамгершілігі молайып, биік жетістіктерге жетті. Осының дәлелі ретінде бір жәйтті айта кетейін. Бірде Ислам дінін қабылдаған бір кісі: Мен бір жағдайға күлгім келеді, ал екінші жағдайда жылағым келеді дейді. Біріншісі олда болса мен бұрын Ислам дінін қабылдамастан бұрын, қолымызбен мүсін жасап, сол мүсінге табынушы едік. Кейде қарнымыз ашқан кездері, қолымызбен жасаған мүсінді өзіміз жеуші едік депті. Ал екіншісі мен ертерек Ислам дінін қабылдамағаныма өкініп, жылағым келеді депті. Міне осыдан кейін нағыз шынайы дін екеніне, түбінің тамыры өнегелікке, тәрбиелікке, сонымен қатар тәртіпке, толы екендігі белгілі болып тұр. Ислам дінінде ата ананы жоғары қойып, ата анаңа құрметпен қарап, сыйластықпен өтуді ашық айтып кеткен. Сахих Аль Бухаридін кітабында былай делінген. 357 Әбу Хурайра, Аллаh одан разы болсын: Бір кісі Аллаh елшісіне, оған Аллаhтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: << О, Аллаhтың елшісі! Жақсы мәлім жасауыма адамдардың ең құқылысы кім?>> — деп сұрады. Мұхаммед с.ғ.с <<анаң>> деді. <<Одан кейін кім?>> — деп сұрады. <<Одан кейінде анаң>> — деді. <<Одан кейін кім?>> — деп сұрады. <<Одан кейінде анаң>> — деді. <<Одан кейін кім?>> — деп сұраған еді. <<Одан кейін әкең>> — деп айтты. Осы сөзінің өзінде қандай шешімді сөз ұтқыры екенін байқаймыз. [1:199б] Бұл сөзінде адамдардың ішінде бір тоқтамға келмей тұрып, анаңмен ақылдасып, бір мәмлеге келуде де, анаңның құқығының рөлі зор деп ашық айтып тұр. Осының өзінде ана қандай құрметті жан екені көрініп қандай жақсылық жасасанда соған татитындығы білініп тұр. Қазіргі таңда, кейбір адамдар 5 уақыт намазын оқысада, анасына дөрекілік істеп жатады. Ондай дөрекілік неден туындауы мүмкін?! Дінге салғырт қарағандықтан осындай жағдайлар туындап отыр. Оның үстіне аналарына сен намаз оқымайсын, мұсылман емесін деген жүрекке тиер ауыр сөздер айтып жатады. Анасына білместіктен ауызына не келеді соны айтады. Адамзатқа Алла тағала сананы не үшін берді?! Әр сөзді ойланып ақылымен жүргізіп соңында сөйлеу үшін берді. Осыған байланысты қазақта: Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген нақыл сөзі бар. Осы сөзді бекерге айтпаған. Сол үшін әр адаммен сөйлесер алдында ойланып сөйлеуі қажет. Ана деген қандай қиындықтар болса да, шыдамдылықпен қарап, сені осы жарық өмірге әкелді. Құранда Лұқман сүресінің 15 аятында бір себебпен ғана ата анаңа қарсы шығуға болатыны жөнінде айтылып кеткен. Егер ата анаң, білместіктен Алла тағалаға серік қосатын іс-қимыл жасайтын болатын жағдайда ғана қарсы шығуға болады делінген. [2:431б] Осы себебтен қарсы шыққан жағдайында да, қатты айтпай жай сөзбен түсіндерген жөн. Жылы-жылы сөйлесен жылан інінен шығады демекші. Осы сөздің астарында үлкен мән ой жатыр. Яғни жұмсақ айтқанды бәріне ұнайды дұшпаныңа да түсіністікпен қарасан саған қарсы шығалмас. Көп сөздің қысқасы анаңды ренжіткен дұрыс іс емес, ананы ренжіткен Аллаға да ұнамас. Еркек елдің иесі- әйел үйдің киесі. Заман өзгермес бұрын, әйел өзгереді деген қазақта жақсы сөз бар. Яғни, біз әйелдерге қарсы шығып, санаспай өз ойымызбен жүргендік дұрыс еместігін түсінуіміз қажет.Сол сияқты ананы ренжіткен Ислам дінінде де және Шариғатқа да жат қылық. Ислам дінінде, үлкенге құрмет кішіге ізетті болу қажет. Ең бастысы сол болып танылады. Осы бойынша Аль Мүслимнің хадисін айта кетсем. Адам баласы амандасқанда Ассаламуалейкум десе 10 сауапқа, Ассаламуалейкум уа рахматтулах десе 20 сауапқа, ал Ассаламуалейкум уа рахматтулахи уа баракаттухи десен 30 сауапқа, кенелесін деп айтып кеткен. [4:165] Осы сөздің ішінде әдебі де бар, тәртібі де баршылық және сауапқа кенелетінің туралы айтып отыр. Осындай сөз ілімімен Ислам діні өнегелігімен, тәрбиеге қатысты хадистерге бай болып келеді. Біз бұл өмірге адам болып келгендей, адам болып өмірден қайтуымыз қажет. Негізгі сөздің түйіні, адам деген сөз, адамгершіліктен шыққан сөз секілді. Бұл өмірде адамзат баласы адамгершілік жолмен жүрмесе, оны адам деп айтуда ойланарлықтай. Адамгершілік- ол мейірімділік әдептілік тәрбиелікпен тәртіптіліктен туындайды. Бұл өмірде сәл болсада жүрегінде мейірімділік болу қажет. Ал мейірімсіздік қатігездіктің жолына душар етеді. Сол қатігездік небір жамандықтан тұрады. Былайша айтқанда қылмыстық істерге дейін апарады. Қылмыстар түр түрге бөлінеді. Ең ауыр қылмыс өлім болып саналады. Ислам бойынша адам өлтірген үлкен күнә болып табылады. Ислам діні, осы адамның осындай тәртіптік мәселені қарастырады. Ал мейірімді болудың өзі сабырлыққа тіреледі. Ал сабырлықты Алла тағала ұнатады. Әр нәрсені істер алдында, ойланып, тура жолын білу қажет. Осыған байланысты, бір жәйітті айта кетейін. Аль Муслимнің хадисінен: Бір адамның бау бақшасы болыпты, ол жерде түрлі жеміс жидектер пісіп жетіліпті. Күндердің күнінде, бір бала сол бау бақшаға ұрлыққа түседі. Пісіп жатқан алманы алып, тығып қашып жатқанда, оны бау бақшаның иесі ұстап алады. Ол баланы Мұхаммед с.ғ.с жанына барып, болған мән жәйін бау бақшаның иесі айтып салады. Сонда: Мұхаммед с.ғ.с баланы << Балапаным >> деп шашынан сипалап қойды [4:125б]. 358 Міне осы жәйіттің өзінде, балаға деген қандай мейірімділік танытқаны көрініп тұр. Ұрлық жасаған балаға ұрсудың орнына, шыдамдылық танытып, балапаным деп еркелетіп баланың жүрегіне бір жылылық, үміт тудырып биіктетіп тұрды. Осы мейірімділікпен көптеген адамның жүрегіне сенім танытты және өзіне бағындырды. Міне осындай мейірім таныта білген адамға, үлкен күштің өзі деуге болады. Ал мейірімді болу үшін, тәрбиемен тәртіпке тығыз байланысты. Тәрбие болса, отбасынан басталады. Нені ексен, соны орасын осыған байланысты айтылған. Егер мақтауға лайықты тәрбие алсан, асулардың асуына мейірімділіктің мәніне жетесін. Жақсы тәрбиенің артынан тәртібін жақсы болады. Жаман қылықтардан жат боласын. Тәртіпсіздер болса, ойға келмейтін қылықты, ойдан құрастырып табады. Жақсы тәртіптің артында тәрбие тұрса, жақсы тәрбиенің артында мейірімділік, сосын адамгершілік туындайды. Әдептілік жөнінде де, Ислам дінінде бір жәйт бар. Сахих Аль Бухаридің кітабында: Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: <<Расында<<әр-рахим>> (сөзі) <<әр- Рахман>> (сөзінен) туындаған, ал Аллаһ: <<Кім сенімен байланыс жасаса, Мен онымен байланыс жасаймын, ал кім сенімен қатынасын ҥ зсе, Мен онымен қатынасымды ҥ земін,-деп айтты >>, — деген.[1:165б] Мұнда айтып отырғаны <<әр-Рахим>> дегені, туыстық ағайындық қатынасты айтып отыр. Яғни туысқандық қатынасты үзсен, Алла тағалада сенімен байланысын үзеді- деген мағынада айтылған. Мұның өзі ескерту жөнінде айтып кеткен секілді. Туысқанмен ренжіскен жағдайда, татуласудың қам қарекетіне жасауға тырысу қажет. Енді өсекшілер жайында айта кетсек. Сахих Аль Бухари хадисінен: Хузайфа Аллаһ одан разы болсын: << Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:<<Ӛ секші жәннатқа кірмейді>>,-деген. Сахих Аль Бухари <<таңдамалы тараулар>> [1:145б ] Мұнда айтып отырғаны, әр нәрсені көрмей, білмей, адамдарға жалған ақпарат тарататындарды Аллаһ тағала оларға тозақтан орын берілетіні жайлы айтылған. Осы сөздерінде тәрбиелік мән беретін секілді. Өйткені өсекшілердің жәннатқа кірмейді дегені алдын алып ескерткені. Осы сөзді басқалар көріп үлгі алып өсекші болмауға тырысады. Ислам дінінде, ұстаздық еткен сауапқа кенелуі жайында айтылған. Яғни ұстаздық- білім беріп білмегендерге үйретеді. Сол арқылы Аллаһ тағала тарапынан сауапқа кенеледі. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады демекші. Мұнда басты рөлі, білімділер жөнінде айтып отыр. Білімді адам парасатты болып жетіледі. Құрандағы таһа 114 сүресінде білімнің қадір-қасиетті туралы былай делінген. Аллаһ Тағала: <<Аллаһ сендерден иман келтіргендер мен білім берілгендердің дәрежелерін кӛ тереді. Аллаһ не істегендеріңнің Бәрінен Хабардар>> << Раббым, білімімді арттыр! >>-де>>, — деген [2:123]. Осының өзінде байқасақ, Аллаһ тағалаға сенгенге және білім жолымен жүргенге, дәреженді көтеретіні жайлы айтып отыр. Білім ізденер алдында, Рабыңнан тілеп жүрсең, әрдайым Алла тағала алдына келген кедергілерден құтылуды жеңілдетеді дегені. Білім үйренген мен білім үйреткеннің қадір-қасиетті туралы былай делінген: Әбу Мұсадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткізілген хадисте: Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: <<Аллаһтың менімен (бірге) жіберілген тура жол және білім жерге жауған нӛ сер жанбыр сияқты. Бҧ л жердің біраз бӛ лігі қҧ нарлы болып, суды бойына сіңіріп алды да, тҥ рлі шӛ птер мен шалғындар ӛ сірді. Басқа бір бӛ лігі қатты болып, суды сіңірмей ҧ стап тҧ рды да, олар арқылы Аллаһ адамдарға пайда тигізді. Олар бҧ л судан ішті, малдарын суарды, егінге пайдаланды. Сондай-ақ (жаңбыр) жердің басқа бір тегіс, суда жиналмайтын, ӛ сімдік те ӛ спейтін бӛ лігіне жауды. (Бҧ л жерлер) Аллаһтың дінін тҥ сінген, Аллаһтың менімен жібергендерінен пайда тапқан, ӛ здері біліп алып, ӛ згелерге ҥ йреткендер туралы және сондай-ақ, бҧ ған мойын бҧ рған менімен жіберілген, Аллаһтың тура жолын қабылдамаған адамдар секілді>>,- деген. Иман негіздері[:146]. Осы хадистен байқап қарасақ: Білім жауған нөсер жаңбыр сияқты. Мұның айтып тұрғаны нөсерді білімге теңеп тұрғаны, яғни оқыған сайын құшатарлығын оянып, армен қарай қызығушылығын арттады. Шөптермен шалғындарды айтуы, ол білім арқылы бір нәтижелі жеміс беретіні жайында айтылып отыр. Ислам діні мәдениеттіктің мәселесін қарастырған. Әсіресе, киім жөніндегі мәселені қозғады.Сахих аль Бухари Хадисінен:Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы 359 болсын, жеткізілген хадисте: Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: Изардың тобықтан төменгі бөлігі-<<тозақта>>-деген[1:253]. Изар дегені, кіндікпен тізелерді жабатын мата киімді айтып тұрғаны. Бұл ескерту, әйелдерге қатысы жоқ киімді тобықтан төмен түсіріп жүретін еркектерге қатысты айтылған сөз. Аль Бухаридің хадисінде: Омар, Аллаһ одан разы болсын, Аллаһ елшісі оған Алланың игілігімен сәлемі болсын: Кім дүниеде жібекті кисе, ақыретте кимейді деп айтты деген[1:125]. Сахих аль Бухаридің тағы бір хадисте: Әбу Хурайрадан Аллаһ одан разы болсын: Аллаһ елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: <<Оң (аяқ) бірінші киіліп, соңында шешілуі ҥ шін, біреуің кебіс кигенде, оң( аяқтан) бастап, ал шешетін болса, сол (аяқтан) бастасын>> деген. [1:132] Осы ойларында оң аяқпен кию керектігін, шешерде сол аяқпен шешуін түсіндіріп кетті. Сөз соңында, сөзімді қорыта келгенде Исламнан бұрын қандай жағдай болғанды жоғарыда қысқаша шолу жасап айтып кеткенмін. Ислам діні келіп түбегейлі өзгеріп білімділердің кезеңі болды. Сөйтіп жүріп мәдениетті өсіп тәрбиелігі молайып әдептілігі артта түсті. Сүттен ақ судан таза болып ары намысы пәктікі және жүрегінің тазалығы ішкі жан дүниесіне кереметтей сұлулық әкелді. Қазақтың діні Ислам болғандықтан, адамгершілік тәрбиесі мен әдептіліктері де қазақтарға да сіңіп келді. Менің пікірімше: Ислам дініндегі моральдық этикалық құндылықтарын мынандай 16 топқа бөліп қарастыру қажет: 1) Адамгершілік 2) Тәрбиелік 3) Әдептілік 4) Сыйластық 5) Мейірімділік 6) Сыпайылық 7) Тәртіптік 8) Пәктік 9) Жан дүниенің тазалығы 10) Білімділік 11) Парасаттылық 12) Қайратылық пен жігерлік 13) Шыдамдылық 14) Ізгіліктік 15) Қамқорлық 16) Түсіністік Осылардың әр біреуіне жеке-жеке тоқталып кетсек. 1) Адамгершілік дегеніміз-ол әр адамға қыли көзбен қарап емес, дұрыс көзқараспен қарайтын, ол адамдарға мейірімін еш аямай, және қиын кез тіреліп қалған жағдайда көмек көрсете алатынды айтамыз. 2) Тәрбиеліктілік деп, өзіне қандайда адам болмасын, тәлім берушіні айтамыз. Бірақ, адамның адамгершілігі жоғары болуының басты себебі тәрбиеге қатысты болады. 3) Әдептілік ол үлкен, немесе кіші болсын, ізет тұта білетін адамды айтады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген сөздің өзі әдептілікті меңзеп тұр. Сондықтан адамзат баласы әдепті болып, санасынан шығармауы қажет. 4) Сыйластық, олда әдептіліктің бір түрі. Бірақ кімді сыйлайтынымызды ұмытпауымыз қажет. Әр бір адамға сыйластық таныта білу, біздің міндеттіміз. Әсіресе, ата анаңа деген сыйластықты қалдырмауымыз ол біздің борышымыз. 5) Мейірімділік, ол жалпы адамзатқа, мейірімінді таныта білуді айтамыз. Яғни, не досын болсын, не ата ана туыстарын, сонымен қатар жауын болса да, мейірім таныта білу керек. Аллаһ тағала мейірімділерді жақсы көріп, сонымен қатар қорғап демеп жебеб қолдайды. 360 6) Сыпайылық, ол шектен кетпей, өз шегарасымен жүретінді айтады. Кез келген адамға, ілтипатылықпен қарайтынды айтады. 7) Тәртіптік, ол белгілі бір қағида ережелерді айтамыз. Мемлекетте немесе дінде болсын, өзінің тәртібі болады. Мемлекеттің заңы конституция болса, ал дінде Шариғат болады. Яғни менің айтып тұрғаным тәртіп, ол адамның бойындағы бір заңдылықты айтамыз. 8) Пәктік, ол адамның ар намысын ұятын айтып тұр. Жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді деген сияқты. 9) Жан дүниенің тазалығы яғни өзі айтып тұрғандай, бұл дүниеге келген соң Аллаға құлшылық етіп, жаның таза болып кетсін дегендей. 10) Білімділікке келсек, білімнің шыңы жетістік. Яғни білім іздеп жаңалық ашып жүрген өзіне пайда, оның үстіне сол білімінен сонша жемісін көресін. 11) Парасаттылық, ол білім арқылы парасатқа жететінімізді айтамыз. Парасаттың өзі бір мәдениеттіліктің жоғарға легі десек те болады. 12) Қайраттылық пен жігерлік, мұның айтып тұрғаны, бір бастаманы бастасан артқа қайтпау қажет. Әуелі бір істі бастарында жүрегіңе қуат толып, жігерленіп бастаған ісіңді соңына жеткізу керек. Ісіңді соңына жеткізу үшін, ойында қайрат пен жігерлік болуы тиіс. 13) Шыдамдылық термин түрінде айтсақ, Толеранттылық. Яғни бұл дегеніміз, әр істі бастар алдында, шыдамды болу керек. Сабыр түбі-сары алтын дейді ғой. Шыдамды болған, ол қиындықты жеңе білген ретінде саналады. 14) Ізгіліктік, ол қандайда бір іс болсын, достарыңнан, не туған туыстарыңнан көмек ұшын аямайтынын айтамыз. Яғни сауаптықтың бір түрі мешіт салып, ел жұртқа ізгі болатынды айтамыз. 15) Қамқорлық, бұл ата анаңа, туған туысқанға, бүткіл мұсылманға бауырман болу керек. Қамқорлық жасай білген адам, ол өз бойындағы дара ерекшелегі десекте болады. Ең бастылары: Ата-анаға, туған туысқанға, қамқор бола білген міндетке жатады. 16) Түсіністік бұл дегеніміз мән жайды дұрыс ашып, бұрыстығын саралап, бір тоқтамға келгенді айтады. Түсіністік бар жерде шешілмейтін дауда жоқ деп айтып

Читайте также:  ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ СЮЖЕТ МӘСЕЛЕСІ

Оставить комментарий